Бастауыш сыныптағы құрама есептер және оларды
іріктеу
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының білім беру
жүйесінің міндеттері туралы бабында «Жеке адамның
шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау
арқылы интелектін байыту» деп көрсетілгендей, қазіргі
қоғамымыз шығармашылық қабілеті бар, талантты
іскер адамдарға мұқтаж болып отыр [1].
Бастауыш сыныптарда оқытылып-үйретілетін аса маңызды
мәселелердің бірі денелердің бір-біріне
қарама-қарсы екі бағытта қозғалуына байланысты
құрама есептерді шығару. Өйткені
қозғалыспен байланысты құрама есептерді
құрастыру барысында, есеп шығаруға қатысты
қалыптастырылатын білікті шыңдай түсумен қатар
математиканы оқытуда мектептің бастауыш және орта буындары
арасындағы сабақтастықты жүзеге асырудың негізі
де қаланады.
Бастауыш мектепте қарапайым есептермен бірге құрама есептер де қарастырылады. Мұндай күрделі есептерді
шығара отырып оқушылар алған білімдерін басқа жағдайда өзгерте отырып
пайдаланып, жетілдіреді, дамытады және кеңейтді.
Құрама есептер «қатынас» ұғымымен танысту барысында, арифметикалық амалдардың
мағынасын анықтау, шамалар арасындағы қатынасты
түсінуге көмектеседі.
Кейбір құрама есептер әр
түрлі сандық қатынас арасындағы белгісіз компонентті табу үшін арифметикалық амалдардың
мағынасын аша білуге арналады.
Сонымен қатар кейбір құрама
есептер тобының шамалар арасындағы байланыстың бірдей болуына
байланысты шығару жолы
ұқсас болатындары да бар. Бастауыш
мектепте кездесетін осындай есептердің төрт түрін атап
айтуға болады:
1.
төртінші
пропорционалды табуға арналған есептер;
2.
пропорционал бөлуге арналған
есептер;
3.
екі айырма арқылы санды табуға
арналған есептер;
4.
санның белігін және керісінше
санды табуға арналған есептер.
Жалпы мәтінді есептерді бастауыш мектепте көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады:
- арифметикалық тәсіл - бұл
жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық
амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді.
- алгебралық тәсіл - мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады.
Сонымен қатар бастауыш мектепте мәтінді есептерді шығаруда практикалық тәсіл және
сызба арқылы да шығаруға болады.
Бастауыш мектепте
оқылатын есептер жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың бағдарламасы бойынша
жай есептердің белгілі бір түрлерін біртіндеп енгізу құрастырылған.
Себебі есептерді талдап, белгілі мен белгісізді нақтылап, шығару
жоспарын құруда сәйкес амалды таңдап алу және
негіздеп беру үйретіледі.
Бастауыш сынып оқушыларына есептерді
шығаруға үйретудегі ең негізгі мәселе – есепте
белгілі мен белгісізді, яғни шарты мен талабын дұрыс ажыратып,
талабына сәйкес амалды таңдап алуға үйрету[2].
Математиканы
оқыту әдістемесінде есепті шығару процесін жүзеге асыру
іс-әрекетін қарастыратын негізгі бағыттардың бірі
есептермен жұмыс істеудегі кезеңділік болып табылады. Д.Пойа,
Ю.М.Колягин, Е.И.Лященко, В.И.Крупич және басқалардың пікірі
бойынша есепті шығару процесі келесі кезеңдерден тұрады:
1. Есептің мәтінін талдау.
2. Есепті шығарудағы тиісті жоспарын құру және
шешудің тәсілдер іздестіру.
3. Есептің табылған шешуін жүзеге асыру.
4. Табылған шешімді оқып-үйрену (зерттеу).
Есеп екі түрге бөлінеді:
1.Жай есеп.
2.Құрама есеп.
Жай еесеп дегеніміз – бір амалммен швғарвлатын есеп.
Құрама есеп дегеніміз – екі не одан да көп амал арқылы
шығарылатын есеп.
|
|



Қозғалысқа берілген құрама есептер
Екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне
қарама-қарсы шыққан екі салтатты 3 сағаттан кейін
кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінікі
15 км/сағ. Екі ауылдын ара қашықтығын тап.

Біріге жұмыс істеуге арналған
құрама есептер
150 ағашты бояу керек. Бір сыршы оны 15
күнде, екіншісі 10 күнде орындай алады. Егер екі сыршы бірге
жұмыс істесе, осы жұмысты қанша күнде орындай алады?

Екі айырмасы бойынша белгісізді табуға арналған
құрама есептер
2 метр матадан 3 жастықтың
тысы шығады. 42 метр матадан осындай неше жастыққа тыс тігуге
болады?

Пропорционал бөлуге арналған құрама есаптер
4 кг сәбіз 120 тг тұрады,
осындай 9 кг сәбіз қанша теңге тұрады?
|
Бағасы |
саны |
құны |
|
бірдей |
4 9 |
120тг ? |
Құрама есеп, бір
есептердің ізделінді шамалары екінші есептердің берілген шамалары
болатындай байланыстағы бірқатар жай есептерден тұрады.
Құрама есепті шығару, оны бірнеше жай есептерге жіктеу және
ретімен оларды шығару болып табылады. Сонымен, құрама есепті
шығару үшін берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы
бірқатар байланыстарды анықтау керек, соған сәйкес
арифметикалық амалдарды таңдап алуға, содан кейін
шығаруға болады[3].
Қорыта
айтқанда, құрама есептерді шығару барысында тиімді
тәсілдерді меңгертіп, оқушылардың танымдық
қызығушылығын арттыруға ықпал жасайды деген
қорытындыға тоқталдық.
Қорыта
айтқанда, құрама есептерді шығару барысында тиімді
тәсілдерді меңгертіп, оқушылардың танымдық
қызығушылығын арттыруға ықпал жасайды деген
қорытындыға тоқталдық.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1
Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңы , Астана, 2007ж.
2
Оспанов Т.Қ. және т.б. Бастауыш мектепте математиканы оқыту
әдістемесі. «Фолиант» Астана – 2007.
3
Т.Қ Оспанов, О.В. Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева.
Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарға
математиканы оқту әдістемесі. Алматы: Атамұра, 2005.
Резюме
В статье рассматриваются составные задачи
начальных классов и их группировка.
Summary
This article considers compound tasks of primary
school and their grouping.