Ойын арқылы балалардың
танымдық-қызығушылығын арттырудың тәрбиелілігі
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу»
мамандығының оқытушысы
Минайдарова М.И
4 курс білімгері
Келдібай Раушан
Қазақстан Республикасының 2011-2020
жылдарға арналған білім
беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың бойына
оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті
дамытудың басты бағыты болып
саналады.
Танымдық белсенділікті психологиялық
-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл
мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық
сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен
оқыту үрдісін
қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын
қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі
меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды
оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес,
сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс
-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып
келеді. Танымдық белсенділік
баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен
нәтижесі болып табылады.Осыған байланысты балалардың
жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау
ерекшеліктері анықтайды.
Барлық психикалық танымдық үрдістердің
ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық
процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен
сипатын анықтай отырып, олармен бірге
және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді.
Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала
ойлауын дамыту болып табылады.Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын
алады. [ 1]
Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің
араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте
оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай
алады.Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап
үйренуіне көп күш жұмсауы керек.Өйткені
дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи
түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да
қалыптасады. Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады:
сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік
тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен
көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке
қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың
бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып
қабылдайды. Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру
үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай
өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын
ойындар ұйымдастыру қажет.
Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және
олардың айналадағы өмірден алған білімдерін,
әсерлерін жинақтаған
тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында
берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық
ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.Бала ойын дамытуда
логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. [ 2]
Балалардың ойлау қабілетін дамытатын,
қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі –
логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа,
логикалық ойлауға баулып, ойының
ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға,
салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.
Баланың бойындағы қабілетті ашу
шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда
логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс
-әрекетін ұйымдастырудың мынандай заңдылықтар:
«Нені отырғызу керек?» «Нені
орналастырсам екен?» «Сыңарын табыңдар?» «Әзіл жұмбақтар» «Логикалық есептер» «Пішінді орналастыр» логикалық
ойын түрлерін айтуға болады. Осындай ойындарды
тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың
білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже
береді.
Мектепалды даярлық, балаларының логикалық ойлауларын дамытудың
негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың
ойлары осы кезде нақты –бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай
дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой -
өрісі қалыптасып және заттарды тиісті
ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын
дәлелдеуге үйрене бастайды.
Негізінде баланың логикалық ойлау
қабілеті дегеніміз-қарапайым математикалық
алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек
қателеспейміз.Оны жүйелі түрде шыңдау
тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика және психология
зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке
тұлға болып өзін - өзі сезінуінің
алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер,ақыл –ойы,
логикалық және басқада қасиеттерін
қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады. [ 3]
Баланың ақыл –ойының
дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс
-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау,
ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің
дамуын тұтас қамтиды. Бала
дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің
мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған
орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте
сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін
ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы
жұмыстар жүргізу қажет.
Ойлау аса күрделі психологиялық процесс.
Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.
Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу,
даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау
ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика –бүкіл
адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын
айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып
табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой
формаларының табиғатын зерттейді.
[ 4]
Ойынның бірнеше түрлері бар:
қимыл- әрекеті, логикалық, ұлттық,
грамматикалық, дидактикалық, рөлді- сюжетті. Тиімді
қолданылған ойынның түрлері оқытушының түсіндіріп
отырған материалын, оқушылардың зор ынтамен тыңдап,
берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі
сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі
ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын
түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласпен орындайды.
Ойын кезіндегі баланың психикалық
ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады,
эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды,
белсенділігі артады. Сабақ барысында ойын түрлерін
дидактикалық әдіс ретінде пайдаланудың маңызы зор. Бала
ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір
әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды.
Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік
қасиеттермен қатар білімге, өнерге
құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау
деген оқушылардың өздері де ойын түрлері
араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Сабақта ойын түрлерін пайдалану
оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер
етеді.Тілдің дамуына да, ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала
ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің
жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді.
Ойын арқылы ұйымдастырылатын
сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті
болады. Оқытудың түпкі мақсаты- оның сапалы
болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін,
мазмұнын жетілдіруге, оның әдіскерлік, танымдық,
білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге
көтеру.Ойын түрін оқу үдерісінде пысықтау,
жаңа сабақты пайдалану тиімді.Ойын түрі сабақтың
тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса
оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта
түседі.Баланың әдепті, көрегенді, қайырымды болып
өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені
мәлім. Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі- оның
өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар,ойынды
жасаушылар болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың
шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану
арқылы дамыту. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық
қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту. Білім
мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі
таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі
тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған,
сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет
көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу
мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді,
білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше. [ 5]
Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін оятып, танымдық
қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі
сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді
танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп,
қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың
маңызы зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана
отырып баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай
білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп,
қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.
Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым,
сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз.
Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып,
бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті
арттырамыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» даму
стратегиясы.
2. Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. – Астана. 2003.
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. –
Астана. 2011.
4. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992