Региональные политические процессы

Оспанова А.Н., Куланбаева С.М.

Казахстан, Астана

Евразийский университет им.Л.Н.Гумилева

Қазіргі халықаралық қатынастағы миграциялық процесстер және Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік мәселелері

         Халықтың қазіргі халықаралық көшіп-қонуы көпжақты құбылыстармен сипатталады, бұл процесс қоғамның жан-жақты дамуына ықпал етеді, атап айтқанда экономикаға немесе саясатқа, демографиялық процесске немесе ұлттық қатынасқа, идеологияға немесе дінге.

Жеке адам мен жалпы қоғамның миграциясы өркениеттің даму сипатында маңызды рөл атқарады. Ол адами қоғамның жаңаруы мен жаңа толқыны мен ағымын қалыптастырады. Мемлекеттің құрылуы, бұзылуы мен трансформациялануында халықтың көшіп-қонуы қашанда ерекше мәнге ие болып келді. Миграция кей эпохада соншалықты маңызды болмағанымен өркениеттің өзгеру процесінде маңызды факторлардың бірі болды. Миграция адамзаттың қалыптасу тарихында  халықтың орналастырылуында, жерді шаруашылыққа игеруде, өндірістік күшті дамыту, ғұрыптың, тілдің және ұлттың қалыптасуы мен араласуында ерекше ықпал етті. Осы процесстің арқасында жер бетіндегі ғұрып пен этностардың әртүрлілігін байқай аламыз. Сонымен қатар адамдар жер бетіндегі жарамды территорияның барлығын иеленді.

         Қазіргі әлем қалыптасуында мигрант болуға мәжбүр болған мемлекет аз емес. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, «жақында» АҚШ және Австралия, Жаңа Зеландия және Канада қалыптасты. Бүгінгі таңда бұл мемлекеттер миграциялық процессте жүз миллиондаған адамның қатысуына себепкер болып отыр.

ХХ ғасыр көлемінде миграциялық ағымның интенсивті кеңеюі бақыланды, ал ХХІ ғасырдың басында миграция феномені жаһандық жалпы өзгерістің құрылымды факторы болып танылды яғни жаһандану процесін де миграциялық процессті де күшейтті. Сондықтан бұл   миграциялық процессті қалыпқа келтіретін халықаралық акторлардың мүддесін қолдайтын және қол жеткізуге ықпал ететін жаңа бағыттардың келуін талап етті.

Миграцияның салдары әр түрлі сферада көрініс табады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени-психологиялық және т.б. Бұл салдар позитивті әрі негативті сипат береді, осыған орай ол қақтығыстар мен қарама-қайшылықтардың негізі болып табылады.

Соңғы кездері миграция тек жеке емес, қоғам, мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде және бұл жоғары деңгейде болып отыр(аймақтық, ғаламдық).Бұл процесс миграцияға қатысушы және қабылдаушы мемлекеттерге де айтарлықтай өзгеріс әкелді. Нәтижесінде, ғасырлар шебінде миграция мәселесі қоғамдық назардың орталығына айналды.

Әлемде миграция мен оның мәселелерін реттеу саяси дискуссиялардың өткір тақырыбына айналды, сондықтан бұл проблеманы шешу өзекті болып отыр. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси процесінде миграция басты мәселе, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің аймақтық қауіпсіздігіне әсерін тигізуде.

Дегенмен бұл процесстің аймақтық қауіпсіздігін зерттеуге кіріспестен түсіндірме жүргізу қажет.  «Миграция» түсінігі өзнің көпжақты аспектісінде сан түрлі түсініктемеге ие. «Миграцияның» этимологиялық термині латын тілінен аударғанда «migratio», орын ауыстыру, көшіп-қонуды түсіндіреді, сондықтан халық миграциялануы сөзінің астарында адамның әр түрді контекст пен әр түрлі ситуацияда көшіп-қонуы жатыр [1]. Вебстердің сөздігіне сәйкес, «миграциялану» бір елден, бір орыннан  немесе орналасу пунктінен екіншісіне көшу дегенді білдіреді [2].

Миграция түсінігінде ұзақтық, жүйелілік, мақсатқа бағыттылық , көшіп-қонудың кеңістік типі және басқа да кең мағыналы критерийлер жоқ. Тар мағынада миграция территориялық көшіп-қонудың толық нұсқасын береді. Британник Энциклопедиясында миграция жеке адамның немесе топтың өмір сүру орнын түбегейлі өзгертуі деп анықталған [3].

Үлкен Ресей Энциклопедиясына сәйкес миграция адамдардың өз немесе өзге шекара арқылы  түбегейлі орнын ауыстыруға немесе уақытша көшіп-қонуы деп түсіндірілген [4].

         Дәл осы жағдайда біздің көзқарасымызша, анықтаушы белгі болып- территориялық шекаралардың қиылысуы, тұратын жердің өзгеруі және бұл өзгерістің ұзақтығы болып табылады.

