Рыспанбетова П., Куненова П.С

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан  

 

РЕЖИССЕР - ҮШ КЕЛБЕТТІ ТІРІ ОРГАНИЗМ» НЕМЕСЕ «ЕГІЗДЕР» КОМЕДИЯСЫ

 

Бүгінгі тыныс-тіршілігімізді сарапқа салып, заманның бет алысы мен қоғамдағы айтулы өзгерістерді көркемдік тұрғыда қарастыру кез-келген режиссерге оңай түспесі анық. Сахнада қойылған спектакльдердің бірінде махаббат, отбасы мәселелері қаралса, енді бірінде үміт пен күдік,   нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, коррупция тәрізді  үлкен қоғамдық дертке айналған келеңсіз жағдайлар көрсетіліп келеді.ді Соңғы уақыттары  театрларды толғандырған мәселелердің бірі діннен, тілден безіп, өскен ортасынан алыстаған, әлпештеген ата-анасы мен іштен шыққан баласына қарамай кететін жастардың тағдыры бар шындығымен сахнаға шықты. Адамның  өмірі, әлемдегі түрлі оқиғалардың бүгінгі қоғамға әсері туралы режиссерлер өздерінше толғап, ұлттық салт-дәстүрі мен тілін бойына сіңірмеген жастардың азғындық жолдарға оп-оңай түсіп кете беретіндігін өз спектакльдері арқылы жеткізе білді. Замандас бейнесін сахнада суреттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін тауып, уақыт пен қоғам, ар мен ождан мәселелерін дер кезінде қозғауға қазақ режиссерлері айтарлықтай үлес қосып келеді.

 Режиссер спектакль қою барысында театрға байланысты барлық амал-әдістерді пайдаланады. Драмалық шығармаға актер ойыны арқылы жан бітеді. Режиссер қызықты мизансценалар құрайды. Ал сахналық әрекеттің темпо-ритмі көрерменнің зейінін жаулап алады. Осының бәрі адамның ойлау сезімі мен қабілеті бай болғанда ғана жүзеге асады.

К.С.Станиславскийдің серіктесі - В.И.Немирович Данченко режиссер қызметін кең түрде түсінген: "... Режиссер - үш келбетті тірі организм"- деген пікір білдіреді.



1.       Режиссер - түсіндіруші; ол - қалай ойнауды көрсетуші, сондықтан оны режиссер - актер, режиссер - педагог деп атауга болады.

2.       Режиссер - айна. Жекелеген актерлердің қасиеттерін бейнелеп көрсетуші.

3.       Режиссер – ұйымдастырушы,- деген бағалы пікірлер қалыптастырады.

Режиссер–айнаның басты ерекшелігі ол актердің жұмыс барысындағы жеке қабілетін байқау. Актердің бойындағы автор мен режиссер ойының көрінісін болжау. Оған не жарасымды, не нәрсе оны ұсқынсыз етіп тұр, оның фантазиясы мен ықыласы қайда алып барарын қадағалау. Қателескен жерінде сөкпей, сыпайы ғана түсіндіру керек. Осыдан актер айнадай көргендей өзін-өзі көруі қажет. Ұжымның ішіндегі кез келген адам қателесуі мүмкін. Себебі қателіктің арқасында табысқа жетуге болады. Сондай-ақ актерлер де дайындық барысында қателесуіге бой алдыруға болады. Егер режиссердің дүниетанымы кейбір деректермен ғана шектелсе, онда қойылым да әлсіз болады. Сондықтан көп ізденіп, еңбек ету қажет.Режиссер өз қойылымының қай жанр екенін анықтап характерді, мазмұнды, атмосфераны сол жанрға сәйкестендіріп бейнелеу керек. Пьесада өмірде болып жатқан оқиғалардағы мінездер бояу, пішін, ырғақ, образ арқылы жеткізіледі. Сондықтан да режиссер қойып отырған пьесасының оқиғалар желісінің даму барысын анық көре білу керек.  Менің шығармашылық жұмысымда  талдауға алынған  спектакльдің драматургиялық желісі, композициялық құрылымы, режиссерлік шешімдері мен актерлік ойындары сараланады. Л.Егембердиеваның  «Егіздер» мелодрама – комедиясында бүгінгі қоғамда  кейбір отбасында ата – ана сөзінің баласына өтпеуі, болашағы үшін қорқынышынан іш – бауыры балаларын тастап кетуден тайынбайтын жастардың көбеюі оқиғаның негізгі арқауы. Бұл қазіргі уақытты да көбеймесе азаймай келе жатқан, бірақ отбасында  ғана емес жастар арасында  да жанбай жатып сөнген алдамшы махаббаттан немесе жалған сезімдерден өмірге келіп жатқан тастанды балалардың көбеюі  қоғамның негізгі  мәселелеріне айналды. Мұнда махаббат, сенім, адамгершілік сезімдердің  тұрақтылығы сияқты адамзаттың асыл да құдіретті сезімдері талқыға түседі. Жалпы өз ойым, бұл пьеса бүгінгі көрерменге әсіресе, бүгінгі ата – аналар мен бірге жастарға ой салатын,   тәрбиелік мәні бар,  айтар-ойы  аса зор, заманауи жастарға түсінікті қалжың әңгімелер мен қоса үлкендерге де айтып жеткізердей айқындылықтары басым.Спектакльдің көркемдік тұтастығының түпкі мақсаты мен өзекті әрекетін болжай барып, қоюшы режиссер әрбір жекелеген актерлар образын бір басты әрекетке бағындырады. Барлық қатысушы кейіпкерлер спектакльдің өзекті әрекетінің қозғаушы күшіне айналады. Түпкі мақсат пен өзекті әрекет нақты, дәл анық болса тұтас сахналық образ туындайды. Театрда бір спектакль қойылу үшін, ұжым болып жиналып пьеса оқылады. Егер оқылған шығарма үлкен дау талас-тартыс тудырса, демек оны сахнаға қоюға әбден болады деген қорытындыға келеді.Театр деген тылсым құдірет, өзін-өздері танып, білемін, іргесі берік, рухы биік, жұдырықтай жұмылған ел боламын деген талай елді, талай ұрпақты өзіне табындырған, тамсандырған өнер. Бір қарағанда, өнерді бәріміз түсінетін, жанымыз ашитын сияқты, бірақ оның дертімен ауыратын адам сирек. Осының бәрін көріп, ой елегінен өткізіп салмақтай келе, өзіміздің ұлттық болмысымызды дәріптей алатын жастар театры керек екендігіне көзіміз жетті.Театр халық үшін керек. Ендеше халық нені қажет етіп отыр, әуелі соны ойлауымыз керек. Қоғамның түйіні шешілмеген  түйткіліне айналған тәрбиелік мәні бар осы шығармашылық жұмысымды, яғни «Егіздер»  комедиясын студент жастардың қатысуымен сахналаудағы негізгі мақсатым осы еді.

 

Әдебиет:

1.                Қ. Мұхамеджанов «Өнер өрісі». Алматы 1998

2.                Қ.Мұхамеджанов «Ой толғаныстар».Алматы 1998

3.                Д.Тұранқұлова «Сырлы сөз-сахна сәні»Алматы 2003

4.                Д.Тұранқұлова «Көркемсөз оқу шеберлігі» 2001