Ормалдаева А.Қ.

№ 3 Балалар музыка мектебі, Карағанды, Қазақстан

 «Музыканың тәрбиелік маңызы».

Музыка өнерінің мақсаты - өскелең ұрпақты тамырын терең ұлттық өнер қазыналарымен  суындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып , оған деген аялы қатынасын орнату. Көркем талғамын қалыптастыру,сұлулық пен әсемдік дүниесін өз тарапынан  ойлы  пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу. Бүгінгі күннің, өзекті мәселелернің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі жағдайды айқындау болып табылады. Тапқырлық, іскерлік, ынталық, кәсіпқойлық қасиеттерімен жиі жанасады. Қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттермен адалдық,әділдік адамның адамгершілігін сыйлай білу. Міне,осыған байланысты жеткіншектердің музыкалық тәрбиесінің маңызы арта түсуде. Бүгін таңда республикамызда болып жатқан  әлеуметтік – экономикалық процестерде ;халықтың ұлттық сезімін оятуды,тарихи мұраға аялы көзқарасты қалыптастыруды, жалпы адами сипаттағы факторларды дамытуды,жеткеншектерді ұлттық және жоғары музыка өнері арқылы патриотқа  тәрбиелеу жұмыстарын жақсартуды талап етеді.Оқушыладың музыкалық дамуындағы нақты міндеттерді шешуге қолайлы ерекшеліктерді әрбір педагог – музыкант басшылыққа алуы тиіс.Музыка мектебі оқушысының қоғам құбылыстарын дұрыс қабылдап, ой елегінен өткізуге даяр болуы,мұғалімнін сөзіне сенімді көзқарасы.Оқушының өзіндік дербестілікке және тәуелсіздікке ұмтылысы.Өнер туындыларының көркемдік идеясын және т.с.с. Мектепте жүргізілетін музыка пәні қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып,оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін танып – білудегі ой – өрісін байытып дүниетанымын кеңейтеді.Кез келген сабақтың мазмұнды өтуі,оның негізгі тірегі оқу бағдарламасы екен белгілі. Қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер,халқымыздың ұлттық сан – сезімнің өсіп – өркендеу кезеңінде жаңа оқулықтар жасау қажеттілігі туындады.Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі бекіткен бағдарламаның негізінде болашақ ұрпақтарға білім беретін жаңа тұрпатты оқулықтары даярлана бастады. Музыкалық шығарманы тындап ,естіп білу мәдениетін,қайсы бір бейнелеу құралдарына деп қойып,еркін тындау  қабілетін талап етеді. Жас ұрпаққа білім беру мен тәрбие берудін сапасын көтеруді әр пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарлатып,оқытудың тәсілдерін жетілдіруде музыка сабағының мұғалімдеріне аса жауапты міндет жүктеледі.Өзіне мамандық таңдау жолында жастар үлкен ұқыптылықты қажет ететінін сезіну қажет. Оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау ұстаздық міндеті.Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігі тәрбиелеу,бірлесе отырып,оркестірде ойнау,ән айту,олардын музыкалық  қабілетін қалыптастырумен қатар,ортақ табысқа қуана білу,эстетикалық толғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.Үлкен салтанатты мейрамдарда ұйымдастырылған көпшіліктің құрама оркестірлері халықты бір іске ,мақсатқа топтастырып достыққа,ынтымаққа ықыластандырады.Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып,ән айту апаратының дамуы,музыкалық аспапты ұстау,оны шеберлікпен меңгеру педагогикалық,психологиялық дайындық,әдістемелік,шеберлік,жаңа технологиялық еңгізу қажет.Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жағдайларды қамтиды.

1.Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне үнемі бағыт беріп отыру.

2.Әнді еркін,қиналмай айту,әншілік өнердің ережелерін қатаң сақтау.

3.Жаймен,асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару .

4.Көмейдін тұрақты қалып ,оның маңызды қасиеті.

