Мемлекеттік тілді  меңгерту жолында инновациялық технологиялардың тиімділігі

Кульбаева М.М., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік                университетінің аға оқытушысы , филология  магистрі.

 Оқу орыс тілінде жүргізілетін ЖОО-да  қазақ тілі пәнінің мақсаты білім алушылардың  қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек қана Қазақстанның саналы азаматын тәрбиелейміз. Қазіргі кезеңде ЖОО-ның оқытушыларының  алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттің бірі білім алушыға  тиянақты білім беру. Ол үшін оқытушылар  оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде қолдануды таңдап алады, үнемі ізденісте болады. Жаңа технологияларды күнделікті дәріс және практикалық сабақ  үрдісінде пайдалану, оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы оқытушы білім алушының  белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Технологияның басты принциптерінің бірі – әр білім алушыны  жеке тұлға ретінде қабылдап, оның барлық танымдық қасиеттерін дамыту.                                     - оқытудың тиімділігін арттыру;            
- берілген материалдарды терең меңгерту;      
-білім алушыны  ойлату, ойнату, ой салу;        
-өзін-өзі оқытуға мүмкіндік беру;                      
-білім алушыны жеке тұлға ретінде қабылдау; 
-оқытушы  мен білім алушы арасында тепе-теңдік болуы;         
-білім алушының  алдына мақсат қойғызып, оны міндетті түрде орындату.    Білім алушының  пәнге қызығуын арттыру, қоршаған ортаны игеріп, сөйлесу, пікір алысу, сұраққа дұрыс жауап беру, әңгімелесу, т.б. тілді меңгерту жолында қазақ халқының ауыз әдебиетінен мысалдармен байытылған тапсырмаларды өз бетімен игеріп шығармашылық деңгейге жетуі – технологияның тіл үйретудегі басты талаптары. 
Жоғары оқу орындарының техникалық бөлімдерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі маман. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір – бірімен байланыстыру мақсаты басым болып тұр. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. 
Университеттерде білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде жоспарлау мәселесі, ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс. Білім беруде жаңа технологиялардың пайда болуы оқытушыдан әдістемелік – технологиялық біліктілікті талап етеді. Себебі мұғалім өз қызметінің негізгі субъектісі студенттің жеке басымен жұмыс істейді. Студенттердің мүмкіншілігіне, қажеттілігіне, білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделмеген оқыту нәтиже бермейді. Дүние жүзі педагог – ғалымдарының пікірінше, нәтижені оқытудың педагогикалық технологиясы береді. «Қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде құру – педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа болашағы мол бағыты болып отыр», - дейді педагогика ғылымдарының докторы Ж. Қараев [1]. Бүгінгі күні жаңа технология бойынша оқытудың келесі түрлері белгілі: проблемалап оқыту (М.И. Махмутов т.б.), бағдарламаланған оқыту Ю.А.Самарин, В.П.Беспалько, Т.А.Ильина т.б.), саралап, жекелеп оқыту (Кобдикова т.б.), дамыта оқыту (Ю. Б.