Молдазимова
А.Е.,Оспанова.М.
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ – ТАРАЗ
Түркілер елінде Ұлы
Жібек жолы бойында орналасып, Батыс пен Шығысты байланыстырып
тұрған, қазақ жеріндегі ислам мәдениетінің алтын
бесігінің бірі, бәлкім берегейі болған Тараз қаласы
қытай, парсы,араб деректерінде жиі кездесетін атақты қала
болды.Тараздың қазақ елінің тарихында, мәдени,
ғылыми, рухани өмірінде алатын орны бөлек. Іргетасын
ғұн көсемі Чжичже қалаған бұл
қаланың көркемдігі мен әсемдігі көптеген тарихи
деректерде суреттелген.
Ежелгі Тараз Ұлы Жібек жолын
жалғап тұратын тұрақты дипломатиялық және
сауда-саттық қатынастың күре тамыры іспеттес тарихи
қала.Көне тарихы бар бүгінгі Тараз қаласы тарихта
көптеген атпен белгілі Талас,Тараз,Янги-Тараз,Әулиеата. Мирзоян.
Жамбыл,Тараз қаласы өзінің тарихында Қазақстанда
ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне
қалалардың бірі ретінде көптеген әр түрлі
кезеңдерден өтті.Қазақ тарихын жазуда тарихы
тереңде жатқан Орталық Азияның кіндік қалаларының
саусақпен санауларының бірі –Көне Тараз тарихының
алатын орны ерекше.Оның сонау замандардан бергі тарихы жайлы
материалдық және жазба ескерткіштер, ғылыми- зерттеу
туындылары жетерлік.Мысалы, А.Н.Бернштам, С.Г.Агаджанов, С.Л.Волин және
т.б. ғалымдар өз еңбектерінде жан- жақты
қарастырады.
Жол бұдан 3-4 мың жыл
бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде
ғана өркендей бастаған, себебі хан патшалығының
Хан Уди патшасы Жаң Чянды Батыс өңірге екі рет жіберіп,
Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған.
Жаң Чан қазіргі Ферғана, Самарқан және
Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң
Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері
арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай
саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң чян батыс
өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек
өнімдерін ала барған; ал елге қайтарында барған
жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы
сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан.
Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс
өңірі мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал,
Жаң Чян барған жерлерді халық та Қытайдың
өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін
анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп,
көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы
дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы
жолды қорғау және дамыту мақсатында,
Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына
қарауыл қойып, әскер тұрғызды. «Жібек жолы» іс
жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол
уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы
дәстүрлі сорабы өзгермеген: жол шығыста Чаң-аннан
(қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир
үстіртінен асып, Орталық Азияны, батыс Азияны кесіп өтіп,
Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы
7000 км асады. Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжаңнан 3 айрыққа
бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала
жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, балқаш өңіріне
барады, онан ары Батыс, Солтүстікке жүргенде Қара
теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік
айрығы Крораннан (Лулан) шығып, Күнлүн тауының
батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан
асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады.
Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің
батысын бойлап, иіңпанды, Күшарды басып қашқар
Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады,
бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады. Кейін тағы
үш айрық жол пайда болды. Юймынның батыс солтүстігінен
басталып, қазіргі Құмыл, тұрпан, Жемсары сияқты
жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл
кейінірек «солтүстік жол» деп аталады. Тұрпаннан шығып,
Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа
беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы
солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта
жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен
ұқсас. жетінші ғасырдан кейін, теңіз қатынас-тасымалы
дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға
түсті, бірақ он үшінші ғасырға дейін шығыс
пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді.
Онтоғызыншы ғасыр басында, испанияның елшісі
Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен
көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп
жазады: қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта
Азияға, батыс Азияға және еуропаға толассыз тасылды,
сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала
бастады. Сондай-ақ, Шинжяңнан шығатын қас тасы,
былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта
жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдалы,
өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс
базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және
еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық
дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материалдары,
сондай-ақ, Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні
сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс
пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс
адамзаттың материалдық мәдениетін байытты. Шығыс пен
батыстағы халықтар жібек жолы арқылы сыртқы
мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты
мәдениет жарата алды. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана
қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып,
адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының
Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, сібір, Шығыс Түркістанмен
тығыз сайда байланыстары болғандығын ежелгі қол жазбалардағы
мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа,
Испиджабқа келіп, одан әрі керуен таразға бағыт
алған. Тараздан солтүстікке Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары
орналасқан қимақтарға, оңтүстікте
өздерінің туған өлкесінде – Шельдяни, Куля және
т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ, тараздан төменгі
Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы
Аспараға жететін болған.
Қорыта айтқанда,
Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропа мен Азия елдерінің көне
заманнан ақ- саяси- экономикалық байланыста болғанын
дәлелдеді.Көне мәдениет ошақтары болған Отырар,
Сығанақ, Сауран,Баласағұн, Тараз және т.б.
қалалардан табыл, сәулет
өнерінің үлгілері мәдениеттің ошағы
болғанын дәлелдейді.Жастарға тәрбие беруде осындай
үздік мәдениет үлгілерін уағыздау-Тәуелсіз
Қазақстанның әрбір азаматының борышы.
Әдебиет:
1.
Мырзахметұлы
М.,Жеменей И.,ӘбдуалиевА. Көне Тараз.-Алматы: «Санат»,2002.-216 бет.
2.
Оңғаров
Е.А. Қазақ мәдениеті және ислам
құндылықтары.-Алматы «Көкжиек»,2013.-272бет.
3.
Гумилев Л.Н
.Көне түріктер:көпшілік оқырман қауымға
арналған.-Алматы , «Білім».1999.-480бет.
4.
М.Бұлұтай. «Ежелгі ислам мәдениетінің
орталығы-Тараз»
5.
Дербісәлі
Ә. « Ежелгі ислам дінін
қашан қабылдады.»
6.
Жеменей И. Мырза
Хайдар Дулат тарихшы- қаламгер-Алматы:
«Зерде».2007-360 бет