АГРАРЛЫҚ
СЕКТОРДАҒЫ ЭКСПОРТТЫҚ
ПОТЕНЦИАЛДЫ АРТТЫРУДЫҢ
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ
э.ғ.к.Райымбекова.Айман Туребековна
Болашақ
Қызылорда университеті,
Қызылорда қаласы,
Қазақстан Республикасы
Әлемдік шаруашылықтың көптеген
елдерінің халықаралық еңбек бөлінісінде
қатысуындағы негізгі бағыттарының бірі қазіргі
таңда экспортқа бағытталу саналады. Азия мен Батыс
Еуропадағы көптеген елдірінің экономикалық өсімі
әлемдік шаруашылыққа интеграцияланудың үлгілі
мысалы бола алады.
Экспорт
құрылымы өзгерісінің жолын көптеген елдер бастан
кешірді. Елдің экспортқа бағытталғанын көрсететін
фактор ретінде индустриализацияға бағытталған
өндірістік құрылым реті саналады.
Экспортқа
бағытталу саясатының мақсаты жоғары
сұранысқа ие немесе әлемдік нарықта потенциалды
сұранысқа ие өнім ассортиментін шығару арқылы
экономикалық өсімнің жоғары деңгейіне және
өндіріс тиімділігіне қол жету болып саналады. Бұл
мақсатқа, біріншіден, өндіріс тиімділігінің өсу
көздері мен факторлары дұрыс анықталғанда, екіншіден,
бәсекелестік күресте ұлттық басымдықтар
дұрыс анықталған жағдайда жетуге болады. Елдің
экспорты оның экономикасының қаншалықты деңгейде
бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.
Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей, экспортқа бағытталған
үлгінің тиімділігі экспорттық бағыттағы
салалардың тез ауысуымен қамтамасыз етіледі, себебі әлемдік
нарықта өз орнын және халықаралық бірлесіп
жұмыс істеу түрін бекіту мақсатында экспорттың
жаңарып отырылуы әр түрлі өнімдердің (шикізат,
өндірістік-технологиялық, ғылымисыйымды,
ақпараттық, қызметтік) шығаралу көлемін
ұлғайтады. Сол сияқты аграрлық сектор да осы типте
жұмыс жасайды және аталмыш бағытқа әр ел
әрқилы жолдармен жетеді.
Аграрлық сектордың
экспорттық потенциалын жоғарлату негізінен әлемдегі
аграрлық саналатын елдерге тән құбылыс, себебі мемлекет
аграрлық секторда үлкен мүмкіншіліктерге ие
болғандықтан, аталған саланы дамыту да өте орынды
көрінеді. АӨК құрылымдық және
ұйымдық-технологиялық өзгерістердің басты
нәтижесі болып, сөзсіз, елдің азық-түлік
қауіпсіздігін сақтап қалу және ауыл шаруашылығы
өнімін экспорттау үшін тиімді жағдай жасау болды.
Егін
шаруашылығы әрқашанда американдық шаруалар
қызметінің басым бағыты болған. Ол елді тек
дәндік, майдық дақылдар, жеміс және көкөністермен
емес, сонымен бірге мал шаруашылығы үшін берік азық базасын
құрды.
Мал
шаруашылығындағы жетістіктер азықтық ресурстар
өндірісі көлемінің қажеттілік көлемінен көп
жыл бойы асуы арқасында болып отыр. Өнімділік өсімінің
осы факторы бағытталған сұрыптаулық жұмыс,
кешендік механизация және басқа да индустриалдық
технологиялармен толықтырылды. Ауыл шаруашылығы өнімі
экспортын арттыруға көңіл бөлу арқылы
үкімет сонымен бірге экспортқа арналған жоғары сапалы
ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты
қорымен қамтамасыз ететін экспорттық кешендер
құрады және шетел нарықтарына енуге, экспортты
бөлу мен қаржыландыруда қолдау қөрсетеді .
Жалпы
дамыған елдерде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы
және сәйкесінше сол сала бойынша экспорттық
потенциалдың артуы үшін шаруа қожалықтарын
ұжымдастырады. Шаруа қожалықтарының өндіріс
қызметіндегі белсенділігін арттыру үшін
материалдық-техникалық жабдықтау мен қызметті,
өндірістік-жабдықтық-өткізу шаруа қожалығын
дамыту жолдарын қарастыру қажет және жергілікті
жағдайларды ескере аталған мақсатты тәжірибеде
жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстарды әзірлеу
қажеттілігі туындайды.
Венгрия,
Голландия, Польша, Болгария, АҚШ және Жапонияның
тәжірибесі көрсеткендей, өндірістің техникамен
қамтамасыз етілуі шағын шаруаларға жоғары
өнімділікке жетуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы
жұмыстарын кеңінен механизациялаудың арқасында
американдық шаруалар өз қызметтерінің көлемін
ұлғайтып алуда, еңбек өнімділігін арттыруда
Ауыл
шаруашылығы кооперациясының қазіргі заманғы
құрылымында ауыл шаруашылығы өнімін қайта
өңдеу мен өткізу, өндіріс құралдарымен
жабдықтау, несиелеу, өндірістік қызмет ету бойынша бірігулер
мен өндіріс сферасындағы кооперативтерді көрсетуге болады.
Дамыған елдердің көбінде ауыл шаруашылығы мен
экономиканың басқа ұқсас салаларының
қосындысы түріндегі кооперациялар жиі кездеседі. Қазіргі
заман жағдайында кооперативтік қозғалысқа әр
түрлі кооперативтер қызметін диверсификациялау, олардың
араларындағы байланыстың тереңдеуі, бір кооперативтік
ұйым шегінде шаруа қожалықтарына экономикалық
қызмет көрсету бойынша бірнеше қызмет түрлерін
біріктіру тенденциялары тән. Дамыған елдердегі ауыл
шаруашылығы кооперацияларының қызмет ету тәжірибесі
оның әр түрлі ұйымдастыру нысандары мен
құрылымдары бар екенін көрсетеді. Бірақ ауыл шаруашылығы
кооперативтік қозғалысының ұйымдастырушылық
құрылымы негізін барлық жағдайларда жеке
мүшелікке негізделген алғашқы кооперативтік
қозғалыстар құрайды. Дамыған елдердің
аграрлық секторды және жалпы экономиканың экспорттық
потенциалын арттыруда негізінен шетел нарықтарына зерттеу жүргізу,
тауарды жылжыту бойынша шетелде ұйымдастырушылыққа
көмектесу сияқты жанама әдістерді қолданатыны
айқындалды.
Аталған
факторлар жиынтығында ауыл шаруашылығы саласының
өнімділігін, даму динамикасын, бәсеке қабілеттілігін тек
алға жылжытпақ. Ал ол өз кезегінде елдің немесе
нақты субъектілердің экспорттық потенциалын арттырмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
2.
Джонгбин Им, Ючеул Сонг, Сенгхван Чой, Динара
Медетбекова. «Стратегии в сельскохозяйственном секторе по вступлению Казахстана в ВТО:
уроки корейского опыта».
3.
Чупина И.П. «Мировой
опыт развития сельскохозяйственной кооперации». Журнал «Проблемы современной экономики», N 1(21).