Ауылдық аймақтардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайын құрылымдық
бағалау
э.ғ.к.Утегенова
К.А.
магистрант
Сейітова Ә.Ж.
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда
мемелекеттік
университеті,
Қызылорда
қаласы,
Қазақстан Республикасы
Нарықтық
қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару
жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан
өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
жүйесіндегі орны мен роліне айтарлықтай ықпалын тигізді.
Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын
мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері
сөзсіз. Республиканың әрбір аймағы еліміздің
шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған
қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық
бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың
өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері,
экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық
құрылымы бар.
Қазіргі
кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда
жүзеге асырылатынын ескерсек, оларға
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге
лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды
болып табылады.Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік
басқару деңгейлері арасындағы
өкілеттіліктерді ажырату, аймақтың экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері еліміз
аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік
беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда.
Қазақстан
жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың,
халықтың әл ауқатын арттырудың жаңа
міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен
қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің
оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды мәселе.
Бұл таяу он жылдықтағы Қазақстан дамуының
басты бағыты. Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең
әуелі өңірлердің қуаттылығы.
Қызылорда
облысында 712,9 мың адам тұрады, халықтың
тығыздығы 1 шаршы шақырымға 2,7 адамнан келеді.
Қызылорда облысын көптеген елдердің, халықаралық
ұйымдардың және аймақтық одақтардың
назарында болатын ерекше аймақтар қатарына жатқызуға
болады. Өйткені, облыс тек
қана экологиялық апат аймағына жатқызылып,
«Байқоңыр» ғарыш айлағының жанында
орналасқандықтан емес, облыста сонымен қатар, кедейшілік
және жұмыссыздық сияқты басқа да ірі
ауқымды мәселелер орын алады. Бұл орайда облыс,
әрқашанда кедейшілік, денсаулық сақтау және басқа да аймақтық
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін шетел
инвестициясының, техникалық және қаржылай көмектің құяр
көзі болып қалады.
Қызылорда
облысы – дағдарыстық экономикалық аймаққа,
яғни –қысылшаң табиғи-климаттық,
әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық
жағдайдағы, шаруашылықтың салалық
құрылымы ұтымды емес дағдарыстық
аймаққа, сонымен қатар экологиялық
дағдарысқа ұшыраған аймаққа жатады.
Қазақстанның басқа аймақтарына
қарағанда облыста шағын бизнес баяу қарқынмен
дамыды. Осы және басқа да мәселелер тізбегі –
аймақтағы халықтың тұрмыс деңгейін
төмендетіп, аймағымыз халықтың
ауру-сырқаулығы, кедейшілік, жұмыссыздық сияқты көрсеткіштер бойынша
Қазақстан аймақтарының арасында соңғы
орындардың бірін алды. Алайда соңғы жылдары Кызылорда аймағының даму
деңгейі жақсара түсті десек болады. Бұған себеп,
аймақта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық-экологиялық
бағдарламалар легі және олардың оң нәтижесі.
Сонымен бірге облыстағы мұнай және газ конденсаты, уран,
басқа да руда металлдарының кен орындарының ашылуы
аймақтың экономикасын біршама жандандырып, халықтың
әл-ауқатының деңгейін көтерді.
Республикамызда
соңғы жылдары аймақтық экономикаға,
аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикамыздағы
әрбір аймақтың экономикалық өсуіне,
әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын
тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын
көтеруге,отандық және шетелдік инвестицияларды тарту
және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл
шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті
дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай
қөңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені
жүзеге асырылуда [1]. Аймақтар дамуындағы қазіргі
қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған
орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау
өзекті мәселеге айналады. Осы
мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына
әсерін тигізетін негізгі жағдайларды, яғни Қызылорда
облысының 2009-2013 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық
дамуын сипаттайтын көрсеткіштер тізбесін сараптайық (1-кесте).
Кесте 1
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын
сипаттайтын негізгі көрсеткіштер
|
Көрсеткіштер |
2009 жыл |
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
|
1. Халық саны , мың адам |
632,2 |
641,6 |
689,7 |
700,6 |
712,9 |
|
2. Халықтың табиғи өсімі, кемуі - мың адам - 1000 адамға шаққанда |
11,2 17,99 |
13,1 20,59 |
13,8 20,16 |
14,8 21,32 |
10,9 20,30 |
|
3. Экономикада жұмыспен қамтылғандар
саны, мың адам |
282,6 |
283,9 |
287,0 |
298,7 |
333,9 |
|
4. Жұмыссыздар саны, мың адам |
25,3 |
21,2 |
20,4 |
18,7 |
19,1 |
|
5. Экономикада жұмыс істейтіндердің орташа
айлық атаулы жалақысы, теңге |
46859 |
53333 |
60227 |
69753 |
86844 |
|
5. Жалпы аймақтық өнім, млн тенге |
691035,1 |
875597,4 |
663230,6 |
853889,9 |
1069367 |
|
Оның ішінде: 1 жан басына шаққанда, млн тенге |
1093,06 |
1364,71 |
961,6 |
1218,8 |
1500 |
|
6. Өнеркәсіп өнімі (қызмет)
көлемі (қолданыстағы бағамен), млн. тенге |
666889 |
845879 |
625019 |
809648 |
1069322 |
|
7. Ауыл шаруашылығы өнімі, млн. тенге |
24146,1 |
29718,4 |
38211,6 |
44241,9 |
44 741,4 |
|
8. Негізгі капиталға инвестиция көлемі,
млн.тенге |
102934 |
172339 |
171033 |
246867 |
273 627 |
|
9. Бөлшек сауда тауар айналымы, млн теңге |
29396,9 |
39868,8 |
52772,1 |
81242,2 |
93456 |
|
10. Халыққа көрсетілген
қызметтің көлемі, млн теңге |
1046,4 |
1177,6 |
2081,9 |
1923,2 |
28 949 |
|
Ескерту – Қызылорда
облысының Статистика департаментінің мәліметтері негізінде
құрастырылды |
|||||
Әлеуметтік
қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі
мен жалпы реттеушісі – мемлекет болып табылады. Заңнамаға
сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты
есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қызылорда облысы
әкімшілік тарапынан жасалып жатқан шараларға қарамастан
кедейшілік пен жұмыссыздық, әлі де сақталып отыр.
Қызылорда облысы Қазақстандағы әлеуметтік жағынан осал аймақтардың
бірі болып табылады [2].
Ауылды
дамыту ауылды тек ауылшаруашылық өндіріс сала ретінде ғана
емес, халық шаруашылығының көптеген қызметтерін
атқаратын қоғамның
әлеуметтік-аумақтық жүйесінің құрам
бөлігі ретінде қабылдайтын көзқарас негізінде
құрылуы тиіс..
Ауылдың
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға
бағытталған шаралар: жұмыссыздық пен
кедейшіліктің деңгейін
тежеу; экономиканың нақты секторын сауықтыру, ол
үшін бәсекелестік ортаны дамыту; ауыл
тұрғындарының бірқалыпты өмір сүруі
үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық
кешенін жаңғырту; өңдеу өнеркәсібін
өркендету; ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін
өндіріс орындарын ашу; шағын кәсіпкерлікті дамыту.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 «Оразалиев Р.А.
Қазақстан ауылшаруашылығының мәселелері
және болашағы// Жаршы.- 2008.- №12.
2 Мауленқұлова Г. Аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуына шағын және орта кәсіпкерліктің
әсері// Қазақстан жоғары мектебі.- 2009-№3.