Дауысты дыбыстарды дұрыс айту,дауыссыз дыбыстарды қысқа,нақты келтіру. Музыкалық шығармаларды терен түсініп өз мәнерінде айту. Жалпы сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес , сайыс, ойын кіріктірілген сабақ , саяхат аралас  сабақ түрлерін жиі өткізу әдетке айналғаны жөн.Заман талабына сай оқытудын жана техналогиясын игере отырып ,пәнаралық байланысқа көңіл бөлген жөн.Сонымен бірге проблемалық іздену жағдайын жасау арқылы оқушылардың ой-қиялмен өрістетуге,белсенділігін ,ұмтылысын,істі ақыл-ойымен атқару қабілетін қалыптастыруға жаңа технология үлкен жол береді. Музыканы үйрету,есіту,тындау барысында  оқушының ой-толғанысын жандандырады,жігерлендіреді,ой-қиялын өсіреді.Оқушылардың шығармашылық қабілетіне импровизация да жатады.Импровизация музыканы түрлендіре білу қабілеті.Бұл тапсырмалар оқушының ой- өрісін арттырады.Балалардың қиялдай білуінің мәні айрықша.Баланы музыка арқылы қиялдауға үйрете отырып өмірге дайындаймыз.Бұл проблема ізденуге жағдай тудыру әдісі арқылы жүргізіледі.

1.                 Оқушы алдына мұғалімнің қойған нақты мақсаты.

2.                 Мұғалім мен оқушының мәселені шешудегі бірлескен әрекеті.

3.                 Толық,жан-жақты жасалған соңғы қортынды.

Музыка тілі басқа өнердің салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Музыка өнерінің ерекшелігі сөз бен тіл жеткізіп айта алмайтын,адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды,сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Мұғалімнің міндеті музыкалық шығарманың мазмұның балаларға эстетикалық тұрғыдаберу. Сабақ қызықты,тартымды өтуі үшін оқытушы берілген шығарманы оқушыға әндетіп айтқызып,жұмбақ,жаңылтпаш,мақал-мәтелдерге келтіріп айтқызып,оларды салыстыра отырып музыканы оқушының жүрегіне жеткізу керек. Әр оқушы халық аспаптарын дыбыс ерекшеліктеріне қарай ажырата білу керек. Мысалы:домбыра,қобыз,сырнай,сыбызғы,дауылпаз.Сонымен қатар оқытушы осы аспаптарды балаларға көрсетіп,таныстырып,ойнап көрсетуі керек.Музыкалық шығарманы пысықтағанда балалардың тапсырманы меңгеру деңгейін,есте сақтау дағдысын,белсенділігін,шапшандығын байқау керек.Қазақтың домбыра,қобыз,саз сырнай,сыбызғы,шаңқобыз және басқа да музыкалық аспаптары күйлердің дамуымен бірге жетілген. Музыка сабағының негізгі мақсаты шәкіртке музыка,соның ішінде халық музыкасын,ұлттық өнердің құдіреттілігін таныту.Сөйтіп оқушылардың санасына,еркіне, әсіресе олардың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету. Сонымен қатар музыка сабағында қазақ халқының көне заманнан бері ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан ұлтты аспаптармен танысып, аспапта ойнау тәсілін үйрете білу керек.Қазақ халқы музыкалық дыбысқа қызыққаны соншалық,барша дыбысты толық қамтитын жаңаша,күрделі де сапалы аспап жасауға үнемі құлшылып отырған. Қанша аспап жасаса да олар бірінін үшін бірі қайталамаған.Осыдан келіп аспаптардың алуан түрі шыққан.Қазақ халық музыка аспаптарын жетілдіру 1960-1970 жылдарда ерекше қарқынмен алға басты. Зертеуші ғалым Болат Сарыбаев көп еңбек етті.Ол  бұрын халықтың музыкалық өнерінде болып,кейіннен жоғалған жиырмадан астам ұлттық музыка аспаптарында ойнау дәстүрлерін табу істермен айналысты. Сөйтіп белгісіз болып келген: шертер, сазсырнай, жетіген, асатаяқ, нарқобыз, шаңқобыз, қоныржай секілді аспаптар қайта тіріліп,халық музыкасы санынан берік орын алды.Осының нәтижесінде  фольклорлық  этнографиялық «Ғасырлар үні», «Шебер», «Жетіген» ансамбльдері.Аспаптардың жетілуі,дамуы,тек ғылыми лабараторияда шешіле салмайды.Ол халық арасында,нақты шығарма ойнау,оқып үйрену үстінде айқындала түседі. Осы аспаптарда ойнауды оқытып үйрететін класс-мектеп керек. Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында,ал жердегі дыбыс сұлулығы – ән,күй сазында –дейді шығыс философы,музыка зерттеушісі,ғұлама ғалым Әбу Насыр әль –Фараби.Музыка да ғылымының бір саласы екені баршамызға аян.Музыканың тілі арқылы біз табиғаттың әр түрлі көрнісін,жыл мезгілдерін,хайуанаттардың әрекеттерін,адамның мінез құлқын қайғы- қуаныш жеткізіп,білдіре аламыз.Музыка дегеніміз – өмірдің бір бөлігіКүнделікті өмірдің өзі әр адамға музыка тілімен жетеді.Мысалы: жеңіл ескен самал тербеген жапырақтар сыбдыры,қыр мен ойды қуалаған жел гуілі,құлдырай аққан бұлақ сылдыры,бұлбұлдың үні,бозторғайдың шырылдаған дауысы,тұлпар тұяғының дүбірі бәрі дыбыс,бәрі үн.Бірақ дыбысы атаулының бәрі музыкалық дыбыс,бәрі деадам өміріне қызмет етеді деп түсіну қателік.Дыбыстың ең жоғары қызметі адамға эстетикалық ләззат,рухани азық сыйлау.Музыкалық дыбыс – өзіндік мәні мен маңызы,қадірі мен қасиеті,ерекшелігі бар дыбыс.Маңызы – сиқырлы да сүйкімді ырғақтармен,тербеністі тербелістермен адамды дүние сырын түсінуге  сұлулық сезінуге жетелейді.Егер жас бүлдіршін кішкентайынан музыканы шын ықыласымен тындап түсіне білсе ән салып,би билесе,халқымыздың ұлттық аспаптарының бірінде ойнауды үйренсе,онды олар үшін рухани ләззат алып,өміргедеген көзқарасы қалыптасып шынайы биік армандар мен мақсаттарға ұмытылып,өнерлі де тәрбиелі адамзат болып өсуі хат.Ал,бұл міндеттерді жүзеге асыруда мектептің онын ішінде мұғалімнің атқаратын міндеті зор дер едік.Қазақ әндері мен аспаптық шығармалары түрі мен мазмұны жағынан өте бай.Жас жетекшілерді ғасырлар қойнауынан біздін заманымызға жеткізген өнер иелері – Құрманғазы, Сейтек, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Біржан сал , Кенен т.б. ұлы адамдарымыздың мұраларын дәрәптей келе, қазіргі кездегі белгілі өнер қайраткерлерінің  туындыларын да насихаттаған дұрыс.Жас жеткіншектерді халқымыздың алтын қорымен таныстыру дегеніміз – оларға өз халқының тарихына,тіліне,өнеріне,салт-санасынасүйіспеншілік есігін ашып беру деген сөз.

