Филологические науки/2. Язык, речь, речевая коммуникация
Филол.ғ.к.,
доцент Мұратбек Б.Қ.
Қ.Жұбанов
атындағы АӨМУ, Қазақстан
Бағалау категориясы және лидерлер имиджі
Баға адамның іс-әрекетіне
беріледі. Бағаланушы
басты бейне,
бағалаудың маңызды объектісі
- адам, адам өмір
сүретін
қоғам,
адамдардың
іс-әрекетінің
нәтижесінде пайда болатын
-
қоғамдық
қарым-қатынастар.
Объект –
адам-адамзаттық
деңгейдегі
түрлі
құндылықтарды
бойына жинақтаушы. Осы
құндылықтарды
екінші бір адам
немесе адамдар тобы
бағалайды, бағалау арқылы кез-келген
аламның,
айталық, басқарушы-
лидердің іс-әрекеті мән
мен мағынаға ие
болады. Ғылыми
баға категориясы бойынша
бағалаудың
субъектісі өзінше дара
тұрған тұлға я
болмаса бір ұжымның өкілі
болуы да мүмкін.
Имидж - ағылшын сөзі. Қандай
да бір болмасын тілдік тұлға, тіпті саяси қайраткер түгіл кез-келген
тауардың да өзіндік имиджі болады.
Сондықтан имидж - баршаға әрі
барлық заттарға ортақ
құбылыс.
Имидж сөзі
әр түрлі сөздермен тіркесе келе түрлі-түрлі мағынада жұмсалады. Мысалы, лидер
имиджі, мемлекеттің
имиджі, парламенттің имиджі,
т.б. Лидер имиджі
саясаттанушылар, саяси
психологтар, маркетологтар,
әлеуметтанушылар, журналистер мен тілшілер
тарапынан зерттелетін пәнаралық ұғым. Өйткені,
лидердің жеке басы
саясаттанушылардан бастап тарихшыларды, ғалымдарды үнемі
өзіне тартып отыратын
нысан. Ол қолына биліктің тұтқасын
ұстаған
жоғары мәртебе иесі
ретінде қашан да
болсын
өзгелердің
көңілін
бұрып келеді. Себебі,
лидер – түрлі
өзгерістердің
әсеріне жауап беріп
қана отыратын адам
емес, сол өзгерістерді дүниеге
әкелуші және соңынан ерген
адамдарға, алуан түрлі
және алуан бейнемен
өмір сүретін қоғамға ықпалын жүргізуші
тұлға.
Имидж экономикалық және саяси категорияларға ажыратылады. Саяси имидж өз
ортасына жағымды көрінуден басталады. Имидж екі түрге
бөлінеді: идеалды имидж
және шынайы (реалды)
имидж. Имидждің осы
екі түрінің де қалыптасуы лидердің өзіне
байланысты, дегенмен имидждің қалыптасуы лидер туралы
ақпарат жеткізуші, қоғамда резонанс
тудырушы ақпарат құралдарының қызметінің нәтижесі. Ал қоғамдық
санаға әсер етудің эффектілігі визуалды, манипуляциялы, позитивтік
және метафоризациялы тәсілдер арқылы
жүзеге асады. Қазақ тілінде лидер имиджі
мен лидердерге тән
оң// теріс
мінездемелердің
метафоризациялы
тәсілі арқылы бұрыннан қалыптасып
келгендігі мынадай қанатты сөздерден-ақ
көрініс береді: Жаман
басшыдан
жақсының
сілтеуі артық; Ақыды
басшы алдырмас; Ханда
қырық кісінің ақылы
бар; Патша залым болса,
жұрт тозады, патша ғалым
болсағ жұрт озады; Ұлық болсаң, кішік бол; Ханның екі сөйлгені өлгені т.б.
Тіл-тілдегі метафора
мінездеме беруге, әсіресе лидерге мінездеме беруге
аса қолайлы, өйткені метафораның
тууының өзі адам
сезімімен ұштасып жатады.
