Философия/5Философия религии
Ислам - ғылым және білім діні.
М. А. Бесбаев
Республика Казахстан, ЮКО
Резюме
В
этой статье рассматривается значение науки и знания в исламе
Summary
This article
discusses the importance of science and knowledge in Islam
Кілт сөздер:
Ислам, дін, ғылым, білім, Құран
Ключевые слова:
Ислам, религия, наука, образование, Коран
Key
words: Islam, religion, science, education, the Quran
Біз ғылым мен
білім гүлдеген ғасырда өмір сүрудеміз. Ғылымның тез дамуы
нәтижесінде адамзат көптеген ұлы табыстарға жетті.
Ғылымды көпшілік шындық іздеу жолындағы ең басты
шарт деп есептейді. Бірақ он төрт ғасыр бойы бірде- бір
сөз түгіл нүктесі өзгермеген Құран
бүгінде өзінің қиссаларында ғылым мен
білімнің әртүрлі салаларынан хабар беріп, сонысымен шынында
ол Аллаһ Тағаланың сөзі екенін дәлелдейді.
Құранда ғылымның әртүрлі салалары бойынша
күрделі мәселелер туралы айтылған және де
Құранның түсуіне он төрт ғасыр болса да
қазіргі күнге дейін оның қиссаларындағы
ғылыми хабарлар эмбриология, физиология, астрономия, геология және
метереологиядағы жаңалықтармен толық сәйкес
келеді. Пайғамбарымыз Мұхаммедке /а.с./ Құран
түскен кезде арабтардың үлкен бөлігі сауатсыз
болған. Бұл кезде білім жағынан алда болған Рим
және Парсы цивилизациялары еді. Бірақ
Құранның түсуі арабтардың тез дамуына күш
беріп, оларды ғылым мен білім саласында көптеген табыстарға
жеткізді. Осыған мысал ретінде математика мен қазіргі күнге
дейін арабша атауы ағылшын, орыс және басқа тілдерде
сақталған алгебраны алсақ болады. Ал арабша цифралар аз
ғана батыс мәнеріне өзгертілген түрде қазір де
қолданылады. Өзінің еңбегінде белгілі исламтанушы Уильям
Монтгомери Уоот былай деген: «Арабтардың зерттеушілерін, ақыл-ойын,
көптеген әдеби және философиялық шығармаларын
толық алып қосып қарағанда, Европаның философиясы
мен ғылымы арабтарсыз қазіргі деңгейге жете алмаған
болар еді. Арабтар көне гректердің ақыл-ойын тек қана жеткізіп қана
қойған жоқ, соны ары қарай алға алып барып
дамытушы болып есептелді. Шамамен 1100 жылы европалықтар арабтардың
философиясы мен ғылымына енді назар аударғанда арабтардың
өзінде бұл ғылымдар жақсы дамып, гүлденген
шағына жеткен еді. Европалықтардың алға жылжуы
үшін ең алдымен арабтардың мәдениетін, ғылымын
үйреніп алу керек болды.»
Мұсылмандардың
ғылымда мұндай жоғары дәрежеге жеткізулерінің
сыры дін мен ғылымды қатар алып жүрулерінде еді.
Қасиетті Құранның
өзі адамзатты ғылым меңгеруге шақырады, ілім
үйренуді міндеттейді.
Ислам
ғылымының барлық салалары дамып, қалыптасуы үшін
өте мол үлес қосқанын заманауи ғалымдардың
бәрі дерлік мойындайды. Христиандық Еуропада ешбір жөні
түзу оқу орны, университеттер жоқ кезде, Ислам әлемінде
оқу орындары жан-жақты білім алған білікті мамандарды дайындауда
еді. Бағдаттан бастап Испанияға дейін созылып жатқан алып
аймақтағы мұсылман университеттерінде христиандар да,
яһудилер де сауат ашты, білім алды. Кейінірек осында
оқығандар Еуропаның оянуына түрткі болды.