Эльконин, Н.Д.Хмель, Т.С.Cабиров, А.А. Бейсембаева, Р.М. Қоянбаев), ұжымдық оқыту( В.К: Дьяченко т.б.), деңгейлеп оқыту (Караев Ж.), дистанциялық оқыту(Г.К.Нұрғалиева, Д.М.Жүсібалиева), модульдік оқыту( К. Жақсылықова). Қандай технология болмасын, оны оқытушы сабақтың жоспары арқылы іске асырады. Ал бүгінгі күні жоспарлау мәселесі әлі шешімін таппай отыр. Сондықтан технологиялық карта әмбебап жоспар, оны барлық пәндерге бейімдеп қолдануға болады. Технологиялық карта арқылы оқытуды келесі үш бағытта жүргізген өте тиімді: білім мазмұны, құрылымы, қандай әдіс – тәсіл арқылы (технология). Нені және қандай бірлікте оқыту мәселелерінің мазмұны пән бағдарламасында, мемлекеттік стандартта көрсетіледі. Ал жаңа технологиялар қазіргі заман талабына сай жүйелі тұрғыдан оқытудың барлық кезеңін қамти отырып, мұғалімнің әрекетіне логикалық бірізділік, қисындылық, саналалық, болжалдық, мақсаттылық сипаттар оқытуда мұғалімнің рөлін өзгертті. Оқытушы дайын білімді жоспарлап, жеткізуші рөлінен студенттерді білім алуға ұйымдастырушы, кеңесші қызметіне ауысты. Қалыптасқан жоспарлау аясында тақырыпты меңгерту нақты үлгерім деңгейіне (жақсы оқитындар, орташалар, нашарлар) негізделді.Ал технологиялық карта тақырыпты әрбір студенттің игеруіне (үлгеріміне байланысты емес) тиімді жағдай жасайды. Ондай жағдайлар:студенттің тақырып бойынша өз бетімен жұмысы, білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату. Бұлардың бәрі технологиялық картадағы мақсат пен міндеттерге байланысты жүргізіліп отырады. Технологиялық картаменбереді. Демек, қалыптасқан әдістеме бойынша жазылатын жоспар мен технологиялық карта бір – бірінен оқытуды ұйымдастыру, тақырыпты беру, оқушылардың білімін анықтау, білім деңгейін көтеру жағынан ерекшеленеді. Екі жоспардың ең негізгі айырмашылығы: оқытудың нәтижесі. Технологиялық картаның басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі кәсіптік мамандар даярлауда болып отыр.
Сабақ –оқытудағы ең негізігі процесс.Есие қалдыру, жан-жақты білім алушының бойына сіңірте білу әрбір пән оқытушысының өзіндік шеберлігін, шығармашылық еңбегін қажет етеді.Белгілі педагог К.Д.Ушинский  бір сөзінде  «Балалық шақта есте қалғандар өшпейді, ізі мәңгі  сақталады» деген болатын-ды.Сондықтан да орыс тілді  аудиториялардағы қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмысының алдына белгілі бір мақсат қойылады.Тіл дамыту жұмысын белгілі тақырыптың оқытылуына негіздей отырып, біз тілдік процестің мына негізгі мәселелерін үйретуіміз қажет.Яғни, белгілі бір тақырыпты оқытумен байланысты оқытушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздерді үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгеру, сөз бен сөздің байланысын, тіркесін үйрету, сөйлем құрап үйрету, ойын жазбаша сауатты дұрыс жаза білуге дағды беру, ауызша ойларын жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге, әсіресе, тілдің дыбысталу жүйесін меңгерту керек. Сонда осы айтылғандар күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіліп отырса ғана тіл дамыту жұмысы жүйелі, жоспарлы, белгілі бір мақсатпен өткізіледі.

