Мәдениеттегі менеджмент

   Қазақстан экономикасының нарықтық моделінің даму қарқынына сай мәдениет пен өнер де ұлттық экономиканың жеке саласына айналып отырғаны анық. Олардың басты функциясы адамдардың мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыру. Мәдениет саласындағы қызмет театрлардың, филармониялардың, оркестрлердің, цирктердің, студиялардың, мектептердің, шеберханалардың, орындаушылық ұжымдардың, мұражайлардың, кітапханалардың, көркемөнер салондары мен галереялардың, кинотеатрлардың және киноқондырғылардың, мәдени – демалыс ұйымдарының, зерттеу және реставрациялау орталықтарының, мәдени – тарихи орталықтардың, тарихи  - мәдени және табиғат қорықтарының, аймақтарының және басқа да мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен жеке және заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы, пайдалануға беруі және қорғауы арқылы жүзеге асырылады.Тақырыбымды ашу мақсатында жалпы мәдениеттің не екеніне және менеджменттің не екеніне қысқаша тоқталып өтсем, мәдениет (латын. Cultura – өңдеу,егу деген сөзінен шыққан) – табиғат обьектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Ол жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы.

    Мәдениеттанушы ғалым Т.Х.Ғабитовтың еңбегінде, мәдениет – ол негізі адам баласының өз қолымен істелінетін, өзінің іс – әрекеті арқылы жасалатынтабиғат обьектісіндегі өзгерістер ретінде көрсетіледі. Яғни, мәдениетті қалыптастырушы – адам. Мәдениет терминін бір ғана анықтамамен түсіндіру қиын. Өйткені, мәдениет – ежелден келе жатқан құндылық болып табылады. Ал құндылықтың өзін жеке тұлға қарастыра алмайды. Демек, белгілі бір мәдениетті қалыптастыру үшін белгілі бір ұжым, топ, тап болуы тиіс. Жақсы өмір сүру үшін көздеген нақты ұмтылысың, мақсатың болу керек. Адам өзі өмір сүріп жатқан ортасына мәдени түрде әсер етуі тиіс. 

   Болашақ ұрпаққа мұра қалдырудың өзі ерлік және де сол мәдени мұра ұрпақтан -  ұрпаққа жалғасып, дамып отырады. Ал мәдени мұра дамыса, адами қасиет, өнеге, тәртіп, қоғамға сіңісу, патриоттық сезімі оянады, қалыптасады. Жарасымды өмір сүру, жақсы киіну, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу – мәдениеттің ең маңызды бөлігі болып табылады. Қазіргі жаһандану заманына сәйкес мәңгілік құндылықты, мәдениетті мәдени ошақтар (мұражай, театр, көрме т.б.) арқылы біз келесі ұрпаққа жеткізе аламыз. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады және ой – сананы дұрыс бағыттайды. Кез келген қоғам мәдениеті арқылы әлемге танылады. Сондықтан мәдениеті бар және әлемге танымал елдің тынысы бар.

  Мәдениет негізінен екіге бөлінеді. Яғни мәдениеттің өзі екі жақты қарастырылады. Біріншісін, рухани мәдениет деп қарастырсам, екіншісін материалдық мәдениет деп қарастырамын. Бұл мәдениеттің бірі – рухани өндірістің, ал екіншісі – материалдық өндірістің түп негізі. Себебі, айтып кететін бір жайт, материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері – еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Материалдық мәдениетті адам өз білімі арқылы, дизайн ойы арқылы білдіре алады. Рухани мәдениетті ішкі жан дүниесін жеткізу мақсатында сезімін білдіреді. Демек, бұл мәдениеттің екі ажырамас бөлігі. Бір – бірінсіз мәдениет ұғымы қалыптаспайды. Ендеше материалдық және рухани мәдениеттің өзіндік ерекшелігі бар екенін дәлелдеп отырмыз. Адам – мәдениет субьектісі. Ал оның сапасы – тілді игеруі, құндылықтарды, әдет – ғұрыптарды бойына сіңіруі болып табылады. Сондықтан мәдениет адаммен тығыз байланысты. Адамсыз мәдениетті, мәдениетсіз адамды жеке дара бөліп қарастыруға болмайды. Адам өз бойына сіңірген қасиеті, икемі, қабілеті арқылы мәдениетті жасайды.

