Құтымбетова
Э.Қ.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазіргі қазақ тілінде
көмекші есімдер өзіндік қолданыс ерекшеліктерімен
құрамы жағынан
толығып, дамып келеді. Ғалымдар қазақ тіліндегі
көмекші есімдерді Орхон-енесей жазбаларынан бері келе жатқан он екі
көмекші есімнің он бірінің толық (фонетикалық
өзгешеліктерді есепке алмағанда) сәйкестігін көрсетеді
[1,203].
Қазіргі қазақ тіліндегі
көмекші есімдердің лексикалық мағанасын бірде
сақтап атауыш сөз (зат есім) қызметінде
жұмсалатындығы, бірде сол лексикалық мағанасын
солғындатып, дерексіздендіріп, дербес лексикалық мағынасынан
айырылып, ілік септіктегі зат есімнің жетегінде тұрып, соның
мағынасын нақтылайтын көмекші сөз қызметінде
қолданылатындығы анық. Сондықтан да көмекші
есімдердің құрамына енген сөздердің екі
жақты қасиеті бар екенін көрнекті түрколог ғалым
Н.К.Дмитриев ерте кезде-ақ
аңғарған: «...башқұрт тілінде көмекші есімдер
деп екі жақты қызмет атқаратын есімдерді атауға болады,
бірінші – тура, яғни өзінің негізгі материалдық
мағынасы бойынша қолданылады, екінші – көмекші, яғни
кеңістік қатынастың әртүрлі реңктерін
білдіретін басқа абстрактылы мағынада қолданылады [2,229].
Мәселен, бас, іш, бет
сөздері адамның дене мүшелерінің атауы ретінде
қолданылып, толық мағыналы сөз – зат есім болумен
бірге, екінші бір зат есімнің жетегінде келіп көмекші сөз
ретінде қолданылады. Мысалы: Сотников басынан бөркін алып жанына
қойды (З.Шашкин). Жаспен
жуған бетімді, Күн шапағы құрғатсын
(М.Хакімжанова). Егер де олар ішке кетсе
адамның іші ауырады, тіпті сары аурға шалдығуы ғажап
емес (газеттен). Аюдың
жартастан асыла жатқан басы әрі салбырай ойға төне,
әлденеге ілініп тұр (С.Бегалин). Бұл мысалдарда
қолданылған бас, бет, іш
сөздері адамның, жан-жануардың дене мүшелерінің
атауы ретінде өздерінің тура, зат есім мағынасында
қолданылып тұр. Сондай-ақ, олардың
мағыналық дербестіктен ажырап, көмекші есімнің
қызметінде жұмсалуын да көркем әдебиеттерде жиі
кездесетін құбылыс. Мысалы: Кешегі
қалың бұлт аспаннан ыдырап, таудың басына ғана
шөгіпті
(С.Мұқанов). Бар
дейсің мұнда қандай сыр, Көк шыбындай көл беті
(Ғ.Қайырбеков). Теңіз
бетіне алтындай атты сәуле кең жайылып ойнап түсті
(С.Бақбергенов). Ауыл
құм ішіндегі жынысты қалың тоғайға келіп
қоныс тепті (С.Бақбергенов). Бұл мысалдарда бас, іш, бет сөздері
өздерінің дербес лексикалық мағанасынан ажырап, екінші
бір сөздің (таудың,
көл, теңіз, құм) жетегінде келіп, солармен
байланысты мағынаны білдіріп тұр. Дегенмен, бұл
сөздердің атауыш сөз ретінде
қолданылғандағы мағынасы мен көмекші есім
қызметінде қолданылғанда білдіретін мағыналарының
арасында байланыс сақталады.
Қазақ тіліндегі көмекші
есімдердің де бойынан осындай екі
түрлі қызметте жұмсалатын белгілерді байқауға
болады. Осыған орай проф. А.Ысқақов: «көмекші есімдер
деп лексикалық мағаналары бірде бүтіндей сақталып,
бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне
қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде,
кейде күрделі мүшенің құрамындағы
дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық
жағынан зат есімше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді
айтамыз»,– деген анықтама берген [3,144].
Көмекші есімдер бір затқа
қатысы жөнінен белгіленетін кеңістікті, мекенді атайды.
