Жаңа технологиялар колледжі
«Бағдарламалау және есептеуіш техникасы» кафедрасының
оқытушысы
Нұрбет Ғалымбек Нұрманұлы, Шымкент
Қазақстан
«Lesson
study-дің оқытуды
жетілдірудегі рөлі»
Алаш
қайраткері А.Байтұрсынұлы: « Ең әуелі мектепке
керегі – білімді, педогогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта
білетін мұғалім» - деп тегін айтпаса керекті.Елімізде
жүргізіліп жатқан көптеген реформалар әлемдік
деңгейдегі білім беру стандарттарына жетуді көздейді. Десек те,
қалыптасқан білім беру қалыбымыз бар.Бірақта ол
жетілдіруді талап етеді. Бой салыстыратын емес ой салыстыратын осынау
ғасырда ойы ұшқыр, пайым-парасаты дамыған, дербес
іс-әрекет жасай алатын, өзіндік көзқарасы
қалыптасқан қоғамда болып жатқан
өзгерістерге бейім азамат тәрбиелеу барша ұстаздар
қауымының міндеті. Оқушының жан дүниесіне
үңілі білетін, оның бойындағы ерекше қасиеттерін
сезіне алатын және оған дұрыс бағыт беретін,
тоқырау кезеңінде дер кезінде жанашырлықпен қол
ұшын соза білетін, рухани
өсуіне жағдай туғыза алатын мұғалім қай
кезде де оқушы үшін де,
қоғам үшін де абыройлы тұлға болып
қала береді.
Мұндай ұстаздар тобын
қалайша көбейтеміз? Қайтсек білім сапасын жақсартамыз,
өркениет көшінен қалмаймыз деген ойлар сананы қамшылап
сындарлы оқытуды Қазақстанға енгізу дұрыс деп
шешілді.
Кембридж университеті мен Назарбаев
зияткерлік мектебі, Педагогикалық шеберлік орталығы бірлесе
ұстаздарға біліктіліктерін курстар дайындады.Курстың
мақсаты-дәстүрлі оқытудан әлемдік тәжірбиеде қолданылып отырған
сындарлы оқытуға көшу, сол арқылы Студенттің
пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған
білімдерін топтан тыс жерде кез-келген
жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып
табылады.
Жаңа формация
мұғалім деп кімді айтамыз? Дәл қазіргі таңда біз,
сертификатталған мұғалімдерді атасақ болар еді алайда, К.Ушинскийдің «Мұғалім
өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен
мұғалімдігі де жойылады» деген пікірін мұғалім
жолдастар басшылыққа ұстаса ғана осы
құрметті атқа лайық болар еді.Біз Кембридждік
әдіс-тәсілдерді оқығанда Выготскийдің жақын
арада даму аумағында оқушылар топтасса дарынды студенттер өз
топтарына үнемі қол соза отырып, топтық жұмысты жандандыру
арқылы нәтижеге жетуге болатындығын білдік.
Выготскийдің оқыту моделі студенттің диалог құру
нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. студенттердың
көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл
рөлдерде топтастары мен мұғалімдері болуы мүмкін,
диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту
жеңіл болмақ. Талданатын идеялар студенттің
түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен,
ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты
болмақ. Осылайша студенттің өз топтастары мен емін – еркін
араласа отырып, топтаса әрекеттенсе үлгерімі төмен студент
үлгеруші студентке ал, үлгеруші
студент үздік студентке айналатынын өз тәжірбиемде көз
жеткіздім.
Осы тәжірбиені неге
ұстаздар арасында Lesson Study
арқылы жандандырып, жүйелі жұмыс атқарып, жақсы
нәтижеге қол жеткізбеске. Кембридждік тәсілдерді оқыған
деңгейлік бойынша сертификатталған мұғалімдердің
сабақты түрлендіріп, 7 модулді ықпалдастырып идеал
сабақ өту әлеуеті жоғары. Сол себепті өзге
әріптестері мен Lesson Study ді ұжымда дұрыс жолға
қойып, білім беру сапасын жақсартуға жұмыс істеуге тиіс
деп санаймын.
