Политология / 10. Региональные политические процессы
Оспанова А.Н.
Бейсенова П.М.
Астана, Казахстан
Қазақстан - АҚШ қарым-қатынасының
қалыптасу мен дамуы
Бүгінгі
таңда ең қуатты әскери-саяси және
экономикалық әлеуетке ие болып отырған АҚШ
әлемдегі және оның түрлі өңірлеріндегі,
соның ішінде Орталық Азиядағы да, стратегиялық
тұрақтылықтың жай-күйіне көп ретте шешуші
ықпал етіп келеді.
АҚШ-тың
Орталық Азиядағы елдермен сан қырлы
ынтымақтастығы өңірді экономикалық
дамытудың, өңірлік және халықаралық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы болып
табылады. Вашингтонның Орталық Азиядағы саясаты
мүдделердің үш тобын: қауіпсіздік саласындағы
ынтымақтастықты, экономикалық және саяси реформалар
жүргізуге жәрдемдесуді, сондай-ақ сауда-экономикалық,
ең алдымен, энергетикалық саладағы
ынтымақтастықты көздейді. Бұл тұрғыда таза
прагматикалық және өзара тиімді стратегиалық мысалын
Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас
көрсетіп отыр. Бірінші кезекте бұл біздің елдеріміздің
екі жақты да, сондай-ақ көп жақты да
ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы
бойынша мүдделерінің сәйкес келуінен туындап отыр.
АҚШ
Қазақстанның тәуелсіздік алғанын 1991
жылдың 25 желтоқсанында таныды, бір күн өткеннен кейін
екі мемлекеттің арасында дипломатиялық қатынас орнатылды.
Содан бергі уақыт ішінде мемлекеттер аса ауқымды
стратегиялық әріптестік деңгейінде бірлесе қимыл жасап
келеді. Бүгінде Қазақстан мен АҚШ-тың
ынтымақтастығын дамытуға бағытталған 94
келісімнен тұратын құқықтық берік база
жасалды. Оның 30-ы – ведомствоаралық. Үкіметаралық
және парламентаралық делегациялар алмасылып, жоғары
деңгейдегі диалогтың сапасы артты. Сонымен қатар
біздің еліміз халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету ісінде АҚШ-тың маңызды әріптесі
болып табыладых [1] . Бұл ретте, ең алдымен, біздің
еліміздің Ауғанстан мен Иракты тұрақтандыру
үдерісіне қосқан үлесін еске салған жөн. Ал
Қазақстан үшін Америка Құрама Штаттармен
өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту сыртқы
саясаттағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, АҚШ пен
сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту республиканы
тұрақты да өскелең дамытуға жәрдемдесетін
факторлардың бірінен саналады. Мұны Қазақстан экономикасына
тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлеміндегі
АҚШ-тың үлесі 30% шамасын – 12 млрд. доллардан астамды
құрайтыны да дәлелдеп отыр.
Қазақстанның
АҚШ-пен экономикалық саладағы өзара
ықпалдастығы бүгінде біздің еліміздің алдында
тұрған әлемнің бәсекеге барынша қабілетті
50 мемлекетінің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетті
шешу аясында бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Іс
жүзінде сөз Қазақстанның аса ірі жаңару
жобаларын іске асыру туралы болып отыр және бұл тұрғыда
АҚШ-пен өзара ықпалдастық өте пайдалы бола алады.
АҚШ-тың
әлемдік экономикадағы көшбасшылық
тұғырға, ең алдымен, американ үкіметінің
соңғы 50 жыл бойына ғылым мен білім секторына ауқымды
инвестициялар салу нәтижесінде қол жеткізгені баршаға
мәлім. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, АҚШ-тың
II-ші жаһандық соғыс аяқталған кезден бергі
экономикалық өсімінің үштен бірі нақ осы серпінді
секірістік технологиялар арқасында жүзеге асқан. Осы
заманғы білім экономикасы жағдайында инновацияларды ендіру
арасындағы өзара байланыс бұрынғыдан да қауырт
жеделдікпен ұлғая түседі.
Қазақстанның өз
дамуындағы жаңа кезеңге аяқ басуы өзінің
негізгі әріптестерімен қарым-қатынасының сипатын
өзгертпеуі мүмкін еместігін атап көрсету керек. Бұл
ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне тән мысал
ретінде 40 млн. АҚШ доллары сомасына есептелген экономикалық даму
бағдарламасын іске асыруда Қазақстан Үкіметінің
ЮСАИД-пен әріптес болғанын айтқан жөн және
мұндай оң өзгерістер Қазақстан-Америка
өзара ықпалдастығының түрлі салаларына
қатысты болып отыр [2].
