Елеусінова
Ұлжан Тәжмағанбетқызы физика
нәнінің оқытушысы
Қызылорда
облысы, Шиелі ауданы, Алғабас аулы, №157 орта мектебі
ФИЗИКАДАҒЫ
БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
Соңғы
жылдары Қазақстанның тәуелсіздікке ие болып бүкіл
әлемдік білім беру кеністігіне енуі өз кезегінде шетел тілді немесе
басқа тілді авторлардың
жазған оқулықтарын пайдалануға әкелді. Қазақстанда
осы кезеңге дейін қалыптасқан тарихи жағдайларға,
жинақталған құндылықтарға және
қоғамның түбімен өзгеруіне байланысты қазіргі
уақытта мектепте физикадан білім беру жүйесінің маңызы
артуда.Қазақстанда физикадан білім беру төнкеріске дейінгі
орыс физиктерінің және кеңес дәуіріндегі өмір
сүрген физик –педагогтардың еңбектерімен тығыз
байланысты.
Ең алғаш
рет физикадан білім берудің әдістемелік жүйесін
құрған және физикадан алғашқы
оқулықтарды ұсынған ғалымдар М.В.Ломоносов пен
Э.Х.Ленц болды.Осыдан бастап бұл дәстүрлі өз
кезеңдерінде өмір сүрген орыс физиктері жалғастырып
отырды.
Физикадан білім беру
әдістемесі жайлы 1746 жылы М.В.Ломоносовтың «Вольфиандық
эксперименттік физика»деген
еңбегі жарық көрді.Әрі қарай 1756-1790
жыдары М.Е.Головиннің,1793 жылы
П.Гилеровтың,1797 жылы М.М.Сперанскийдің,ал 1808 жылы
Двигубскидің еңбектері шықты.»Физиканы оқыту
әдістемесі «жайлы ең алғашқы кітап 1894 жылы
Ф.Н.Шведовтың редаксиясымен басылып шықты.сы кезден бастап
жаңа педагогикалық ғылым-физиканы оқыту
әдістемесі пайда болды. Шведовтың еңбегіңде сол
уақыттағы физканың мазмұны,оның берілу
тәсілдері және басқа да маңызды сұрақтар
қамтылған .ХХ ғасырда дейін физика
оқулықтарының бір шығарылымы бірнеше рет басылып шықты.К.Д.Краевичтің
физика оқулығы 1833 және 1892 жылдар аралығында 27 рет
басылған.Мұндай оқулықтар мен құралдарының қатарына К.П.Буренин, И.И.Паульсон Ф.Ф.Эвальда, К.Д.Дубровский, Я.И.Ковальский, А.Ф.Малинин
және Н.А.Любимовтардың 1866 және 1885 жылдар аралығында
жарық көрген еңбектерінде жатқызуға
болады.Бұл дәстүр әрі қарай кеңес физиктері
мен ғалымдарының еңбектеріңде жалғасын тауып
жатты .
Физиканы оқыту
әдісінің даму тарихын 3
кезенге бөлуге болады ;
-төнкеріске
дейіңгі кезең (1917 жылдың қазанына дейін);
-кеңес
кезеңі (70 жылға созылған ,1917-1991 жылға дейін);
-қайта
құру кезеңі (1991 жылдың қазіргі кезеңге
дейін).
Бұл
жылдар аралығында мектепте
білім берудің 4 реформасы болып
өтті;
-1920,сосын -1958
және 1984 жылдары және бұл аралық
Қазақстанның Кеңес Одағының
құрамында болуы кезімен сәйкес келеді.Ал төртінші
реформа қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жүріп жатыр.Әрбір
реформаның сол уақытқа сәйкес негізгі жетекші сүйенетін идеялары болды.
Төнкеріске
дейінгі кезең;
Ф.Н.Шведовтың
элементтері пайда бола бастады.Физиканы оқыту әдістемесінің
қалыптасуына И.И.Косоногованың «Жинақталған физика
оқулығы»,А.В.Цигнердің «Бастауыш физика»,Ф.Н.