         Сонымен қатар ешқандай халықаралық актіде «миграция» түсінігі заңдық дефинацада қарастырылмайды, көбіне терминнің түсінігі бойынша «мекендеу», «кіру», «жаппай ағылу», «торап», «елге оралу» және т.б. деп түсіндіріледі [5].

«Миграция» түсінігі БҰҰның Бұйрығында және 1948 жылғы адам құқықтарының Жаппай Декларациясында да берілмеген, бірақ соған қарамастан соңғы рет құқықтық саясынан адам құқығының негізі «орын ауыстыру және еркін көшіп-қону құқығы» бекітілді [6]. Осыған орай  БҰҰ-ның миграция  глоссарийінде, «мигрант» түсінігіне нақты анықтама берілген, яғни «елде тұрақты тұратын немесе уақытша тұратын сол жерде туылса да туылмаса да , бірақ сол мемлекетпен әлеуметтік қатынас ұстайтын кез-келген адам » деген  түсінік [7].

Миграцияға қатысты Миграциялық ұйымға келер болсақ, бұл миграцияның өзекті мәселелерімен айналысатын, мемлекеттердің миграция мәселесін шешуде белсенді қызмет атқаратын және мемлекеттердің миграция төңірегінде әлеуметтік және  экономикалық қолдау көрсететін ұйым болып табылады [8], өз шеңберінде миграция концепциясы қалыптасты.

1989 жылы ХМҰ Кеңесінің 59-сессиясында «миграция» және «мигрант» ұғымына анықтама берілді.Миграция-мемлекеттің даму процесінің бөлігі, жеке тұлғалардың кетуі және келуі, және келуі мен кету себебі белгісіз делінген, басқаша айтқанда миграцияның барлық формасын қамтиды.

  Мигрант —  бір мемлекеттен екіншісіне көшіп-қонушы және халықаралық ұйымдар көрсететін халықаралық миграциялық көмекке зәру тұлға [9].

Бұл жерде тағы да айта кететін, миграция мемлекет ішінде де орын алып жатады, яғни ешқандай шекараны қажет етпейді. Бізге түсінікті миграцияның классификациясын беретін ресей зерттеушісі  Т.Н. Юдиннің зерттеуі [10].  Зерттеуші миграция терминіне бүтін сөздік жазған.  Автор «миграциялық процесс» түсінігін «көптеген орын ауыстырудың ықпалынан орын алатын құбылыс» деп түсіндіреді. Миграция түсінігін анықтай келе, автор оны негізгі беталыстың призмасы арқылы қарастырады:

Бірінші беталыс: миграция географиясының кеңеюі және көлемінің үлкеюі.

Екінші беталыс: мигранттардың жаңа типтерінің пайда болуы:

·     жоғары білікті миграция.

·     миграциядағы төменгібілікті кадрлар. Бұл заңсыз миграцияны түсіндіреді.

Үшінші беталыс: еріксіз миграцияның кеңеюі.

Төртінші беталыс: миграцияның феминизациясы.мигранттардың 47,5%  -  әйелдер.

Бесінші беталыс:миграцияның әлемдегі әлеуметтік факторға әсер етуі.

Көрсетілген беталыстар миграциялық процесстің барлық қиыншылығы мен ықтимал қаупін дәлелдейді.

Дегенмен бастапқы және негізгі анықтаманы ұлттық Заңнамадан қарастыруымыз қажет. Қазақстан Республикасының  миграциясының Заңында  миграция «қайтарусыз, уақытша сонымен қатар жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына орын ауыстыруы, сонымен қатар жеке тұлғалардың ҚР ішінде қоныс ауыстыруына байланысты немесе жұмысына байланысты орын ауыстыруы» [11].

 2002 жылы бұл тұжырымдамаға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізілді және миграция – жеке тұлғалардың мәңгілік немес уақытша, еркін немесе еріксіз  бір мемлекеттен екіншісіне орын ауыстыруы деп түсіндірілді [12].

ХХІ ғасырдың басында Қазақстан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен  аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуде сыртқы саяси инициативасын ұстана отырып аймақтық көшбасшылардың арасынан ойып тұрып орын алған болатын.

Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің бастапқы мақсаты алдымен ұлттық мүддені қорғай алатын мемлекеттің саясаты мен стратегиясын жасайтын механизмді құру, содан соң басқа аймақтармен ғаламдық проблемелар мен қауіптерді шешетін аймақтық деңгейдегі өзара ынтымақтастық  пен қатынастағы саясатты құру.

Осындай жалпылама көріністе аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру тек аймақтық қауіпсіздікке ғана қарсы қолданылмайды, ұлттық мүддені қорғауда да іске асады.

Қазақстанның қауіпсіздігі Орталық Азия елдерімен жете қайнасып жатыр. Бұл аймақпен өзара қатынаста жаңа қауіп-қатерлер дәстүрлі түрде күтіледі, сондықтан аймақтық қауіпсіздікте Орталық Азия елдерімен өзара қатынастағы сыртқы саясат Қазақстан үшін өте маңызды.