Өзінің ішкі сезімін,
әсерін адам мен
адам қарым-қатынас кезінде
сыртқа шығара алады,
сол кезде метафора тілде
жаңа мағыналы сөздердің туындауына,
көп мағыналық
пен эмоциональды –
экспрессивті лексиканың дамуына
жағдай тудырушы қолайлы «ортаға» айналады.
Біз ендігі
кезекте лидер имиджінің бағалауыштық лексика арқылы қалай
қалыптасатынына назар салып
көрейік. Таза
лингвистикалық тұрғыда,
ғылыми тұрғыдан
бағаның субъектісі –
мемлекет лидері, тұлға, жай
тұлға емес, айрықша тұлғалар
тобы. Тұлғаның
имиджі бейнесі қандай сөз қолданыстары, дискурстың қай түрі арқылы қалыптасып жатыр?
Бағалау шынымен де
интеллектуалдық- психикалық
акт болып санала
ма? Кімдер бағалауда?
Қалай бағалауда? деген сұрақтар да
туындайды.
Елбасы туралы
сөз айтуды интелектуалдық-психологиялық акт
деп білеміз. Ал
президент
іс-әрекетіне
баға берушілер туралы
біраз тілдік ақпараттар «Тәуелсіздік
толғауы» атты
жинақтан алынды. Олар жас
жағынан болсын, кәсіби мамандығы жағынан болсын, ғылыми атақ- дәрежесі, қоамдағы беделі
жағынан болсын, әр
түрлі, бірақ олардың бәріне лидер имиджін
қалыптастыруға
ат салысуы үшін
мүмкіндік беріп тұрған ортақ критерий бар. Ол -
ел Президенті туралы
сөз қозғап,
оның іс-әрекетіне баға
беріп жүрген авторлардың бәрі дерлік интеллигенция өкілдерінің
болуы. Өйткені, президент
іс-әрекетін бағалау үшін
баға берушінің абстракциялық ойлау
қабілеті жетілген,
қоғамдағы болып жатқан түрлі саяси ойындардың , әлеуметтік-саяси астарын
аңғаратындай
біліктілігі бар, әлеуметтік ситуацияны объективті
бағалай білетін адам
болуы қажет.
Сондықтан да жоғарыда айтып
өткеніміздей, саяси баға
беру үшін адамның жан-жаөты
жетілгендігі,
тұлғалық «мені»
болуын керексінеді.
Академик З.Қабдолов былай дейді:
«Қаламгердің қаһарманы-қайраткер.
Біздің қаламгер ретінде бұл жолғы айтар сөзіміз де әншейін қара-қалтай қазақ емес,
қайраткер туралы болғалы отыр. «Тәуелсіздік
толғауы» сонда
ғана кенен сыр мен
кемел сөзге суарылмақ». Академик қазақтың жүріп
өткен тарихын шола отырып, тәуелсіздік жолындағы күреске
қатысты көптеген
фактілерді констатация ретінде
береді. Сонда тәуелсіздікке қол жеткізу үшін жан пида еткен,
өмірі өксіген талай
заңғар
ұлдар мен замана
дүлдүлдерінен
өткен
«Қазақ
мемлекетінің
сңғы он жылының тұтқасын ұстап, туын көтерген
тұрлаулы һәм тұғырлы Тұлғасы –
тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың» айбынын арттырып
тұрған ел тәуелсіздігіне қол
жеткізгеніміз екен. Әрине
адамның
әс-әрекетінің
нәтижелі, оның ішінде оң нәтижелі
болғанына не жетсін! Өйткені Президент
ғалым-жазушы
бағалауынша: «өзі
дәуірлеген жұлдызды жылдарында
қарекеттің
көзге көрінер, қолға ұстар
нақты
нәтижелерін сарабдал сынға
салды, бұра тартпай байсалды
пайымдады, сөйтіп
барып өзгеден ерек, ортасынан бөлек дара келбетке» - ие болДЫ.