Индриксонның «Физика курсы»,А.И.Бачинскийдің «Орта оқу
орындарына арналған физика»,В.В.Лермонтовтың «Физиканы оқыту әдістемесі
және құралдарды
дұрыс сақтау «деген еңбектерінің үлесі зор
болды .Бұл кезеңде1916 жылы баспадан шыққан
Н.В.Кашиннің «Физиканың әдістемесі «кітабы аяқтады.Әдістемелік
кітап демонстрациялық эксперимент,зертханалық жұмыстар,орта
мектептің физика кабинетіндегі құрал-жабдықтар және басқа пайдалы
кеңестер қамтылады.
Бұл кезенде
алдыңғы ойлы физика пәнінің мұғалімдері мен
әдіскер мұғалімдердің ұйымдастырудың
әртүрлі съездер мен
конференциялар өте бастағанымен физиканы оқытудың
бірыңғай әдісте,мелік жүйесі жасалмады.
Кеңес үкіметінің алғашқы декреті сол
кезеңге дейіңгі жинақталған алдыңғы ойлы
педагогикалық тұжырымдарды жинақтады.ХХ ғасырдың
20 жылдарында білімді реформалаудың негізгі аспектілері пайда бола
бастады ;
Зерттеудің
және білім берудің әртүрлі әдістері мен формалары
пайда болды.
Сол кездегі мектеп
практикасында мемлекеттің саяси дамуына сәйкес келетің ,білік
пен дағдыны тығыз
байланыстыратын бірыңғай білім біреудің жүйесі
болып табылатын комплексті бағдарламалар негізгі кемшілігі оларда
пәнаралық байланыстың болмауы.
Бұдан да
басқа көптеген жауабын таппаған мәселелер тұрды .
Физиканы оқыту
әдістесінің кеңес үкіметі кезеңінде дамуы;
Бұл
үлкен кезеңдегі екі негізгі бөлген дұрыс;1917-1931
жылдар және 1931-1991жылдар; Кезеңнің бірінші бөлімде
физикадан әдіскер мұғалімдер физикотехниканың әртүрлі
кешендері мен мәселелерін шешуге тырысты.Патша кезіндегі орта мектептер
кеңес мектебіне өтіп жатқанкезең болатын.Сонымен
қатар бұл ізденістер кезеңі болды.Қызықты
ұсыныстар мен проекттар де болды. Олардыңбіреулері
дұрыс,екіншілері бұрыс болса
да,бұл кезеңнің Ресей орта мектептеріне алып келген
пайдасы зор.
Кезеңнің
екінші бөлімде Ресейде ортақ, ұқсас мектептер пайда
болды.
Олкезде
оқушылар оқитын физика курсының бағдарламасы
бәріне ортақ болды,оқулықтар да бірдей
болды.Оқыту процесінде бірдей орта оқулық пайдаланылды
және оқушылардың қабілеттері,икемділіктері мен
қызуғышылығы есепке алынбады.Алайда бұл кезеңде
жаңа педагоигалық идеялар көп болды.Ол физиканы оқыту
әдістемесінің тек мұғалімдер мен
ғалымдардың ғана ғылымы болып
қалмай,ғалымдар ұжымы болып жұмыс
жасайтын(педагогикалық ЖОО,ҒЗИ,педагогикалық ғылымдар
академиясында әдістеме кафедралары,әртүрлі әдістемелік
зертханалар ашылды)ғылымға айналуының арқасында бұл
кезең жемісті болды;студенттерге арналған алғашқы
әдістемелік оқулықтар жазылды ;физикалықбілім беру
жүйесі құрылды;физика курсы өзгеріп,екі сатыға
бөлінді: VI және VII
сыныптар білімберудің I-сатысы,VII және Х сыныптар II-сатысы болып
табылды.Физикадан алғашқы тұрақты оқулықтар
14 жыл бойына басылып шықты(1939-1953ж.ж).Ал 1973 жылы басылған
А.В.Перышкиннің оқулықтарын әлі күнге дейін
пайдалануда.Жаңадан жоғарғы сыныптарға арналған
И.К.Кикоиннің және Г.Я.Мякишевтің физика
оқулықтары шығы бастады.Физика пәні мұғалімдеріне,әдіскер-физиктерге
арналған ғылыми-әдістемелік және теориялық журнал «Физика в школе»1934 жылдан шыға бастады.Орта мектептегі физика
курсының мазмұны,бөлімдері анықталып,оларға
ғылыми және кәсіптік элементтер қолданылды.Физиканы
оқытуға техникалық оқу құралдары
кеңінен пайдаланды .Жеке пәндерден тереңдетілген сыныптар мен
мектептер ұйымдастырыла бастады.Физикадан тереңдетілген білім
беретін мектептерде факультативті сабақтар енгізілді. «Физика» оқу
пәнінің бағдарламадан, оқулықтан, есептер
жинағынан, дидактикалық оқу құралынан және
факультативті курстан тұратын оқу-әдістемелік кешені жасала
бастады.Бағдарламалап оқуға сәйкес физиканы оқу
курсына электронды есептеу техникасының элементтері ендірілді. Қазіргі
психологиялық,педагогикалық концепцияларының негізінде
физиканы оқытудың әдістемесі кеңес үкіметі
кезеңінде оқушылардың қабілеті мен бейімділігі
ескерілмесе де қарқынды дамыды.
