Үсенова
С.М., Есбергенова А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Тойымбетова
Ж.Т.
№14 «Жарқынай» бала-бақшасы, Тараз қаласы,
Қазақстан
БАЛАЛАР БОЙЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АГРЕССИВТІЛІК
ӘРЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Қазіргі кездегі бала
агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың
бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық
ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған
адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер,
мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне
және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі
қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге
әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің
көрсеткіші бойынша агрессивтілік қажетінше нақты,
уақытына қарай мүмкіндіктері мол, бала кезіндегі агрессия
біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем әлеуметтік
немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін. 8 жасар
балалардың өзгешілігі агрессиялы әрекеттердің
жоғары деңгейде болуы және әлеуметтік байланыстан
қашқақтауы, ары қарай оқу іс-әрекетінде
қиыншылықтарға кездеседі, мектепте үлгерімі
төмен, интелектуалды дамуы төмен деңгейде, бейімделуі нашар
болуы мүмкін. Бала жастағы агрессивтілік оның өзін
қоршаған шындықпен қатынасынан емес, оның
бүкіл жан-жақты тұлғалық дамуын анықтайды.
Бала агрессиясын зерттеуге арналған, алғашқы зерттеу
біздің елімізде 20-30 жылдары өткізілді, бұл проблема сол
күйі бүтіндей ашылмай, бала дамуы педагогикалық зерттеу
негізінде өткізіледі. Осы кездерде бала психологиясы өзінің
алдына қойған міндеті: бала психикасына әсер ететін
әдістер өңдеу, балаға тәрбие және
тәрбиенің артықтығы жайында. Бала тәрбиесі мен
дамуына жағымды тәсілдер ізденуге, жеке тұлғаның
қасиеттеріне диагностика жасауына, интеллектің даму деңгейіне
көбірек көңіл бөлінді, сондай-ақ
тұлға дамуында ауытқу қиындықтары ,
агрессивтілікпен ішкі қаупін зерттеу мүмкіндіктеріне де
көңіл бөлінді.
Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері: балалар
үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль
атқарады, ендеше балалардың агрессивті
мінез-құлық себептерін олардың құрбылары
мен тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар ол
үшін референтті болып саналатын топта қабылданған
әлеуметтік нормалар типтерінен іздеу керек.
Бала кездегі мінез-құлықтың
бұзылуы және агрессиялықтың негізгі себептері,
психикалық зақымданулар, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер,
мінездің акцентуациясы, әр түрлі конфликтілермен байланысты
болады. Балалардағы жаңа бағыттағы қалыптасулар,
қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты
өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, ересектермен,
құрбы-құрдастарымен қатынастарын
күрделендіреді. Балалық шақтың ішкі
қарама-қайшық аумағы және оның
үлкендерге қарсы сипаттары, өзара әрекеттері
балаларға қатты әсер етеді. Бала үшін барынша тезірек
ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу, өз бетінше тез
тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму
кезеңін басынан кешіріп жүрген көп бөлігінде,
мінез-құлықтың екі түрі қалыптасады:
1. Бірінші типтегі балада өзінің жеке
позициясын сақтау үшін қоршаған ортамен өзара
әрекетін (қалыптастыруға) өзгертуге тырысады. Мысалы:
олардағы негативизмді, карсылық мінезді, қарсыласуды
және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады.
2. Екінші типтегі бала микроортаның кері
әсерімен ерекшеленеді, себебі қоршаған ортамен
мінез-құлықтың қатынас эталоны, әлі
қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне,
басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара
қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде
қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлық
бағдардың қалыптасуынан балалар өзінің дамуын
өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық
бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа
жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан
олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды,
мағыналылығынан басым болады. Балалардың бейімділігі немесе
соларға тән мінез-құлықта мағына
құрастыру процесінің мотивтерімен байланысы,
қоғамдық жағымды мақсаттары мен баланың
әлеуметтік мәнді мінез-құлықтың
идеологияларының арасындағы арақатынастардың
бұзылуына әкеліп соғады. Бала кезде мінездің кейбір
бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, сауатты
басқару үшін әр баланың тәрбиесін және жеке
тұлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық
сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу
деңгейінің бағыттылығын ескеру керек.