Автор сөз саптауындағы «Тұғырлы Тұлға» тіркесі қазір кез-келген БАҚ құралында жиі
қолданылады. Өйткені,
бағалау категориясы публицистикалық стиль
құрылымын
түзуге қатты ықпал
ете алатын категория,
әрі ол белгілі бір
мақсат-мүддеге
бағындырылады. Ал кез-келген
лексеманың белгілі бір
жағдай, белгілі бір
адамға байланысты контекстерде жиі
қолданылуына орай әлеуметтік сипаты айқындала,
айшықтала,
бағалауыштық
бояуы қоюлана түседі.
Оң //
жағымды немесе кері //
жағымсыз мағына семасына, «қанына сіңіп
қалған» сөздер
аз емес. «Тұғырлы» және «тұлға» деген
сөздер о бастан-ақ
жағымды мәнді тілдік
бірліктер болып табылады. Тіпті қолданыс жиілігі аз
болған күнде де
өз бойына
жағымсыздықты
жұқтыра қоймайтын сөздер санатына
енеді. Өйткені
адамның
іс-әрекетінің
жасампаздығына
байланысты
қазақ
ұғымындағы
үнемі оң көзқараспен қабылданатын
сөздердің бірі.
Академик сөз
саптасы, баға беруі
тіл-тілдің
кез-келгенінде бар, баға
берудің универсал элементтері
болып табылатын жақсы
және жаман сөздерімен шектелмейді. Тек жақсы
я жаман десек, идеалды анық
көрініске қол жеткізу
мүмкін болмай, ой күңгірттенер еді, ондайда оқырман бағаны өзінше
қайта
бағалайды. Ал әр
оқырманның,
әр адамның өз
интерпретациясы, өз өресі, өз қабылдауы бар, ой
күңгірттігі
белең алғанда, қарапайым сөзбен
айтсақ, әр
пенденің жеке көзқарасы сөйлейтінін ескерген жөн.
Сондықтан лидер іс-әрекетіне баға беруде идеалды
анықтық қажет, соған
қол жеткізу сұранып тұрады. Себебі,
саяси баға берудің бір критерийі – осы
идеалды ашықтық.
Сондықтан да ашықтық, айқындық жағынан алғанда
академик бағасы идеалды
немесе ашық бағалау үлгісінің
бірі дер едік.
Баға беруде
қысқалық пен
нұсқалығы,
нақтылығы басым, лидер іс-әрекетін оның
имиджін жасаумен шеберлікпен
ұштастыра білген енді
бір автор -
марқұм академик М.Қозыбаев. Баға
категориясын
президенттің
іс-әрекетін санамалау арқылы иллокутивті актілер
жиынтығы етіп көрсетудің, астын
сызып айтуға тұрарлық фактілер
келтірудің, оларға
талдау жасаудың, тарихпен
байланыстырудың не екенін
академик М.Қозыбаев пікірін
оқи отырып жақсы аңғарамыз. Ол: «Он
жыл ішінде Н.Ә.Назарбаев ел билеу
ісінің әлемдік тәжірибесін игерді. Бірақ
ол тәжірибеге өзіндік сипат, серпін берді, бірақ Қазақ
мемлекетіне тән тәуелсіздік көшінің
маршрутын жасады» - дейді. Жыл
жүгі, Ата тарихты ардақтау,
Достық дастаны,
Тағылым деп аталатын
бөлімдерден
тұратын сараптама баға
қоғам
дамуындағы кешенді өзгерістерге, онымен
астарлас Президент іс-әрекетіне талдау жасауы, нақты
фактілермен сөйлеуі,
цифрларды келтіруі,бағалаудың
құр комплимент емес, керісінше байыпты зерттеу, ой анализінің нәтижесі
екендігін дәлеледей түседі.
Екі автордың да бағалауы дискурстың негізін
құрайтын
сөйленіс
актілерінің топтамаларынан тұрады. Маркерленген дискурс
дискурс кіріспесінен, медиальды
немесе біртіндеп кеңейетін, сөйтіп дискурс
әрі қарай жалғасын табатын актіден,
финалдан немесе қорытынды актіден тұрады.
