к.т.н. Тобашов М.Ш.

Казахский гуманитарно-юридический и технический колледж, Кызылорда

Автокөліктерді сақтау кезіндегі қолданылатын негізгі технологияларды жетілдіру жолдары

 

Қазіргі таңда автокөлік мекемелерінде техниканы дұрыс сақтауды ұйымдастыру, автокөлік мекемесіндегі техниканың ақаусыз және ұзақ мерзімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Автокөлік мекемесінде техниканы жөндеу алдында сақтау, линиядан оралғаннан кейінгі сақтау шараларының маңызы зор. Әрбір автокөлік мекемесінде қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған ашық, жабық немесе жартылай жабық  сақтау тұрақтарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

          Еліміз нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатқан тұста автомобильдерді пайдалану кәсіпорындары түрлі иелік формасында халыққа қызмет етуде. Осы түрлі иелік формасындағы автокөлік мекемелерінің  жұмыс істеп тұрған жөндеу шеберханалары, машина сақтау аулалары, мұнай сақтайтын қоймалары  халыққа толыққанды қызмет көрсетуі қажет. Қазіргі күннің талабы осы кәсіпорындардың жұмысын жандандыру  және қазіргі талаптарға сәйкес тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету.

Сақтау терминінің мағынасы ретінде машинаның, оның бөлшектері мен тораптарын тат басудан, ескіруден сақталуын, деформацияланудан және автокөліктің жұмыссыз тұрған күндері комплекттерінің бұзылуын болдырмауын қамтамасыз ететін   технологяиялық  ұйымдастыру шаралары. Сақтау терминіне ауқымды мағына беру үшін, оны консервациялау деп те атайды. Консервациялау - сақтау процесі кезінде машинаға, тораптарға және бөлшектерге әртүрлі консервациялық материалдарды жағу немесе қолдану операциясы.

Автокөлік мекемесінде дұрыс сақтауды ұйымдастыру техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы-алдын алу шаралары болып табылады.

Сақтау  кешеніне ұйымдастыру және технологиялық шаралары да кіреді.

Ұйымдастыру шаралары:

-         техниканы, тораптарды және бөлшектерді сақтау орындарын құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

-         техниканы сақтау барысында  еңбекті ұйымдастыру;

-         сақталатын техникаға есеп жүргізу;

           Технологиялық сақтау шаралары:

-         машинаны тазалау және жуу;

-         машинаны арнайы тіреуге арналған орынға орналастыру;

-         қоймада сақталуға арналған тораптар мен бөлшектерді шешіп алу;

-         машинаға, тораптарға және бөлшектерге таттанудан қорғау материалдарын жағу;

-         машина корпусына ылғал мен шаңның кіруін болдырмау мақсатында герметизациялау;

-         машина мен бөлшектерге сақтау кезінде қызмет көрсету;

-         машинаны, торапты және бөлшектерді сақтаудан шығару.

Автокөліктерді сақтау аймағын жобалау мәселесі автокөлік тұрағының түрі, автокөлікті сақтау тәсілі және тұрақтың геометриялық өлшемдерімен шешіледі.

Автотұрақтың түрі жылжымалы құрамның түрінен, климаттық жағдайдан, қолдану және экономикалық факторлардан, құрылысқа жұмсалатын қаржыға байланысты болады. Жеңіл автокөліктер және автобустар ережеге сай жабық тұрақтармен қамтамасыз етіледі. Жүк автокөліктері ашық алаңдарда немесе климаттық жағдайға байланысты жабық немесе жартылай жабық тұрақтарда сақталуы мүмкін. Жабық тұрақтар жер асты және жер үсті, бір қабатты немесе көп қабатты болуы мүмкін.

 

Қорытынды:

Автотраспорттық мекемелердің  өзекті мәселелердің бірі – техникаларды сақтауды ұйымдастыруға арналған. Автотраспорттық техникалар күйіне байланысты техникалық сервис, сақтау және жаттықтыру жұмыстарына көп жағдайда  көңіл бөлінбейді. Сондықтан олардың сенімділік көрсеткіштері ресурстары   25-40% төмендеп, қызмет ету мерзімі қысқарады.

 

Әдебиет:

1.     Северный И. С.  И др. Хранение сельскохозяйственной технеки . –М.:  Колос, 1982-286с

2.     Бабусенко С.М.Проектирование ремонтных предприятий.М; колос,1981.