Психология / Социальная психология
Бастауыш сынып мұғалімі
- Нұрқанатқызы
Ардақ
№10 мектеп-интернаты
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
МЕКТЕПТЕГІ ҮЛГЕРМЕУШІЛІКТІҢ СЕБЕБІН АНЫҚТАУ
Қазақстан
Респуликасының Білім туралы заңында көрсетілгендей, адамзат
құңдылықтарының ғылыми және
тәжірибе негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға
қажетті жағдайларды жасау білім беру жүйесіндегі негізгі
міндеттерінің бірі болып отыр. Саналы мақсатты бағдарлы жеке
адамды қалыптастыру – ең басты бүгінгі
қоғамымыздың жоспарлы қағидасы. Жалпы алдымызға қойылған
мәселені зерттеуде туындайтын қарама-қайшылықтарды шеше
білуіміз керек: біріншіден, түзету жұмыстары арқылы
көмек беруде, баланың психикасын жоғарлату, жақсарту,
міңез-құлық ерекшеліктернің қалыптасуына
және ешбір мақсатсыз уақытын өткізуін анықтап,
олардың дербес психологиялық бейім қабілеттерін
дамытуға жағдай жасау кезінде туындайды; екіншіден, психологтар мен
ата-аналар тарапынан ықпал жасап психологтың арнайы түзету
жұмысытарын жүргізу арқылы ықпал ету, эмоциялық жағымды
белсенділіктерін туғызу, өзін-өзі түсініп,
кемшіліктерін жоюға ұмтылыс беру арасында қайшылық
болады. Осы келтірілген
қарама-қайшылықтарды жою да психологиялық
мүмкіндіктерді аңықтау және дамуы төмен
балаларға түзету
жұмыстары арқылы психологиялық көмек беру ғылыми зерттеу
жұмысының мәселесін құрайды. Бұл мақала
мектептегі үлгермеушіліктің себептерін анықтауға
арналған.
Білімі төмен
оқушыларға психологиялық көмек көрсету жолдары
мен тәсілдерін айқындаудың негізгі мақсаты мектептегі
үлгермеушіліктің себебін анықтау болып табылады. Өйткені,
баланың қалыпты дамуына қатысты, олардың
мәселелері біреуінде оқуда, санауда, енді біреуінде,
айналасындағы балалармен қарым-қатынасында, мектеп
тәртібіне бағынышты, болғысы келмеулерінде т.б. болып келеді.
Бастауыш мектепте үлгерімі төмен оқушылардың көп
болуы , олардың мектепте нашар дайындықпен келгенін
көрсетеді. Үлгермеушілік, егер, ол бастауыш сыныптан басталса,
баланың міндеті мектеп бағдарламасын игеріп кетуіне
кәдімгідей қиындық келтіреді. Балаларға
дифференциональды – психологиялық сараптама жүргізгенде
олардың ақыл- ой мүмкіндіктерін қарау керек. Мектеп
табалдырығын алғаш
аттаған балаларды тексергенде
баланың үйдегі
және сабақтағы міңез –құлықы
туралы ата- аналар және мұғалімдердің берген міңездемесін
қолданамыз және баланың
іс -әрекетінің нәтижесін қараймыз. Таңымдық
іс-әрекеттің деңгейін
анықтайтын тексеру жүргізгенде, мұғалім және ата-
аналар толтыратын Л.И. Перселени ұсынған
16- сұрақтан құралған анкетаны
қолдануға болады.
№1- анкетадан мұғалімдер мен ата-аналар бір
данадан толтырады. Мұнда психолог та баланың мектепте және
үйдегі міңез-құлқын салыстыруға және
де баланың түрлі ересектермен қарым-қатынасының
ерекшеліктерін талдауға мүмкіндік туады. Анкеталық
мәліметтер психикалық тексерудің мәнін көтереді
және оқу, үйдегі жағдайларды бақылау негізінде
реттеу және таңымдық процесстердің жағдайы туралы
хабар береді.
Анкета №1
Толтырылған
күні: Ф.А.Ж. Туған
күні, айы, жылы. Мекен жайы, телефон.
Балалар мекемесі. Анкета
толтыруға берілген нұсқа:
Келесі пунктың
астын сызу керек –а, б,в, г,
Міңез-
құлық қиындықтары: а) бар, б) жоқ
Оқудағы
қиындықтар: а) бар, б) жоқ
1. Зейін, эмоциялы ерік жігер аумағының ерекшеліктері: Бала көрсете ме:
1. Ашушаңдық, қобалжушылық: а) өте жиі б) әдеттегідей в) сирек г) өте сирек
2. Қимыл
мазасыздығы, тежелу: а) өте жиі б) әдеттегідей в) сирек г)
ешқашан
3.
Шашыраңшылық, алаңдаушылық, тынымсыздық,
импульсивтілік:
а) өте жиі б)
әдеттегідей в) сирек г) ешқашан
4. Шаршау,
әлсіреу: а) өте жиі, б) әдеттегідей, в) сирек г)
ешқашан
5.
Ашуланшақтық, агрессиялық: а) өте жиі, б)
әдеттегідей, в) сирек г) ешқашан
6.
Немқұрайлық, агрессиялық: а) өте жиі б) әдеттегідей, в) сирек г) ешқашан
7.
Ұяңдық тұйықтық: а) өте жиі б)
әдеттегідей в) сирек г) ешқашан
ІІ. Таңымдық
процесстер бойынша ерекшеліктері
Баланың есте
сақтауы 1. а) өте жақсы, б) жақсы в) орташа г)
төмен
2.
Түсіндіргенді қалай ұғады: а) өте жақсы б) жақсы в) орташа г) төмен
3.
таңымдық белсенділігі (жаңа білімге
құштарлығы): а) өте жақсы б) жақсы в) орташа г) төмен
4. Бір типті
тапсырмаларды орындау жетістігі өзгеріп тұра ма? а) өте жиі, б) әдеттегідей, в)
сирек г) ешқашан
5. Баланың
іс-әрекетінің бір түрінен екінші түріне тез ауыса ала
ма?
а)жеңіл б)
ауыр да емес, жеңіл де емес в) қиындықпен г) үлкен
қиналыспен
ІІІ. Қимыл
аумағында, қозғалыс координациясында бұзылу бар ма? а)
бар б) жоқ
ІУ Көру, есту
кемістіктері бар ма? а) бар б)
жоқ
№1- анкетадан мұғалімдер мен ата-аналар бір
данадан толтырады. Мұнда бастауыш сынып мұғалімімен
қатар, психологқа да баланың мектепте және үйдегі
міңез-құлқын салыстыруға және де
баланың ересектермен
қарым-қатынасының ерекшеліктерін талдауға мүмкіндік
туады. Сонымен қатар оқудағы
қиындықтықтарды айыратын факторларды табуға
мүмкіндіктер берілді. Бұл сұрақтар оқу
жылының басында және
оқу жылының ортасына таман алынады.
Әдебиеттер:
1. Джакупов С.М.
Психологическая структура процесса обучения. - А., 2004.
2. Стыбаева А.Ш. Первичная
психологическая адаптация детей 6-7 лет к условиям школы.-Т.,2003.