Дін мен білім туралы
Уильям Джеймс былай дейді: «Адам білімді пайдаланса да дінмен бірге өмір
сүреді». Ал Альберт Эйнштейн болса: "Дінсіз – білім соқыр,
білімсіз –дін ақсақ"- деген. Адамзаттың ең
үлкен данышпандарының бірі, түрік
Ұлықбектің абсерваториясының маңдайшасында Хз. Мұхаммедтің
"Әрбір мұсылман күнсайын білімін арттыруы керек. Екі
күні өзгеріссіз, бірдей болып өткендер – бізден емес "
деген хадис жазулы тұр.
Ислам – ғылым
мен түсінік діні. Аллаһ тағала түсірген ең
алғашқы аяттың «Оқы!» деп бастауының өзі
–бұл діннің барша адамзатқа әу бастан- ақ ілім
нұрын шашып келгендігінің бұлтартпас айғағы.
Пайғамбарымыз Мұхаммед /а.с./ « Ғылым үйрену –
әрбір мұсылманға парыз» - деп, білім алудың әрбір
мұсылманға жүктелген міндет, Аллаһтың
алдындағы борышы екендігін ескерткен. Сол себепті ислам ғұламалары
әрқашанда ілім алуды ғибадатқа балаған.
Ислам діні
ғылым – білімді өте жоғары бағалайды, айрықша
назар аударады. Сондықтан Мұхаммед /а.с./ пайғамбарымыз Бәдір соғысында қолға
түскен тұтқындарға: "Кімде-кім он мұсылманды
жазу, сызуға, оқуға
үйретсе, тұтқындықтан босатылады " – деген
ұсыныс жасаған. Осылайша Пайғамбарымыз/а.с./
тұтқындар үшін алынатын құннан гөрі
ілім-білімді жоғары санаған.
Ол кісі және былай деген: " Кімде-кім білім іздеп жолға
шықса, сол арқылы Аллаһ оның жәннатқа барар
жолын жеңілдетеді. Білім ізденушіні қолдау үшін періштелер
оны қанатымен көмкереді. Білім іздеушіге жер мен көктегі
барлық нәрсе, тіпті судағы балықтар да жарылқау
сұрайды. Жұлдыздардың қасында айдың қадірі
қандай болса,(білімсіз) ғибадат етушіден білімдінің
абзалдығы сондай. Ғалымдар- пайғамбарлардың
мұрагерлері, өйткені пайғамбарлар мұраға алтын. "
Құранда
Аллаһ :«Білімділер мен білімсіздер бірдей бола алады ма ?» деп
сұраса, Мұхаммед /а.с./
пайғамбарымыз:"Ғалымның ұйқысы
наданның ғибадатынан жоғары тұрады "- деп,
білімнің маңыздылығын атап өткен. Үйренудің
ерте, кеші жоқ. Тағы да бір хадисінде : "Бесіктен
қабірге дейін ілім үйреніңіз"- деп, Пайғамбарымыз /а.с./
кеңес берген.
Ислам дініндегі
білімнің маңыздылығы мына мысалда баяндалады.
Пайғамбарымыз/а.с./: «Мен - білімнің қаласымын, Али - ол
қаланың есігі» дегенінде Харижиліктер Хазіреті Алиді
қызғанып, араларынан он кісі жібереді. Олар Хазіреті Алиден бірдей
он сұрақ сұраймыз, егер бәрімізге әртүрлі
ұқсамаған жауаптар беретін болса, оның ғалым
және жоғары екенін түсінеміз деді. Он кісі Хазіреті
Алидің жанына келді. Біріншісі: «Ей Али! Білім абзал ма, мал-мүлік
абзал ма»? –деп сұрады. Хазіреті Али: « білім абзал»- деді.
Дәлелің не? – дегендерінде Хз. Али: "Білім
пайғамбарлардың мұрасы, ал мал-мүлік болса, Харун мен
Перғауынның мұрасы! " - деді. Екіншісі:"Ей Хз. Али,
білім абзал ма, мал-мүлік абзал ма? "- деп сұрады. Хз. Али: "Білім абзал, өйткені
білім адамды сақтайды, ал мал-мүлікті адам қорғайды!