Сондықтан бұлардың мағынасы басқа бір атауыш
сөзге телініп жұмсалғанда ғана айқын
аңғарылады. Атауыш сөз бен көмекші есім сөз
қосылып нақты мекендік ұғым береді. Көмекші
есімдердің қолданылуы мен мағанасындағы бұл
ерекшелік осы сөздердің морфологияның дербестігіне де
әсер еткен. Олардың көпшілігі түбір күйінде жеке
жұмсала алмайды, ал енді бірқатары алды, үсті, арты, асты өзінің бастапқы
түбірінен адасып, тек
тәуелдеулі формада ғана қолданылады.
Проф. А.Ысқақов көмекші
есімдердің негізгі сөздерге үстейтін қосымша
мағыналары көбінесе көлемдік қатынастарды,
әредік, мезгілдік қатынастарды білдіретінін көрсетеді
[3,145]. Осындай семантикалық ерекшеліктеріне орай, көмекші есімдер
көбінесе көлемдік және мезгілдік мағыналарды білдіретін
барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік формаларында
қолданылады. Бұдан әрине көмекші есімдер атау, ілік,
табыс септік формаларында жұмсалмайды екен деген қорытынды
шықпасқа тиіс, өйткені олар ретіне қарай, қажетті
болған жағдайда, бұл грамматикалық септік
жалғауларының формаларында да қолданыла береді [3,145].
Енді көне түркіден бері келе
жатқан және жиі қолданылатын кейбір көмекші есімдері
талдап көрейік.
Асты:
Көне формасы – алты (асра тұлғасы
– үстеу). Орта ғасырдан былай тұлғалық
нұсқаларын қалыптастыра бастаған. Қазіргі
түркі тілдеріңде формалық вариаттары нақтыланып,
қызметі, қолданылу жағынан өзіндік өзгешеліктері
бар. Мысалы, түрік тілінде: Йатағынын алтына бакыйорлар – они
заглядывают под ее постель.... инке бир йортан алтында йатар – она спит под
тоненьким одеялом. ... гөзлүклеринин алтындан бакыйор – ...он
смотрит из-под своих очков [4,333]. Түркімен тілінде: Мен агажың
ашагына барярын – Я иду под дерево. Ол как астына дүшелен ширели
тәримиң бирини дартып алып ...атының ягырнысындан эңтерди
– Он вытащил из-под сушеных дыней один из пропитанных соком тярим и ударил им
по спине коня [5,426]. Ойрат тілінде: Дъер алдында ... – жер астында. Теректинъ
алдынанъ чай (құр) учуп чыкты [6,115]. Тува тілінде адак, алды
тұлғалары қолданылады: Аъттар ыяш адаанга турган – Лошади
стояли под деревом. Ыяш адаандан койгун үне халаан – из-под дерева
выскочил заяц. Машиналар сери алдынга турган – Машины стояли под навесом
[7,441].
Алды:
Түрік тілінде: ...гүзел бир сарайын капысы өнүне гелмүш – ... он пришел к дверям
прекрасного дворца. Капынын өнүнделер, карыпын өнүнде
дурдулар – Они перед дверью, они остановились перед дверью. Меһмет
топаллыйа топаллыйа маһалле каһвесинин өнүнден
гечийорду – Махмед, сильно хромая, проходил мимо кофейни (этого) квартала
[4,335]. Түркімен тілінде: Ол столуң өңуне гелди-де, гөзүндәки
әйнегиниң үсташыры Пөкгене серетди – Он подошел к столу
и поверх своих очков посмотрел на Покгена. Дерманы нахарың
өңүнден ичмели – Лекарство надо пить перед едой. Гөзүниң
өңүне гелди – көз алдына келді. Хемраны Саят
ханың алдына алып гелдилер – Хемраны Саятханның алдына алып келді
[5,429]. Ойрат тілінде: Барар алдында
бис айдарыбыс – барар алдында біз айтамыз. Балам тайынынъ алдына базып барды –
балам ағатайының алдына жақындап (басып) барды. Тува тілінде
ерекшеленеді. Мысалы: Ужар-хемениң баарында ужудукчу
тур – перед самолетом стоит летчик.
Синоним ретінде мурну (бұрын) сөзі жүрген: концерт мурнунда
беседа болган – Перед концертом была беседа [7,442-446].