  Табиғат дүниесіндегі сұсулықтың ғажабы аспан шырақтарында,ал жердегі дыбыс сұлулығы-ән,күй.Музыка да ғылымның бір саласы баршамызға аян.Музыканың тілі арқылы біз табиғаттың әр түрлі көрінісін жыл мезгілдерін,хайуанаттардың әрекеттерін,адамның мінез құлқын қайғы қуанышын жеткізе аламыз.Музыка дегеніміз-өмірдің бір бөлігі.

  Жеті музыкалық нота аптаның жеті күні,жеті қат аспан әлемі,жеті қат жер қыртысына теңеледі.Жеті саны киелі,қасиетті болып саналады.

Егер жас бүлдіршін кішкентайынан музыканы шын ықыласымен тыңдап түсіне білсе,ән салып би билесе халқымыздың ұлттық аспаптарының бірінде ойнауды үйренсе,онда олар үшін рухани ляззат алып,өмірге деген көзқарасы қалыптасады.Ал,бұл міндеттерді жүзеге асыруда міндеті зор дер едік.Қазақ әндерімен аспаптық шығармалары түрімен мазмұны жағынан өте бай.Жас жеткіншектерді ғасырлар қойнауынан біздің заманымызға жеткізген өнер иелері-Құрманғазы, Сейтек, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Біржан сал, Кенен т.б.

Әдебиеттер

1.Б.Ерзакович,З.Қоспақов. «Қазақ аспаптық музыкасы»

Қазақ халқылық мәдениеті 2-тарау

2.Домбыра.Түркістан.Халықаралық энциклопедия.2000ж.283 бет.

3.Ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал «Музыка әлемінде» №2-3