«Қиын» балаларда жалған
құндылық, қоғамға қарсылық
көрсететін терең тұлғалық өзгерістер
байқалады. Бала-бұл сананың өзіне бағытталу
кезеңі, өзін тану психологиялық құнды
құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасайды.
Бала кезде тұлғаның
қарқынды мінез-құлықтық санасының
қалыптасуы, моральдық-этикалық мінез-құлық
нормаларын игеру,өзінің мінез құлқында пайда
болған бағалық пайымдау жүйесіне жетекшілік ете
бастайды. Міне, сондықтанда мінез-құлықтың
қалыптасу процесінде пайда болған өзіндік бағалау
жағдайлары баланың тұлғалық құрылымына
тәуелді болады. Бала кезде өзіндік сананың ерекшеліктері,
яғни тұлғаның өзіндік бағалауды
басқарудың негізгі жетекшісі компоненттері, өзбеттілік
дәрежесі, әртүрлі және қоғамдағы
күрделі өзара байланыстар жүйесіндегі адамдармен
қарым-қатынастағы тұлғаның
тәуелсіздігін анықтайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларда агрессия
проблемасының орнауында «агрессия» және «агрессивтілік»
түсінігін айырып, ажырата білу қажет: бірінші түсінік
биологиялық заңдылық рамкасында тереңдетіле
калдырылады, осыған орай бір топ адамның болмаса бір адамның
агрессивтілік әрекетінің әлеуметтік көпшілік тарихи
жағдайы анықталады.
Балалардың агрессивті мінез-құлқы
мен өзіндік бағалауының өзара байланысы: Балалардың
агрессивті мінез-құлқымен өзіндік
бағалауының арасында туындайтын өзара байланысты зерттеу
өте маңызды. Өзіндік бағалау процесі субьектінің
агрессивтілігін шешу детерминантына ие болады. Өзіндік бағалау
деңгейі ішкі нормативті стандартты реттеп отырады. Егер әділетсіз
шабуыл жасасаса, яғни субъектінің ар-намысына тисе, онда агрессия
балалардың өзінің ар-намысын қорғауға
бағытталады. Кейбір зерттеулер бойынша агрессияның төмендеуі
өзіндік бағалау процесімен жанама түрде байланысты
болған (С.Фишбах). Агрессия сферасын анықтаушы нормативті
стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін
дағдыланған түрде реттеп отырмайды. Балалардың
мінезіндегі стандартты өзіндік бағалау әрекеттері болу
үшін, субъектінің зейіні соларға бағытталуы
қажет. Яғни «объективті өзін тану» жағдайы болады.
Тұлға дамудағы бала жасының дағдарысы
балалық пен есеюдің арасындағы шекара ретінде күрделі
өтеді. Баланың өзін «нәтиже» деп трансцендентті
ұғынуы, мәні бойынша, балалықтан
шығарылған, жеке даралығын іздеген қажеттілікке жауап
ретінде индивидуалды тәжірибесі арқылы туындайтын «Меннің»
тұрақты және дифференциалданған бейнесін көрсетеді.
Сондықтанда балалар өз мүмкіндіктерін бір жағынан
балалық әуестенулер мен олардың объективті салдары негізінде
ұғынады. «Мен-бейнесі» адамның әлемдік бейнесін
жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінді туынды сипатқа ие
болады.
Балалардың «Мен бейнесі» өзіндік ерекшелікке
ал өзіндік сана сезімдері символикалық сипатқа ие. Идеалды
нақтыланған «Мен-бейнесі» бір мифологиялык табиғатқа ие
болады. Миф ұғымы «Мен-бейнесімен» мен тұлғаның
өмірлік стратегияларын, оның өзіндік детерминациясын
біріктіруге мүмкін береді. Баланың өз менің жайлы
индивидуалды мифті құруы, өзіндік сана сезімдермен
«Мен-бейнесінің» бір-бірінен ерекше айырмашылығы болатын
көрсетеді және экзистенциалды өзіндік бағалауға
басқаша қарау қажет екенін болжайды. Мұнда
балалардағы дағдарыс дербес сипат алады, екі әлемнің
арасындағы басқарылмайтын шекара ретінде жалғастырмайды.