Ал миграция бүгінгі таңда қазіргі халықаралық қатынаста жаһандану мен интеграциядағы ерекше беталыс болып табылады. Интеграция да , жаһандану да адамзаттың және миграциялық процесстің  жаһандық тұтастығын   күшейтті. Сондықтан да бұл процесс қоғамда тек позитивті ықпал етіп қоймай негативті жағынан байқалды. Соның бірі аймақтық қауіпсіздікте заңсыз миграция әлемнің барлық бөлігінде орын алды. Соның салдарынан жаңаша қауіп-қатерлер төнді: наша сату мен адам сату үлкен қауіпке айналып отыр.

Орталық Азия аймағындағы миграциялық процессті айтқан кезде наша сату мен адам сату, трансұлттық жезөкшелік және т.б. сынды заңсыз еңбек миграциясымен байланысты әлеуметтік қарбаластықты айтуға болады.

Сондай-ақ БҰҰ Басқарымы анықтамасы бойынша Орталық Азия арқылы наша тасу мен басқа да қылмыс түрі бойынша жыл сайын ауған опиясының (нашаның опиядан өндірілетін түрі) 14,3 пайызы тасымалданады. Және бұл тауар осы жолда қалып жатады, және жыл сайын бұл шама өсуде [13].

2001 жылдың басында наша өндірісі біраз кеміді, себебі БҰҰның санкциясымен ауған үкіметі наша өндірісін басқаратын талибтарына тыйым салды. Дегенмен де Ауғанстан соңғы 5 жылда әлемде наша өндірісі бойынша және героин тасымалы бойынша бірінші орында [14].

Сонымен қоса бұл құбылыс орталықазиялық мемлекеттердің ішкісаяси және ішкіэкономикалық жағдайынада қиындықтар туғызып отыр. Өзбекстандағы жабық режим және Қырғызстандағы терең дағдарыс қылмыстық миграция процесіне халықты тарта отырып одан әрі қиындатуда. Тәжікстанға келер болсақ халықтың бір бөлігі Қазақстан мен Ресейге жұмыс іздеумен көшіп-қонады және бір бөлігі аймақта «ашық қақпа» тұрақсыздығынан Ауғанстандағы жағдайға айтарлықтай ауытқып отырғанын байқауға болады.

Процесстің заңдастырылуы мен қалыпқа келуіне қайшы болатын мәселе, аймақтағы елдер арасында миграция сферасының заңнамалығының жүйеленуінде күшті құқықтық механизмдердің болмауы. Біздің көзқарасымызша аймақ ішіндегі миграция елдердің интеграциялануына да су ресурстарына қатысты мәселе сынды қиындықтар тудыруы мүмкін.

   Дегенмен мүддеге деген қызығушылықтың жеткіліксіздігінен, саяси әлсіздік немесе  Кеңестік Одақ кезеңінен қалыптасқан немесе қалып қойған мемлекеттің дербестігінің болмауы, осы бес орталықазиялық мемлекеттерінің (Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан и Туркменістан) ынтымақтасуында тосқауыл болуда.

Сондықтан қорытынды сөзде  Орталық Азия елдерінің миграциялық проблемасы , барлық әлеуетті қауіпті тудырушы жағдай және аймақтық қауіпсіздік проблемасы мен қарама-қайшылығында  жедел өзара шара мен жаңа тәсілдерді талап етеді.

 

Әдебиеттер:

1.Толковый словарь русского языка: В 4 т. / Под ред. Д.Н. Ушакова. - М., 2000. - Т. 1.- С. 247.

2. Словарь Мерриам - Вебстер // merriam-webster.com // EBchecked/topic/275738/human-migration

3.  Энциклопедия Британника //britannica. com/dictionary/migrate

4. Энциклопедический словарь "Народонаселение" // Большая российская энциклопедия. - М., 1994. - С. 143.

5. Орешина Н.И. К вопросу об определении понятия "миграция"// justicemaker.ru /view-article.php?id=10 &art=548

6. Официальный сайт ООН // un.org

7. Migrant/Migration // unesco.org/shs/migration/glossary

8. Устав МОМ // Сборник международно-правовых документов, регулирующих вопросы миграции.  - М.:МОМ, 1994. - С. 233.

9. Continued effectiveness of the Organization in view of the new challenges: Doc. MC/1631 / Intergovernmental Committee for Migration. - Geneva, 1989.

10. Юдина Т. Н. Миграция: словарь основных терминов //yanko.lib.ru

11. Закон Республики Казахстан O миграции населения от 13 декабря 1997 года //antropotok. archipelag.ru/text/a081.htm

12. Закон Республики Казахстан от 27.03.2002 N 313-2 " О внесении изменений и дополнений в закон республики казахстан "о миграции населения".

13. Галиева Ф. Транзит в никуда //np.kz/ index.php?newsid=6394

14. Оценка ситуации в регионе Каспийского моря и прикаспийских государствах в январе 2011 года //casfactor.com/rus/editor/18.html