Таңатарова Ғ.Д

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекуеттік университеті

 « Психология» мамандығының магистранты

МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Бүгінгі таңда болашақ мұғалімді  өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы .

Осы орайда жаңа ғасырдағы оқыту технологиясының өркендеу, жаңашыл білім алу жолдары мен білім жүйесінің сабақтастығы т.б. мәселелер жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зерттеу нысанымызға алып отырған жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту үрдісі мен тәрбие жұмыстарының сабақтастығының озық идеясын бүгінгі білім заңына сәйкестендіре отырып пайдалану көзделді.

Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейдегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қабілетінің негізгі шарты болып табылады. Маман өзінің мамандық сипаттамасымен қажеттілік құндылық ретінде өзінің кәсіпшіл қызметін ұсынушы нарықтық қарым-қатынастар оъектісінің ролін атқарады.

Қарым- қатынас мәселесі ересек адамға ғана тән қасиет емес, ол жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым- қатынас жасау мәселесі педагогика және психология ғылымында тәлім- тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген зерттеу мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері оқушылар мен ересектер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар екенін көрсетті.Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, қарым-қатынас мәдениеті негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы – бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру. 
Біздің ойымызша, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы жоғары қалыптасқан азамат тәрбиелеуде қарым-қатынас мәдениетінің маңызы зор. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниенің қалыптасуына, іскерлік дағдыларын жетілдіруге негіз салады. Келешекте жалпы білім алумен қатар арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы мектепте қаланбақ. Мектептің негізгі міндеті жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, ынтасын арттырумен қатар жалпы азаматтық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, әр түрлі әлеуметтік және моральдық–психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында бойында ұлттық тәрбиеге бай жаңа жас ұрпақты қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестілігі күннен күнге артуда.

            Жастарды халықтық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі – ұлттық қасиетімізда танып-білу, соның негізінде қарым-қатынас мәдениетімізді қалыптастыру. Өзімізді-өзіміз танып, өзгелерге таныту, яғни ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымызды бүгінгі талаптарға сәйкес жүйелеп, байытып, дамытып басқаларға тарату арқылы өзіміздің ұлттық деңгейлерімізді көтере білу. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлау барысында ұлттық педагогика идеялары негізінде қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Қарым-қатынас – білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылығы ретінде қарастыруға болады. Қарым-қатынас – білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті азаматтық дүниетанымы мен сана-сезімін  жетілдірудің ерекше жолы. Ұлттық құндылықтарға негізделген қарым-қатынас орнатуына рухани –адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді.

            Ғұлама ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи т.б. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәселесіне, мәдениеттілік, оның қалыптасуындағы тәрбиелік істердің маңызына ерекше назар аударған. Қарым-қатынас мәдениеті жөніндегі маңызды пікірлер М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді.Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі: 
1. Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология (Оқу құралы) Алматы , 2001
2. Елеусизова. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1998
5. Жалпы психология: / ред. В.В.Богословский. Алматы. «Мектеп» 1980
6. Зимняя И.А. Педагогическая психология. М. «Логос». 2004
7. Итбаев Н.М. Жалпы психология. Ақмола. 19
97