ҚОШҚАР ШӘУЕТТЕРЕНІҢ  МИКРОФЛОРАМЕН ЛАСТАНУ

ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ

Рустенов А.Р., профессор, Момынова А., магистрантка,

Мусабеков А.Т., доктор РhD, Елеугалиева Н.Ж. а.ш.ғ.к.

 

Қазіргі кезде мал шаруашлығын белсенді дамыту мен ғылыми-техникалық процестің өсуі шаруашлықты-ұйымдастыру және биологиялық жетістіктерді іске асыруды талап етеді. Олардың негізгілері: жемшөп қорын нығайту, өндірісті мамандандыру мен шоғырландыру, мал басын көбейту, мал тұқымын асылдандыру мен қолдан ұрықтандыру.

Жұмыстың мақсаты  озық технологиялардың бірі болып саналатын  – қошқарлардан қолдан шәует алу, оларды арнайы қоспалар арқылы көлемін көбейту, сперматозоидтарды орталарда  сақтау және олардың ұрықтандыру қабілеттерін төмендететін микрофлоралармен ластану кезеңдерін анықтау болып табылады.

Қойларды қолдан ұрықтандыру барысында шәуеттердің микрофлорамен ластанулары мыналарға себепші болулары мүмкін:  аналық организмнің жыныс жолдарының қабыну-ісінулеріне,  зиготаның және ұрықтың даму кезеңдерінің бірінде жоюлуына, жаңа туылған төлдердің алғашқы аптада ауруға ұшырап шығын болуына. Сондықтанда ауылшаруашылық малдарының шәуеттерін залалсыздандыру жолдарын жетілдірудің жоғары дәрежелік өндірістік-практикалық маңызы зор.

Тәжірибеге алынған қошқарлардан жаңа алынған шәуеттерінің микрофлорамен ластануының сандық көрсеткіштері анықталынып, мынадай нәтижелер алынды: шәуеттердің 19,8% ( 62 ұрықтарда) қолдануға жарамайды (1 миллилитрде 5000 астам микроб денелері бар); «таза» (микрофлорасы өте аз) қолдануға болатын шәуеттер  - 32,6%  (102 ұрықтарда),ал қалған 47,6 %  әртүрлі  сандық көлемдегі микрофлорасы болды. Сонымен ұрықтандыруға  «Қолдан ұрықтандыру инструкциясы» бойынша қолдануға жарамдылары – 80,2%. Арнайы қоспалармен  араластырылмаған жаңа алынған 24 шәуеттердің сандық көрсеткіштерін сараптағанда 1 мл эякулятта орташа 68 микрофлоралар топтары бар болып шықты. Жалпы 1 мл шәуетте  орташа  2419,3±21,57 микроб денесі, ал олардың  ауытқушылығы 128±1,23 ден 12387±32,76 дейінгі аралығында болды.

Алынған шәуеттерді қоспамен араластырылған соң 18,3% бөлігі малды ұрықтандыруға жарамады, себебі олардың 1 мл 500 көп микроб денелері табылды. Қалған 81,7%  микрофлорамен ластанған бірақ қолдану ережесі бойынша қолдануға болатындар. Олардың    44,1% бөлігі микрофлорамен әртүрлі деңгейлерде ластанғандары, ал  мүлдем «таза» микрофлорасыз бөлігі  -  37,6%. Қоспалармен араластырылған шәуеттерде микрофлораның орташа сандық көрсеткіші  412 ±  0,41 микробтық денелер, ал олардың ауытқушылық көлемі  36 - 1522 аралығында болды.

Сүйытылған шәуеттердің микрофлорамен ластануының басты жолы – аталықтардан ұрық алу кезеңі. Ластанған шәуеттердегі микрофлораны жоюға қолданылып келетін антибактериалдық комплекс «Спермосан-3».