"- деді. Үшіншісі дәл сол сұрақты қойды, оған
да: "білім абзал, өйткені дүниесі көптің
дұшпаны көп, ал білімі көптің достары көп! "
– деді. Төртіншісінің сол сұрағына: "Білім абзал,
өйткені мал-мүлік жұмсалған сайын азаяды, білімді
үйреткен сайын артылады! "- деді. Бесіншісіне: "Бай адам
көбінесе сараң болып саналады, ал ғалым құрметті
саналады! "- деді. Алтыншысына: "Дүние қарақшыдан
қорғанады, ал білім қарақшыдан қорғанбайды!
". Жетіншісіне: "Мал-мүлік тұрумен ескіреді, білім
тұрумен ескірмейді! ". Сегізіншісіне: "Дүние
кісінің жүрегін қартайтады, білім болса нұрландырады!". Тоғызыншысына: "Бай малымен
тәкәппарланады, білімді тәкәппарланбайды! ".
Оныншысына: "Мал жүректің қатаюына себеп болады, білім
жақсылыққа себеп болады!". Осыдан кейін Хз. Али айтты:
"Дүниеден өткенге дейін осы сұрақты
жалғастырып сұрай берсе, бәріне әр түрлі жауап
берер едім". Он кісі бұл жауаптардан кейін Хз. Алиға мойын
ұсынды.
Білімсіз, білімнен
жырақ қалғандарды Қ.А.Ясауи атамыз надан дейді
және хикметінде былай дейді:
Алдымен
жақсылар кетті, жалғыз қалдым,
Надандардан бір
жақсы сөз естімедім.
Дана кетті
надандардан шектім жапа,
Жол таба алмай,
адасып қалдым міне,
Тағы бір
хикметінде:
Құл
Қожа Ахмет ғалымдарға қызмет қылғын!
Ғалымдардың
сөзін естіп, амал қылғын!
Амал қылып
хақ жолында жаныңды бер!
Амалсыздар дидар
көрмес ей достарым!
Намык Кемал
Зейбектің «Қожа Ахмет Йасауи жолы және таңдамалы
хикметтер» атты кітабында білім туралы былай делінген: «Білім
ақиқатқа ұласуды, болмысты тануды қамтамасыз
етеді. Болмысты танудың жолы – білім жолы. Болмысты танығандар
өздерінде таниды. Өзін танудың жолы да білім. Алла – шексіздік. Шексіздік тікелей
өзі танылмайды. Бірақ , Оның Жаратқандарын тану
арқылы Алла туралы танымыңызды
арттыруға болады. Бұл таным жолы да білім арқылы
жүзеге асады. Ең қажетті білім – ғылыми таным,
яғни, ғылым әдістерімен игерілген білім».
Білім беру
тәрбиемен ұштасу керек. Бұл орайда әл-Фараби бабамыздың
тәрбиесіз берген білімінің болашақта үлкен апатқа
ұрындыратыны туралы ойын естен шығармаған жөн:
"адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз
берілетін білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның
өміріне және қоғамға үлкен апат
әкеледі". Абайдың көптеген өлеңі мен
қара сөздері адамның қас жауы болған
надандықты әшкерелейді: "Шала оқудан не жардық,
Қалған соң құр надан?"
"Наданның
көңілін басып тұр қараңғылық
пердесі. Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ
шаруасы".
Жалпы дін, білім, тәрбие мәселесі
бір-бірімен тығыз байланысты. Жас ұрпақ дінін біліп, білімін
меңгеріп, дұрыс тәрбие алу қажет. Ол үшін
дініміздегі құндылықтарды меңгеруіміз керек және
де Ислам ғылым мен білім діні екенін, діннің білімге үлкен
мән беретіндігін ұмытпағанымыз жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Фиқһ әл-ғибадат/құарст..
Р.С.Мухитдинов. –Алматы: « Кәусар-саяхат»ЖШС,2010
2. Намық Кемал Зейбек: Қожа ахмет Йасауи жолы және
таңдамалы хикметтер.«Бойут-Таң»
Анкара. 2003
3. Рүстемов Ж. Ә. Ислам
жайлы қате түсініктер. «Парасат ғылыми аударма- зерттеу
орталығы» Шымкент.2006
4. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы/ Ш.Қ.
Қарабаев –Алматы: Экономика, 2009