Ерболатов Н.Н.,  Байкенжеева А.Т

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы

ЖАҢАДАРИЯ ӨЗЕНІ ГИДРОФАУНАСЫНЫҢ СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

 Жаңадария өзені Тұран ойпатында сан ғасырдан бері ағып жатқан қос өзен Әмудария (Жейхун) және Сырдария (Сейхун) аралығында ағып, табиғи жағдайға байланысты арнасын өзгертіп отырған өзен Жаңадария — Сырдария өзенінің құрғап қалған ескі арнасы.

 Сырдарияның Қызылорда қаласының тұсындағы сол жағалауынан басталып оңтүстік-батысқа қарай, ұзындығы 592,3 шақырым, жоғарғы және төмен арналарының ені 50 м, орта тұсы тармақталып 200—400 м-ге жетеді. Тереңдігі 2—2,5 м. Бұл тұста құм қайырлар мен аралдар кездеседі және өте иректеліп келген. Жер бедерін аллювий шөгінділері жапқан. Жаңадария өңірін мекендеген халық бұрыннан егіншілікпен айналысқан. Табиғи ағыны көктемнің су тасқыны кезінде болады. Грунт суы жақын жатқан ойысты жерлерінің сор, сортаң және сазды топырағында қамыс, құрақ шоғырлары кездеседі. Қазақстандағы ең ірі сексеуіл орманы  Жаңадария бойындаТАРАЛҒАН [1].

       Таксономиялық талдау. Табиғатта кез-келген фаунаның байлығы негізгі таксономиялық бірліктердің сандық көрсеткіштеріне байланысты болып келеді. Сонымен қатар таксономиялық құрылым зоологиялық-географиялық заңдылықтарды анықтап, зерттау аймағының тіршілік ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берді.

 Зерттеулер жүргізген Тораңғылсай, 42 шлюзі, Құмбөгет, Ақан, Жаманқара, Бесжан, Құмжарған, Үлкен Құмжарған, Қышбөгет нүктелерінен ауланған зоопланктондар мен макрозообентостарды және балықтар мен қосмекенділерді, бауырымен жорғалаушылар мен бірге сүтқоркетілерге талдау жасалып және анықтауышы әдебиеттер арқылы түрлік құрамы анықталды[2,3].

Жаңадария өзені гидрофаунасы қарапайымдылар типін қоспағанда 4  тип, 10 кластан, 22 отрядтан,  85-тен аса түрден  тұратыны анықталды (1-сурет). Анықталған түрлерді типтеріне қайрай бөлетін болсақ Буылтық құрттар типінің 1 класы, 1 отряды, 2 түрі кездесті, ол  өзен аумағында кездесетін жалпы түрлердің ішінде (2,3%) құрайды. Молюскалар типі өкілдерінің 2 класының 3 отрядының 3 түрі (3,4%) кездеседі. Келесі жиі кездесетін типтердің қатарына Буынаяқтылар типінің 3 класының 14 отрядынан 60 түрі (68,2%), сонымен қатар Хордалылар типінің 4 класының 4 отрядынан 23 түрі (26,1%) кездеседі (1-кесте). Жаңадария өзені гидрофаунасының басымкөпшілігі омыртқасыз жануарлар зоопланктондар мен макрозообентостар және омыртқалы жануарлардың түрлерін кездестіруге болады[4,5].

Жаңадария өзенінде кездесетін  жануарлардың типтері              

                                                                                                                      1-кесте

           

тип

класс

отряд

түр

 Жалпы  түрлердің алатын үлесі, %

1

Annelida-Буылтық құрттар                        

1

1

2

2,3

2

Mollusca-Моллюскалар   

2

3

3

3,4

3

Arthropoda-Буынаяқтылар

3

14

60

68,2

4

Chordata-Хордалылар                          

4

4

23

26,1

 

Барлығы

10

22

88

100

 

 1- сурет. Жаңадария өзенінде кездесетін  жануарлардың түрлік құрамы

 

                                Пайдалынылған әдебиеттер.

1. Облыстық су шаруашылығы мекемесінің мәліметі.

2.  Мамаев Б.М., Медведев Л.Н, Правдин Ф.Н. Определитель насекомых европейской части СССР. М.: Просвещение. 1976.

3. Атлас беспозвоночных  Аральского моря. –М., 1974.

4. Хейсин Е.М. Краткий определитель пресноводной фауны. М., Учпедгиз. 1951.

5. Лусков Р. Ю. Обитатели водоемов карманный определитель. М., Лесная страна. 2009.