Кесте 1. «Көкбұлақ»  қожалағындағы қошқарларшәуеттерінің микрофлорамен ластануларының маусымдық көрсеткіштері

 

Жыл мерзімі

 

Зерттелін-ген шәуеттер саны

Микрофлорамен контаминациялануына байланысты  - жарамсыздықтары

Соның ішінде  негізгі ластаушы микрофлора топтары,  %

саны

%

Патогенді саңырау-құлақтар

эшерихиялар

 

Қыс

78

7

8,97

6,12

1,05

Көктем

78

5

6,41

4,27

0,96

Жаз

79

12

15,18

11,83

1,32

Күз

79

6

7,59

4,48

1,17

Жылына орташа

314

30

9,55

6,70

1,12

 

Жалпы шәуеттердің микрофлорамен ластануының маусымдық ерекшеліктерін анықтау мақсатында тәжірибеге қатысты қойлардан  жылдың төрт мезгілі зерттелінді. Қойларды қолдан ұрықтандыру кезінде микрофлорамен ластануына байланысты шәуеттерді «жарамды» және «жарамсыз» деп бөлгенде, онда біріншісінің жылдық көлемі  орташа  - 9,55% көлемінде болды (кесте 1).     

Жыл маусымына қарай шәуеттердің микрофлорамен ластану деңгейлеріде өзгермелі болып келді. Микробтық контаминациялық деңгейі жаз айларында басқа кезеңдерге қарағанда жоғары  болатындығы байқалды:  орташа щәуеттердегі жылдық  микрофлорамен ластану көлемі 9,55%, қыста – 8,97, көктемде – 6,41,жазда - 15,18%, күзде -7,59%. Патогенді саңырауқұлақтардың жазда - 11,83% эшерихиялар - 1,32%, протейлер – 1,68%. Тек қана көк іріңді таяқшалараен ғана ластану күз айларында көбірек (0,68%) болып шықты.  Қысқы мерзімге қарағанда шәуеттердің жазда ластануы 6,21% жоғары, көктемгіден – 8,7% , күзгіден – 7,59%. Айырмашылықтар статистикалық негізделінген (Р=0,05).

Қойды қолдан ұрықтандыру барысында қошқар шәуеттерін араластырылған және араластырылмаған (таза) күйінде қолданады. Араластырылуды дұрыс қосылыстармен жүргізсе, онда гаметалар ұзақтау өмір сүреді, абсолютік өміршеңдік көрсеткіштері бірнеше деңгейлерге дейін ұзарады. Олар спермалардың алмасу процестерін тежеп, сол арқылы оның сақтау мерзімін ұзартады. Араластырғыш орталарғақос көмір қышқыл газы, басқа да органикалық қышқылдар, хелатон қосылады. Барлық араластырғыш орталарға бактериостатты заттар араластырылады. Олар шәуеттерде түрлі бактериялардың пайда болуына жол бермейді.

Қой шәуеттерін араластыруға қолданылатын араластырғыштық орталардың түрлерін сынауды  «Көкбұлақ» қожалығында өткізілді. Пайдйнйылған шәует араластырғыш орталарының түрлері 2-кестеде келтірілген.

Кесте 2. «Көкбұлақ» қожалығындағы қошқар шәуеттеріне араластыру орталарының әсерін зерттеу

 

 

Араластыру орталары

 

№1

№2

№3

№4 (ЛЖГТЦГ)

Ингредиенттері

 

Сақтау

ортасы қосылмаған (бақылау тобы)

су дис.               100 мл

су дис.               100 мл

су дис.               100 мл

глюкоза       -  0,8 г

Nа фос. қышқылданған -2,08 г

лактоза – 14,5 г

Nа лимонқыш. -2,8 г

К фос. қышқылданған -0,08 г

гуммиарабиак – 6,0

Жұмыртқа сарыуызы   -  20 мл

глюкоза       -  3,2 г

трис(оксиметил)-аминометан – 0,6

Пенициллин     50-75 мың бірлік

-

лимон қышқылы –

0,27 г

Стрептомицин 50-75 мың бірлік

-

жұмыртқа сарыуызы   -  20 мл

Ақ стрептоцид 0,1-0,2 г

 

-

глицерин 17 мл

-

-

Гентомицин – 0,1 г

 

Тәжірибеге таңдалынған араластырғыш орталардың негізгі қызметтері қошқар шәуеттерінің алмасуларын тежеу, микрофлораларын деконтаминациялау және гаметалардың өміршеңдігін ұзарту болып табылады. 3-ші кестеде көрсетілген араластырғыш орталарда қошқар шәуеттерінің белсенділіктері мен өміршеңдіктері анықталынды. Әртүрлі араластырғыш орталарда қошқар шәуеттерінің өміршеңдіктері де түрліше болғандығын болатыны байқалды.

