ТАНЫМДЫ-ІЗДЕНДІРУШІ ТАПСЫРМАЛАР
Матбаева Назгүл Сәбитқызы,
Ақтөбе облысы,Қобда ауданы,
«Сарыбұлақ» орта мектебі
Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов
«Өз алдына ел болуға өзіндік тілі, әдебиеті бар ел
ғана жарай алады» [1,78] деген екен. Халқымыздың
ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігін
нығайтудың, ұлтымыздың тұтастығын
сақтап қалудың негізгі алғы шарттарының бірі –
ана тіліміздің мерейін көтеру, пайдалану аясын кеңейту. Осы
ізгі парызды орындауға білім ошақтарының,
ұстаздардың, әсіресе қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімдерінің орны ерекше екені дау тудырмас мәселе.
Болашақ тізгінін ұстайтын жастарымыздың сапалы біліммен
қарулануында оқушының
өз үлесі де болуы ләзім. Сондықтан өздік
жұмыстары дұрыс ұйымдастырылып, оқушы
қызығушылығы мен белсенділігін көтеретіндей
құрылуға тиісті. Кез келген сабақта орындалатын
тапсырмалар жүйелі, нақты, оқушы деңгейін
қанағаттандыратындай дәрежеде берілсе, күтілген нәтижеге қол
жеткізуге болады.
Танымды-іздендіруші тапсырмалар жүйесі
дегеніміз-оқушылардың таным қабілетін жетілдірудегі еске
түсіру мен іздену, зерттеу үстінде қалыптасатын жаңа
білім, дағды мен шеберлікті дамыту бағытында істелетін жұмыс
түрі. Жоғары кластарда әдебиет пәнін оқытумен
байланысты берілетін танымды-іздендіруші тапсырмалар оқушылардың
сол пәнге, жалпы білімге, ғылым негізіне деген ықыласын
арттырады, оның іздену, танымды дағдыларын дамытумен біре,
баланың жеке басының даму ерекшелігін қалыптастырады.
Оқушы танымды-іздендіру мақсатындағы тапсырмаларды
орындаумен байланысты білімді меңгерудегі қабілеттілік пен
дағдыға жаттығып, бірте-бірте өздігінен орындау, іздену
жолына түсе бастайды. Әдебиет пәнін оқытумен байланысты
танымды-іздендіру мақсатында сын, ғылыми мақалаларға,
оқыған кітаптарына сын пікір, мәнжазба жазу барысында
мұғалімнің түсіндіруімен алған біліміне
сүйене отырып, енді сол білімін нақты материалдар, ғылыми
мақалаларды қосымша оқу арқылы әрі қарай
терең танып, жан-жақты зерттеп біледі. Танып, зерттеу барысында
ізденді, оны салыстырады.
Танымды-іздендіруші тапсырмаларды орындау мақсатында
оқушыға дайын білім үйретудің әдістері
берілмейді, сол нәрсені танып-білу үшін проблема қойылады.
Мысалы, фактіге сүйене отырып дәлелдеу, себебін анықтау,
зерттей отырып белгілі қорытынды шығару, оны өмірде пайдалана
білу мақсаты көзделеді. Танымды-іздендіруші тапсырмаларды орындату
Махамбет шығармаларын оқытуда да қолданылады.
Шығармаларының тақырыптары мен идеялық сарындары,
реалистік сипаттары, ақынның асқақ арманы,
жырларындағы қажымас қайрат, жігер, Исатай образы және
өз бейнесі, қазақ әдебиеті
тарихындағы орны т.б. мәселелерді оқушыға қалай
жеткізу керектігін, оның
қандай тәрбиелік маңызы барлығын түсіндіру басты
мақсат болып қойылады.
Алдымен мұғалім
оқушыларға Махамбет
өлеңдерін оқып келуді тапсырады. Сонда ақын шығармаларын жан-жақты танып
іздену, зерттеу, түсіну мақсатында
төмендегідей проблемалы
тапсырмалар береді. Оқушылар ол тапсырмаларды орындау
барысында қосымша әдебиеттерді, ақынның өлеңдерін оқи отырып, көтерілістің
мақсатын,
ақынның жауларын сипаттау
үшін
қолданған
көркемдегіш
аллитерация, ассонанс сияқты әдеби
теориялық
ұғымдарды іздеп тауып салыстырады.
Оқушылардың
жазып келген жауабы
келесі сабақтың
барысында тексеріледі.
Демек, мұғалім оқушыны тану, іздену, зерттеу
жұмысына
бағыттайды.
Махамбет шығармаларына берілген
танымды-іздендіру
сұрақ-тапсырмалары:
1.Махамбет
Исатайды сипаттау
үшін қандай көркем, образды сөздер қолданған? Оларды
бөлек теріп жазыңдар?
