Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға
мемлекеттік іс-шаралар бағыты
Нурманалиева Г.А.,Қалымбетова С.Д.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Елде отандық шағын
және орта кәсіпкерлік үшiн кәсіпкерліктің тиімді
дамуы үшін қызметі инновацияны енгізумен, өнім экспортымен
байланысты, ШОБ субъектілері жеңілдетілген несиелеу сияқты
қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір
жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет,
франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік және лизингті белсенді
қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай
қолдаудың нәтижесінде шағын және орта
кәсіпкерлік үшiн ұлттық экономикада елеулі рөл
атқара бастайды.
Кәсіпкерлікті
қолдауда мемлекеттік қызметтердің алғашқы
бағыттары – қаржы-несиелік және инвестициялық саясат.
Бұл бағыт бастапқы сипаттама болып саналады. Мемлекеттік
кәсіпкерлікті қаржы-несиелік қолдауы біршама шығыстар
жұмсауын талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүкіндігі
шектеулі екендігі белгілі. Осы кезеңде ресурстарды пайдаланудың қайтарымды
механизміне өту қажетті және маңызды болады.
Шағын
кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық
шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын
қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін
аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында
анкета жүргізу, фермерлер, шағын және орта
кәсіпкерлік бизнес
өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін
еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде
түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті
ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін
кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету,
ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық
көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу,
қаржыландыру және салық салу курстарын бизнес-инкубаторларда
ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.
Шағын
кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда
өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік
шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық
секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді
дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды
орында болуы тиіс.
Кәсіпкерлік
қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3)
тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы»
шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы»
шеңберінде кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты;
3) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы»
шеңберінде гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты;
4) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы»
шеңберінде өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020
жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде гранттар
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020
жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялауды беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты;
7) «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы»
шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020
жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде
өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша
қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты;
9) «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020
жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде
микрокредиттер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«2020 жылға дейінгі бизнестің жол картасы»
Бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті мемлекеттік
қолдаудың келесі түрлерін беру көзделген:
·
несиелер бойынша пайыздарды төлеуге кететін шығындарды
субсидиялау;
· несиелерге кепілдік беру;
· өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау;
· бизнес жүргізуді сервистік қолдау
(консалтингтік қызметтер, заңгерлік және бухгалтерлік
қызмет көрсету және тағы басқалары);
· кадрларды даярлау.
Мемлекеттік
қолдау шараларын алу үшін облыстық әкімдікке
жүгіну қажет.
Грантты берудің шарттары:
Гранттардың
мақсаты, жеке кәсіпкершілікті бастаушы субъектілерге (ары
қарай Кәсіпкерлер) өздерінің жаңашыл және
басқаларға ұқсамайтындығымен ерекшеленетін
жаңа бизнес- ойларын (идеяларын) іске асыру үшін қайтарымсыз
тегін бөліну негізінде берілетін қаражат.
Бір
кәсіпкерге берілетін гранттың ең жоғарғы соммасы
3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспауы тиіс. Грантты
қолдау түрінің қаржыландыру шарасы республикалық
бюджет қорының есебінен іске асырылады.
Грант
қаржысын мемлекет, жергілікті атқарушы органдарда өткізілген
байқаулардың қорытындысы арқылы (бұдан әрі
- Координатор), кәсіпкерлікті бастаушы кәсіпкерлерді іріктеу
арқылы мақсатты гранттарды береді. Байқауға
қатысу үшін кәсіпкерлер міндетті түрде,
кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге (жеке
кәсіпкерлер немесе құрылтайшылар
(құрылтайшыларға) заңды
тұлғаларға)
арналған қысқа мерзімді экспрес-курс оқуынан
«Бизнес-кеңесші» курсын оқуы тиіс.
Байқауды
жүргізу үшін жергілікті атқарушы орган, грантқа
үміткер шағын кәсіпкерлік субъектілердің өтініштерін
іріктеу үшін байқау комиссиясын жасайды және
оның құрамын бекітеді. Байқау комиссиясы
қызметінің негізгі қағидалары; кәсіпкерлерге
бірдей-тең дәрежеде жағдай жасау, бәріне біртұтас
талап қою, ұсынылған құжаттардың
жан-жақты және толық зерттелуін қадағалау,
қабылданған шешімнің ақиқаттылығы.
Байқау комиссиясы байқауға берілген
өтініштерді қарағанда, кәсіпкерлердің бизнес жобаларын
бағалау кезінде, келесідей белгілері (критерилері) негізінде ұсыным
(рекомендация) береді:
- бизнес-ойларының (идеяларыныңың)
жаңашылдығы және басқаларға
ұқсамайтындығы.
- бизнес жобаның бәсекеғе
қабілеттілігі (нарықтық сұранымды анықтап
алу-маркетингтік талдау жасау);
- бизнес-жобаны енгізудің дайындығы
(өндірісті ұйымдастыру сұрақтарын нақтылау,
кәсіпкерді орналастыру үшін ғимараттың бар болуы,
өткеру нарығы, жобаны өндіріске жіберу
дайындығының дәрежесі);
Бизнес-жобаны іске асырудың міндетті шарты,
берілетін грант көлемі шығындарының 20 пайызынан кем емес
мөлшерінде кәсіпкерлер өз қаражаттарымен қосылуы
тиіс.
Кәсіпкерлер
грант қаржысын келесідей мақсаттарға қолдануы тиіс:
- негізгі қорлар және
материалдар алуға;
- материалдық емес активтер
алуға;
- технологиялар алуға;
- франчизге құқық
алуға;
- зерттеу жұмыстарын
жүргізуге байланысты шығындармен, жаңа технологияларды енгізу
шығындар.
Грант
қаражатын қозғалмайтын мүліктер сатып алуға, жер
сатып алуға және жалға ақы төлеу
құралдары ретінде қолдануға болмайды .
«Қазақстан
Халық Банкі» АҚ сыртқы
сауда саласында айналысатын қазақстандық кәсіпорындар
мен ұйымдарға сауданы, құрылымдарды
қаржыландыруды және сыртқы экономикалық қызметті
сүйемелдеуді ұсынады.
Шетелдік
Қаржы Институттарының (ШҚИ) қаражатымен сауданы
қаржыландырудың артықшылығы жалпы жинақтай
келгенде Банк клиенттері үшін қаржыландырудың төменгі
құнында болып тұр.
Саудалық және
Құрылымдық қаржыландыру аясында банктің
ұсынатын қызметтері
- Клиенттерге кеңес беру (жалпы және/немесе нақты транзакция бойынша);
- Келісімшарттың/келісімшарт жобасының сараптамасы;
- Импорттық/экспорттық мәмілелерді құрылымдау (келісімшарттың талаптарын дайындау: тауарларды/қызметтерді жеткізу, төлем талаптары, жабдықтың құрастырылуын қадағалау жұмыстарын жүргізу немесе қызмет көрсету, пайдалануға беру, есеп айырысудың оңтайлы шарттары);
- Ұсынылған келісімшарттың талаптарын келісу үшін клиенттің қарсы агенттерімен, оның банктерімен келіссөздер жүргізу;
- Қаржы құралын дайындау және оны барлық мүдделі тараптармен келісу.
Әдебиеттер
1.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Жамбыл Тараз 19
желтоқсан 2012 жыл.
2.
«Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы.
3.
Абирбекова С., Кембаева С. «Қазіргі
кезеңдегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері»
Алматы: КазНТУ 2004.
4.
Арзаева М.Ж. «Шағын және орта
бизнестің қаржылық несиелік белсенділіктің объективтік
қажеттілігі» Алматы: КазНТУ 2006.