Автор: Себдайырова Айгерім Маратқызы
Ағылшын және қазақ
мақал-мәтелдерінің аударылу мәселелері
Мақал деген – халықтың
ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірбиесі жинақталып
берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты,
ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан
әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл
сөз. Мақал формасы жағынан аяқталған сөйлем
іспеттес. Мақалдардың көпшілігі екі компонентті, яғни
құрмалас сөйлем типтес болып келеді. Осы себептен аудару
барысында мағынасы жағынан екі компонентті мақалдың
қиындық туғызуы мүмкін, сол себептен алдынғы бөлімінде әр
нәрсенің жайы не әрекетінің жағдайы, шарты байымдай
аударып, кейінгі бөлімінде соған қатысты қорытынды,
түйінді пікір тұжырымдарын аудару зерттелуде. Мақал мен
мәтелдерді аударуда ұлттың мәдениетін, өмірін,
болмысын, ділі мен дінін біріктіретін ұлттық тілдің
табиғатын оның ішкі заңдары негізінде зерттеу жеткіліксіз.
Халықтың тарихын, мәдениетін, өмірге
көзқарасын, психологиясын біріктіріп рухани байлығын
сақтайтын ұлттық тілді зерттеу, лингвистикада
этнолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану, этнопсихолингвистика
сияқты және т.б. ағымдардың пайда болуы мен дамуына
бастау болып, бұл ғылымдардың өзара тығыз
байланысы тілдің құрамдық және
функционалдық жүйесін кешенді түрде зерттеуді мақсат
етеді.
Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол
ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін
берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне
үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған
тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша
халық шығармашылығының кең тараған жанры.
Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты
ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық
сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді
тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.
Ағылшын және қазақ
уақыт өлшеміне қатысты мақал-мәтелдерін аудруда
өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тақырыптық топтағы
бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны
босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы
іске арнауды уағыздайды. Мысалы, "Time is money" (c.c.a.:
Уақыт — ақша); "Уақыт — білгенге қазына,
білмегенге — быламық", "Ерте тұрған
әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің
ырысы артық". Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты
ұғымды пайдаланып, тынбай еңбек етсең, мол
қазынаға кенелесің деген ұғымды білдіреді.
Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің казіргі заман ағымына
сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін
ескертеді және оның алғашқы қолданысын
біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус
(Theophrastus) жазбаларымен ұштастырады.
"There is a time
for everything' (c.c.a.: Әр нәрсенің өз уақыты бар). Қазақша баламасы: Сабақты ине сәтімен. Бұл
ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің " To everything
there is a season, and a time to every purpose under the heaven", (c.c.a.:
Аспан астында әр нәрсенің, өр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықшамдалып, тұрақты қалыпқа енген.
Салыстыра алғанда, уақыт мағыналық өрісіне енетін мақал-мәтелдердің аздау кездесетіндігі анықталды.
Тілге байланысты мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық "Тәрбие басы — тіл", орны мен орайын тауып қолданса, сөзден, яғни тілден асқан
ғажап сиқырлы күш жоқ деп білген халық ұрпағын ойланып, дұрыс сөйлеуге баулыған. Зерттеу барысында тілге, сөзге қатысты мақал-мәтелдердің екі тілде де жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы:
Good words cost
nothing and are worth much;
Жылы-жылы сөйлесең, Жылан інінен шығады.
Қатты-қатты сөйлесең, Пышақ қынынан шығады; Екі тілге қатысты орамдардың жеткізер ойы бір, яғни адам жанын жадыратар жақсы сөздің құндылығы. Ағылшын мақалында тек жылы сөздің мәні айтылса, қазақ мақалдары қатты сөздің адам жанына әсерін қоса жеткізеді. Бір ауыз қатты сөзді қолға ірген тікенге теңей келіп, сол бір ауыз қатты сөзден пышақ қынынан шығатынын, үлкен дау туатынын ескертеді.
Осы жерде айта кететін жайт, ағылшын мен қазақ мақал-мәтелдерінде айтылатын ойдың кейде орайлас келмей, қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде:
"Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me"
(c.c a. Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін, бірақ сөз мені жаралай алмайды) десе, қазақ мақалы керісінше "Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді",— деген пікірді қалыптастырады.
Ақша, қаражатқа байланысты
мақал-мәтелдердің этнолингвистикалық ерекшелігі.
Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат
жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, " Take care of pence and the pounds will take
care of themselves" (c.c.a.: Пәнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.
