Үсенова С.М., Қамбатыр Ж.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
Шилібекова Г.Қ.
№4 Тілеміс
батыр орта мектебі, Жамбыл облысы,
Қазақстан
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУДА
ОТБАСЫ
ТӘРБИЕСІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ
Бүгінгі салауатты отбасы – өркениетті
қоғамның талабы.
Ұрпақтан- ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана
дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып
келетін шынайы да тұрақты
сүйіспеншіліктің
дәстүрлері де тек
салауатты отбасында қалыптасады. Тәрбиенің
бастапқы әліппесін
бала отбасында алып, онда ізгіліктің
тұлғалық қасиеттерінің негізі қаланады.
Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан
отбасы тәрбиесіне
психологиялық және
педагогикалық зерттеулерде ерекше
көңіл бөліп,
«отбасы»
ұғымына
көптеген анықтамалар
берілген. Ж.Б.
Қоянбаевтың педагогикалық
еңбегінде «Отбасы- ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас
туыстар (әке, ана, бала)
тобы» деп анықтама берілген. Ғылым – педагог өзінің зерттеуінде отбасы – баланың өмір жолын бастайтын және
қоршаған шындық, орта
туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы
екенін, соның негізінде білім, әдет мінез- құлық пен өмірге
көзқарастың
қалыптасатынын
дәлелдеп көрсетеді.
Педагогика және психологиялық сөздікте «отбасы-
үйленгендердің
жанұялық бірлігі »
деп анықтама келтірілген.
Бұл сөздікте отбасы тәрбиесі балаға ұлттық
тәрбие берудің
негізі болып табылатындығын айқындай түседі.
Сонымен, жоғарыда айтылған анықтамаларға сүйене отырып, отбасының мынадай
негізгі белгілерін
айқындап көрсетуге
болады.
1) отбасы өзара
туысқандық қатынасы бар әртүрлі жастағы әр түрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым.
2) оларды ерлі зайыптылық, ата- аналық, балалардың ата- аналарына еерсектердің кішілерге және бір біріне деген қарым
- қатынас жасау міндеттері
байланыстырып тұрады.
3) ата- аналар мен балалар бірінен -бірі отбасыны басқарумен, ерекшеліктері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.
4) Отбасы
өмірі әртүрлі
материалдық және
рухани үрдістермен сипатталады.
Ал отбасының әлеуметтік
ролі адамның өзін
өсіруге, адам тегін ұзартуға
тікелей қатынасымен
анықталады.
Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында
өсіп келе жатқан ұл
қыздарының дені сау, рухани
ойлау дәрежесі биік,
еңбекқор, білімге
құштар болып өсуі туған халқы мен Отанына
адал, өнегелі азамат болып
өсуі - ең жоғары
тілек, ең негізгі мақсат болып келген. Оның қуат
алатын қайнар бастауы – отбасы.
Сондықтан, адамзат
ұрпағына
отбасының аса
құнды ықпалы мен
әсерін өмірдегі еш
нәрсенің күшімен
салыстыруға болмайды. Сол сияқты балаға ата – ана тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды.
«Отбасы тәрбиесі»
ұғымының өзі «отбасы» мен тәрбие категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен
ролі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына
байланысты дамиды.
Отбасы баланың жеке
басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді:
Біріншіден, отбасының материалдық
жағдайын сипаттайтын
өзіндік өмір
сүру арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажеттілігі мен әлеуметтік
құндылықтары
арқылы;
Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір
мақсатқа бағытталған әсер арқылы;
Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбиелік мақсатына,
идеалық адамгершілік және
эстетикалық талаптарына
қаншалықты сәйкес
келуіне байланысты жүзеге асырылады.
Қазақ педагогикалық
энциклопедиялық
сөздігінде отбасы
тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі. «Отбасы тәрбиесі»-
туысқандық қарым
-қатынастар мен тұрмыс жағдайлары болып үздіксіз ықпал
етуші тәрбиелік күш
болып табылады. Отбасы тәрбиесінің педагогикалық мәнін
ашу үшін «тәрбиелеу» және «әлеуметтедіру» ұғымдарын байланыстырып қарастыру қажет. Бүгінге дейін
педагогикалық әдебиетермен мемлекет тарапынан жарық көрген
құжат – тұжырымдамаларда «тәрбие» ұғымына әртүрлі анықтамалар беріліп келеді. 1993 жылы қабылданған тәлім – тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбие –
халықтың ғасырлар бойы
жинақтап, іріктеп алған
озық тәжірибесі мен
ізгі қасиеттерін жас
ұрпақтың бойына сіңіру, баланың
қоршаған ортадағы
қарым- қатынасын
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез- құлқын қалыптастыру» -деп анықтама берілсе, қазақ
педагогикалық энциклопедия
сөздігінде «Тәрбие-
қоғамдық
өндірістік және
мәдени өмірдің
белсенді қатысушысын
даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі» процесі делінген. Ұлы ғұлама Әл Фараби «Бақытқа жету
жолында » деген еңбегінде
«Тәрбие деп – халықтардың бойына білімге негізделген
этикалық ізгіліктер
мен өнерлерді дарыту деген сөз»- деп анықтама берді.
Демек,
тәрбие- бұл
қоғам талабына сай адамды
қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі
әрі саналы түрде
әсер ету болып табылады. Тәрбие жан -жақты
дамыған адамды
қалыптастыруды көздейді. Оқушылардың
тұлғалық қасиеттерін
дамытуда ықпал ететін негізгі факторларды ескере отырып, тәрбиені отбасы тәрбиесіне және қоғамдық тәрбие деп екі түрге бөлуге болады. Олай
болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы
болып табылады, тәрбиенің
мақсат- мазмұны, ұйымдатыру түрі, әдісі
қоғамдық қатынастардың таихи дамуына
сәйкес өзгеріп
отырады.
Әдебиет:
1.
Мұқанов М.М Жас
және педагогикалық психология
А.:Білім, 2002
2.
Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы
А.: Мектеп, 1998
3.
Джакупов С.М., Бердібаева С.Қ. Психологиялық зерттеу
нәтижелерін статистикалық
өңдеу тәсілдері. Алматы, 1998.