Қорытынды сөздері адам
эмоциясына әсер ететін
пафосты сарынмен: Тәуелсіздік гимнін қосыла шырқауымыз керек - деп аяқталуы сөзіміздің
дәлелі. Академик М.Қозыбаев сөзі
өткенге көбірек
үңілу,
сараптауға бой ұру, яғни ретроспективті тілдік акт
болса, З.Қабдолов сөзі
келесі дискурске барар
жолды ашық нұсқайтын болашаққа көбірек көз тігетін проспективті тілдік акт деуге
әбден сиятын дүниелер.
Дәстүрлі көзқарас бойынша
идеологиялық
бағаның
базистік типі құптау,
мақұлдау, жоққа шығару, кінәлау, мақтау, жағымпаздана
комплимент айтудан тұрады. Біз екі автордың сөзін
де құр мақтау, комплименттен ғана
тұрады дей алмаймыз.
Бағалаудың енді
бір түрі - мәдени-тарихи этносипатты
тілдік акт. Филол.ғ.д., проф. Ж.Дәдебаевтың
«Ел және Елбасы»
туралы толғанысы әрі
универсалды, әрі қазақ халқының
этностық ерекшелігі ескеріп
жазған дүние деуге толық
негіз бар.
Адресатының айқын
немесе жасырын болуына
бағалау категориясын білдіретін
тілдік актілер адресатқа тура
бағытталған
немесе жанама яки
адресаты белгісіз түрде
келеді. Елбасы аты анық
аталып, адресаты толық
көрсетілген бұл мақала несімен
айрықшаланады десек,
тіл ұшына оралар
алғашқы дәлел -
ұлттығымыздың
символы ұлы Абайдың сарынымен
жазылғандығы.
Бұл мақаланы оқи отырып, тіліміздегі
саяси лексиканың
санаға сіңіп кеткен
қасаң ресми сөздермен бірге эмоциясы басым
тілдік бірліктер қызметінің жандануы
арқылы толыға алатыныны
және лидер имиджін
жасаудың ұлттық
сипатының басымдық таныта
бастағандығын
байқаймыз. Ақыл, қайрат, жүректі лейтмотив етіп
алған автор саяси
өзгерістер мен әлеуметтік өзгерістердің,
Елбасының
Қазақстан
үшін төккен терінің, кешкен
бейнетінің
бағасын осы үш
тағанға
сүйене отырып жеткізеді. Елдің этникалық ерекшелігін білдіретін
айдын жарыстыру, айбын
салыстыру, асыл ақыл, қайсар қайрат
сөздері
Елбасыға беріліп отырған бағаның
оң// жағымды
шкаласының салмағы басымдығын көрсетеді. Бағалаудың ұлттық
сипаты толарсақтан саз
кешу, тоқтамай тартып орындауға қас
үлектен туған қатепті қара нардың да
белі шыдамас, тауқыметке төзу, асқаралы
ақыл, ыстық
қайрат, нұрлы жүрек
иесі т.б. бірқатар бағалауыштық
сөздерде барынша анық
көрінеді. Бұл
бағалау-мақаланың
сарыны бөлек,
үні өзгелерге ұқсамайтындығы елдің
әлеуметтік жағдайы, экономикасы байланысты
цифрлар тізбегін есеп-қисаппен емес,
сөз өнерімен ұштастыра алуында, қабыстыра
білуінде дейміз.
Қорытындылай
келгенде, лидер имиджін
қалыптастырушы азаматтар
- ой
еңбегінің адамдары.
Оларға логикалық ойлау
тән. Қалыптасқан
ғылыми
көзқарас бойынша,
бағалаудың
семантикалық түрі баға
абстракциясының
төменгі сатысында тұрады да, логикалық
түрі жоғары абстракцияның еншісіне
тиесілі.
Тіліміздегі бағалау категориясы,
бағалауыштық лексика лидер имиджін қалыптастырудағы
басты доминант деуге
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Оразов М. Қазақ тілінің
семантикасы. Алматы: «Рауан» , 1991.
2. Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы).
–Алматы: «Арыс», 1999.