АЛГЕБРА САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

А.Е.Кыдырганбекова, Ү.А. Қосыбаева

«№54 ЖББОМ» КММ

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы)

 

Алгебраны оқыту барысында компьютерді құрал ретінде қолдану – оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне көптеген өзгерістер әкеледі. Соңғы кезде оқыту-тәрбиелеу үрдісін компьютерлеу жағдайында мұғалімдердің кәсіптік бағытқа арналған жұмыстары пайда болып, шетел және Қазақстан зерттеушілері еңбектерінде осы мәселе жан-жақты қарастырыла бастады [1,б.13].

Осы айтылған компьютерлендіру жағдайында қолданылатын мультимедиялық құралдар – оқу кезеңдеріндегі қойылған мақсаттарға жетудегі үлкен мүмкіндіктерге ие [2,б.127]. Қоғамға келіп енген мультимедия ұғымына бірнеше түсініктемелер бере кетейік. 

Мультимедия – бұл танып-білу құралы болғандықтан да ол: 

-       оқушылардың танымдық қызметін арттыру;

-       оқу үрдісіне компьютерлік технологияны енгізу;

-       сабақта мультимедиялық құралдарды қолдану әдістемесін дамыту;

-       сабақтың біртұтас дидактикалық мақсаты болып табылады.  

Мультимедия – бұл әр түрлі сабақ кезінде жаңаны оқып, танып-білу құралы. Мультимедия коммуникативті қабілеттер, жаңа дағдылар алуда, нақты білімдер жинақтауға, және ақпараттық білімдердің дамуына үлкен ықпал жасайды. Мультимедия оқушылардың бір-бірімен байланысын ешқашан өзгертпейді. Ол тек қана олардың әр түрлі оқу жағдайларында жаңа ресурстарды қолдануына, оқушылар пәнді үйрену барысында мұғаліммен және құрдастарымен пікір алмасуына мүмкіндіктер жасайды.

Заманауи компьютерлік технологиялар оқу үрдісін дамытуда үлкен мүмкіндіктер туғызуда. К.Д. Ушинскийдің айтуы бойынша: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді». Қазір бұл схема немесе кесте, суреттер емес бала табиғатына жақын ғылыми-танымдық ойындар.

Слайд, презентация, видеопрезентация сияқты мультимедия кең көлемде қолданылып келе жатқанына біраз болды. Компьютер қазіргі кезде дыбыстарды өзгертуге және видеоға арнайы эффект беруге, видеоға дыбыс қоюға, анимация жасауға мүмкіндік беретін ғажайып құралға айналды. Мұндай техникаларды оқу үрдісінде дұрыс қолдану, оқушылардың ойлау қабілетін, сөз байлығын дамытуда үлкен рөл атқарады. Бұған қазіргі ақпараттық компьютерлік құралдар шексіз мүмкіндіктер беруде. Басқа техникалық құралдарға қарағанда, ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданып оқу оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Материалды түсіндіруде мультимедияық көрнекілікті қолдану оқушының барлық – көру, механикалық, есту, эмоциялық қабілетін іске салады. Мультимедиялық презентацияларды кез келген сабақтық кез келген бөлігінде жөнді қолдану әрқашанда оң нәтиже береді. Алдымен бөлімге шолу жасау немесе білім мен дағдыны жинақтамай немесе керекті тақырыпқа толық тоқталмай көрсету жағдайлары болуы мүмкін, ал керекті тақырыпты терең оқып іскерлік пен дағдыны дамытуды өзін-өзін оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндай әдіс оқу материалын есте жақсы сақтауға және оңай түсінуге мүмкіндік береді. Оқу материалын мультимедиялық презентация қолданып түсіндіру уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сабақты өткізудің мұндай әдісі оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың бастапқы білімдерін қалыптастыру. Бұл үшін ол келесілерді қарастыруы керек:

-     оқушыларды негізгі объектілермен таныстыру;

-     керекті ақпаратты іздестіру қабілетін дамыту.

Әрине, мультимедиялық проекторды қолдану, сыныппен демонстрациялық және фронтальдық жұмыс жасау жақсы нәтиже береді, бірақ мультимедиялық технологияны әр оқушымен жеке жұмыс жасау арқылы үйрету одан да жақсы нәтиже береді деп ойлаймыз.

Жалпы алғанда мультимедиялық технологияны қолдану әдісі төмендегілерді қарастырады:

·     сабақтың әр түрлі кезеңдерінде оқытумен басқару жүйесін жетілдіру;

·     оқу себебін күшейту;

·     оқу және тәрбие сапасын арттыру (бұл оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін арттырады);

·     оқушылардың жаңа заманғы ақпараттық технологиялар жайлы түсінік деңгейін көтеру;

·     компьютердің тек ойын үшін ғана емес, басқа да мүмкіндіктерін көрсету.

