СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ТАНЫМЫН АРТТЫРУ

Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы

«№17 Байқоңыр орта мектебі»КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Рахиметолла Баян Рахиметоллақызы

 

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі-оқытушының өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды,жаңартуды талап етеді.Ел президенті Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»деген болатын.Ендеше қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық,педагогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.

         Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің  жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде.Білім бере отырып,тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты,өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін,мәдениетті тұлға.

Жаңа заман талабына сай білім беру- бүгінгі таңда өзекті мәселе, шығармашылық қабілеті мол ,жан-жақты дамыған адамзат тәрбиелеуде жаңа  педагогикалық технология қажет.Білім беру технологияларының басты мақсаты-білім беру сапасын арттыру,оқушылардың білім,білік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімінің  ішкі жан дүниесі де жаңаша, сондықтан өскелең ХХІ ғасыр ұрпағынанүлкен үміт күтіледі,мұғалімдерге зор сенім артылады.Білім беру жүйесін әлемдік деңгейдегі талаптарды қанағаттандыратындай етіп құруда жаңаша ізденіс пен шығармашылықтың берері мол.Соған сәйкес білім беру жүйесінде жаңа инновациялық технологиялар пайда бола бастады.

      Инновациялық білім беру әдістемелерінің ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясы тиімді құралдың бірі.Сыни ойлау деген-әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік жеке ойлау болып табылады.Ол- өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу дегенді білдіреді.

Нағыз сабақ –ол әрқашан диолог, іздене, дайындала,үйрене,шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірбиенің бірлігі.Негізінен,сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: қызығушылықты ояту,мағынаны тану, ой толғаныс.

Қызығушылықты ояту- бұрынғы білетін және  жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Оқушы жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б стратегиялар.

         Мағынаны тану-оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды ,тапсырмалар орындайды.Бұл кезеңде жұмыс жасауға көмектесетін тиімді стратегиялар бар.Соның бірі «INSERT».Ол бойынша оқушыға  оқу,тақырыппен танысу барысында «V» –« білемін», «-»,   «білмеймін»,       «+»,«мен үшін жаңа ақпарат»,         «?», «мені таңқалдырады»белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.Бұл әдіс оқығанын түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететінұтымды құрал.                             

        Ой толғаныс-оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді.Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Сыни ойлау және оқыту мұғалімдер идея мен тәжірбиенің әртүрлілігін түсінгенде және қолданғанда пайда болады.Сыни ойлауға оқыту –жеңіл міндет емес. Оны белгілі кезеңде  орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ.Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен шығармау керек. Олар төмендегідей:

1.Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық ашық айтуға рұқсат беру.

2.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

3.Оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділіктерін мадақтау.

4.Оқушыларға еркін атмосферада жұмыс істейтіндеріне кепілдік беру.

5.Сыни ойлау тәжірбиесі үшін уақыт және  мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.

6.Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру.

7.Сыни ойлауды бағалау.

8.Тиімді сыни ойлауғақатысу үшін оқушылар  өздеріне деген сенімдерін және өз пікірі мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға,оқыту үрдісіне белсенді қатысуға,басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек.

     Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талаптарына сай, біздің  №17 Байқоңыр орта  ШЖМ –де деадами капиталды дамыту ,білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында іске асырылатын іс-шаралар жоспарлданған.Ол бірнеше бағытта жүргізіледі. Білім сапасын арттыруда заманауи білім беру технологияларын қолданудағы мұғалімдердің кәсіби дамуы жолға қойылған.Мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан, проблемалық курстарда білім алып, өздерінің кәсіби біліктерін арттырып отырады.Мектеп шағын комплектілі болғанымен білім беру мен тәрбиеге қойылатын талап бәрімізге ортақ.Бүгінгі күннің өзінде «Оқытудың 7 модулі» бойынша деңгейлік курстардан өтіп келген мұғалімдер жұмыс істеуде.

Бүгінгі ұстаз міндеті-оқушыларға ХХІ ғасырда табысты еңбек етуіне жол салатын білім мен дағдыны игеруге көмектесу.Осы мақсатта оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды енгізу қазіргі кезде әр мұғалімнің басты міндеті болса керек. Өйткені болашақта бізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай білетін , әр түрлі жағдайларға қарай бейімделіп, шұғыл шешімдер қабылдай алатын, шығармашыл, белсенді тұлғалар ауадай қажет. Оқытуда тек жалаң білім берумен ғана шектелмей, баланың жеке қасиеттерін ,қабілеттерін дамыта отырып оқытуға ұмтылу керек.Мұғалім өз жұмысында алдындағы оқушылардың санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, зерттеп,өзі де жұмысын өзгерте отырып ,оны үйлестіре білуі қажет деп есептеймін.Менің өз тәжірбиемде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдануымның себебі, аталған мақсат-міндеттерден туындап жатыр деп ойлаймын.Әсіресе, оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда бұл тәсілдің берері көп. Жалпы қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер бойынша баланың өзі ізденіп ,өз бетінше білім алуы үшін әрекет жасаушы болса ,мен тек бағыттаушы, дұрыс жол нұсқаушы, ұйымдастырушымын.Оқушы мен ұйымдастырған сабақтарда еркін сөйлеп,пікір таластарды және сыныптастарының пікірін тыңдап, проблеманы шешу жолын бірлесіп қарастырады.Оқушы әрекеті жай іс-әрекет емес , тұжырым жасай білу, зерттеушілікке талпыныс.Топпен жұмыс барысында өз ойымен өзгелердің ойына сынай қарап,естіген, білгендерін  талдап, сұрыптап,салыстырып, реттеп, жүйелей білу.Білмегенін зерттеп, дәлелдеп өз бетімен және бірлесе шығармашылықпен жұмыс істеу.Кез-келген мазмұнға сын тұрғысынан қарап, саналы Мұндай жолмен ұйымдастырылған сабақтарда өз дамуына сәйкес оқушының ойы шыңдалып,қазіргі кездегі мол ақпарат заманында өзіне қажеттісін таңдай білуге дағдыланады және белгілі жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған менің нақты жұмыстаржүргізуде  көзім жетуде.