Қазақстан
мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста
Қазақстанның негізгі мақсаты – супердержаваны
өзінің аймақтағы тұрақтылық пен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін ең алдымен
эконмикалық және диломатиялық әдіспен дәлелдеу,
осы арқылы мәртебелі бонустар иелену болып табылады. Ал
АҚШ-ты демократияны дамытуға үлес қосу, инвестицияны
қорғауды қамтамасыз ету, терроризм мен есірткі тасымалымен
күреспен қатар, Қазақстанның Ауғанстанды
қайта қалпына келтіру үшін экспорттық
ағынға бейімделуіне қызығушылық танытып отыр.
Мұнай-газды тасымалдауда Қазақстан үшін маңызды
бірнеше бағыттар бар. Алғашқысы КТК – Солтүстік Каспий
мұнай құбыры, оның ең жоғарғы
өткізу мүмкіндігі жылына 67 тоннаны құрайды[3].
Қазір Қазақстан – АҚШ
қарым-қатынасындағы жаңа бір «фишкасы» – ол
әлемдік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан
қазір АҚШ-тың ықпалымен өзіндегі бар
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терроризммен күреске
қосылуда. Ал АҚШ осы үшін өз кезегінде
Қазақстандағы өтіп жатқан реформалар үшін
қолдау көрсетуде.
Қазақстан
– АҚШ қарым-қатынастары қазіргі заманғы
халықаралық жағдайдың мазмұнына үндес
келіп, көп салалы ықпалдастықты дамытуға
бағытталған кең ауқымды қамтиды. Жоғары
деңгейде тұрақты өткізіліп келе жатқан
дәстүрлі кездесулердің нәтижесінде қол
қойылған келісімдер – Демократиялық әріптестік туралы
келісім, Экономикалық серіктестік жөніндегі іс-қимылдар
бағдарламасы, «Қазақстан – АҚШ жаңа
қатынастары туралы» Бірлескен мәлімдеме және
Энергетикалық серіктестік туралы декларация және басқалары
екі жақты ынтымақтастықтың берік шарт-құқықтық базасын құрайды.
Екі елдің арасындағы
сауда-экономикалық қатынастар жылдан-жылға өсіп келеді.
АҚШ Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық
әріптесі. Мысалы, 2010 ж. екі ел арасындағы тауар айналымы 1 870,42
миллион долларға жетті. АҚШ-тың Қазақстан экономикасына
салған инвестициясы да уақыт өткен сайын арта түсуде.
Екі ел сауда-экономикалық байланыстар жасай бастаған 1993 жыл мен
2005 жылдың аралығындағы кезеңде
америкалықтардың салған инвестиция көлемі 11,468
миллиард долларды құрап отыр. Бүгінде
Қазақстанда америкалық капиталдың қатысуымен
АҚШ-тың 374 кәсіпорны және компаниялардың 91
өкілдігі жұмыс істейді. Сонымен қатар, америкалық «Шеврон
Тексако», «ЭксонМобил», «Филипс Петролеум», компанияларының
Қазақстан нарығында жұмыс істейтін шетелдік өзге
компаниялардың арасында алатын орны бөлек [4].
АҚШ-тың
біздің елімізбен көп
қырлы қатынастарын арттыра беруге құлшыныс танытып
отырғаны аңғарылады. Мұның тағы бір себебі,
бүгінде әлемдік саясаттың белсенді орталығына айналып
отырған Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттің туын
ұстап, аймақтағы лайықты әріптес екенін таныта
білген Қазақстанмен байланыстарын бекемдей түсуге
Американың алысты көздеген стратегиялық мүддесі жатқаны
анық.
АҚШ мына объективті себептермен Қазақстанмен
ынтымақтастық қатынасын дамытуға мүдделі:
а) геосаяси фактор: Вашингтон Орталық
Азиядағы саяси-экономикалық үрдістерге ықпалы
жасағысы келеді, ал, Қазақстан саяси
тұрақтылығы мен шаруашылық өсімі жағынан
өрлеп келе жатқан сенімді серіктес. Яғни, АҚШ,
Қазақстан арқылы Орталық Азияда өзінің
геосаяси мүдделерін ілгерілетуге құлықты.
АҚШ-тың негізгі көздеген мүддесі – оның
қазақстандық мұнай және газ ресурстарын Таяу
Шығысқа балама ретінде қолданып, энергетикалық
жағдайын алдын-ала қауіпсіздендіру және сақтандыру.
Америка Құрама Штаттары алдағы 5 жылда Қазақстан
экономикасына салынатын инвестиция көлемін 2 есе көбейтетіні жуырда
жоғары деңгейдегі ресми жиында мәлімдеді.