Осыған орай жоспар терминін технологиялық карта ұғымы ығыстырды. Технологиялық карта университетте білім алатын маманға: білім беру және оқу әрекетін жүйелі ұйымдастыру тұрғысынан қаралады. Технологиялық карта арқылы оқыту мемлекеттік стандарт талабына сай пәннен жан – жақты білім беру, екіншісі – тақырыптың мазмұнын құрылымдық бөлімдерге негіздеп құра білу.
Технологиялық карта арқылы оқыту даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені технологиялық карта арқылы оқыту студенттің жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін - өзі бақылау, өзін - өзі бағалауға үйретеді. Бұл жағдай университет студенттінің оқу әрекетінде өзін - өзі жете түсінуіне, өз бетімен жұмысын дұрыс ұйымдастыруына, білім деңгейін анықтауына, білім деңгейін стандарт деңгейіне жоғарылатуына мүмкіндік береді. 
Жаңаша қазақ тілін оқыту – қазақ тілінің әр тақырыптарына жазылған сабақтар. Яғни қазақ тілін оқытудың негізгі құралы – технологиялық карталар.  Технологиялық карта құрылымы мынадай мәселелерді қамтиды:

1.Тақырыптың жалпы мақсатын нақтылау.         
2.Міндеттерді жүйелеу.       
3. Студенттің тақырыпты меңгеру барысындағы өз бетімен жұмысын мөлшерлеу.
4. Тақырып бойынша білім деңгейін анықтау.                                                   

5. Тақырып бойынша білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату.          
Тіл үйрену – ол зорлықсыз, иландыру арқылы жүргізілетін жұмыс екендігі белгілі. Алайда, қандай да бір құбылыс болмасын оның қажеттілігі байқалмайынша жүзеге аспайтыны анық. Олай болса, мемелекеттік тіл қазақстандық басқа ұлт өкілдерінің қажеттіліктеріне айналмайынша, олардың тілдің үйренуі кешеуілдеуі ықтимал. Сол себепті мемлекеттік тілді жедел әрі тиімді оқытудың жолдары мен түрлерін тілші мамандар мен ғалымдар әртүрлі әдістемелер арқылы оқытуды ұсынуда. Соңғы жылда білім беруде жаңа технологиялар әдісі бойынша қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету тиімді екенін өмір өзі дәлелдеп келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында жан –жақты дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының басты міндеті екендігі баса айтылған. Оқытушы әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады демекші, әр сабақтың қызықты өтуі тікелей оқытушыға  байланысты. Осы орайда өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілдің қадірін сезіндіріп жүрген тіл мамандарының көтерген жүгі ауыр-ақ, десек те мемлекетіміздің кез келген оқу орнында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде оқытылады. мәселелерінде тыңнан  түрен салып, өз бетінше тер төгуіне тура келіп отыр.                   Қазақ  тілінің  негізгі  байлығы - оның  сөздік  қоры. Ол байлықтың  қалай  жиналғанын, алуан  түрлі  сөздердің  қыры  мен  сырын, олардың  қалай  қалыптасқанын, басқаша  айтқанда, бай  лексикалық  қордың  жасау  тетігін  жүйелі  түрде, арнайы  зерттеу -бүгінгі  күннің  талабы.Тіл дамыту мәселесі – күрделі әрі ұзақ жүргізілетін процесс. Тіл дамыту сабақтарында көркем әдебиеттен мәтіндер оқып,  түсініксіз сөздерді түсіндіріп, мәтінде  кездесетін қиын сөздерді түсіндіріп, мәтіннің негізін  білім алушының  өз сөзімен қысқаша баяндап айтқызып, сурет арқылы сөйлем құратып, мазмұндама, шығарма жаздырып, сөздердің мағанасына талдау жасатып, белгілі бір жүйеде жүргізілмей жүргендігі ойландырады. Оған ерекше мән берсек, жоғары оқу орындарында «Тіл дамыту жұмысы» деген терминнің, түсініктің мағынасын, оның мазмұнын оқытушылар  әр түрлі мағынада түсініп оны кешенді түрде қолданбайтындығы байқалады. Тіл дамыту жұмысын кешенді түрде жүргізудің жолдарына тоқталық:

1)тілдің дыбысталу нормасын меңгеру жеңіл жұмыс деп айтуға болмайды.Орыс тілді  аудиторияларда тілдің дыбысталу нормасын ( екінші тілдің) дұрыс меңгермейінше ауызша дұрыс сөйлеу мүмкін емес. Өйткені оны дұрыс меңгермеген білім алушы жазуда да қате жібереді.Тәжірибеде білім алушылар  қазақ тіліндегі ерекше дыбыстарды дұрыс айта алмай, Тәңір дегенді Таир, Әсен дегенді Асен деп айтса, ал орыс тіліндегі о, е, я әріптерімен келетін сөздерді де өате айтады.

