Қазақстандағы мектепке дейінгі білім дамуының қазіргі жағдайы

Еркебаева Сауле Жомартовна – Абай атындағы  ҚазҰПУ,

педагогика ғылымдарының магистрі

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл- ауқатын  арттыру мемелекеттік саясаттың басты мақсаты» атты – жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудың алғашқы сатысы мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамыту» деп баса назар аударған еді [1].

Қазіргі таңда Қазақстанның әр аймақтарында, ауыл шеткейлерінде балабақшалар мен қатар шағын орталықтар күнен - күнге арта келеді.

Бұл ненің белгісі ел басымыз жолдағандай білім беруің алғашқы сатысы дамымай біз алға қадам баса алмаймыз.

«Жас бала – жас шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінді қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың», - деп Мағжан Жұмабаев айтқандай заманға лайық тәрбие мен білім беру ісі қазіргі заманның айғағы. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсерінің маңызы зор. Ал енді айтар түйініміздің осы мектепке дейінгі білім жоғарыда айтылғандай қолдау табу мен қатар елімізде  қандай деңгейде дамып келеді. Соған бір шолып саралап көрейік. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда 7 жасқа дейінгі балалардың 70%-ын қамтитын Орталық Азиядағы ең үздік білім беру жүйесі болды.

1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) «оңтайландыру» кезеңінде жекешелендірілді, балабақша ғимараттарының бір бөлігі қараусыз қалып, бұзылды. Тұтастай алғанда, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалардың саны 1144-ке дейін азайды.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларға 644,3 мың бала барады.

Халықаралық (Германиядағы, Жапониядағы және т.б.) тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен көбірек қамту мақсатында белсенді түрде шағын орталықтар ашылуда (шағын орталықтар - 63,5%, балабақшалар - 36,4%).

Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген.

Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды.

Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды.

2010-2014 жылдар аралығындағы үш жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны құрылыс, жекеменшік балабақшалар ашу және бұрын жекешелендірілген балабақшалардың ғимараттарын қайтару, бос тұрғандарын ыңғайластыру, тұрғын үй кешендерінің 1-қабатында ашу сияқты өзге де енгізу тәсілдері есебінен 288,3 мың орындық 4 мыңнан астам бірлікке (1211 балабақша және 2811 шағын орталық) өсті. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2010 жылдан бастап 16,5%-ға өсіп, 71,5%-ды құрады.

Сонымен бірге елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілігі өзекті проблема күйінде қалып отыр. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға деген қажеттілік барлық өңірлерде байқалды.

Елдегі демографиялық процестер - республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында орын алуға кезектің өсуінің айқындаушы факторларының бірі.

Қазақстанда соңғы 20 жылдағы бала тууды талдау: 1990 және 1999 жылдар аралығында туу деңгейінің төмендегенін, ал 2000 жылдан 2013 жылға дейін туу деңгейінің орташа есеппен 13 мың адамға өскенін көрсетті, бұл кейін мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға кезектің жылына 5-7%-ға өсуіне әкеледі.

2013 жылы ең көп бала саны Астана қаласында (4978), Алматы (11254) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (20448) туылған. Жалпы республика бойынша халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2716 адамды құрады.

Осыған байланысты мақсатқа қол жеткізуге кедергі келтіретін демографиялық процестерге байланысты тәуекелдер туындауы мүмкін. Демографиялық процестердің оң серпіні орын алған жағдайда, мектепке дейінгі ұйымдардағы қажеттілік туындайтын немесе өсетін елді мекендердің саны артады [2].

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар республикалық жалпы білім беру бағдарламалары құрылған: «Балбөбек», «Қарлыгаш», «Қайнар» және басқалар.

5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық сапасын қамтамасыз ету мақсатында министрлікпен екі оқу бағдарламасы жасалған: «Мектеп жағдайында 5-6 жастағы балаларға мектепке дейінгі дайындыққа арналған жалпы білім беру бағдарламасы», «Балабақшада 5-7 жастағы балалардың мектепке дейінгі дайындық бағдарламасы».

Осы бағдарламаларға 19 оқу-әдістемелік кешендер әзірленген, оған 82 оқу басылымдары кіреді.

Сонымен қатар, баланың қолын жазуға үйрету дайындығы бойынша тәрбиешілерге арналған, кәдімгі математикалық білімдерді ұластыру, балаларды қоршаған ортамен таныстыру бойынша әдістемелік кеңестер, балалар көркем әдебиеті бойынша хрестоматия, сондай-ақ балаларға арналған әліппе-дәптерлер және т.б көзделген

Мектепке дейінгі деңгейде білім қызметтерін сапалы жеткізуді қамтамасыз ету үшін  ЮНЕСКО және шетелдік сарапшылармен бірлесіп жаңа толқын стандарты жасалды.  Стандарт жобасы  5 ағарту облысын біріктіреді:  «Қатынас», «Денсаулық»,  «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», «Таным».

Тұңғыш рет стандартта педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңа талаптар қарастырылған:  ортаны ұйымдастыру және отбасымен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтастығы.

Овал: Таным
Овал: Шығармашылық
Овал: Қатынас
 


Овал: 5 Білім беру саласы                                                                                      

 

Овал: Денсаулық Овал: Әлеуметтік орта
 

 


Тәуекел деңгейін төмендету үшін балаларды қамтудың артуы және мектепке дейінгі ұйымдарды ашуды қаржыландыру көрсеткіштерін жыл сайынғы нақтылау кезінде мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік - жекешелік әріптестік тетіктерін (бұдан әрі - МЖӘ) жандандыру қажет.

Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім берудің халықаралық және үздік отандық тәжірибесіне талдау жүргізілді.

