Даниярова Асел Муратовна, Шымкент Қазақстан

«Байланыс қызметінің даму сатылары»

 

Телеграфтың пайда болуы шығуына әсер етті. 1837 жылдан бастап, көптеген өнер тапқыштар адамдардың сөздерін алыс қашықтыққа электр көмегімен жіберуді ойластырды.  40 жыл өткеннен кейін бұл тәжірибе табысқа жетті. 1876 жылы американдық өнер тапқыш А.Г. Белл сөздері өткізгіштер арқылы тарату телефондарын жасады. 1878 жылы орыс ғалымы М.Махальский бірінші рет көмірлі ұнтақты сезімтал микрофонды жасады. Ол қазіргі кездегі аппараттарда модернизацияланған түрде қолданады. Телеграфтық байланыс орнына электр байланыстың түрлері мәліметті тарату, электрондық почта, факс факсимільдік байланыс кіреді. Интернет жүйесі табысты даму үстінде.

Байланыс қызметінің саны өсуімен бірге оның сапасы да қарапайым телефондық сервистен басталып мультимедия қызметіне дейін ол интегралдық цифрлық байланыс желілерін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта дүние жүзінде және біздің елдерде ұялы родиобайланыс желілерінің дамуы қарқын алып келеді. Ұялы телефондарды қолданатын адамдар саны дүние жүзінде 600 млн. жетті. Ұялы байланыс жүйесінің абоненттері санына қарап елдегі адамдар өмірінің деңгейі мен сапалылығын айтуға болады. Абоненттік байланыстың өсуі Ресейде (200% жылына) адамдардың жағдайларының жақсарғанын көрсетті. Байланыс желілерінің сигнализациясынан желілер элементтерінің арасында жіберілетін сигналдардың жиынтығы және шақыруларды қызмет ету кезінде қосуды ағыту мен қондыруды қамтамасыз ету үшін оларды тарату тәсілдері, сонымен қатар қызметтік ақпаратты тарату түсіндіріледі. 

Буын (бөлім) желісінің тәуелділігінен сигнализацияның келесі түрлерін айыруға болады:

-    абонентті - абонент терминалы және жалғаушы станциялардың арасын-дағы бөлімде;

-    ішкі станциялық - әр түрлі функционалды буындар мен жалғаушы станциялардың ішіндегі блоктардың арасында;

-    станцияаралық - желідегі әр түрлі жалғаушы станциялар арасында;

   Телефон арналары және жолдары арқылы тарататын сигналдар 3 топқа бөлінеді: жолдық сигналдар, басқару сигналдары және ақпараттық акустикалық сигналдар.

   Абоненттік сигнализациясының құрамына абонент терминалы мен АТС арасында таратылатын барлық сигналдар кіреді. Оларға станцияны шақыру, станцияның жауабы, нөмердің жиынтығы, жіберулердің және шақырудың жіберуін бақылау, абоненттің босамауы және т.б сигналдар кіреді. Ішкі станциялық сигнализация элементті базамен қолданылатын жалғаудың жүйелерін құру принципі мен архитектурасынан тәуелді және жүйенің әрбір түрі үшін спецификациялық болып табылады. Станция аралық сигнализацияның құрамына жалғаушы буындар арасында таратылатын барлық сигналдар кіреді. Мұндай сигналдарға жолдық сигналдар мен маршруттау сигналдары жатады.

    Сызықтық сигналдар шақыруды қызмет ету процесінде жолдардың күйі туралы өзара ақпараттандыру үшін станциялар арасында қолданылады. Оларға бос емес, бос еместігін растау, шақырылатын абоненттің жауабы, шақырылушы және шақырушы абоненттің қайтару сигналдары жатады. Бұл сигналдар қосуды қондырудың негізгі кезеңдерін белгілейді. Маршруттау сигналдары (регистрлік) белгіленген орынға шақыру-ларды маршруттау үшін адрестік ақпаратты ұсынады. Оларға шақырылатын абоненттің номері туралы категория және шақырушы абоненттің номері туралы ақпараттар жатады. Координатты АТС үшін бұл сигналдарды регистрлік деп атайды, өйткені олар регистерден беріледі.

Станциялар арасындағы сигналдық ақпарат 3 негізгі тәсілмен таралуы мүмкін:

 1.Сигналдарды тікелей телефон арнасымен тарату, мұнда сигналдар тұрақты ток немесе үндік жиілік тоқтармен таратылады. Сигналдарды тарату-дың берілген тәсілін қолданатын сигнализация жүйелері сигнализацияның ішкі жолақтық жүйелері деген атауды алды.

   Берілген сигнализация жүйелері басқарудың принципін жүзеге асыратын аналогты ондық-қадамдық станциялармен ассоцияланады. 11.2-суретте сигналдарды тікелей телефон арнасымен тарату тәсілдері келтірілген. Мұндай сигнализация тәсіліне шақыруды қызмет ету кезінде сигналдық біріккен және пайдалы ақпараттар станцияның ішіндегі сияқты станция аралық қосылу жолдары бойынша оның тыс жолдардан өтетіні сәйкес.

2. Сигналдарды жеке бөлінген  арна бойынша тарату, онда ИКМ күре жолындағы 16 уақытты интервал немесе дыбыстық жиілік арнаның сөйлеу спектрінен тыс бөлініп шығарылған жиіліктік арна қолданылады. Мысалы 3825Гц.