Физиканы оқыту
әдістемесінің қайта құру кезеңінде дамуы:
ХХ-ғасырдың
сонғы жылдарында орта мектептің білім беру жүйесі
көптеген өзгерістерге ұшырады.Бірыңғай орта
мектептер жойылып, жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, пәндерді
тереңдетіп оқытатын мектертер пайда бола бастады, сондықтан
ол жақтағы мұғалімнің бағдарлама мен
оқулықты өзінің тандауына мүмкіндік туды.Білім
саласындағы жарилыққа байланысты мұғалімнің
авторлық бағдарламасы болса, оны сабақ беру
әдістемесінде пайдалануға ерік берілді.
Қазір он екі
жылдық білім жүйесінің енуіне байланысты ТМД елдерін-де,сонымен
бірге Қазақстанда мемлекеттік стандартқа сәйкес физика
пәні үшін бағдарламалар, оқулықтар,мұғалімдерге
көмекшіоқу әдістемелік құралдары шығы бастады. Қазіргі оқу
жүйесінде мұғалім бұрыңғыдай орта білімді
оқушыға қарамай, әрбір оқушыны жеке
тұлға ретінде бағалайды. Енді мұғалім
білімнің нақты көзі
емес, оны зерттеп, тану үшін ұйымдастырушы болып қалды. Мектептегі
көп пәнділікті
жойып,оның орнына біріккен «Физика және астрономия» оқулығы
пайда болды.
Қазақстанда
физикадан білім берудің негізгі бағыттары анықталды:
-орта мектепте
физикадан білім берудің концепциялары жасалды:физиканы бағдарламасы
мен оқу жоспарының үлгісін ;физиканы оқыту
жүйесінің жетілдірілген бағыттарын және
оқушылардың ойлау дамытатын бағдарламарын жасау;
-баламалы
бағдарламар,оқулықтар және оқу-әдістемелік
кешені және әртүрлі оқу құралдарын жасау;
-физиканы
оқытуда жаңа оқыту
технологиясын пайдалану.
Қазіргі
оқыту әдісін мектепке осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский
ұсынған.Сабақтарды талдау және
мұғалімдердің пікірін
ескере келе мектепте оқытудың ең негізгі түрі «бірі
айтып,қалғандары тыңдайтын»сабақ болып табылады. Мұндай
сыныптық оқу жүйесі қойылған міндетті толық
шеше алмайды және оқушылардың қызығушылығын
төмендетеді. Оқыту әдістерінің белсенді жүруі үшін оны
түрлендіру қажет. Ал мұндай түрлендіруге,яғни
балама оқыту әдістеріне толық,тренингті,ұжымдық
оқу әдістерін,дискуссия және ойындарды жатқызуға
болады.
Қорытынды:
Қазақстандағы
мектепгі физика оқулықтарын және оқу
құралдарын жетілдіру ғылыми-негізделген бағытта
жүргізілу қажет: білім берудегі мемлекеттік саясат, оқулықтарды
дайындаудың теориялық және педагогикалық
бағытының философиямен, психологиямен және оқыту
процесі бір жақты жүрмеуі қажет, яғни білім беру
жүйесін жетілдірудің бір жолы
оқу-әдістемелік кешендеріне талдаулар жүргізілуде.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Балаян Г.В. Метод проектов на уроке //
Школьные технологии.- 1997.-.
2. Шамова Т.И.,
Малинин А.Н., Тюлю Г.М. Инновационные процессы в школе как
содержательно-организационная основа механизма ее развития. Методика
исследования. - М., 1993