Берілген технологияны оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті әдісі ретінде қарастыруға болады. Бұл әдіс оқу материалын хабарлау арқылы оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру және көру арқылы есте сақтаудың көмегімен сол ақпаратты сәтті қабылдауға бағытталған. Көпшілік адамдар көрген нәрсесінің 5% есіне сақтап қалады, ал естіген нәрсесінің 20% есіне сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бірге қолдану есте сақтау қабілетін 40-50%-ға дейін арттырады. Мультимедиялық программалар ақпаратты әр түрлі пішінде ұсынады сонымен қатар оқыту үрдісін қолайлы етіп өткізуге көмектеседі. Керекті материалды қарастыруға кететін уақыт орташа есеппен 30% ға үнемделеді, ал алынған білім есте көбірек сақталып қалады [3,б.129].

Алгебра сабақтарында мультимедиялық құралдарды қолдану сабақ құрылымына әсер етпейді. Онда бұрынғыдай барлық бастапқы кезеңдері сақталып қалады, олардың тек қана уақытша мазмұны ғана өзгеруі мүмкін. Берілген жағдайда себеп кезеңі артады және танымдық аурытпалықтың тиетінін айта кету керек. Бұл нәтижелі білім алу үшін керекті жағдай, өйткені жеткіліксіз білімді толтыру үшін оқушыға қызығушылық пен шығармашылық дағды өте қажет.

Алгебра пәні сабақтарында мультимедиялық құралдарды келесі кезеңдерде қолдануға болады: тақырыпты хабарлауға, мұғалім түсіндіруіне көмекші ретінде, ақпараттық-үйрету құралы ретінде, білімді тексеру үшін.

Сабақ барысында мультимедиялық презентацияларды және жазба дәптерлерін бірге қолдану ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Ақпараттарды түрлі-түсте жеткізудің ең жақсы құралы бола тұрса да тек компьютер мүмкіндігіне қарап қалмастан, оқушылар дәптерінде керекті анықтамалар көшірме түрінде қалуы керек. Өз бетінше қандай да бір есептеулердің жауабын жазғанда дәптердің орны ерекше. Мультимедиялық презентациялар мен жазба дәптерінің функциялары өзгеше сондықтан оларды керекті жерде ғана қолданған жөн.

Мультимедиялық презентацияларды қолданудың бірнеше артықшылықтары да бар. Оқушыларды мультимедиялық құралдар көмегімен өткізілген сабақтар қызықтырады. Сыныпта мұндай сабақтың барысында шынайы қарым-қатынас жүзеге келеді, оқушылар ойларын «өз сөздерімен» жеткізуге тырысады, олар ерекше екпінмен есептерді шешеді, оқытылып жатқан материалға қызығушылық танытады, компьютердің алдында қорқынышы жоғалады. Оқушылар оқулықпен өз бетінше жұмыс жасауға, анықтама құралдары және басқа пән бойынша әдебиеттерден қолдануға үйретеді. Оқушыларда одан да жоғары нәтиже алуға деген қызығушылық болады, дайындық және тапсырмаларды орындауға қалауы оянады. Практикалық жұмыстар орындау кезінде өзін өзі бақылау пайда болады.

Мультимедиялық презентацияларды жасау кезінде келесіндей жағдайларды ескеру керек:

·     берілген сыныптың психологиялық ерекшеліктерін.

·     білім берудегі мақсат және нәтижені.

·     таным кеңістігінің құрылымы.

·     нақты бір сабақ мақсатына жету үшін компьютерлік технологияның тиімді элементтерін қолдану.

·     оқу материалын әр түстегі гаммамен безендіру.

Мультмедиялық презентацияларды сабақта қолданғанда ең алдымен, компьютер, телевизор экрандарынан ақпаратты қабылдаудың психофизиологиялық заңдылығына назар аудару керек. Ұзақ уақыт бойы экраннан барілетін ақпараттар қолдану кейбір жағдайда көздің көруіне кері әсер етуі мүмкін.

Нақты бір компьютерлік сабақтың жоспары үшін мұғалім алдымен:

·     сабақтық уақытша құрылымын жасайды, мақсатқа жету үшін керекті мәселелерді және кезеңдерді қарастырады;

·     компьютерлік құрылымдардың ішінен ең тиімдісін іріктеп алады, әдеттегілерге қарағанда оның артықшылықтарын қарастырады;

·     таңдап алынған материал уақыт бойынша бағаланады; олардың ұзақтығы нормадан асып кетпеуі керек; барлық материалды қайта қарап шығу керек; қосымша уақыт жоспарланады;

·     табылған материалдардан презентациялық программа құралады.

