Магистр
педагогики, преподаватель Кошжанова Г.А.
Казахский национальный
педагогический университет им. Абая,
Республика Казахстан, г.
Алматы
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУЛЕРІ
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев ЖОО студенттерімен кездесулерінің бірінде сөйлеген сөзінде: «ХХІ
ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға
айналуда. Оның өзі маңыздылығы жағынан
стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады, және солай болуы
тиіс. Білім беру ісі елдің даму деңгейі арқылы
бағаланатын болады»-деп ,оқу ағарту, білім мен ғылымнан
жас қазақ елінің Орталық Азия барысына айналуы
маңызының ерекше зор екенін айтып, жастардың жан-жақты
білім алуының қажеттілігіне кеңінен тоқталды.
Елбасының сөйлеген сөзінен білім
берудің мемлекет дамуының аса маңызды факторы екендігіне
көз жеткізу қиын емес. Осылайша әр уақыттың,
әр заманның ұрпақтары алдында белгілі бір жоспарлар,
міндеттер тұратынын айтпаса да белгілі.
Білім берудің маңыздылығы сөз
болған уақытта ең алдымен білімнің сапасы жайында
қазіргі уақыттың өзінде ұстаздар, студенттер,
жалпы оқу ағарту ісіне қатысы бар адамдардың арасында
кеңінен пікір-таластар ұйымдастырылып, ғылыми-теориялық
болжамдар көптеп айтылуда. «Білім беруді Қоғамның
әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени
құндылықтарынан, ұлттық дәстүр,
рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен
қатар онда ғылым мен техниканың, педагогиканың
соңғы жаңалықтары мен технологиялары да барынша ескерілуі тиіс.
Бұл ретте еліміздің блім беру жүйесінің
реформаланып, заман талабына сай өзгеруі - заңды
құбылыс. Өйткені
халыққа білім беру, ешуақытта қоғамдағы
жағдайдан, мемлекеттің саясатынан тыс дамыған, қайта
жаңа қоғам құрып, мемлекетті дамытуда білім
берудің орны ерекшеленіп, оған жақсы мән беріліп
отырған. «Білім жүйесіне уақыт талабына сай өзгерістер
енгізу-қоғам өміріндегі аса маңызды міндеттердің
бірі. Қазіргі кезеңде республикада іске асырылып жатқан білім
реформасы оның ұйымдық-экономикалық компонеттерін
түбегейлі өзгертуге бағытталған.
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық. Біз
болашақта жоғары технологиялық және ғылыми
қамтымды өндірістері үшін карлар қорын жасақтауға
тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап,
кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы
басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра
алмаймыз.
Қазақстан жоғары оқу
орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім
беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемге
танылуға тиіс. Олар мұны істеуге міндетті.
Біз әрбір
Қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы
мүмкіндікке кепілдік беруіміз керек. Білім мен ғылымның
түйінді тұстарын жүйелі де оңды шешудің
кілті-ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарын
ортақ мақсатқа жұмылдырып, кешенді істермен айналысу,
іргелі ізденістерді қатар атқару, оны ұлттық
мүддеге бағыттау, басымдық сипаттар берудің
қажеттілігі айқын аңғарылады. Осының негізінде
оқыту ісін, яғни жоғары білім мен біліктілік,
тәжірибені іргелі ғылыммен ұштастырып, отандық
өндіріске бағыттау, түпкі нәтижеге бет бұру,
оның халыққа қызмет етуін қамтамасыз етудің
маңызы зор. Осы бағытта студент жастарды жаңа технологияларды
меңгертулеріміз қажет.
Еліміздің білім жүйесін ілгерілету
бағытында әр алуан ізденіс, көзқарастардың бары
анық. Кейінгі жылдардағы осы бағыттағы
реформалардың да түпкі мақсаты білім кеңістігіне
қозғау салып, келешек көкжиегіне құштарлық,
ұмтылыстардан туған. Бұл бағытта, әрине, көп
сатылы оқу жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура), тест
тәсілі, кредиттік саланың да қоғамдық
көзқарастың әрқилылығына қарамастан,
өмірге батыл енуі-уақыт алға тартқан өмір
шындықтарының бірі. Білім беру жүйесіндегі мұндай
оң өзгерістер халықаралық стандарттарға,
жаңа технологияларды батыл енгізуге мол мүмкіндіктер береді.
Қазіргі заманда ғылым, техника, мәдениеттің даму
дәрежесіне сәйкес оқыту формалары мен әдістерін
жетілдіру, тиімділікті арттыру арқылы студенттердің білімі мен
дағдыларын жан-жақты қалыптастырып, әлеуметтік
белсенділіктері мен кәсіби маңызды тұлғалық
сапаларын терең дамытуға қол жеткізуімізге болады.
Мысалы, педагогикалық
үрдіс технологиясы деген ұғым мақсат-мүддені
анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің
қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған
талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың
мазмұн, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық
талаптарының психологиялық-педагогикалық
іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол білім
алушы жастардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу
іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты
ғылымға жақындату, ұстаздардың
интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын
педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігіне,
жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей
оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін
атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология –
оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең
ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі
және оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз
ететін жанды құрамдас бөлігі (компоненті).
Қазіргі
педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру
мазмұны жаңарып жаңа көзқарас, пайда болумен
жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа
технологиясын жете меңгерген, оны студенттердің жас және
психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың
маңызы зор. Қазіргі педагогикалық технология
ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, жиірек
қолданылып, практикаға енуде. Дегенмен, оның
мән-мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме
сөздікте: «Технология – бұл қандай да болсын істегі,
шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т.
Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір
мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп
түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты
педаогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің
(өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді
және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін
механикалық құрылым емес, қайта бала мен
мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара
қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды
ұйымдастырушы құрылым дейді.
Сонымен, ЖОО-да
қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары студенттердің
ыңғайына, бейімі мен талабына, қабілетіне мен дарындылығына,
талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие,
салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, тұлға
қалыптастыруға бағытталу керек.
Себебі білім беру саласының
дамуына байланысты студенттердің өз мамандықтарына
сәйкес жаңа технологияларды меңгерулері олардың
болашақта бәсекеге қабілетті маман иесі болуына кепілдік
беретіні сөзсіз деп ойлаймыз
Әдебиеттер:
1. Төленберген М. «Білім беруді дамыту: жаңа кезең
және жаңа талаптар» Егемен
Қазақстан 2004 ж. 9 қаңтар Бейсенбаева А. «Білім
берудің жаңа технологиялары» Қазақстан мектебі, 2005 ж.
№2, 35 бет
2. Қоянбаев Ж.Р. Қоянбаев
Р.М. Педагогика. Университеттер студенттеріне апналған оқу
құралы. Алматы 2002 ж. 384 бет
3. Баширова Ж.Р.
Төлешова Ұ.Б.
«Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың
танымдық қызығушылығын қалыптастыру» Оқу
әдістемелік құралы,
Алматы Қазақ университеті
2003 ж. 61 бет
4. Айқынбаева Р. Компьютерлік технологияға негіздеп оқыту
ерекшелігі// Қазақстан мектебі, 2003 ж. №11 49-51 бет
5. Баумағамбетова К. Түрлендіру технологиясы//
Қазақстан мектебі, 2003 ж №11 60-91 бет