Беркенова Г.С., п.ғ.к, доцент

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы.

Абдигалиева А.К., магистратураның  2 курс тыңдаушысы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университеті, Қазақстан Республикасы.

ҮЗДІК ОҚУШЫ- ПЕДАГОГ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТАБЫСТЫ КӨРСЕТКІШІ

Педагог- ең алдымен оқушы үшін, білім нәрін құюшы, ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер,  адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог. Педагог әрқашан оқушыларына бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігінен сездіре алатындай қасиеті бар, әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын ұлы тұлға. «Бұлақ көрсең - көзін аш» дегендей, оқушылардың бойындағы қабілетін, қасиеттерін аша білу - әрбір ұстаздың міндеті, бүгінгі заманның талабы. Ал мұғалімге келетін болсақ, әрбір педагогтың өзінің дәрісханасында көргісі келетін- ізденгіш, ақылды, белсенді оқушының бейнесі болады. Өздігінен білімге құштар, оқудан лаззат алатын оқушы- әрбір мұғалімге жақсы ынта. Олар мұғалімді шабытандырып сабақты одан әрі қанық, қызықты және пайдалы өтікізуге қанаттандырады. Мынадай жалғаулықтан моралдіқ қанағатты аласың, өзінің елеулілігін түсінесің, жауапкершілікті сезесің. Бірақ, бұл  жақсы көретін және жақсы көрмейтін оқушылардың бөлінуіне алып келеді. Сол кезде мынандай сұрақ тұрады: «Педагогтың жақсы көретін оқушылары болуы мүмкін бе? »

Біздің бір әріптесіміздің жауабынан: "Иә, менің жақсы көретін оқушыларым бар. Егер олар болмаса, менің жұмысым мен үшін елеусіз және қызықсыз болар еді"– бұл жауап мүмкін біреуді таңқалдырар, ал біреуді келісуге мәжбүрлер. Бұл мәселе көптеген талас-тартыстын өзегі болғанымен, өз дәрісхананда мынадай ізденгіш оқушылардың болғаны жаман емес. Оқу-білімді игеру өте қиын процесс. Қазақ: «Оқу инемен құдық қазғандай» — деген даналық ой айтады. Халық даналығы бұл мақал арқылы оқу, білім алу өте күрделілі бірақ керек екенін айтып кеткен [1]

Бізде неше осындай оқушылар бар? Өкінішке орай, көп емес. Оқуға деген  қызығушылықты ояту үшін әр педагогтың жеке басының шеберлігіне байланысты болып келеді. Ал мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.   

Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым – қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек [2]

Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы. Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі. Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы. Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.

Қорыта келгенде Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын [3] Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Қазақстан мектебі. №10 Алматы 2012ж

2.     Азаров Ю. П. Педагогикалық шеберліктің құпиялары.

3.     Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы. Білім.