Lesson Study әдістемесі бізге Жапониядан келді. АҚШ-қа
бұл әдістемені «дзюгёкенкью» деген жапон сөзін «Lesson Study»
деп аударған Макото Йошида
әкелді.1970 жылдардан бастап «Lesson Study» барлық жапон мектептерінде мұғалімдердің
біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып есептеле
бастады. «Lesson Study» жапон мұғалімдеріне педагогикалық
білімімен қатар, өздерінің пәндік білімдерін де
тереңдетуге көмектескенін, пәндік білімнің
тереңдеуі жапондық студенттің, американдықтармен
салыстырғанда, білім көрсеткіштерін жақсартуға
ықпал еткенін (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999) білгеннен кейін,
«Lesson Study» әдістемесі Батыста да кеңінен таралды. Ұлыбританияда
Lesson Study:
Оқыту әдістемелерін жетілдіру;
Кәсіптік білім беру
мен жоғары оқу орындары студенттерінің
үлгерімін арттыру;
Оқыту үшін
бағалау сияқты ауқымды педагогикалық тәсілдерді
дамыту үшін табысты пайдаланылады. Қазіргі кезде Lesson study
Сингапур, Гонконг, Қытай, Ұлыбритания, Швеция, Канада да
қолданылады. Lesson Study де әдетте сабақ жоспарын бір немесе
бірнеше әріптес бірігіп жасайды. Мәселен, бір топқа
сабақ беретін төрт мұғалім.Пән
мұғалімдері жоспар құрғанда белгілі бір
мақсатты көздейді. «Белсенді студентін белсенділігін ары
қарай дамыту», «енжар студентін белсенді студентке айналдыру», «өз
идеаларын қорғай білуге үйрету» тағы да
басқа. Lesson Study кемі
үш сабақтан тұрады. Сабақ өткізу барысында
шығармашыл топ сабақтың жоспарын бірге жасайды оны
өткізеді, бақылайды, талдайды. (Төмендегі кестеде Lesson
Study-дің кезеңдері берілген)

Бірінші кезеңде
мұғалімдер зерттеуге топ таңдайды әрі шығармашыл
топ құрамын анықтайды. Бірігіп жасаған сабақ
жоспарын өтуші мұғалім сабақты бақылауға, зерттелуші
студентке сұраққа тартуға, адан әрі
талдауға өзге әріптестерін
шақырады.Сабақтың ұйымдастыру кезеңінен соңғы қорытынды
бөліміне дейін сабақ бақылауда болады.Онда
мұғалімнің және де студентің іс-әрекеті
түгелімен жазылынып алынады. Бақылаушылар түрлі
тәсілмен жазып алады.Біреуі видео касетаға, енді біреуі аудио
касеттаға ал, енді біреуі бақылау парағын пайдалануы
мүмкін. Сабақты талдау
жүйесін Жапон мұғалімдері өте жоғары
бағалайды.Мұны мына мұғалімнің сөзінен
аңғаруға болады.
«Біз неге сабақ талдау жасаймыз?
Оның қандайда бір пайдасы бар деп ойлаймын. Егер біз
сабаққа талдау жасамасақ біз мұғалім болмас
едік». Сабақты талдау- сабақ беру әдісіңізге
басқа көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік
береді. Әрине, бұл жерде әңгіме өзге
әріптестердің ашық талқылауы болып отыр. Сабақ
талдауда сізге өзге әріптестеріңіз біршама ескертулер айтуы
мүмкін. Мысалы: өте жылдам сөйлейсіз, дауысыңыздан
өктемдік байқалады, дайын білім беруге көп
әуестендіңіз, сыныптың 50% ғана сөйледі,
бағалауда объективтілік танытпадыңыз тағы да басқа.
А,Б,С деңгейіндегі оқушыларды төмендегі кесте бойынша
бақылауға болады.
