ЖЕКЕ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті
п.ғ.к., доцент
Қасымова Р.С., оқытушы
Мурзагулова М.Д.,
оқытушы Болат Унат
(ҚазҰАУ)
Қазақстан, Алматы
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның
әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамына қарай 20 қадам» атты
тұжырымдамалық бағдарламасын жария етті. Тұжырымдамада
халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын
жақсарту, әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып,
20 тапсырма жүктеді. Елбасы тапсырма беріп қана қоймай,
қазіргі кездегі қоғамдық қатынастарға
терең талдау жасады
Елбасы бұл істі шағын және орта бизнесті одан әрі
дамыту арқылы шешуге болатындығын баса айтты. Сондықтан өзін өзі жұмыспен
қамтыған белсенді халықтың жағдайын және
еңбекпен қамту саласының мүмкіндіктерін саралай отырып,
жұмыспен қамтуға қарай ойысу, жұмыссыздық
деңгейін айқындаудың әдісін жетілдіру керек.
|
Жастар белгілі бір кәсіптік
саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау
қажет. Сондықтан біліктіліктің ұлттық
жүйесін (БҰЖ) құру жөніндегі барлық
жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет. Олар тек
нормативтік маңызға ие болып қана қоймай, сонымен
қатар, әрбір кәсіп
үшін «жол картасы» да болуы қажет. Бақыт бұлағы
адамға өз ләззатын берген сайын, кісі бойындағы
шаттық сезімдер арнасынан аса түседі. Демек, адамның
шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззат
алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман
болатын бақытқа жету жолдарының бірі – жетістік. Сен көз тастаған
жер – ол сенің мақсатың. Сол жерге туыңды тігіп,
ордаңды құр. Ол үшін рухани әрі дене
қуатыңды сол мақсатқа сарқа жұмса.
Жетістік өздігінен келмейді. Оның кілті: талап және
еңбекте. Не істесең де мақсатың мен арманыңнан
айныма. Ісің ойдағыдай істелсін, жұмысың
жоспарланғандай атқарылсын, тілегің мұрат етілгендей
орындалсын. Сонда сен жетістікке жетесің. Өмірде жақсы мен
жаман қатар жүреді. Сен жақсылардың ізімен
жүр,адаспайсың, Бірақ жолдың шегіне жеткенде
тоқтап қалма, оны ары қарай жалғастыра біл. Сен де өкшеңді басатын өзгелерге
жол сал. Жеке және әлеуметтік
жетістікке жетудің шарттары:
назарды шоғырландыру күші; өзіңізді оқуға
құштар екеніңізді көрсету; шешімді тек
өзіңіз ғана қабылдай алу; өміріңізді
өзгерте алатын сезімдер;шыңға шығудың құпиясы; сылтаулардан бас тарту кредосы; үнемі көшбасшылық бақылауда
ұстаңыз; берген уәдеңізде тұрыңыз;
өзіңізді қолда ұстаңыз. 1.Назарды шоғырландыру күші.
Өз назарыңызды бір кәсіпке ғана арнаңыз.
Бүкіл құрсауларды бұзып, шыңға шыға
біліңіз. Сіз көздеген биік шыңға кез-келген адам
шыға бермейді, оған тек алдында белгілі бір мақсаты бар,
міндеттері айқындалған, өз дегеніне жетемін деген сенімі
бар адамдар ғана жетеді. Сіз таңдап алған жолдан аздап
болса да ауытқитын болсаңыз, ол бүкіл
бағытыңызды өзгертеді. Сіз шыңға шығамын
деген шешімге дайын болсаңыз, онда сіздің біліміңіз де,
қаражатыңыз да, көрегендігіңіз де күшейе
түседі. Өмірдегі үлкен табыс, жетістіктердің басында
адам назарының шоғырлана білуі, барлық талаптар мен
қабілеттердің алға қойылған
мақсатқа жетуде топтастырылуы, қандай болмасын
қиындықтарға қарамастан міндеттердің
батылдықпен бұлжытпай орындалуы, қиындықтарға
мойымау және алданбау секілді нәрселер тұр. Ішкі
қуаты берік адам өз жолын тауып, ол жолдан таймастан биікке шығады.
