Таңатарова Ғ.Д
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекуеттік университеті
« Психология» мамандығының
магистранты
МҰҒАЛІМ
МЕН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
Толыққанды
қарым-қатынас жан-дүниені көтереді, адамның
психологиялық — жанды потенциалдық толық жылуына жол ашады
және керісінше қарым-қатынастың жетпеуі, оған
деген қажыған қажеттілік адамдардың жалпы
психологиялық өзгерісіне әкеледі. Бәрі болмаса да,
адамдағы көптеген рухани, психикалық немесе әлеуметтік
аномалиялар — толыққанды қарым-қатынастың
жетпеуінен деп толық айтуға болады.
Жасөспірімдер мен
ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау
мәселесі-психология ғылымындағы және
тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі
күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада
жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта
жинақталған тәжірибелердің нәтижелері
жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер
арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай
ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті.
Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің
бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы
қарым-қатынас жасауда әрқилы
қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Бірінші
топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы
қарым-қатынастағы мұғалімнің адамгершілік
сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше
ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін
түсінуі. Мұндай қасиеттерді шәкірттер өз
ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал,
ұстаздардың бұларға немқұрайлы,
селқос, ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың
ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің
ұстаздық шеберлігіне байланысты қойылатын талап-тілектер.
Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі
балаларға оқу материалдарын жете түсіндіріп ұғындыра
алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер қолданып,
сабақты тартымды және қызықты етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық
жасөспірімдердің бірімен-бірінің өзара
қарым-қатынасына, олардың өміріндегі
күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сәтсіздіктеріне,
әр түрлі қоғамдық-көпшілік
жұмыстарға қатысуына байланысты көңіл
бөліп, мән беруі, ұстаздың класс жетекшілік
жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер,
мұғалімнің жеке басына тән
мінез-құлықтарының ерекшеліктерін атап көрсетеді.
Педагог
әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз
тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен
қарым-қатынасқа тез түсе білетін,
ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік
білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан,
өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді
араласып, өз елі-жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде
оқушыларға үлгі болуы керек.
Педагогикалық
өзара әрекеттің нәтижеге жетуі педагогтің
қарым-қатынас деңгейіне, оның кәсіби
біліктілігінің қалыптасуына, өзін-өзі дамыту мен
тәрбиелеуіне байланысты. Педагогтің
қарым-қатынас мәдениетінің стихиялы түрде
қалыптасуы оқушымен болатын қарым-қатынаста
түсінбеушілік тудырады. Сабақтың сапасын төмендетеді,
оқуға ынта болмайды. Педагогтің
коммуникативтік мәдениеті адамдармен қарым-қатынас жасай
білуінен байқалады. Педагогтің адамдармен тез арада тіл табыса білуі
оның коммуникативтік әлеуетінің жоғары екенін
көрсетеді. Педагог қарым-қатынас жасау кезінде өзін
ұстай біледі, басқа адамның өміріне еркін араласып кете
алады. Сондықтан қарым-қатынас жасай білмейтін педагогтар тез
шаршайды, өздерінің мамандықтарынан ләззат ала алмайды.
Педагогтің қарым-қатынас
мәдениеті оның өзін өзі тәрбиелеу мен
дамытуының дәрежесін байқатады. Оқушылар
педагогтің мәдениеттілігін, интеллигенттілігін, әділдігін, кешірімшілділігін
жоғары бағалайды. Педагог педагогикалық этикетті сақтай
білуі қажет.
Педагогтің қарым-қатынас мәдениеті оның коммуникативті
дағдысы мен коммуникативтік қабілетін танытады. Педагогтің
коммуникативті дағдысы өз эмоциясын ұстай білу,
қарым-қатынас жасауда жетекші рөл атқару, тіл
үйренушінің психологиялық ерекшелігін білу, олардың
көңіл-күйін дер кезінде аңғару, жіті
бақылай білуінен көрінеді. Педагогтің
коммуникативтік мәдениеті оның өзін өзі тәрбиелеу
мен дамытуының дәрежесін байқатады. Оқушылар
педагогтің мәдениеттілігін, интеллигенттілігін, әділдігін,
кешірімшілділігін жоғары бағалайды. Педагог педагогикалық этикетті сақтай білуі қажет.
Педагогтің коммуникативтік мәдениеті
оның коммуникативті дағдысы мен коммуникативтік қабілетін
танытады. Педагогтің коммуникативті дағдысы өз эмоциясын
ұстай білу, қарым-қатынас жасауда жетекші рөл
атқару, олардың көңіл-күйін дер кезінде
аңғару, жіті бақылай білуінен көрінеді.
Коммуникативті қабілеті
коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білу,
айтатын сөзін дұрыс жоспарлай білу, сөйлеу мәнері мен
қажетті сөздерді ұтымды қолдана білуінен
байқалады. Қарым-қатынас
жасау, сөз, сөйлеу өнерін, ауызекі
және жазбаша тілдесу, сөйлеу мәдениетін меңгеру
қандай іс, қызмет түрімен айналысса да адамға ауадай
қажет нәрсе. Айшықты, дәйекті, дәлелді,
түсінікті де пәрменді сөз қай заманда болсын
адамдарға, олардың көзқарастары мен намыc-сенімдеріне,
істеген істері мен жасаған әрекеттеріне әсерін тигізіп
келгені белгілі.
В.В.Виноградов «ауызекі тілдің
жоғары мәдениеті, ана тілін жақсы білу мен сезіну, оның
мәнерлі тәсілдерін, оның стилистикалық алуан
түрлігін қолдана білу – әр адам үшін оның
қоғамдық өміріндегі және творчестволық
қызметіндегі ең жақсы тірек және ең сенімді
мінездеме» болғандықтан, коммуникациялық дағдысы
жоғары деңгейде қалыптасқан адамның
тұрмыстық, әлеуметтік, іскерлік, кәсіптік
қарым-қатынас жасауда, т.б. жағдаяттарда өзін еркін,
сенімді сезінетінін айтады. Демек
қарым-қатынас жасау арқылы адамдар бір-бірінің жан
дүниесін ұғынады.
ӘДЕБИЕТТЕР