Жоғары оқу орындарында  жастарға патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың  мүмкіншіліктері мен жолдары

 

Әміреева И.Т., п.ғ.магистрі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қызылорда қаласы

 

Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етеді.  Ресей ғалым-педагогтын «Педагогика» (Т.А.Ильина) оқулығында «Патриотизм - өз  Отанына деген сүйіспеншілігін-адамның бойындағы өте терең де күшті сезім», ал «Отан сезімі, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білуі, өзінің бүкіл елімен және халқымен тұтастығын сезу...» , - деген анықтама берілген [1].

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің құрылымдық элементі патриотизм болып табылады. Елбасы Н.А.Назарбаев өзінің  халыққа арналған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсауға тиіспіз», - деп атап өткен болатын [2]. Бүгінде халқымыздың тарихи тәжірибесін қайта бағалау, дәстүрлі-өнегелік негіздерді өзгерту, және соның нәтижесінде қазақстандықтардың жаңа саяси санасын қалыптастыру талпыныстары жасалуда, олардың ішінде мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы мен өмірге қабілеттілігін, ұдайы өндірісін нығайтуда патриотизм маңызды роль атқарады. «Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында» тәрбиенің нақты ұстамдары анықталған. Тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыру барысында  мұғалімдер принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет,педагогтың тәрбиеленушіні өз дамуына өзі жауапты субъект ретінде  қарастырып,гуманистік бағытта жүргізілу принципі,табиғи және әлеуметтік мәдени процестердің өзара байланысын ғылыми тұрғыда түсіну,жалпы азаматтық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен регионалдық дәстүрлерлерге сәйкес тәрбиелеуді тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы,дене шынықтыру, қарастыру мәдениетке сәйкестілік принципі. Сонымен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға  тікелей қатысты. Тәрбие мазмұны - әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге,оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі.

Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу,өз қоғамына тығыз байланысты және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі. Жас ұрпақты тәрбилеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі қажет. Сондықтан да қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінің идеялық негізгі ретінде бірнеше ғасыр тәжірбесінде қалыптасқан және дәледенген гуманизм принциптері болуы тиіс.

Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғары деңгейі,адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік,тұлғаны сыйлау,қошеметтеуді көрсетеді.

Сөйтіп, отансүйгіштік рухта патриоттық  жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру  тәрбиенің басты мақсаты. Қоғамда тәрбие мақсатының екі түрлі мағынасы болатынын айтып өту керек, яғни тұлғаның екі педагогикалық идеалы болады.Бірінші идеал өте жоғары мәнісін өмірге келген әр адамға өзін-өзі іске асыруға,өздігінен дамуға мүмкіншіліктер жасауды қамтамас етуге бағытталған негізгі бағыт-бағдар. Екінші идеал, шындыққа жақынырақ күнделікті өмірде орын алуы мүмкін. Сол заманның белгілі ардагерлері,үлгі алғысы келетін атақты адамдар және өмірдегі орнын анықтай алуларына жағдай жасауға тырысады. Тәрбиенің жалпы мақсатымен бірге тәрбие процессінде әр тәрбиеленуші үшін жеке мақсат,жеке даму жолы болуы тиіс. Себебі әр  бір адам дара, қайталанбас жан. Әр адамның өзінің жан дүниесі болымы ұстамдылығы ерекше қайталанбайтын табиғи берілген өзінің  ұстамдары болады.

Осылайша, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм қашанда ұлттық сипатқа ие, өйткені, патриоттық сезім мен көзқарастар субъектісі қашанда белгілі бір ұлтқа, ұлысқа жатады. Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, құқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.

Шынайы патриотизмді жаңғырту – Қазақстанды жаңғыртуға жасалған қадам. Дәл осы патриотизм халықтың рухани игілігі, қоғамдық сана мен қоғамдық және мемлекеттік жүйелер тұғырының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, олардың тіршілік әрекеті мен тиімді қызметінің рухани - өнегелік негізін құрайды.

Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты адам бойында отанға, бейбітшілікке  деген сүйіспеншілік ұмтылысын  қоғам мүддесі үшін аянбай  еңбек ету отан алындағы борышын адал орындауға тәрбиелейді.

 Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде студент жастардың ғылым мен білім  негіздерін үйренуде ,сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастылылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады. Ұлы Абай Құнанбаев шығармашылығының негізгі өзегі – адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілік қасиетті сақта» [3].

    Біздің ойымызша, жастарды еңбекке патриоттық тәрбиелеумен қатар сапалы білім алу және денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз - бұл жеке байлық  қана емес, ол сондай - ак, еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да - сол елдің елдігін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулыктың негізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты.    Жастарды салауатты өмір салтына қалыптастыру мәселесі - білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Салауатгы өмір салтын қалыптастырудың көкейтесті мәселелерін зерттеу, ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, тәжірибеде қолдану аясын айқындап, әдістемелік жүйесін қалыптастыруда республикамызда  ауқымды  жұмыстар  жүргізілуде.   Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Үкіметінің 1999 ж. 30 маусымдағы «Салауат өмір салтының кешенді бағдарламасы», Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану - денсаулықты сактау» бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру түжырымдамасы, т.б. Аталған құжаттарда басты назарда болған мәселенін бірі - жастар тәрбиесі, оның ішінде қоғамда салауатты емір салтын қалыптастыру проблемасы.