Қыс кезінде күн
сәулесін бір жерге тоғыстырсаңыз, сіз міндетті түрде
от жаға аласыз. Бизнес алыптары – құдықты инемен
қазатын шыдамды әрі еңбекқор, назарын бір жерге
шоғырландырып үйренген адамдар. Сол себепті олар биікке
шыға білді. Көптеген бизнесмендердің қатесі –
күшін шашырату, бұл күштің оңай әрі тез
сарқылуына әкеледі. Темірді қызғанда ғана емес,
оны қызғанша да соға білуіңіз керек. Өз
күшіңізді керек бағытта игере білсеңіз, оны сол
бағытта арттыра білсеңіз, онда бірер айдан соң сіз биікке
шығар жол табасыз. Өз күшіңізді бірдей деңгейде
барлық нәрсеге жұмсамай, бір ғана нәрсеге
шоғырландырыңыз. Тәжірибеде
биікке жету тек қабілеттердің арқасында ғана емес,
сонымен қатар соған деген құлшыныс арқасында
мүмкін екенін көрсетеді. Биікке жете білген адам өз
жұмысына жан-тәнімен кіріседі. Қызметке сіздің
бизнесіңізге немқұрайлы қарамайтын, жанып
тұрған, қайратты адамдарды қабылдаңыз. Білу,
үйренуге қабілетті болыңыз. 2.Өзіңізді оқуға құштар
екеніңізді көрсетіңіз. Кеңседе
қолым бос емес деп, түнге дейін отыра бермеңіз, бизнесті
жылжытуға үлес тигізбесе, уақытыңызды құр
үстелдің басында отырумен өткізбеңіз. Үстел –
болашағыңызды барлау үшін қауіпті орын. Үйден
шығыңыз да, қоршаған ортаға кіріп, оны өз
ісіңізбен таныстырыңыз. Өзіңізбен бірге бір бума
таныстыру картасын (визитная карточка) алып, оларды оңды-солды
таратыңыз. Біреу алар, біреу алмас, біреу сізге қосылар, біреулер
өз жолымен кете берер, бірақ сіз іздеуден жалықпаңыз.
Егер де сіз кеңседе отырып қана әрекет етсеңіз,
мекемеңіздің баяу қарқынмен өсуі кепіл.
Қандай да бір клуб мүшесі болыңыз, сіздің
ұсыныстарыңыз бен өнімдеріңіз, бизнесіңіз
біреуді қызықтырады-ау деген жерлерге барып тұрыңыз. 3.Шешімді тек өзіңіз
ғана қабылдай аласыз. 4.Өміріңізді өзгерте алатын сезімдер. Өз өміріңізге өзгерістер енгізуге
құлшындыратын сезімдер
бар.Өмір сынаққа толы, сынақтан өткен сайын
адамның ерік-жігері күшейе түседі. 1. Жиіркену. Сіз өз
өміріңізге, сәтсіздіктеріңіз бен
уайымдарыңызға жиіркенішпен қараған
сәтіңізден бастап, өмірді жақсартуға деген
қадамдарды ойластыра бастайсыз.
Сізге уәж беретін ешкімді күту қажет емес. 2. Батылдық. Келешек үш жыл
уақытыңызды биікке шығуға арнаңыз. Өжет
болыңыз, өзіңіздің интеллектуалдық
қорларыңызды іске қосыңыз.
Өзіңіздің шешіміңізді берік ете түсіңіз,
жүрегіңізге ықылас отын жағып, сәтсіздік
желдеріне оны өшіріп алмауға тырысыңыз, керісінше сол
оттың өршелене түсуін қадағалаңыз.
Қолыңыздағы штурвалды мықты ұстап, галстуктарды
уақытылы ауыстырып отырыңыз. Көп нәрсе желкендерді
жинақтау мен оларды дұрыс орнатуға байланысты. Сізді
алдағы күтіп тұрған нәрсеге
құштарлықпен ұмтылып, содан қанаттаныңыз.
Мүмкіндіктер шектеусіз. Олардың тапшылығы тек
батылдықтың жетіспеушілігінен ғана болуы мүмкін. 3. Тілек. Сіз өзіңіздің
тілектеріңізді ескеріп, солардың арқасында
өзіңізді арманыңыздағы кейіпке енесіз. Барлығы
сіздің тілеуіңізше болады. Басқалай болуы мүмкін
емес. 4. Ауыру. Әр адам өзінің ауырсыну мен
күйзеліс шақыратын сезімдерінен анағұрлым
жақсы, ұнамды әрі тәтті сезімдерге ұмтылар
жолда шешім қабылдайды. Егер сіздің тісіңіз ауыратын болса,
сіз өзіңіздің күн тәртібіңізді
өзгертіп, тіс дәрігеріне қалай да жолығасыз.