Қоспалармен араластырылмаған (бақылау тобы) сперматозоидтардың белсенді қыймыл-қозғалыстары 8-9 сағаттар аралығында аяқталды, абсолюттік өміршеңдігі – 148,6 бірлік болып шықты.

№2 араластырғыш ортада  сақталынған қошқар сперматозоидтарының белсенді қыймыл-қозғалыстары 23-24 сағаттар аралығында аяқталды, абсолюттік өміршеңдігі – 942,8 бірлік, №3 араластырғыш ортадағы гаметалардың белсенділігі 17-18 сағат және абсолюттік өміршеңдігі – 769,1 бірлік болып шықты.

Араластырғыш орталарда қошқар сперматозоидтарының өміршеңдіктерінің ең жоғарғы көрсеткіштері №4 ортада болатын тәжірибе нәтилері көрсетті. Сперматозоидтардың белсенділіктері 32-33 сағаттарға дейін сақталып, абсолюттік өміршеңдігі – 1442,3 бірлікке жетіп, ең жоғарғы нәтижені көрсетті.

 

Кесте 3. Әртүрлі араластырғыш орталарда қошқар сперматозоидтарының белсенді қозғалыстары мен абсолюттік өміршеңдіктері, балл

Сақтау мерзімі, сағ.

№1

Араластырылмаған (бақылау тобы)

Араластыру орталары

№2

№3

№4

Алынған кезде

0,9

0,9

0,9

0,9

3

0,4

0,85

0,85

0,85

6

0,2

0,82

0,80

0,85

9

әлсіз қыймылдар

0,80

0,65

0,82

12

өлген

0,65

0,45

0,81

15

-

0,15

0,25

0,80

18

-

0,10

әлсіз қыймылдар

0,35

21

 

0,05

өлген

0,25

24

 

әлсіз қыймылдар

 

0,15

27

 

 

 

0,10

30

 

 

 

0,05

33

 

 

 

әлсіз қыймылдар

36

 

 

 

өлген

Абсолюттік өміршеңдігі

 

148,6

 

942,8

 

769,1

 

1442,3

 

«Көкбұлақ»  қожалағындағы  тәжірибенің келесі циклында әртүрлі орталарда сақталған гаметалардың қойды ұрықтандыруына жарамдылық мерзімі анықталынды. Сақтау орталардың ең маңызды көрсеткіші – сперматозоидттардың ұрықтандыруға  in vitro ұзағырақ мерзім бойы жарамды болуы. Сақтау орталарындағы сперматозоидттардың «Қойды қолдан ұрықтандыру инструкциясы» бойынша ұрықтандыруға жарамды уақытын анықтау нәтижелері 4-кестеде келтірілген.

Жаңа алынған және араластырғыш ортаны пайдаланбаған (бақылау) қошқар сперматозоидтарының қойды ұрықтандыруға жарамдылығы 2-2,5 сағат аралығында болды, одан кейінгі мерзімде белсенді қозғалыстарының төмендеуіне байланысты жарамсызсыздар обына жатқызылды. «Қолдан ұрықтандыру инструкциясы» бойынша сперматозоидтардың белсенді қозғалыстары 0,80 баллдан төмендесе жарамсыз, қойды қолдан  ұрықтандыруда қолданылмайды.