ә( қауіпсіздік
және терроризммен күрес: Қазақстан АҚШ-тың
Ауғанстандағы және Ирақтағы әскери
іс-әрекеттеріне жанама болсын, тікелей болсын тартылды. Екі жақты
қауіпсіздікті қатмамасыз етудің
келісімдік-құқықтық негізі салынды. Екі
елдің әскери басшылығының келісімінің
қорытындысы бойынша, екі ел бірлесіп, халықаралық
лаңкестікпен күресуге, шетел тілдерін оқытуға,
әскерилерді даярлауға келісті.
б(
демократияны ілгерілету: АҚШ еліміздің
демократиясын дамытуға, саяси реформалардың жүргізілуіне
мүдделі.Сол үшін АҚШ Үкіметі үкіметтік емес
ұйымдармен қатынасу арқылы әртүрлі қаржылық,
гуманитарлық, мәдени, денсаулық сақтау, адам
құқығын қорғау салаларындағы жобалар
мен іс-шараларды қаржыландырады. АҚШ-тың мақсаты –
азаматтық қоғамды құруға жәрдемдесу.
Осылайша, АҚШ-тың Қазақстанға қатысты
саясаты негізінде, АҚШ-тың геосаяси мүдделерін
қамтамасыз ету және энергетикалық қауіпсіздігін
қамсыздандыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен
терроризммен күресуге, сондай-ақ, саяси реформаларды және
батыс демократиясының мақсаттарына бағытталады.
Қазігі таңда АҚШ
елшілігі Қазақстан
Үкіметімен екіжақты және аймақтық
ынтымақтастықтың төмендегі мәселелері бойынша
жұмыс істеп келеді: сауданы дамыту, іскерлік қатынастарды
нығайту, демократияны тарату, гуманитарлық көмек беру,
қорғаныс пен қоршаған ортаны қорғау салаларында
бірге іс атқарылып жатыр.
Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы
арасындағы қарым-қатынастар – халықаралық қатынастардағы өзара
әрекеттесудің, дипломатиялық саясат жүргізудің,
әртүрлі оқиғалар мен үрдістерді
басқарудың көрнекі мысалы бола алады. АҚШ
халықаралық ұйымдар мен институттармен анық және
жүйелі ұйымдасқан жұмыс жүргізіп, еліміздің
демократиялық және жаңашылдық жолға түсуіне
90-ші
және 2000-ші жылдардан бастап-ақ
түрткі болып келеді. Еліміздегі ішкі саяси
тұрақтылықтың сенімді сипаты, мемлекеттің, халықтың
дамуға, батысшылдыққа оң қарауы, еліміздің
халқының саяси және экономикалық жақтан тез
әрі сәтті дамуы елдің сыртқы саяси бағытына
айтарлықтай өз пайдасын тигізді [5].
АҚШ
соңғы онжылдықта қазақстандық ішкі саяси
реттеуде, аймақтық саяси істерде, аймақтың
шаруашылықты ретке келтіру саласында алға үлкен секіріс
жасады; НАТО, ЕҚЫҰ сынды ұйымдардың аясында іс-әрекет
етуші белсенді субъекті болып табылатын алыпауыт ел Қазақстан
басшыларының белгілі бір іс-шараларды бастама етіп, көтерген
жағдайларда, ұйымдастыру мен реттеу мәселелерінде үнемі
оң қабақ танытып, өзінің Қазақстанмен
аймақтық мәселелерді шешуде бір қатарда екенін
әрдайім көрсетіп келді.
Қазақстанның
АҚШ-пен сауда, экономика, құрылыс, туризм, тасымалдау,
бизнес, капиталды салу, байланыс, экология салаларында жасайтын ортақ
жоспарлары, мүмкіндіктері келісімдер аясындағы міндеттемелері де
жетерлік. АҚШ Қазақстанды гуманитарлық, саяси,
экономикалық, ғылыми-техникалық жақтардан қолдау
саясатын жалғастыра бергені соңғысы үшін әлі де
аса тиімді әрі пайдалы. Орталық Азия мемлекеттерінің
мемлекеттік тұтастығы мен қауіпсіздік іс-шаралары
мәселелеріндегі белсенділігі жағынан АҚШ
Қазақстанмен белсенді және қыруар жұмыс
жүргізіп келеді [6].
Әдебиет:
1.Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. – 240 б.
2.Токаев К. Под стягом независимости: Очерки о внешней политике
Казахстана. – Алматы: Білім, 1997. – 736 с.
3.Иватова Л. США во внешней политике Республиуи Казахстан. – Алматы:
Стека, 2001. – 110 с.
4.Бакаев Л., Кыдырбекулы Д. Казахстан в фокусе геополитки США начала XXI века: проблемы и преспективы // США-Канада. –
2002. - №8. С. 75.
5.Тоқаев К. К. Внешняя политика Казахстана в условиях
глобализации. - Алматы, 2000. - 584 с.
6.Тоқаев К.К Дипломатия Республики
Казахстан. Астана: «Елорда»
, 2001. - 552 с.