Неліктен? Өйткені сіз ауырсыну сезімінен арылғыңыз келеді.
Шыңға шығар жолдағы қиын-қыстау
сәттердегі ары қарай қозғалу қорқынышын
шыңға жетпеу қорқынышымен алмастырыңыз. Егер
үрейіңізді жеңгіңіз келсе, оның сейілуін күтіп,
үйде отырмаңыз, мәселеге көзбе-көз
қараңыз, оны шешіңіз. Көп сөйлегенше,
әрекет етіңіз. Сонда сәттілікке жетесіз. 5.
Шешім
қабылдау. Шешім қабылдаумен адамның өмірін
өзгертетін ең күшті сезімдерге байланысты. Шешімдер
ауырсыну мен рахат алу екеуін салыстыра отырып қабылданады.
Шыңға шығу, биікке жету шешімі ерекше
жағдайларға байланысты. Ол жай ғана серуендеу емес,
маңдай терін төгіп, еңбек ету, болашақ дәрежеге
лайық болу. Көптеген адамдар таразының бір басына жетемін
деген мақсатын, оның нәтижесінде жейтін жемісі мен рахатын
салса, екінші басына оған жетер жолдағы қиыншылықты
қояды. Биікке шығу нақты бір жағдайда әрекет
ету ретін таңдау мен бар қуатты қабылданған шешімді іске
асыру арқылы анықталады. 5.Шыңға
шығудың үш құпиясы: 1.Өнімді айналымға енгізуге бел
буыңыз. 2.Көптеген командалардың арасында
көшбасшыға айналыңыз. 3.Өзіңіздің білетін
нәрсеңізді басқаларға да үйретіңіз,
қызметкерлерді өзіңіз қабылдаңыз, мамандарды
даярлаңыз. Сіз қазір жол торабында тұрсыз ба? Мүмкін сіз қазір өмірдің жол торабында
тұрған боларсыз, жаңа адамдармен танысқыңыз
келіп, өміріңізге жаңа нәрселер енгізгіңіз
келетін шығар. Мүмкін басқа біреудің арманын
орындағаннан жалыққан боларсыз? Жолдың бірі
оңай, төменге қарай түсетін, орташа жол болар,
екіншісі өз-өзін жетілдірудің қиын-қыстау жолы
болар. Соңғысы, жоғары жылдамдықпен жүретін
жолға тез айнала алады. Онда сіз шыңға шығатын
көптеген белгілер көре аласыз. Қандай жолды таңдайсыз? Осындай жолайрығына мыңдаған адам келеді. Олар да сіз сияқты
біреуін таңдау керек болады. Сіз қай жолды таңдайсыз? Егер
төмендегі сұрақтардың кез-келгеніне иә деп
жауап берсеңіз, онда сіздің жолыңыз – шыңға
шығар жол. Сіз жалықтыңыз ба? Өміріңізге
мән бергіңіз келе ме? Өз компаниядағылардың
бәрін таң қалдырғыңыз келеді ме?
Өзіңізді танытқыңыз келеді ме? Өз
өміріңізді қызықты әрі таңғажайып
еткіңіз келеді ме? Азат, ешкімге тәуелсіз болғыңыз
келеді ме? Өзіңіздің көшбасшылық
қабілеттеріңізді ұштағыңыз келеді ме? Өз
компанияңыздағы ең жоғары лауазымды қызметті
иеленгіңіз келеді ме? Сіз сияқты ойлайтын адамдармен бірлесіп
саяхатқа шыққыңыз келеді ме? Шыңға
шығудың арқасында өз табысыңызды екі, үш
немесе он есе арттырғыңыз келеді ме? Қарыздардан
құтылғыңыз келеді ме? Бәлкім, сіз қазір
жолайрығында тұрған боларсыз. Сіз осыған дейін
қабылдаған шешімдерден де маңызды шешімді қазір
қабылдайтын мүмкіндігіңіз бар. Өзіңіздің
өткен өміріңізді ұмытыңыз. Сіз енді кімсіз? Сіз
осыған дейін кім болғаныңызды ұмытыңыз. Сіз
қазір кімсіз? Кім болуға бел будыңыз? Ойланыңыз да,
шешім қабылдаңыз. Шешіміңіз берік болсын. 6.Сылтаулардан бас тарту кредосы. Мен
сылтауларды мойындамаймын. Менімен болып жатқан нәрселер
үшін өзім жауаптымын, өзімнің әр сөзіме
және ісіме жауаптымын. мен өмір сүру деген не екенін
білемін және қайда баратынымды да анық білемін. Мен
өз өмірімнің мақсатын анық білемін және
өз міндеттерімді саналы түрде атқарамын. Мен