Бұл мынадай мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді: балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен жұмыс нысандарының қазіргі заман талаптарына сәйкес келмеуі, мұнда балалардың танымдық қызығушылықтары, олардың білуге құмарлығы мен дербестігі ескерілмейді. Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беруде технологияларды енгізуде жүйеліліктің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - МЖБС) талаптарына сәйкес қайта жаңарту талап етіледі. Мектепке дейінгі деңгейді дамытудың маңыздылығын мен өзектілігін ескере отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) жобасының шеңберінде балаларды ерте дамыту бойынша зерттеулер жүргізілуде [3].

Қазіргі уақытта Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды дамытудың әртүрлі нысандарын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізуде:

1) мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтерінің желісін кеңейту;

2) консультативтік пункттер желісін кеңейту, ата-аналарға арналған телехабарлар тарату бағдарламаларын, оқыту сайттарын жасау, отбасылардың интернет-ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ата-аналарды білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету;

3) мектепке дейінгі білім беру жүйесінің, оның ішінде балаларды ерте жастан дамыту бойынша мазмұнын бағдарламалық-әдістемелік жаңарту;

4) балаларды ерте жастан дамыту бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру [4].

Қазіргі таңда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу кезінде мектепке дейінгі білім берудің негізгі рөлі мектеп жасына дейінгі баланың балабақшадан бастауыш мектепке қиналмай ауысуына жағдай жасау, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуының сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады.

Әлемдік тәжірибе баланың 3-тен 6 жасқа дейінгі даму кезеңі мектепте оқуға дайындау үшін ең қолайлы жас екенін көрсетіп отыр. Осылайша, Францияда мектепке дейінгі білім беру міндетті болып табылмайды, бірақ 3-6 жасқа дейінгі балалардың барлығы дерлік балабақшаға барады. Мұндай жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда орын алған. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құрылымы қазақстандық құрылымға ұқсас: бөбекжай - бір жарым жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін, балабақшалар - 3-тен 6-7 жасқа дейін [5].

Әлемдік үрдістерді және білім беру жүйесінің 12 жылдық оқытуға көшуін ескере отырып, балаларды мектепте оқытуға 3 жастан 6 жасқа дейін дайындауды қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі таңда «мектепке дейінгі тәрбие» ұғымының «мектепке дейінгі білім беру» ұғымына өту кезеңіне куә болып отырмыз. Бұл жерде «мектепке дейінгі білім беру» ұғымын «балалардың тұлғасын дамытудың мүмкіншіліктерінің кеңеюі, баланың өзін-өзі дамыту және өмір жолын компетентті таңдау деп қараған жөн, білім беру баланың ұғынуы мен ақпараттық тануының парадигмасынан әлеуметтік-мәдени белсенді даму парадигмасына, мәдени-тарихи парадигмасына түгел дерлік ауысуда» [6].

Мұндай жаңа көзқарас балаларды мектепке даярлау үдерісінде, білім беруді де, үлкендер мен балалардың өзара қатынасының формаларында, балалардың өзара қатынасында қайта қарауын талап етеді. Білім беруді, оның вариативтілігін анықтау мектепке дейінгі білім беру теоретиктері мен практиктерінің қазіргі таңдағы үлкен көкейкесті мәселесі болып отыр. Тағы бір өзекті мәселе балабақшада балаларды мектепке даярлау, олардың қазіргі жағдайдағы іс-әрекетке қабілеттілігі, себебі балабақшаның мәртебесі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тәуелді. Егер бұрынғы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі жас кезеңінің құндылығы ұғымы артқа шегеріліп отырса, ал қазір заттар мен құбылыстардың мұндай ұқсастығы әлеуметтік тапсырыс пен ата-аналардың тапсырысы бойынша, нарық жағдайының бағдарлауымен және балабақшада қосымша мамандарды қамтумен айқындалып отыр.

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 ж. Жолдауында аталып көрсетілген «Балапан» бағдарламасы аясында Елбасының берілген тапсырмасын орындау мақсатында халықты балабақшамен қамтамасыз етудің қысқа мерзімді шаралары жүргізілді:

1) 2009-2015 жылдарға мемлекеттік және жекеменшік инвестиция есебінен мектепке дейінгі ұйымдардың объектілерін енгізу кестесі құрылды;

2) мемлекеттік органдар орналасқан балабақшалар ғимараттарын босату бойынша, оларды коммуналдық меншікке беру шаралары жүргізілді;

3) мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін басқа да ғимараттар мен орындарды пайдалану қарастырылды [6].

Сонымен, жоғарыда талдап көрсетілген мәліметтер қазіргі кезеңде мектепке дейінгі білім беру жүйесінің даму және жаңару үстінде екенін айдан анық көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасындағы балабақшалардың білім беру жүйесінің дамып жатқандығын көрсете отырып, осы аталған жүйенің тек айтылып қана қоймай, сонымен қатар практикалық түрде жүзеге асырылып жатыр дегіміз келеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» // Егемен Қазақстан, 7 ақпан 2008 ж., №36, 1-4 бб.

2. Әділет басқармасы

3. Абылкасымова А.Е. Школьное образование Республики Казахстан: опыт и необходимость реформирования // 12-летнее образование. 2004. № 2-3. С.4-6.

4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2005.

5. Халилаева Э.Ж. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қазіргі жағдайы.// РҒПК материалдары. Ақтөбе, 2009.

6. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа онжылдық. Жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері // Егемен Қазақстан, А., 2010.

 

Резюме

        В статье рассматриваеться современное состояние  дошкольного образования в Казахстане

Summary

        The article current state of preschool education in Kazakhstan