2.Ақын
жауларын сипаттауда қолданған көркемдегіш образды
сөздердің
өткір, соны бояулылыгын
дәлелдеңдер.
3.Көтерілістің мақсаты қандай
өлеңдерінен
көрінеді, текстен тауып,
мысал келтіріңдер.
4.Махамбет
жырларына сүйене
отырып, ақынға әр
жақты, толық сипаттама беріңдер. Ол қай
өлеңінде
сипатталады?
Оқушы танымды сұрақтарды орындау
барысында әрбір кейіпкер
табиғатын тақырып пен
проблемадан,
шындықтан
туғызып, жырдан мысал
келтіре отырып дәлелдеу, талдау жасап, мінездеуі,
баға беруі керек. Исатай
кім? Махамбет кім?
Баймағамбет сұлтан кім?
Оқушы ақынның көркемдегіш сөздерді шебер қолдана
білгендігін нақты тапсырмаларды орындау барысында көрсете
біледі.
Танымды-іздендіру
бағытындағы
тапсырмалар оқыту процесінде
көркем
шығарманы
ақылмен, ойлы, әсерлі сезіну барысында баланың жалпы дамуына әсерін тигізеді.
Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің «тек дамудан
озып отыратын оқыту
ғана пайдалы болмақ» деген көрегендік болжамы
барған сайын дәлелдене түсуде.
Творчестволық тапсырмаларды
орындау барысында оқушылар ғылым
негіздерін меңгерумен бірге
алған білімі мен
іскерлік дағдыларын одан
әрі дамытады.
Қ.Айтқалиев өз тәжірибесіне қазақ
әдебиеті сабағында творчестволық жұмыстың
төмендегі түрлерін енгізген. Ол-ауызша сурет, портреттік сурет,
әңгімелесу (инcценировка, әдеби сценарий), мазмұндама
және шығарма жаздыру.
Ауызша сурет-оқушының кітаптан
оқыған көріністерді өз ой-қиялымен әсерлеп,
өз тілімен әңгімелеу. Мәселен, оқушылар
Сәкеннің «Көкшетау» поэмасындағы эпитет пен
метафораларды, жалпы ойын, образды сөздердің мәнін,
көркемдік, суреттік нәрін талдайды. Сол арқылы
Көкшенің сұлу суретін әңгімелейді.
Оқушылардың поэмадан алған ерекше әсері, шабытты
әңгімесі арқылы тыңдаушылардың көз алдында
саясында алтын кеседей жарқыраған сексен көлі бар сұлу
Көкше мұнартады. Асқақ таудың басынан
жөңкіген ақ үлпек бұлт, етегін кестелеген ну
қарағай, сіркіреген ақ жаңбыры бәрі-бәрі
оқушының әңгімесін әрлендіріп, қиялын
қиянға жетелей береді.
Оқушылардың
өз бетімен орындайтын
іздену (зерттеу) тапсырмалары
мұғалімнің
басшылығымен
жүргізіледі. Кейін тапсырмаларды өздігінен
творчестволықпен
орындауға
дағдыланады. Олар өздеріне тапсырылған
міндетті бар ынта-ықыласымен, сын
көзімен қарап орындауға тырысатын болады. Творчестволық тапсырмаларды сапалы орындау көбіне оқушының жалпы ой
өрісінің
кеңдігіне, зерттеп, іздеп,
орындағалы
отырған
мәселені жете түсініп, проблеманың
себебін, шешуін таба
білуімен де тікелей байланысты.
А.Байтұрсыновтың «Ақын ініме» өлеңі бойынша тапсырмалар.
Ақын туралы мына мәліметтерді толтыр:
Туған жері:
![]()
Жинақтары:
Аудармалар жинағы қалай аталады?
![]()
«Маса» жинағы туралы:
![]()
2. Ақын өлеңінде сыналған
мінездер, қандай жақсы қасиеттерді уағыздайды?
![]()
![]()
![]()
|
Сыналған мінездер |
Уағыздалған қасиеттер |
|
Жағымпаздық |
Ақылдылық |
|
Жалқаулық |
Шешендік |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. С.Торайғыровтың «Бір
адамға» өлеңімен ұқсастығы не
айырмашылығы бар ма, салыстыр.
![]()

«Бір адамға»
|
«Ақын ініме» |
4. Мына жолдардан ақынның айтпақ ойын ашып көр:
Аузымен орақ орып, бәрін де етер,
Қымызды шара-шара сапыр, інім.
Ет пенен қымыз беріп сөйлеп көрсең,
Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім.
Ақылың Аплотондай болса-дағы,
![]()
Қымыз бен еті жоқ құр татыр білім.