өзімнің әрекеттерімді шынайы атқарамын, шешімдерді
тәуелсіз түрде қабылдаймын, күшім келгенше
барлығын жасаймын. Мен рухани қиыншылықтарға алып
келетін реніштер мен өкініштердің барлығын өзіме де,
өзгені де кешіре аламын. Мен
қиындықтарды жеңіп, өткенді ұмытып, арманымды
іске асыруға ұмтыламын. Мен өзімді сыйлаймын,
өз-өзіме деген құрметті жоғалтпауға
тырысамын, басқаларды сынға алмаймын. Мен әр адамды өз
күйінде, өз табиғатымен қабылдаймын. Менің
басқалардан еш жерім артық та, кем де емес. Мен
өзімнің қабілеттерім мен талаптарыма сенемін. Мен
өзімнің денсауылығыма жақсы көңіл
бөлемін, қуатым тасып тұрған қалпымды,
өмірге деген құлшыныс нәтижесі болып табылатын
жақсы көңіл-күйімді ылғи сақтаймын. Мен
ойлау, сөйлеу, әрекет ету барысында өз-өзімді
бақылаймын, құбылыстарды төзімді түрде зерттеп,
талдаймын. Мен өзімнің де, басқалардыңда алдында
ылғи адалмын, өз алдыма орындалатын мақсаттар қоямын.
Мен өзімнің таңдап алған өмірім үшін
қиындықтармен де қорқыныштармен де күресемін.
Менің арманым биік. Мен әрқашан оқимын,
үйренемін, даму үстіндемін, санамды кеңейтіп, жаңа
дағды мен машықтарды иеленемін. Мен жүйеге еніп,
командалық көшбасшыға жүктелетін тапсырманың барлығын
атқарамын. Мен көшбасшыларға арналған
өз-өзін жетілдіру бағдарламасына күн сайын
қатысамын, ең болмаса 15 минут шамасында күнделікті
жағымды кітап оқимын. Мен адамдардың қамын ойлаймын,
оларды жақсы көремін, оларға өздерін барынша
жан-жақты танытуға мүмкіндік беремін. Мен күн сайын
жаңа адамдармен кездесемін де, оларды аптасына 5-6 рет жұмыс
жоспарымен таныстырамын. Мен басқа адамдарды түсінемін және
олармен жақсы қарым-қатынастамын. Менің отбасым,
балаларым, достарым әрқашан менің есімде, олар мен
үшін өте қымбат. Мен адамдарды құрметтеймін,
олардың талаптары мен қабілет, дарындарын құптаймын.
Мен басқаларға көмектескім келеді, олардың
өмірлерін жақсы жаққа өзгерткім келеді.
Менің өмірім – өз шешімдерімнің нәтижесі, мен
өзімнің қалай өмір сүріп жатқаным
үшін жауапты екенімді мойындаймын. Мен сылтауларды ескермеймін. Неге?
Өйткені менің өмір сүру философиям бар. Әр адамды өзімнің жақын туысым деп санаңыз. Егер сіз әр ресми келіссөзге келген адаммен
өзіңіздің анаңызбен не әкеңізбен,
әпкеңіз не ағаңызбен сөйлескендей іс
жүргізсеңіз, онда сіздің әрекеттеріңізден жылу,
қайырымдылық желі еседі, сүйіспеншілік пен
түсінушілік, кешірім сияқты жақсы қасиеттер ашылады. Өз ісіңізбен айналысыңыз. Егер сіз бизнеске еш қатысы жоқ нәрселер туралы
телефонмен сөйлескенді жөн көрсеңіз, онда сіз
көшбасшы емессіз. Телефонмен сөйлесе отырып, өз бизнесін
құрастырмайтын адам – сәттіліктің биік шыңына
шығатын адам емес. Өз өзіңізді алдамаңыз. Біраз
уақыт өткен соң сіз телефонмен қаншама өсек
айтып, сізге деген қызығушылығы жоқ адамдармен алтын
уақытыңызды жоғалтқаныңызды байқайсыз. Рухани күйіңіз бен жан
күйіңіз берік болсын. Сізді қоршаған ортада ниеттері
таза емес, қызғаншақ, көре алмайтын, жалқау,
рухани кеміс, сізге зардабын тигізе алатын адамдар бар. Кейбір адамдарға
сенуге болмайды. Сіздің бизнесіңізді өзіңіз
үшін тастап кететін немесе өздерін де сізге тәуелсіз
топ-басшы ретінде қабылдауды талап ететін адамдар да бар.