Lesson study бойынша жазбалар:
Бақылаушының аты жөні: Мерзімі:
|
Бақылау
сұрақтары |
Зерттеуге алынған А
студент аты-жөні |
Зерттеуге алынған Б
сту-дент аты-жөні |
Зерттеуге алынған С
сту-дент аты-жөні |
|
Оқушыларда
қандай ілгерушілік байқалды? Олар белсенді болды
ма? Олардың тобындағы
басқа студенттер қандай
нәтижеге жетті? |
|
|
|
|
Қай
әдістің пайдасы немесе кері әсері болды? Сабақты қандай
тосын жайттар болды? |
|
|
|
|
Сабақты
қайта түзету, сапасын жақсартуда қандай
әдіс-тәсіл пайдаланғанымыз дұрыс? |
|
|
|
|
Қосымша
мәлімет үшін |
|
|
|
Жапон мұғалімдері Lesson
Study дің пайдасы жайлы айтудан
жалықпайды. Сабақты талдау сізге жаңаша мақсаттарды,
сабақ құрылымын студенттің
қабылдау, меңгеру деңгейіне лайықтап жасалған
өз жоспарыңызды әріптестеріңізге ұсыну
мүмкіндігін, бірлестіріп оңтайластыру мүмкіншілігін береді.
Нәтижесінде мұғалімдер арасында білім беру сапасын
жақсарту идеясы алдыңғы орынға шығып,
ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Сабақ талдау-
сабақты қалай беру керектігі жайлы мұғалімнің
идеясын кеңейтеді. Lesson Study
де мұғалімдер
сабақтың кезеңдерін қалай
құратындығын, қандай материалды ұсыну керектігін
талқылай алады. Өзара пікір алмасып, жоспарды қайта
әзірлеп, сабақ өтіп, кейін сабақ талдауларын
өткізеді. Ұжымдағы мұғалімдер мен
шығармашылық топ осылайша тәжірбиелерін жетілдіріп,
жақсартып отырады.
Байқағандарыңыздай
ұжымда бірлескен жұмыс қарқын алады. Білім саласы
тамырын тереңге жайып, саялы көлеңке, мәуелі ағаш
кейпіне енуі үшін жаңа формация мұғалімдері Lesson
Study ді қолға алу керек. Жапондықтар, мұғалімдер Lesson Study мен
ұзақ уақыт жұмыс істесе өз сабақтарын
жақсарта алатынына сенімді және сабақты бірігіп жасау
маңызды деп санайды. Егер сізде жақсы жоспары немесе жақсы
оқулық болса да сіз жақсы сабақ өте алмайсыз.
Себебі, сіз өз дағдыларыңызда бірлескен әріптестік
жұмыста жетілдірмедіңіз. Сіз әлі де оқшауланып,
өзіңіз үшін тиімді деп тапқан
әдіс-тәсілдеріңіз бен сабақ өте беретін
болсаңыз күндердің күнінде тығырыққа
тірелесіз. Сабақ беретін тобыңыз қанағаттанарлық
білім көрсеткішін бере алмай қалуы да ғажап емес. Жапон
мұғалімдері бірлесіп жұмыс істеу өзінің
сабақ беру әдісіне зиян тигізеді деп ойламайды. Өзара
әдіс алмасу дұрыс деп есептейді.Сіз басқалардың
сабақ беру тәсіліне еліктеп, нәтижесінде өзіндік
оқыту әдісіңіз қалыптасады. Сабақ өтіп
болғаннан кейін әріптестеріңіз тарапынан айтылған сын-ескертпелер
сізді әр түрлі эмоциялық күйге түсіреді. Сол
үшін де оқытушылар үнемі біліміңізді жетілдіруге
және де Кембридж әдіс-тәсілдерімен сабақ өтуге,
ұжымда Lesson Study ді енгізуге кеңес беремін.
Пайдаланған
әдебиеттер тізімі:
1.Мұғалімге
арналған нұсқаулық
2.«Мұғалімнің
кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20
жылдығына арналған Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция баяндамаларының жинағы.
3.Lesson Study : руководство Pete Dudley 2011.