УДК  636.933:575.   

   

Генотипі әркелкі қозылардың орта факторларының ықпалына байланысты терісінің қалыңдығы және тығыздығы

 

Влияние факторов внешней среды на признаки кожно –волосянного покрова ягнят  различающихся по генотипу

 

Оразалиев Н. – магистр, Асабаев Ч. – к.б.н., научный руководитель

Региональный социально-иннавационный унивкрситет, Республика Казахстан

 

Influence of factors of an environment on attributes skin-hair of a cover of lambs differing on a genotype

Orazaliev N master's degree, Asabayev Ch. – Candidate of Biology, research supervisor

 

Жануарлар генотипі келесі ұрпаққа дайын белгі күйінде берілмейді, мұнда ол белгілі бір ортада ықпалдасу нәтижесінде фенотипте пайда болады. Кез- келген белгінің сол ортада өзіне тән «реакция нормасы» қалыптасады. Егерде, ол генотиптің «реакция нормасы» ортаға сай бейімделе алмаса, онда мұндай фенотип эволюциялық дамудан шығарылып тасталынады [1].

Даралардың фенотиптік ерекшеліктері генетикалық және орта факторларымен әрекеттесуіне байланысты. Эмбрион құрсақтағы даму кезінде ішкі және  сыртқы факторлармен ана ағзасы арқылы әсер етсе, ал ол туылғаннан кейінгі кезеңде тікелей сыртқы орта факторларымен  ықпалдасады. Төлдің ата-анасынан алынған нәсілдік ақпарат, дараның  онтогенез барысында қоршаған сыртқы факторларының белсенді әсер етуі арқасында іске асырады. Әр келкі жүнді типтердегі қойлардың паратиптік факторлардың өзгеруіне реакциялар шамасы әркелкі [2].

Генотипі әркелкі қозының терісінің қалыңдығы мен тығыздығына сыртқы орта факторларының ықпалы зерттелінді. Сыртқы орта факторларының тері қалыңдығы мен тығызыдығына ықпалы генотипі өте қанық типтегі төлде төмен болатыны анықталды. Тері қалыңдығы мен тығыздығы белгілерінің фенотипте пайда болу дәрежесі генотипі төмен дәрежеде қанық төлде анық байқалды. Мұнда жұқа және қалың төл үлесі ықпалы жоғары жылдары - 31,25%, ал ықпалы төмен жылдары 27,08% құрады, айырмашылығы – 4,17% (1 кесте)

 

1 -кесте- Генотипі әркелкі қозылардың орта факторларының ықпалына байланысты терісінің қалыңдығы

пайыз есебімен        

Қара түстің қанықтылық дәрежелері

Орта факторларының

ықпал дәрежесі

 

 

 

п

Терінің қалыңдығы

жұқа мөлшері

орташа мөлшері

қалың мөлшері

 

Өте қанық

ықпалы жоғары

жыл

45

26,67±6,59

66,67±7,03

6,66±3,72

ықпалы төмен

жыл

 

45

26,67±6,59

66,67±7,03

6,66±3,72

айырмашылығы

 

 

-

-

-

Орта

дәрежедегі

қанық

ықпалы жоғары

жыл

50

28,0±6,35

62,0±6,86

10,0±4,24

ықпалы төмен

жыл

50

30,0±6,48

62,0±6,86

8,0±3,84

айырмашылығы

 

 

 

+2,0

-

+2,0

Төмен дәрежедегі

қанық

ықпалы жоғары

жыл

48

27,08±6,41

60,42±7,06

12,5±4,77

ықпалы төмен

жыл

48

31,25±6,69

60,42±7,06

8,33±3,98

айырмашылығы

 

 

-4,17

-

+4,17

 

  Тәжірибеде генотипі әркелкі қозылардың орта факторларының ықпалына байланысты жүн талықтарының ұзындығы мен тығыздығы зерттелінді. Қанықтылығы әркелкі төлдің  жүн  талшығының  ұзындық  мөлшері  12,3-12,7мм құрады. Жүн  талшығының ұзындығының өзгеруі  олардың  реңдеріне де  байланысты екені анықталды. Қара түсті  қозыларда ең  қысқа  жүн 11,3-11,4мм өте қанық  шымқай  қара да  байқалса, осы түстегі қанықтылығы төмен қозыларда бұл көрсеткіш  0,4мм (12,0-12,5мм) ұзарды (2 кесте).