    Материалдық мәдениет арқылы (мұражайлар, кітапхана, мәдениет сарайлары т.б. мәдени ошақтар) рухани мәдениет қалыптасады. Ал жалпы, бір ұлттың, мемлекеттің мәдениеті осы театрларға, мәдени ошақтарға, демалыс орындарына байланысты. Сондықтан біз ішкі жан – дүниемізді байыту үшін материалдық мәдениетке көп көңіл бөлгеніміз жөн. Материалдық мәдениетті жақсы қалыптастыру және халыққа таныту  үшін көптеген мәдени орындар керек. Өйткені, материалдық мәдениетіміз жақсы танылса, мемлекетімізде нарықтық мәдениетіміздің беделі өседі. Мәдени экономикалық жағдай жақсы болса, адамдар рухани ләззат алып, жан тыныштығын ойлап, рухани сезімдерін дамытуға көп көңіл бөлер еді. Жалпы, біз мұнда мәдени менеджмент белгілі бір жоспар жасау арқылы мәдениетімізді соның ішінде материалдық мәдениетімізді дамытар едік. Белгілі бір жоспар ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру арқылы халықты дұрыс бағыттағы мәдениетті таңдауға баулимыз. Мәдени менеджмент арқылы белгілі бір театр болсын, мұражай болсын, салтанат сарайы болсын халықтың рухани дүниесін байытары анық. Ал осының барлығын дамыту үшін алдымызға мақсат қоя білуіміз қажет.

   Сонымен, менеджмент (ағылшынша manage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Енді мәдени менеджмент не кенін жақсы түсіндіру үшін менеджменттің өзі не? Не үшін керек? Мәдени салада пайдасы қаншалықты? Қанда мақсатта қолданылатыны жайлы қысқаша түсіндіріп кетсем, менеджмент – терминінің жалпы анықтамасы модельдеу, басқару, ұйымдастыру деген мағына білдіреді. Менеджмент – әлеуметтік, экономикалық жүйені максималды түрде эффективті қолдану, басқару болып табылады. Яғни, алға қойған мақсатқа жету үшін жақсы ұйымдастыра білу. Менеджменттің мақсаты – қай салада болмасынжоғарғы өнімге ие болу. Және белгілі бір саланы (компания,  мәдени ошақ, фирма) тиімді пайдалану. Менеджмент алғашында кибернетика саласында пайда болды. Қазір саясатта, экономикада, психологияда, құқықтануда арнайы бөлім ретінде қолданылады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тайлор (1856 - 1915) болып табылады.

   Қазіргі  замандағы менеджмент негізінен барлық бастауларда қолданылады. Менеджмент мақсат қоюға,  жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін ең бірінші болжам жасалады. Өйткені, әр бастаулар жоба – жоспарлар арқылы жүзеге асады. Адам ең алдымен өзінің идеясын жоспарлай отырып, халыққа жақсы ойды жеткізеді  және жеке қорға түсетін пайданы белгілеп отырады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Менеджмент саласы арқылы белгілі бір ұйымдар пайда алуды көздейді, сол пайданың арқасында жұмысшы топ алып, сол топтың көмегімен жоспарланған жұмысын жүзеге асыра алады. Менеджмент әр кезде тиімді жағын ойластырады. Және сол мақсат арқылы тұтынушы халыққа сапалы, нақты идея ұсынуға тырысады. Менеджменттің жалпы сапасы ұйымдардағы стратегияның, үрдістің және мәдениеттің өзгертілуі арқылы толассыз жетілудің басқару техникасы.

   У.Тайлор «Белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызметтің орындалуы керек», - дейді. Осыған орай ол:

·        Мақсатты таңдап белгілеу;

·        Мақсатқа жету құралдаын таңдау;

·        Құралдарды дайындау;

·        Нәтижелерді бақылау деген төрт қызметті атап көрсеткен болатын.

Ал, А.Файоль бойына міндетті түрде:

·     Болжау;

·     Ұйымдастыру;

·     Жүргізу (жарлық ету);

·     Келістіру;

·     Бақылау болуы тиіс, - деп көрсетіп кетеді.

   Әр істелетін іс жақсы дамуы үшін кем дегенде бес жылдық жоспар жасалуы керек. Еліміздің де саясаты осыған бағытталғандығын, оның алдын ала кем дегенде бес – жиырма жылға дейін жоспар жасайтындығын атап өтуге болады. Ең алдымен белгілі бір идеяны жүзеге асыру үшін схема құрастырған жөн. Ал мәдени ұйымдарда схема түрі спираль ретінде қарастырылады. Брадфорт деген ғалым айтып кеткендей, спираль – табыс көзіне немесе құлдырау шегіне әкеледі деген.

  Жоғарыда айтылып кеткендей, әр халықтың, ұлттың, мемлекеттің басты құндылығы тікелей мәдениетпен тығыз байланысты екені белгілі. Ал осы мәдениеттің қаншалықты әлеуметтік, техникалық дамуы әр халықтың өзінің еншісінде. Қазіргі таңда шет елмен салыстырғанда бізде мәдени ошақтар аз. Алайда сол орталықтарға халықтың қызығушылығы одан да аз деуге болады. Себебі, барлығы көрсетілетін қызметтің сапасының төмендігі, ұйымдастыру шеберлігінің аздығы және кәсіби біліктіліктің жетіспеушілігі.