      Осы орайда сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін пайдалана отырып өткізген сабағымның үлгісін ұсынамын.Ол үшін тақырып пен сабақ бойынша жоспарлауды сәйкес келтіріп, технологиялық карта дайындау керек.Бұл жұмыс сабаққа дайындалу  процесін жеңілдетеді әрі жүйелі болады. 6-сынып қазақ тілі пәнінен «Сын есім» тақырыбы бойынша технологиялық карта дайындалады. Сабақ кезеңдері Блум таксономиясы негізінде жүйеленеді. Әрбір дидактикалық кезеңнің дамытушылық мақсаттары анықталып, нақтыланады. Тәрбиелік мақсат өмірге бейімдеу болып табылады.

     Блумның «Білу»,  «Түсіну» сатыларында жеке тұлға тек өз әрекеті негізінде ғана дамитындығы белгілі. Мысалы,   «Білу» кезеңінде  «Ой шақыру» стратегиясын пайдалану арқылы оқушылардың бұрынғы білетіндерін есінде жаңғырту, ой қозғау жұмыстары жүргізіледі. «Түсіну» және  «Қолдануда» «ЖИГСО»арқылы тақырып мазмұнын, құрылымын таныстыру, негізгі ұғымдарды беру, өздері оқып түсінгендерін бір-біріне айту арқылы жүзеге асады. «Анализде»тақырып сызбасын талдайды. «Синтезде» «Тұжырым картасы» арқылы тезйс-конспект жасай отыра, сабақта түсінгендерін жүйелеп, жинақтайды. «Бағалауда» өздігінен оқып,түсінгенін топ ішінде жеткізе алатын «Таным қабілеті жоғары» оқушы анықталады.

Дидактикалық материал

Мақсаты:

1.Сын есімдердің мағыналық түрлерін білу, салыстыру, ажырату.

2.Тапсырмаларды түсініп дұрыс орындауға үйрету,білімді берік қалыптастыру.

3. Руханибайлықтарды сақтау, дәріптеу тәрбиесі.

1.Тірек сызба

Сабақ түрі: білім мен дағдыны нығайту.

2.Кесте(түрленуі туралы)

Сабақ жоспары:

3.Кері байланыс

1.Қызығушылықты ояту сатысы.

1.үй тапсырмасын тексеру. «Мұғалім-оқушы, оқушы –мұғалім» жұптық жұмыс.

2.Кері байланыс парағы.

4.Жауап парағы

2.Мағынаны тану сатысы.

1.Диалогтық оқыту. Жеке, жұптық жұмыс(Мағыналық талдау арқылы сын есім түрлерін ажырату.

2.Тұжырымдама картасын дайындау.

3.Венн диаграммасы. Сапалық және қатыстық сын есімдердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ажырату.

4. Бес жолды өлең»

5. Бағалау

3.Ой толғаныс сатысы.

1.Не білдік? Не үйрендік?

2.Автор орындығы» Мен болашақта еліме қандай жақсылықтар жасай аламын?(сын есімдерді қатыстыра отырып елінің болашағы жайлы толғану.

3.Ең белсенді оқушыларды анықтау. Екі жұлдыз бір тілек.

4.Үйге тапсырма. Құрамында сын есімдер қатысқан мақал-мәтелдер жазып,мағыналарын түсіндіру.

 

Шағын жинақталған мектептегі  іс – тәжірбиелеріме сүйене отырып, сын     тұрғысынан ойлау технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдана отырып,оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға өте тиімді әдіс екеніне көз жеткізуге болады.

Жалпы сын тұрғысынан ойлау технологиясының жетістіктері мынандай болып табылады:

1.Оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен де  қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.

2.Оқушы ой қиялының дамуына ,пікір айтуына еркіндік беріледі.

3.Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

4.Өзгенің пікірін тыңдап,оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

6. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.

7.Өз пікірін қорғай дәлелдей алады

8. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

9. Өзгенің пікірімен санасады.

Қорыта айтқанда ,ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы-оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзіміз жетті. Өйткені белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу,еске түсіру, болжау оқушыны да жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады.

      Ендеше, жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту,одан өнімді нәтиже шығара білу-әрбір ұстаздың басты міндеті.

 

 Пайдаланған әдебиеттер:

1. Ташенова А Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту  /Білім-Образование-2006.-№6.3-4б

2. Выготский Л.С. Психология.-М.,2000

3. Кәсібилік, инновация,шығармашылық –сапалы білім негізі. ІІ бөлім. Қарағанды-2014

4.  Қазақстан мектебі. №1,3.2012