                       

2-кесте- Генотипі әркелкі қозылардың орта факторларының ықпалына

байланысты жүн талықтарының ұзындығы

милиметр есебімен

Қара түстің қанықтылық дәрежелері

Орта факторларының ықпал дәрежесі

 

п

Топографикалық бөліктер

иық

құйымшақ

 

Өте қанық (п= 45)

ықпалы жоғары

жыл

45

11,4±0.18

11,3±0,16

 

ықпалы төмен

жыл

 

45

11,4±0.19

11,3±0,15

айырмашылығы

 

-

-

Орта

дәрежедегі

қанық

 (п= 50)

ықпалы жоғары

жыл

50

12,2±0.22

11,4±0,24

ықпалы төмен

жыл

50

12,0±0.20

11,3±0,25

айырмашылығы

 

 

0,2

0,1

Төмен дәрежедегі

қанық

(п= 48)

ықпалы жоғары

жыл

48

12,7±0.25

12,0±0,26

ықпалы төмен

жыл

48

12,5±0.23

12,0±0,25

айырмашылығы

 

0,4

0,2

 

Генотипі әркелкі қозылардың орта факторларының ықпалына байланысты жүн талшықтарының ұзындығын сараптағанда, бұл белгінің генотипіне байланысты ықпалдасатыны байқалды. Генотипі өте қанық типтегі төлдердің жүн талшығының ұзындық көрсеткіші орта факторларының ықпал дәрежесінің өзгеруіне қарамай фенотипте тұрақты байқалатыны анықталды (11,3 мм, 11,4 мм).

Генотипі қанықтылығы төмен дәрежедегі тип қозыларда талшық ұзындығы бойынша сыртқы орта факторларымен ықпалдасу ауқымы жоғары дәрежеде байқалды. Мұнда, иықтағы жүн талшығының ұзындығы ықпалы жоғары жылдары 12,9 мм құраса, ықпалы төмен жылдары 12,5 мм болды, айырмашылығы – 0,4 мм. Қозы денесінің иығында және құйымшағында орналасқан жүн талшықтарының ұзындығының сыртқы орта факторларымен ықпалдасуы әркелкі болды.

Құйымшақтағы жүн талшықтары қысқа (11,3-12,2 мм), иықтағы жүн талшықтары ұзын (11,4-12,9 мм) болатыны байқалды. Сонымен бірге оларды орта факторларымен ықпалдасу дәрежесі де әркелкі болды. Құйымшақтағы жүн талшықтарының ықпалдасуы төмен болса (0,1-0,2 мм), ал иықтағы жүнде бұл көрсеткіш жоғары мөлшерде (0,2-0,4мм) болды.

Генотипі әркелкі қозылардың жүн талшықтарының тығыздық мөлшерінің орта факторларының ықпал дәрежесіне байланысты өзгеруі зерттелінді. Зерттеуге алынған қозыларда жүн талшығы өте тығыз төл үлесі 20,0-25,0%, жүн талшығы орташа тығыз төл үлесі – 54,17-58,0%, ал тығыздығы жеткіліксіз қозылар үлесі 20,0-25,0% құрады. Олардың арасында нәсілділік қасиеті жоғары және тұрақты жүн талшығы орташа тығыз қозылар болды, үлесі 58,0% дейін жетті. Талшық тығыздығы белгісінің орта факторларымен ықпалдасу дәрежесі қозылардың генотиптеріне байланысты өзгеретіні анықталды. Зерттеген қозылар арасында генотипі өте қанық типтегілер орта факторларымен ықпалдаспағандықтан жүн талшықтарының тығыздық көрсеткіші тұрақты күйде сақталды (24,44%; 24,44%).

Генотиптің жоғары дәрежеде орта факторларымен ықпалдасуы қанықтылығы төмен дәрежедегі қозы тобында байқалды. Мұнда, талшық тығыздығы жеткіліксіз қозылар үлесі сыртқы орта ықпалы жоғары жылы 4,17% (25,0%; 20,83%) артты.

 

     Резюме

В статье анализирован процесс влияния факторов внешней среды на признаки кожно – волосянного покрова ягнят, различающихся по генотипу. Установлено, что степень  влияния факторов внешней среды зависит от специфики признаков и уровня влияния факторов.

 

 Resume

The process influence of factors of an environment on the signs of skin-hair cover of lambs differing on a genotype was analyzed in article. It is established, that the degree influence of factors of an environment depends on specificity of signs and levels of influence of factors.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.  Кушнер Х.Ф. Наследственность сельскохозяйственных животных.                    –М.: Колос, 1964. -211 с.

2. Умурзаков Т.У. Изменчивость признаков и селекции каракульских овец, Алматы, Ғылым, 1992.  -232 с.