Өзіндік бағалау кәмелетке жетпегендер үшін
олардың агрессивті мінез-құлықтарының
көптеген формаларына: ойлары, қауіптеріне, физикалық
және психологиялық жәбірленуіне, конфликтілеріне,
төбелестеріне, фантазияларына және басқада әлеуметтік
қолдау алмайтын мінез-құлық формаларына мәнді
әсер етеді.
Өзіндік бағалау агрессиялық
мінез-құлыққа белгілі-бір өзгешеліктер
әкеледі және көп жағдайда тұлға
аралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен эмоциялық
реакцияларды, әрекет пен іс-әрекет мотивациясын анықтайды,
өзін және басқаларға деген не оң не теріс
қатынасты жасайды. Соңғы кездері жеткіншек кезеңді екі
түрлі ықпалмен түсіндіреді. Психоаналитикалық
және әлеуметтік-психологиялық. 1-шісі индивидтің
психо-сексуалдық дамуына және отбасындағы эмоциялық
өзара қатынасқа екпін қойса, 2-шісі индивидтің
әлеуметтік тіршілігімен, рольмен, статуспен рөльдік конфликтпен,
рөльдік анықталмағандықпен және әлеуметтік
күту сияқты факторларға назар аударады.
Психоаналитикалық ықпалда бала жасында
туындайтын жалғыздық және өзін жоғалтуды бастан
кешіру жағдайы эмоциялық ашықты тудырады. Эмоциялық
ашығу құрбыларының арасында қанығады,
мұнда ол белгілі бір эмоциялық тәжірибе алады, яғни
адамзатқа тән мадақтау, эмпатия қосылу, рөльдік
мінез-құлық идентификация, мазасыздану мен кінә
сезіміне бөлену сияқты тұлға аралық
қатынастардың сипатына қосылады.
Өзіндік бағалау процесі субьективті
агрессивті мінез-құлықтың шешуші дитерминанты не
қарсыласатын, не оны жандандыратын ішкі міндетті нормативті стандарттарды
реттейді. Агрессия сферасын анықтайтын нормативті стандарттарды адам
дағдыланған әрекеттермен реттемейді. Балалар
қоғамда өтіп жатқан процестерді өзіне
лайықты болатындай қабылдап, оған тез бейімделіп, соған
сәйкес мінез-кұлықтың стериотиптерін
қалыптастырады. Өзіндік сана тұрғысында бала өзін
қоғам мүшесі ретінде ұғынады және
қоғамдық мәнді позицияларда нақтыланады.
Балалардың конфликтілігі «Мені» бір жағынан болмыста
энергетикалық қуатты өзіндік көрінуге ұмтылуынан
тұрса, басқа жағынан белгілі бір тандау мен іс
амалдарға жете қоймаған «балалардың
бетпақдаласынан» тұрады.
Қорыта айтқанда өзіндік бағалау
шектен тыс төмен болған жағдайда жеткіншектерде
тәуелділік, өз бетінше шешім қабылдай алмау,
тұйықттық, ұлшақтық, жасқаншақтылық
сияқты қасиеттер басым болады. Балаларда өзіндік ойлау
өзіндік бағалау қалыптасу үшін көптеген факторлар
әсер етеді: ата-анасының қатынасы,
құрбы-құрдастарының арасында алатын орны,
педагогтардың қатынасы. Бала қоршаған ортада өзі
туралы қалыптасқан көзқарастарды салыстыра отырып
өзіндік бағалауын дамытады.
Әдебиет:
1.
А.Қ.Қалдыбекова, Л.С.Ким. Баланың
сезімдік әлемін дамыту, - Шымкент, 2005ж.
2.
Ө.О.Мұсабек, Б.Ш.Байжұманова. Психология
терминдерінің түсіндірме сөздігі. 2005ж.
3.
Б.Әубакірқызы Психология терминдерінің
орысша-қазақша сөздігі. 1998ж.
4.
Н.Елікбаев, Қ.Рахметов Социализм және
ұлттық психология., - 1978ж.
5.
Қ.Жарықбаев. Қазақ
психологиясының тарихы., - Алматы, 1996ж.
6.
Редактор Д.Н.Құсайнов. Қазақ тілі
терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. -
Алматы, 2002ж.