![]()
![]()
Творчестволық
тапсырмаларды орындау үстінде оқушылардың
зерттеліп отырған оқиға жайлы өзіндік пікірі,
көзқарасы
қалыптасады да,
алдына дербес мақсат қоя алады. Творчестволық тапсырма
оқушының
өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілген
ең жоғары дамыған сатысы деп айтуға болады.
Репродуктивтік
тапсырмаларды орындау арқылы оқушы
мұғалімнің
түсіндіруімен
оқулықтағы
бағдарламалық
материалды меңгеретін болса,
бұдан алған дағдыға сүйеніп, әрі
қарай іздену, зерттеу
дағдысын меңгереді.
Білімді саналы да
сапалы меңгеру творчестволық тапсырмаларды орындау барысында бірте-бірте
күрделене береді. Оқушылар танымды-іздендіру
тапсырмаларын орындату кезінде
алған білімдерін әр
уақытта көзімен көріп, тексеріп,
ақиқаттығын
дәлелдегеннен кейін жеңіл-желпі қабылдаудан
аулақ болады. Творчестволық тапсырмаларды ұйымдастыра
оқыту барысында репродуктивтік тапсырмаларды
ұйымдастыра
меңгертіп болмай, танымды-іздендіру, зерттеу
бағытындағы
тапсырмаларды беру нәтиже бере бермейді.
Сондықтан оқушы алдымен
үйретілетін
нақты теориялық материалды
мұғалімнің
баяндауымен,
сондай-ақ
оқулық пен қосымша әдебиеттерді оқу барысында еске
түсіре білуге, ойында
қайыра
жаңғыртуға,
қайта қалпына келтіре
білуге тиіс. Репродуктивтік тапсырмаларды
орындау дағдысы бірсыпыра
қалыптасқан
соң,
танымды-іздендіру, зерттеу тапсырмаларын орындау тапсырылады. Демек,
оқушы репродуктивті және
танымды-іздендіру
бағытындағы
тапсырмаларды дұрыс орындау
дағдысын игерсе ғана,
творчестволық
тапсырмаларды да қиналмай орындауға
жаттыға алады.
Танымды-іздендіру, зерттеу тапсырмаларын дұрыс
меңгерген оқушы творчестволық тапсырмаларға қызыға, бар
ынтасымен зейін қойып, өз бетінше орындауға тырысады. Олардың ықыласы артып, дербес өздігінен ізденуге, одан белгілі
қорытынды
шығаруға
бағыт, дағды алады. Творчестволық тапсырмаларды сабақ
үстінде алдын ала ойланбай,
асығыс,
жеңіл-желпі беруге болмайды.
Эксперимент және бақылау сабақтарының
нәтижелері,
творчестволық
тапсырмаларды кем дегенде
жазушының жеке шығармасын немесе творчествосын толық
өтіп болғаннан кейінгі
қайталау,
пысықтау, есте бекітулермен
байланысты
ұйымдастыру пайдалы болмақ. Сонда ғана әр
оқушының
творчестволық
тапсырмаларды орындау барысында
өтілген
теориялық материалды қаншалықты саналы
әрі сапалы меңгергендігін байқауға мол
мүмкіндік болады. Оқушы
творчестволық
тапсырманы орындауда тек
мұғалімнің
дәрісін ғана пайдаланып
қоймай, оқулықты, сондай-ақ ақын
жөнінде жазылған зерттеулерді де қосымша
оқу нәтижесінде белгілі
қорытындыға
келгенін байқаймыз. Оқушыларды творчестволық тапсырмалармен жұмыс
істете білу, мұғалімнен үлкен
шеберлікті, дайындықты
талап етеді.
Творчестволық тапсырмаларды сабақ
үстінде бере салып,
оның жауабын қолма-қол талап
етуге болмайды.
Қорыта келгенде, репродуктивті тапсырмалар оқушының
ғылым негізін меңгеруіне жағдай жасаса, танымды-іздендіруші тапсырмалар
ғылым негізін дербес
өздігінен ізденуге
бағыт-бағдар береді. Ал,
творчестволық тапсырмаларды орындау
нәтижесінде
оқушының
өзіндік шеберлігі, қабілеті, іздену, зерттеуге бейімділігі, болжам жасау дағдысы, жалпы ой-өрісі жетіле
түседі. Оқушының
болашақтағы
мамандығын
таңдай білу талғамы да осы
творчестволық
тапсырмаларды орындау барысында
байқалады,
қалыптаса бастайды. Сондықтан әдебиет
сабақтарындағы
тапсырма түрлерін белгілі
мақсатқа
бағыттай ұйымдастыру
тиімді болмақ.
Әдебиеттер:
1.
Байтұрсынов
А. Ақ жол. Алматы: Жазушы, 1989.-138 б.
2.
Құтқожина
Қ.,Бітібаева Қ., Жаманбаева Қ. Әдебиет. Алматы: Атамұра,
2003.-223 б.