Психология / Социальная психология
Бастауыш сынып мұғалімі
- Нұрқанатқызы
Ардақ
№10 мектеп-интернаты
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
ГИПЕРБЕЛСЕНДІ БАЛАҒА ТӘН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Қазақ ой-түйсігі өзгешелеу, балақтан басы
шықпай жатып баспын деген бүлдіршін көрсе
«ақырзаманның баласы» дейді, мұны ғылыми негізбен
сараласақ «индиго балалары» деп түсіндіре аламыз. Ал, гипербелсенді бала
терминінің танымал болғанына да көп уақыт өткен
жоқ. Бұл жәйтке психолог мамандар «СДВГ» (Синдром
дефицита внимания и гиперактивности) деген атау қойды. Индиго бала
дүйім халықтың ортасынан шыққан дара болса,
гипербелсенді бала әр шаңырақтан табылып қалады.
Гипербелсенді
баланың жалпы болмысын Б.Соқпақбаевтың кейіпкері,
әйгілі Қожамен салыстыра бағаласақ жетіп жатыр. Бұзық,
қыңыр-қырсық, ата-анасын өзгелерден (бауырларынан
да) қызғанады. Ақылды да, алғыр, тәп-тәуір
жағын жоғарыдағыдай кері мінездері жоққа шығарып
отырады.
Гипербелсенді балаға төмендегідей
мінез-құлық тән:
-
ұйқысы тұрақсыз, түннің бір уағында
да оянып, ойынын жалғастыра береді; энергиясының
көптігінен бір орында байыз таппай, секіріп, жүгіріп,
ұйқыға кеткенше дамылдауды білмейді; әлденеге
қызығушылығы жылдам өзгеріп, барлығын білмекке
ұмтылады; тез сөйлейді; өзгенің мазасын жиі алуына
байланысты қатарластарымен достаса алмайды; тек өзінің
қалауымен жүреді; өзінің үлкен бауырларымен
жағаласып, кішілерін жылатады; жүгенсіздігін айтып
балабақшада тәрбиешесі, мектепте ұстазы шағым жасайды.
Сондай-ақ, гипербелсенді синдромына
шалдыққан балалардың 90 пайызға жуығы кесар
тілігі отасы арқылы өмірге келгендер. Сонымен қатар, туысынан
сабырлы баладан аяқ асты гипербелсенді синдромы ұшырасуы
мүмкін, мұны психологтар отбасында болған жағымсыз
жәйттің нәтижесі деп те түсіндіреді.
Дәрігерлер гипербелсенді баланы сабырлы
тұрғыда тәрбиелеу үшін түрлі үйірмелерге
қатыстырған жөн деген пікірде. Сурет салу өнері мен
мүсін жасату, спорттық жаттығуларға ден салу олардың
бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып
тұруға көмектеседі. Оның бойындағы мол
күш-қуат қоры 13-15 жасқа дейін сейілмейді, сол
аралықта ата-анасы баланы жақсыға бағыттаса жақсы
азамат болып есейеді де, құлықсыз қараған
жағдайда өмір жолы қиын адамдардың қатарын
толтырады. Гипербелсенді бала алғыр және қиялы
ұшқыр боп жетіледі. Олар бастауыш сыныпта-ақ шет тілін
меңгереді, өнерімен таңдандырады.
Бүгінгі күні еліміздегі барлық мектептерде
арнайы психолог маман жұмыс істейді, олар атқаратын жобалар
барысында мектепті шулатып, терезе сындырып жүрген гипербелсенді синдромы
тән балалар да бар. Олар назар салу жетіспеушілігі синдромына
ұшыраған балаларды қоғамға лайықтау жолына
зер салып, ата-аналармен тығыз жұмыс жасауда.
