Алим М.А., Мусабаева М.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

СТУДЕНТТІҢ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӨҢІРДЕГІ  КІТАПХАНАЛАРЫҢ РОЛІ

 

Кітапхана – дүниеде ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп өркендеуі кітапппен тығыз байланысты. Күллі әлемнің ойшылдары өмірдің сәні мен мәні білімде деген тоқтамға келген. «Білім-адам баласының ортақ қазынасы», «Барлық істің басшысы-білім мен ұғым»-дейді Жүсіп Баласағұн. «Білімдінің қолында алтын шырақ»дейді халық даналығы. Осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың алар орны орасан зор.Осы мәселені Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының төңірегінде өрбітсек, аталмыш мекеме өскелең ұрпақтың бойына жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруды, қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді міндетіне алып отырған.

Негізгі мақсаты – оқырман қауымды жаңа түскен әдебиеттермен таныстырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімнің көк жиегін кеңейтіп, оқырманмен жеке жұмыс жүргізу, әдебиеттерді күнделікті насихаттау болып табылыды..

Қазіргі әртүрлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезеңінде еліміздің егемендік, дербестік талаптарына сәйкес жастарға білім, тәрбие беру үшін, ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, әрбір оқырманды жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасаған.Оқу тәрбие жұмыстарына қатысты кітапханада 2014 жылда көпшілік іс-шара саны 351 – дан астам мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған.

  Кітапхана ақпарат орталықтарына айналған заманда оқырмандарға жаңа үрдісте қызмет көрсету талабы қойылып отыр. Бүгінгі оқырманның талабын қанағаттандыруда рухани байлығын, интеллектуалды қабілетін, жалпы ой-өрісін дамытуды, жоғары эстетикалық, этикалық тәрбиесін, талап-талғамын қалыптастыруды, олардың кітапхана оқырманы ретінде құндылық көзі – кітапқа деген қызығуын арттыруды көздей отырып келесі мақсаттар бойынша жұмыстар атқарды:- білім мен ақпарат әлемінде жолбасшы болу, озық тәжірибелерді зерттеу және қолдану, ақпараттық ресурстар сапасын жақсарту, басылымдар үлесін кеңейту,кітапхана қызметінің барлық бағытына жаңашыл істерді одан әрі енгізу, бәсекеге қабілетті ұрпақтың терең білім алуына жағдай жасау,ұлттық саясатты насихаттау, қалыптастыру және оның қолданылуын, сақталуын ұйымдастыру, біртұтас ақпараттық кітапханалық жүйені қалыптастыру, автоматтандыру жұмыстарын кеңейтуде көптеген іс-шаралар ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беруге арналған мемлекеттік бағдарламасын, «2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауы, «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауын негізге ала отырып кітапханалар өскелең ұрпақтың бойына жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруды, қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді міндетіне алып келеді. Осыдан-ақ кітаптың әлемдік өркениетке үлесі шексіз еккендігін көруге болады. Бүгінгі күні интернет, теледидар, радио т.б. ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырады. Алайда, кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайтыны һақ. Өйткені, адамның жан-дүнүиесін, армандарын, сезімдері мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық.Сондықтан, кітап әрдайым басты рухани байлығымыз болып қала бермек. Кітапханашылар мен ұстаздардың алдында тұрған міндет-XXI ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, қажеттігін өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.Ал, студенттер  осындай мүмкіншіліктерді өз мүддесіне пайдалануға ұмтылады және бұл заңды құбылыс. Жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үздіксіз білім алуға ықпал етеді.Біріншіден, ақпараттық мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан қорғалуына, өздігінен білім мен қарулануға дағдылануына, өзінің жеке тәртібі мен мінез-құлқын қалыптасуына тікелей әсер ететін құрал ретінде көрінеді. Екіншіден, ақпараттық мәдениет еріктен тыс әрекеттерден қорғауға, кез-келген саланың принциптік негіздегі шешімдерін жан-жақты талдай отырып кепіл болуға әрекет етуші құрал. Қорыта айтқанда, қоғамның дамуына қарай жетілген апарат құралдары арқылы мүмкіндік пайда болғанымен кітапхананың білім мен сауаттылықта берер орны ерекше.

«Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыруымыз керек»- деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұстанымын баршамызға міндет етіп қойды. Сондықтан да, жастарымыз заман талабына сай кітаханалардың жүйелі жұмысының нәтижесінде ақпараттық технология мен жұмыс жасауғуа бет бұрып келеді. Десек те, әлі де кітапхана саласын дамыту қажет, кітапханалар қызмет көрсету тәжірибелерінде бағыт-бағдар бойынша модельді (үлгілі) кітапхана, кітапхана-клуб кітапханаларын ашу қажеттілігі бар. Көпшілік кітапханалардың қорларын нығайту, жаңғырту, электронды кітаптармен толықтыруды жалғастыру бүгінгі күннің талабы. Кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыруды қолға алып, жалпы айтқанда, кітапханалар азаматтарымыздың мәдени демалысының көп функ­циялы, білім беретін және ақпарат­тық орнына айналуы қажет.

 

Әдебиет:

1.        Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 2014 жылғы жылдық есебі.

2.        Ермуратова А.Т.. Монография. Активизация познавательной деятельности студентов посредством использования иннавационных технологии в вузе, Изд. «Тараз университеті», 2011 г.

3.        Шарипова З. Развитие творческой инициативы будущих специалистов через научно-исследовательскую деятельность, Бiлiм-Образование. – 2003. – № 4. – С. 78-82.

4.        Демеуов А. Роль и методы организации самостоятельной работы студента в современных условиях ,Ұлағат тағылымы. – 2004. – № 2. – С. 70-72.

5.        Библиотека в оценках читателей / Т.А. Есина // Библиотековедение. - 2006. - № 2. - С. 65-70.

6.        Ускова, В. Имидж профильного учреждения / В. Ускова // Библиополе. - 2007. - № 10. - С. 56-59.