Ағылшындар фунт пэнстен құралады десе, қазақтар теңгенің тиыннан өсетінін ескертеді. Әр елде ақша өлшемі ретінде қабылданған ұлттық валютаның атауы әр түрлі болатыны белгілі. Теңге, тиын - қазақ елінің ақша эквиваленті. Сонау VI-VIII ғасырларда ру-ұлыс нышандары айшықталған теңгелердің қолданыста болғаны, Отырар, Тараз қалаларында теңгелер шығарған ұстақаналар жөнінде тарихи деректер бар.
Мақал-мәтелдердің осылайша
әртүрлі өзгерістерге, түлғалық
модификацияларға үшырауы салдарынан пайда болған, тіл
практикасында бір-ақ рет қолданыс табатын түрлерін
инварианттар деп атаймыз.
Инварианттық, өзгерістер
авторлық тек өз еркіне, асыл тасты ер қырынан бір
көрсетіп құбылта білетін шебердей,
мақал-мәтелдердің көркемдік өрнегін, образы мен
бейнелеушілік әсерін, эмоция-экспрессивтік қуатын бойында
сақтай отыра, пайдаланатын талантына байланысты.
Мақал-мәтел инварианттары бірде
олардың компоненттеріне инверсия жасау арқылы, бірде оларды
түсіріп, иллипсис түрінде айту арқылы, бірде дербес екі
түрлі мақал-мәтелдердің элементтерін өзара шебер
қиыстыру арқылы, т.б. жолдармен жасала береді.
1. Компоненттерін өзгертіп айтуға
байланысты инварианттар: «Қырық жұт қырғын болса
да ажалды өлер, Қырық жыл қырғын болса да ажалсыз
адам тірі қалар» деген... (М.Мағауин «Қияндағы
қыстау», 37-бет)
«A living dog is
better than a dead lion» (From the Bible)
"Haslit was
unable to appreciate the writer till he was dead-that he thought a dead ass
better than a living lion".
Мақал-мәтелдердің
жеке элементтері ғана сақталатын инварианттар:
«Өтіріктің
құйрығы бір-ақ тұтам, Есеней оңай
түсінді... Қазақ айласының құйрығы
бір-ақ түтам (Ғ.Мүсірепов Ш.Ж, 5-том, 400-бет)
"The last straw
breaks the camel's back" "He can't stand to the last straw"
(Martin Eden, p 45)
Компоненттерінің орнын
ауыстыруына байланысты инварианттар: Ақсақ қой
түстен кейін маңырайды.
- Уай, жарандар! Бұл түстен кейін
маңырайтын ақсақ қой дейсіңдер ғой.
(М.Әуезов, Абай жолы 1-том, 82-бет)
"All is not gold that glitters"
It will be an age
not, perhaps, of gold but at least of glitter (Arnold "The English Word)
Мақал-мәтелдерден
біз белгілі бір халықтың этнос болмысын, оның
рухани-заттық мәдениетін, дүниетанымын,
салт-дәстүр, әдет-ғүрып, наным-сенімін, т.б.
туралы бай информация табамыз.
Айтылған сөздер, үзінділер халықтың көңілінен шығып, кең қолданысқа көз болса бірте-бірте қанатты сөзден мақал-мәтелге айналады. Шекспирден алынған кейбір үзінділер қазақ тілінен өз баламаларын тауып жатады: Brevity is the soul
ofwit- Аз сөз-алтын.
Rieh gifts are poor when givers prove unkind –
Ғайыптан тапқан алтыннан
ақсақал берген бата артық, қайыры жоқ
жақыннан жаңы жақсы жат артық.
Аудару барысында
мақал-мәтелдердің тілдік табиғатын кешенді-
жүйелік зерттеуді енгізу қажеттілігі халықтық
мәдени дүниесін бейнелеп, тілдік құбылыстарды
күрделі және кешенді зерттеу барысының дамуымен тығыз
байланысты. Көркем сөз
өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары
санатына жататын мақал – мәтелдер мән – мазмұнның
тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен
ерекшеленеді. Сондықтан аударма көлемінің
ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер
нақты да күрделі ойдың себеп – салдарын, халықтың
өнер тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін
қатар білдіреді. Қорыта айтсақ, мақал мен мәтел
аудармасында халықтың тарихы, саяси өмірі, тыныс – тіршілігі,
дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан –
жақты көрініс табуы тиіс.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ
мақал-мәтелдерінің жасалуыңдағы
этнолингвистикалық уәждері//Түркітану мәселелері:
бүгіні мен болашағы. Халықаралық
гылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы: Қаз. мем.
қыздар педагогика институты, 2001, 236-239 б.