Ал, екінші гипербелсенді баланың анасы психологтың алдында
өзінің садизмнің шырмауында жүргенін білмей жыламсырап
отыр: Баламның қыңырлығы мен
бұзақылығын қалай тежеуге болады, күніне бірнеше
мәрте таяқтасам да еш нәтиже жоқ.
Ұрып-соғудан өзім шаршап қаламын, ал, балам одан бетер
өрешеленіп барады. Психологтың айтқанына сүйенсек,
«ұрмасаң бала төбеңе шығады» деген тактика
гипербелсенділерге мүлдем кереғар. Баланың бойын кернеген
артық энергия одан сайын тасқындана түспек. Ұрсып,
қорқытып тәрбиелеу олардың түсінігіне жат,
оған мейлінше мол мейірім мен жылы сөз керек.
Гипербелсенді
баланың бойындағы өшпенділіктің (өз
қатарластарын сабауы, айырағашпен құстарды атуы) алдын
алмаса бұл әдетін есейгенде кең тұрғыда жасай
бастауы ләзім. Бірақ,
бұл дағдыны әлдебір қылмыскерлердің бойында
гендік тұрғыда сақталып келген тирандық мінезбен
әсте қатар қарастыруға болмайды, жүзге тарта
адамның өліміне себепкер деп танылған. Гипербелсенділіктің дауасы тек
қана өзіне назар аударту мен жылы сөз, мейірім.
«СДВГ» диагнозы қойылған
балалар көбіне-көп үздік оқушы, IQ деңгейі де
жоғары болып келеді. Және тағы бір ескерерлігі мұндай
балаларға қызыл түсті киім кигізуге болмайды, бұл
онсызда ұшып-қонып, байыз таппай жүрген баланы одан
әрмен шабыттандырып, шаршауын туындатады. Бұл
тұста баланың ойыншықтары да агрессивті сипатта
болмағаны дұрыс. Сонымен қатар, бала бойындағы
қызғаншақтық та гипербелсенді балаларда көбірек
кездеседі. Бүгінгі таңда
көптеген балалар «ерке», «тәкаппар» мінездерді жұқтырып
алған. Олар басқалардың өзінен жақсы болуын,
өзінен асып кетуін қаламайды, тіпті үнемі басқаларды
жазғырып жүретін болады. Қызғаншақтың
төмен дәрежелі сезім. Бұл баланың өсу барысына
өте зиянды болып келеді. Отағасы болу тұрғысынан
баланың осындай жан күйін байқаған сәтте дереу
түзетуге кірісу керек дейді мамандар. Күшті қызғаншақтық
психологиясы кезінде ана-ана оған көбірек көңіл
бөлуі, оның
бойындағы артықшылықты дер кезінде байқап,
мадақтау айтып шабыттандыруы керек
деген пікірлер де аз емес. Ата-ананың баланы мадақтауы орынды
болуы, асыра сілтемеуі, мадақты нақты дүниеге қарата
айтуы бек ләзім. Осы сәтте жөнін тауып бала кемшіліктерін
өзіне түсіндіріп беру де өте маңызды. Екіншіден,
осындай күйі қалыптасып үлгерген балалар үшін
ата-аналар өзі сияқты балалардың табысқа қалай
жеткенін айтып беруі керек. Олардың осы жолдағы еңбегіне
селқос қарауының алдын алу керек. Баладағы
ыңғайсыз күйді болдырмау үшін оның назарын тез
басқа жаққа бұрып әкету керек. Баланың
өзін қор санау, айналасына салғырт қарау сынды нашар
әдеттеріне қатаң сын айтып, қателіктерін өзіне
айтып тұру керек. Ең бастысы баланың өсіп-жетілу
барысында ондағы өзгерістерге жай қарамаған жөн.
Себебі, бұл өзгерістер оның болашақта толық адам
болып қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
ӘДЕБЕТТЕР:
1.
Сангилбаев О.С., Пірәлиев С.Ж., Қуаналиева
М.А. Өзін-өзі тану және дамыту. А., 2011