Берілген сигнализация жүйелері координатты станциялармен ассоцияланады. Мұнда ондық-қадамдық станцияларға қарағанда іздеудің бөлек сатылары жалғау блоктарымен ауыстырылады, ал қосуды қондыру үшін жалғаушы блоктардан басқа арнайы басқару қондырғылары регистрлер және маркерлер енгізіледі. Мұндай технология шақыруларды басқаруда неғұрлым көп иілгішке жетуге мүмкіндік береді және экономды болып табылады. Мұндай сигнализация тәсіліне шақыруды қызмет ету кезінде сигналдық және пайдалы ақпараттар станциядан тыс сол бір жолдан өтеді, бірақ станцияның ішінде осы сигналдардың өту тізбектерінің бөлінуі ақпарат жалғау блоктары арқылы өтеді.

3.Сигналдарды жалпы сигнализация арнасы бойынша тарату, мұнда сигналдық ақпаратты тарату күре жол бойынша жүзеге асады. Берілген жағдайда сигналдар өзінің адрестеріне сәйкес таратылады, қашан және қайта қолданылатын телефондық арналарды қолдану үшін жалпы буферде орналасады. Берілген сигналдарды тарату тәсілін қолданатын сигнализация жүйелері сигнализацияның жалпы арналық жүйелері атауын алды. Мұндай бөлу іштегідей станциядан тыс та болып тұрады, соған байланысты басқару, сигнализациялау  және жалғау процесстері оптимизацияланады.

Абоненттік терминалдың станциямен өзара әрекеттестігі. Абонент сигна-лизацияның түсінігіне терминалдар және телефонды желілер арасындағы барлық сигналдардың өзара әрекеттестігі қосылған. Оларға абонент терминалының күйі туралы, абонент теретін номерлі ақпарат және абоненттерді ақпараттандыратын сигналдар жатады. Абонент сигнализациясы абоненттің тәртіппен толық тәуелділікпен сипаттайды. Абонент жолы бойынша абоненттің нөмерін тарату.   Қазіргі уақытта телефонды желіде шақырылатын абоненттің номерін терудің екі тәсілі қолданылады: импульсты теру(декадты кодпен) және үндік теру (көп жиілік-тік кодпен).

Импульсты теру кезінде импульстар секундына 10 импульсты жылдамдықпен шлейфтың біртіндеп ажырау және тұйықталу жолдарымен жіберіледі. Телефонды аппараттан номерлі ақпаратты тарату үшін үндік терумен «8-ден 2-еуі» көпжиіліктік код қолданылады. Әрбір сигнал екі сигналды жиіліктерді құрайды. Жиіліктің біреуі төменгі топтан, ал екіншісі жоғарғысынан таңдалынады.1633 Гц жиілігі (А,В,С,Д) функцияның қосымша жиынтығын жүзеге асыру үшін қолданылады, мысалы кішігірім АТС-та.

Сызықты сигналдардың таратылуы келесі негізгі тәсілдермен жүзеге асуы мүмкін. Олар, тұрақты тоқпен сигналдарды тарату; сигналдарды бір жиіліктік жолақсыз тарату (3825 Гц); сигналдарды бір жиіліктк (2,600 Гц) не екі жиіліктік (1200-1600 Гц) жолақсыз тарату; ИКМ күре жолдары бойынша сигналдарды тарату болып табылады. Сөйлесу арналарының күйі туралы сигналдық ақпаратты тарату үшін ИКМ-30 цифрлық жүйесінде әрбіреуі 125 мкс бойынша 16 циклдерді құрайтын жоғарғы циклдер ұйымдастырылады. Жұп циклдарының нөлдік уақытша интервалы циклдік синхронизация үшін қолданылады. Тақ циклдарының нөлдік қызметтік ақпараттарды тарату үшін қолданылады. 1-15 және 17-31 уақытша интервалдары қажетті ақпаратты тарату үшін қызмет етеді. Нөлдіктен басқа барлық сигналдардың 16 екі сигналдық арналар ұйымдастырылады. Әрбір сигналдық арнаның 4 биті бар: а,в,с және д. Нөлдік циклдің 16-қ уақытша интервалында жоғарғы циклдік синхронды сигнал таратылады, одан сигналдық арналардың есеп беруі енгізіледі. ЖЦС 0000 тең 1,2,3,4 биттермен таратылады. 6-биті жоғарғы циклдік синхронизацияны жоғалту туралы ақпараттарды береді. 5,7,8(х) биттері фиксирленген және 1,0,1 сәйкес тең.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Теория сетей связи. Учебник для вузов связи. Под ред. В. Н. Рогинского. - М.: Радио и связь, 1981.

2.Основы построения телекоммуникационных систем и сетей: Учебник для вузов; Под ред. В.Н.Гордиенко и В.В. Крухмалева. -М.: Горячая линия - Телеком, 2004.-510с.

3.Г.В. Давыдов и др. Сети электросвязи. М., «Связь»,1977. -360с.

4.Р.А.Аваков  и  др.   Управляющие  системы  электросвязи  и  их  программное обеспечение: Учебник для вузов. - М.: Радио и связь, 1991. -256с.

5.М.А. Баркун Цифровые автоматические телефонные станции: Учеб. пособие для вузов. -Мн.: Выш.шк., 1990. -192с.