Өздерінің сәтсіздікке ұшырауында сізді
кінәлайтындар да болады. Сізге не естігіңіз келсе, соны
ғана айтатындар табылады. Беттеріне бүркеніш тағып, жылдар
бойы беті ашылмай, шын ниеттерін білдірмей жүретін арам адамдар да
болады. Басқа бағытта жүретіндерден
құтылыңыз. Оларды өз ойыңыздан шығарыңыз,
басқа нәрсеге күш салыңыз. Ондай адамдар –
сіздің шыңға шығар жолыңыздың
жағалауында қалатын қурай шөптер секілді.Шектен тыс әміршіл болмаңыз. Кейбір адамдардың
өздеріне деген сенімдері тым қатты, өздеріне көп
алады. Яғни, сізді билегісі келіп тұратын адамдар болады. Сіз
мұндай адамдарға ешқашан қолыңыздағы
билікті бермеуіңіз керек. Мықты болыңыз. Өмірдегі
қымбат уақытыңызды сізден ешкім тартып ала алмайды.
7.Үнемі көшбасшылықты бақылауда
ұстаңыз. «Қырсық»
адамға жүргізуші орнына отыруға мүмкіндік
бермеңіз. Автобусты сіз жүргізген уақытта ол сізге
қажет бағытта жүреді, басқа біреу отырса, ол
өзінің бағытымен кете бермек. Бақылауға
көнбейтін адамдар, бақылауға көнбейтін көліктен
ары. Ешкімді кемсітпеңіз.Адам қиындықты, әділетсіздікті
басынан оңай өткеруі мүмкін шығар. Бірақ сіз
оны кемсітіп, қорлап, барлығының көзінше
ақымақ қылып көрсететін болсаңыз, онда
өміріңіздің соңына дейін өзіңізге жау
тауып аласыз. Оның сізден өш алатыны күмәнсіз.
Ешқашан адамның ақымақ екенін немесе дарынсыз екенін
дәлелдемеңіз. Ешқашан ешкімді кемсітпеңіз. Тек алып қана қоймай, беріңіз. Сараң,
көпті көрмеген адам ылғи да бір нәрсені беруден бас
тартады. Өйткені ол одан не шығатынын көре алмайды.
Көреген басшы өзінің берешегінен бірден пайда мен табыс
түсірсем деген оймен бермейді. Бір нәрсе бергенде орнына не
қайтар екен деп ойламаңыз, ештеңе күтпеңіз.
Өзіңіз ешнәрсе бермей, бірнәрсеге ие болам деп
өзіңізді алдамаңыз. Өзіңіздің
берешегіңізді алып тұрған адамнан сізге пайда түседі
деп есептемеңіз. Егер біршама адамдарға олардың дегеніне
жетуіне көмектессеңіз өзіңіз де құр
қол қалмайсыз, өз дегеніңізге сіз де жетесіз. 8.Берген
уәдеңізде тұрыңыз. Адам өз
сөзінде тұрмаса, ол өтірікші болғаны.Егер ол
өтірікші болса, оған сенуге болмайды, оған арқа
сүйеуге болмайды. Ол ақылды, дана болуы мүмкін, бірақ
көшбасшы ретінде мүлдем берекесіз. 9.Өзіңізді қолда ұстаңыз. Кейде адамдар бір-бірімен жанжалдасып қалады. Ақымақ болмаңыз, ашу
шақырмаңыз, салқын қанды болыңыз да,
ойланыңыз. Кешірімді болыңыз, өзіңіздің
қателіктеріңізді мойындай біліңіз. Пайдаланған
әдебиеттер: 1.
Назарбаев
Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Н.Ә.
Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауы. // Ана тілі. № 52 (1153)
21 желтоқсан 2012 – 4 қаңтар 2013 жыл, 1, 8-13 бб. 2.
Стратегия «Казахстан –2050»: Новый
политический курс состоявшегося государства. Послание Президента Республики
Казахстан – Лидера Нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана - Алматы: Юрист,
2013. 48 с. 3.
Деркач А.А.
Акмеология:
личностное и профессиональное развитие человека. М., 2000. |
||||||
|
|
||||||
|
|
||||||
|
|
|
|
|
|