Үлкен экрандағы презентацияға диаграмма, схема, суреттер, фильм және аудиожазбаларды ақпаратты жақсы, түрлі-түсті етіп, анық көрсету үшін қолдануға болады. Ал компьютердің тышқанын экрандағы ең маңызды жерлеріне оқушылар назарын аудару үшін ңұсқаушы құрал ретінде қолдану маңызды. Компьютерді қолдану бақылауды тереңдетуге және күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл үшін презентацияға енетін авторлық немесе ойындық программалар қолданылады.

Соңғы жылдарда дербес компьютерлер біздің күнделікті өмірімізде қолданысқа ие бола бастады. Осының салдары боп еңбек нарығындағы жағдайдың өзгеруі болып табылады. Жұмысқа қабылдауда негізгі талаптардың бірі – компьютерді қолдана білу. Осындай талап хатшы, бухалтер, редактор және басқа мамандықтарға да қойылады. Осыған байланысты компьютерлік технологияны меңгеру мектеп қабырғасынан басталады. Компьютерді тиімді қолдану үшін компьютерде жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын және әр түрлі есептерді шешу барысында қолданылатын дайын программаларды өз орнымен пайдалана білу керек.

Алгебраны оқытуда компьютерлік технологияны қолдану қазір көптеген мұғалімдерді алаңдатуда. Соңғы жылдардағы елең алған «компьютерлік бумға» қарамастан, компьютерлік технологияны қолдану қай салада да перспектива ретінде ашылуда. Техникалық жабдықтау мен әдістемелік негіздеудегі қиындықтардан басқа сыныптарды группаға бөлу проблемасы туындауда. Бір сынып 25-30 оқушыдан тұрады, ал компьютерлік сыныптарда 12-13 компьютер орналасқан. Бұған ыңғайлы сабақ кестес керек, бірақ ол әрдайым орындала бермейді. Сонымен қатар, компьютерде жұмыс істеуде ортақ дағдыларды еркін меңгеретін мұғалімдік құрам қажет.

Қалыптасқан талаптармен қатар бүгінде жалпы білім беретін орта мектептердегі алгерба пәнінің мұғалімдері мынандай мәселелерді меңгерулері қажет секілді:

-            компьютерлік сауаттылық;

-            дербес компьютермен жұмыс істеу дағдыларын игеру;

-            уақыт ағынымен жаңа технологиялық бағдарламаларды меңгеру;

-            компьютерлеп оқытқанда қарастырылатын есептің, құбылыстың мәнін бұрынғы тақырыптарға талдау жасай отырып, жаңаша оқыту;

-            компьютер көмегімен шешілетін әдістемелік және педагогикалық тапсырмалар айналымы әр түрлі [4,б.130].

Жалпы білім беретін орта мектептерде алгебра пәнін оқытуда мультимедиялық құралдарды қолданудың ерекшеліктеріне жан жақты талдау жасай отыра, сол мультимедиялық құралдарды қолдану бойынша келесі түрдегі қорытынды жасаймыз:

-          мәтіндік анықтамаларды және анықтамаларды қолдану арқылы материалдарды өз бетінше талдау, анықтамалықтар арқылы білімін кеңейту;

-          оқушыларға бақылау жүргізу;

-           оқытудың жеке программасын құру;

-          әртүрлі есептерді шешуге арналған дайын тиімді программаларды меңгертуге үйрету.

Алгебра пәні көп оқушылар үшін қызықсыз, тек тақта алдында есеп шығару мен бақылау жұмысында баға алу мақсатында қабылданды. Осындай тұйықтан шығу жаңа ақпараттық технологияның көмегімен алгебра пәнінің «өміршеңділігін» көрсетеді деп сенеміз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1    Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық технологиясы жайлы. Информатика. Физика. Математика. -1998. №6, Б. 12-15.

2    Философские вопросы технического знания / Учеб. – М.: Наука, 1984;

3    Скиба М.А., Сакенова Е.Н., Кирьянова К. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Хабаршы. «Использование презентаций для реализации культурологического подхожа на уроках математики». – Алматы: 2006.- Б 125-131.

4    Зайцева Л.В. Некоторые аспекты контроля знаний в дистанцинном обучении. Сборник научных трудов 4-й междунородный конференции. Харьков-Севастополь. УАДО. 2000. -С.126-131.