4-ші кестеде көрсетілгендей №2 араластырғыш ортада қошқар сперматозоидтарының қойды ұрықтандыруға жарамдылығы 9-10 сағат бойы сақталады, сол сыяқты  №3 ортада 6-7 сағат, №4 ортада 15-16 сағат. Сонымен№4 ортада сақталған ұрықтардың жарамдылығы 7-8 есе жоғары болатындығы тәжірибе нәтижелері көрсетті, яғни осы ортаны пайдаланса қошқарлар санын кем дегенде 2-3 есеге қысқартуға болатындығы да айқын.

Аталық ұрықтың ең маңызды және қажетті қызметтері – аналық ұрық жасушасымен кездесіп, ұрықтану процесін жүргізу. Тәжірибелік топтардағы сперматозоидттардың  жарамдылық уақыттарына сәйкес 2,5-3,0  жасар қойларды қолмен ұрықтандырылды. Алынған нәтижелер 5-кестеде келтірілген.

Кесте 4. Сақтау орталарындағы сперматозоидттардың ұрықтандыруға жарамды мерзімін анықтау

Сақтау мерзімі, сағ.

№1

Араластырылмаған (бақылау тобы)

Араластыру орталары

№2

№3

№4

Алынған кезде

0,9

0,9

0,9

0,9

2 сағ

0,8

0,85

0,85

0,85

3 сағ

жарамайды

0,85

0,85

0,85

6 сағ

 

0,82

0,80

0,82

9 сағ

 

0,80

жарамайды

0,82

12 сағ

 

жарамайды

 

0,81

15 сағ

 

 

 

0,80

18 сағ

 

 

 

жарамайды

 

«Көкбұлақ» қожалағындағы  қошқар сперматозоидтарының, кесте 4  сәйкес, қошқар шәуеттерінің ұрықтандыру деңгейлері шамалас бірдейге жуық (90-9-91,6%), тек №4 тәжірибелік топтағы саулықтардың ұрықтанулары қалған топтарға қарағанда 0,9-1,6 пайыз жоғары екендігі көрінеді.  Бұл топтағы саулықтар араластырғыш ортада 15 сағат сақталған сперматозоидтармен ұрықтандырылды. Ал мұның  маңыздылығы жоғары.  Үйткені араластырылғыш отраға жаңа антибиотик – гентомицин қолданылды, яғни шәует микрофлоасын заласыздандыру кешенін іздену жолында оны пайдалуға болады деген тұжырым жасауға болады.

Кесте 5. «Көкбұлақ»  қожалағындағы  қошқар сперматозоидтарының  араластыруға арналған түрлі орталардағы ұрықтандыруын зерттеу

    №1 араластырылмаған (бақылау тобы)

 

    №2

 

     №3

 

       №4

қой саны

ұрықтан-ды, %

қой саны

ұрықтан-ды, %

қой саны

ұрықтанды, %

қой саны

ұрықтанды, %

12

   91,6

11

  90,9

12

91,6

14

92,5

 

Қорыта келгенде,жаңа алынған қошқар шәуеттерінің микрофлорамен ластануының сандық көрсеткіштері анықталынып, мынадай нәтижелер алынды: шәуеттердің 19,8% ( 62 ұрықтарда) қолдануға жарамайды (1 миллилитрде 5000 астам микроб денелері бар); «таза» (микрофлорасы өте аз) қолдануға болатын шәуеттер  - 32,6%  (102 ұрықтарда),ал қалған 47,6 %  әртүрлі  сандық көлемдегі микрофлорасы болдыАрнайы қоспалармен  араластырылмаған жаңа алынған 24 шәуеттердің сандық көрсеткіштерін сараптағанда 1 мл эякулятта орташа 68 микрофлоралар топтары бар болып шықты. Жалпы 1 мл шәуетте  орташа  2419,3±21,57 микроб денесі, ал олардың  ауытқушылығы 128 - 12387 дейінгі аралығында болды.

«Көкбұлақ» қожалағындағы  қошқар сперматозоидтарын төменгі температурада (0 0С) сақтауға ең қолайлы №4 араластырғыш орта.араластырылғыш отраға жаңа антибиотик – гентомицин қолданылды, яғни шәует микрофлоасын заласыздандыру кешенін іздену жолында оны пайдалуға болады.