Әсіресе, орыс  тілді аудиторияларда оқитын қазақ балалары орыс тіліндегі сөздерге дұрыс екпін түсіріп айта  алмайды. Сондықтан қазақ және орыс тілдеріндегі дыбыстарды дұрыс екпін түсіріп айтумен байланысты жұмыс түрлерін дұрыс ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Әсіресе, іс-тәжірибе жұмыстарында осы мәселеге көбірек көңіл бөлген тиімді.

2) сөздік дегеніміз – тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгеру қажет.Демек, сөз өзінен-өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн.

3) сөздің мағынасын дұрыс түсіндірудегі ең тиімді әдіс – сөзді ана тіліне аудару, сондай – ақ сөзге морфологиялық талдау жасау, синоним, антоним сөздерді, түбірлес сөздерді топтап көрсету, сөзден сөз тудыру, жаңа сөз жасау. Сөздік жұмысын жүргізуде үйренген сөздерін сөйлеу тілінде бірнеше рет қайталап отыру да орынды. Сондықтан сөздік материалының молдығы тіл дамыту процесін жетілдірудің бір жолы. Адамның сөздік қоры екі түрлі жағдайда болсын, жетіліп отырады: бірі-сөзді активті қолдану, я,ни адамның күнделікті өмірде қолданылатын сөздері, екінші – сөзді пассивті қолдану – яғни, адамның бүкіл білетін сөздерін қолдану.

            4)Тіл дамыту жұмысының тағы бір түрі – сөз мағынасын дұрыс түсіну, үлкен рөл атқарады. Сөздің мағынасын дұрыс, жетік білуге біздің жазушыларымыз да басты назар аударады. Мысалы, «Жас түлектер» атты романда Ә.Әбішев сөзді дұрыс қолдана білмейтін Бөлекбас Бүлдіргеновті келеке етіп көрсетеді. Бөлекбас аузына «сауысқан» деген сөз аузына түспей қалып, қасында тұрған адамдардан: «Ой, әлгі бір ала құстың фамилиясы қалай еді?», - деп сұрайды. В.Маяковский: «Сөз – адам күшінің қолбасшысы», - деген еді. Бұған қарағанда, сөз тек лингвистикалық қана құбылыс емес, сонымен қатар психологиялық және эстетикалық құбылыс болып саналады. Сондықтан адам баласы ерте кезден-ақ сөздің жақсы және жаман екенін сезініп, оны түсінудің, білудің жолдарын іздеген.

            Тіл дамыту жұмыстарында сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін орфографиялық; синонимдік, антонимдік, этимологиялық, түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйрету артық болмайды.

            Білім алушыларға берілетін мәтіндер қызықты, тартымды болғаны жөн.Мәтінді сабақтың негізі ретінде пайдаланып, мәтінде кездесетін грамматиканы қосымша тірек қылып, түсіндірген жөн.Осындай жағдайда білім алушылар әрі грамматиканы меңгереді, әрі жаңа сөздер үйренеді,ең бастысы - өздері  әңгімелей білуге машықтанады.Алғашқыда үйренген сөздерін , грамматикалық тұлғаларын үнемі  қайталап, жаңа сабақпен байланыстырып отырғанда ғана білім алушының сөздік қоры молайып, өз бетінше сөйлеуге дағдыланады.Қазақ тіліндегі ерекше дыбыстардың айтылуына алғашқы күннен көңіл бөлу керек.Мәтіндерді, сұхбаттарды көбінесе білім алушылардың өздеріне құрғызған тиімді.

Пайдаланған әдебиеттер:    

1. Аманжолова С.С. Мемлекеттік тілді оқытудағы жаңа технологиялардың тиімді жолдары. А: Қазақ тілі мен әдебиеті : Әдістеме. ғылыми-әдістемелік журнал,2010.

2. Қараев. Ж.А,Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. А: 2005.34 б. 
3.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б.