  «Тындамаған сөз жетім» - демекші, қазіргі мәдени өнімдеріміздің жай күйін осы мақаламен байланыстыруға болады. Адамдардың жаппай компьютерленген вертуалды әлемде жүріп, техникалық прогресстің құрбандығына айналу салдарынан мұражай, театр, кітапхана т.б. сияқты мәдени ошақтарға ат ізін салмайтын болды. Сонда мәдени өнімдеріміз    халықты еш қызықтырмайтындығы ма? Әрине қызықтыратын өнім жоқ деп айта алмаймыз. Тек бізге мәдени өнімдерімізді менеджмент арқылы дәріптеу қажет. Негізі мәдениеттегі менеджмент – ол экономика саласындағы менеджмент сияқты негізгі мақсат пайда ғана емес, мәдени өнімдерді халыққа жеткізіп, соның ішінде ұлттық құндылықтарымызды, қолөнер туындыларын, салт – дәстүр көріністерін халық бойына сіңіріп, дәріптеп сол арқылы пайда табу. Осының барлығын әдемі сөзбен жеткізу оңай, алайда не істемесең де қаржыға келіп тірелетіні анық. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржытек жұмысшылар жалақысы мен мекемені жөндеу жұмыстарына ғана жететіні белгілі. Ал бизнесмен қалталы азаматтарымыз шоу – бизнесті ғана қаржыландыруға құлықты. Себебі, тек осы саладан ғана пайда түсіруге болады деп ойлайды.

  Мәдениеттегі менеджментті дұрыс және ұтымды ұйымдастырса, оның қоғамға көп септігі тиеді. Мысалға айтсақ, АҚШ – та Нью – Йорк қаласындағы «Метрополитен» (The Metropolitan Museum of Art) мұражайы сияқты мәдениет мекемесін көбейту қажет деп ойлаймын. Ал метрополитенге тоқталып кетсем, ол үш қабатты үлкен мәдениет сарайы. Оның ішінде сонау ежелгі заманнан бастап, Антика дәуірі, Азия, Африка, Еуропа т.б. сияқты алпауыт мәдениеттер құндылығының көрінісі жинақталып, бір жерде көрініс табуда. Метрополитендегі сондай бір керемет көріністі  тамашалауға шет елдерден саяхаттап келіп отырады. Жылына метрополитенге 10 млн. астам адам келеді. Оның өзі сол мемлекеттегі мәдениеттің дамығандығын көрсетеді. Айрықша атап кететін бір нәрсе, бұл мұражайға адамдар қайырымдылық қоры ретінде де келе алады. Адам қанша ақша беріп кірем десе де өз еркі. Бұл арқылы бір жағынан АҚШ адамдарды бос уақыттарын мәдени орындарда өткізсін деген саясаты да болуы мүмкін. Сондай – ақ аталған қалада «MoMa» (The Museum of Modern Art) атты заманауи өнер музейінде де аптаның жұма күндерінде  көрем деуші азаматтарға тегін кіруге жағдай жасалынған. Елімізге сондай ірі мәдени орталық керек. Оның сыртқы көрінісінің өзі ғажайып сәулет өнерінің шеберлігін  және ұлттық нақыштағы орнаменд көрінісін тапса нұр үстіне нқр болар еді. Ал ішінде   сонау сақ дәуірінен бастап, қазақ хандығы тұсындағы мәдениет және  осы күнге дейінгі тарихи құндылықтарымызбен тың идеялар жетістігі жинақталса, мұнда келген әр адам рухани азық алары да сөзсіз.

  Сонымен мәдениеттегі менеджмент мәдени сала бағытындағы әртүрлі әлеуметтік институттардың дамуын  қамтамасыз ететін, басқару қызметінің бір жүйесі екендігін көріп отырмыз. Мәдениеттегі менеджмент ерекшелігіне оның әлемдік мәдениет пен әртүрлі халықтардың рухани өндіріс жемісімен, яғни  халықтың мәдени құндылықтары – қойылымдар (спектакль), концерттік бағдарламалар, кітаптар, суреттер және т.б. байланыстылығын жатқызуға болады. Қазір бірде бір мерекелік шара, сайыстық шаралар, тақырыптық көрмелер және т.б. мәдени шаралар тіклей менеджменттік ұйымдастырумен байланысты. Сондықтан еліміздің тарихи құндылықтарын сақтау және оны әлемдік деңгейге көтеру мақсатында мәдени – әлеуметтік сала мен өнерге үлкен мән беру қажет.

 

1.     Ғабитов Т.Х., «Мәдениеттану негіздері», 23-25бб.;

2.     Ғаламтор, (http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D0%B4%D0%B6%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82);

3.     Ғаламтор, (https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%82%D0%B5%D0%BD-%D0%BC%D1%83%D0%B7%D0%B5%D0%B9);