         Патриоттық  тәрбиені нұсқаулар мен   еркін  мәжбүрлік ойыны  бойынша жүзеге асыруға болмайды. Қауіп бола қалған жағдайда  адам өз  Отанын қорғау жағына шығу үшін, оның жүргендігі ойнына  деген ұлы  да құдыретті  сезім болуы керек. Көптеген әдіскерлердің пікірінше, қатысушылардың патриоттық  тәрбиесінің маңызды   әдістемелік принциптеріне адамның өзінің  шағын Отанын сезіне білуі мен мойындауы жатады. Адамдардың  патриоттық тәрбиесі  олардың шағын Отанына деген ыстық  сезімдерден, өз Отанының дала гүлдерінің исін  сезінуден  аспандағы құстардың ән салғанын естіп, тыңдай  жүректерімен сезіне бірден басталады. «Өлкетану-бұл бәрінен бұрын өз өлкесін сүю» -деген  ғылымның әйгілі аймақтанушы, профессор С.О.Шмидт.

Патриоттық  жүйе  ақпаратының негізгі көздері:

-кезеңдік басылым (газет, журнал, жыр жинақтары).

-көркем әдебиет;

-мұрағат қорлары;

-мұражай мұрағаттары;

-әр түрлі карталар мен жоспарлар;

-мәдениеттің материалдық іздері (мүсін өнері, сәулет өнері, шығармалары);

-статистика мәліметтері.

Патриоттық үрдісі жұмыстарының негізгі принциптері:

-жүйелік қадам;

-деректердің  мөлшерлі нақтылығы;

-іздеудің бөлек   бағыттағы синхрондығы.

Азаматты тәрбиелеуде іздеу жасақтары және  міндеті мекемелер топтары мен қоғамдық ұйымдар қызметі ерекше орын  алады. Жоғары мектептерде мемлекет рәміздеріне, отаншылдыққа қатысты  әңгіме  өтеді. Егер  жоғары мектепте жұмыс  атмосферасы  жасалмаса сабақтарда және сабақтан тыс  уақыттарда  қатаң тәртіп  сақталмаған  жағдайда,  мұғалімдер жалпы білім беру  және тәрбиелеу міндеттерін дұрыс шеше алмайды, соның ішінде әскери-патриоттық тәрбие болады. Мысалы ретінде, патриоттық жұмыстың ықпалын жасайтын әскери-патриоттық клуб қызметі. Клубтардың қалыптасу тарихының тамыры тереңде жатыр. Клуб - қарым-қатынас, кездесу орындары. Бәрінен бұрын, клуб – бұл қызығушылықтар мен жеке мәселелерін шешуді  ұйымдастырудың ұжымдық тәсілі.

Осылайша, қалыптасып келе жатқан  білім алушы тұлғасы ішкі бірлік пен тұтастықты  сипаттайтын динамикалық құрылым ретінде көрінеді. Тұлғаның  алуан түрлі қасиетімен тығыз байланысты. Патриоттық тәрбие  процесінде  олардың сана-сезіміне сәйкес эмоционалдық жағдайын оятып, практикалық  дағдылар мен шеберліктерін қалыптастыру керек. Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму жағдайында жастарға патриоттық тәрбие берудің мазмұнын айқындауда  тәрбиенің негізгі қағидалары басшылыққа алынады: тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенiң өмiрмен байланысы,  студенттің  жас және дара ерекшелiгi, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенiң жүйелiлiгi, бiрiздiлiгi және үздiксiздiгi, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу,  жоғары мектеп, отбасы және әлеуметтiк ортаның бiрлiгiн негізге ала отырып іске асырылады.

Студенттерге патриоттық тәрбие беруде жоғары мектептегі әр қызметкерлердің  өзіндік атқарар міндеті бар. Ол әр қызметкерге  жоғары мектептің жарғысын  және ішкі жағдайды  орындау Ережесіне сәйкес жүргізіледі.   Патриоттық, отан сүйгіштік рухта тәрбие беру мәселесін шешу барысында  әр қызметкердің - ректордың,  тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың, куратордың,  пән  оқытушының  орындайтын міндеттері тұтас қарастырылады. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. «Қазақстан – 2050» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «жаңа қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады [4].  Қазақстанның жоғары және арнаулы оқу орындарында студенттерге өз халқының  рухани құндылықтарын дәріптеу жастарға патриоттық, отан сүйгіштік рухта  тәрбие берудің қайнар көзі болып табылады. Еліміздегі патриотизм тәрбиесі бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде зерттелген. Дегенмен, өзгермелі қоғам жағдайында, сол өзгерістердің еліміздегі жастар санасына күнделікті жан-жақты әсер етуі, жаһандануға бет бұрған қазіргі жағдайда жастар тәрбиесінде кейбір ұлттық болмысқа жат келеңісіз жәйттердің көрініс табуы, дінге деген көзқарастың түбегейлі өзгеруі, ол өзгерістердің оң және теріс ықпалы – міне, осының бәрі азаматтық-патриоттық тәрбиені жүйелендіруді, оның жастар тәрбиесіне ықпалын арттыруды талап етіп отыр. Бұл қажеттілік әсіресе ертеңгі  маман – бүгінгі студент тәрбиесіне тікелей қатысты болып отыр – деп  ойлаймыз.

Әдебиет:

1.Ильина  Т.А. Педагогика. – М., 1990

2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1998. – 37 бет

3.  Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2050: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Астана,2012