Жалпы қорыта
келгенде түрік тілінде
көмекші есімдер «послелоги- имена» деп аталып, оның құрамына: үстү/үзери;
алты-асты, диби-түбі, өнү- алды; аркасы-арты, арды-арты,
йаны-жаны, ортасы-ортасы, арасы-арасы, даһил-іші, ичи-іші, дышы-сырты,
тысы; каршысы-қарсысы, незди-близость, алейһ-карсысы, уғуру-ушін,
жолында; һаккында-жайында, туралы; башы-басы,
йүзү-жүзі, беті; йолу-жолында, сайесинде-арқасында тұлғалары жатқызылған.
Мұнда араб-парсы тілінен енген «незди, алейһ,
һаккында, даһил, дерүнү»
лексемалары бар және сайесинде,
уғуруларқазақ тіліне сәйкес емес. Сонымен
бірге көбінде көрсетіле бермейтін «жолы»
тұлғалы көмекші есім де берілген. Мысалы: чожук йолуна – бала жолында (үшін), ватан йолында – отан (үшін) жолында [4,345].
Бұл сөз тілімізде көнеден
бері болғанмен, көмекші есімде қазіргі
кезеңде қалыптасқан. Жалпы 21 көмекші есімнің
14-і мағынасы мен тұлға жағынан қазақ
тілімен сәйкеседі.
Жалпы көмекші
сөздер тобының қайсысы болмасын қазіргі түркі
тілдерінің бірнешеуімен салыстырылып беріледі. Қазіргі
қазақ тіліндегі көмекші есімдерді алып қарайтын
болсақ, орхон-енисей жазбаларынан бері келе жатқан 12 көмекші
есімнің 10-ы толық (фонемалық өзгешеліктерді есепке
алмағанда) сәйкеседі. Мұның құрамына орта
ғасыр жазбаларынан 8-і қосылып, қазіргі тілімізде 40-тан
астам көмекші есімдер бар. Олар: айналасы, ақыры, алды, арасы,
арқасы, арты, асты, ауызы, аяғы, басы, көзіне, байрайы, беті,
бойы, етегі, жаны, жиегі, жүзі, жағы, жағасы,
көлеңкесі, қапталы, қасы, қарсысы, қыры,
маңы, маңайы, орны, ортасы, соңы, сырты, табаны,
төбесі, төсінде, төңірегі, турасы, тұсы,
түбі, тысы, ұшы, үсті, шеті, іші, іргесі және т.б.
Тіл элементері бір жақты
дамымайтындығы, оның түрлі қабаттарының да дамып
жататындығы, әр қабаттың заңдылығы
жеке-жеке өмір сүргенмен өзара тығыз байланысты болатындығы, бірі –
екіншісіне түрлі ықпал
жасап отыратындығы анық. Сондықтан кейбір ғалымдар
көмекші сөздердің атауыш сөздерден лексикалық
мағынасы жағынан ғана емес, грамматикалық
мағынасы жағынан, қызметі жағынан да ажыратылатынын
көрсетеді.
Зат есімдер, жалпы толық
мағыналы сөздер, көмекші сөз мағынасында
қолданылу үшін өздерінің мағына шеңберін
кеңейтіп, контекспен байланысты анықталатын мағынада
қолданылуы қажет. Нақтылы заттың,
амал-әрекеттің мағынасы сөздердің
мағынасының дерексізденуінде, дербестігінің әлсіреуінде
сөздердің көп мағыналық сипаты, көп
мағынаға ие болуы шешуші қызметінің бірі ретінде
көрінеді.
Әдебиет:
1. Молгаждаров
Қ.К. Көмекші сөздер тарихы. –Көкшетау, 2010. -419 б.
2. Дмитриев Н.К.
Служебные имена в турецком языке // Строй тюркских языков. – М.,
1962.
3. Ысқақов
А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы:Ана тілі, 1991. -384 б.
4. Кононов А.Н.
Грамматика современного турецкого литературного языка. –М.-Л.: Изд-во АН СССР,
1956. -571 с.
5. Грамматика
туркменского языка. Фонетика и морфология. –Ашхабад: Ылым, 1970. – 503 с.
6. Дыренкова Н.П.
Грамматика ойратского языка. –М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1940. -304 с.
7. Исхаков Ф.Г.,
Польмбах А.А. Грамматика тувинского языка. Фонетика и морфология. –М.: Изд-во
вост.лит., 1961. -472 с.