АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ  МЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАСЫ

Тауова Нурсауле Рауловна

Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

ҚОӘБ зерделеу кезінде бұрғылау жұмыстары жүргізілетін аудандағы халықтың санитарлы-гигиеналық тұрақтану шарттарын, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштерін қарастыру міндетті болып табылады. Осы аудан Қазақстан Республикасы Атырау облысының Мақат ауданында орналасқан. Бұл тарауда Атырау облыстық статистика басқармасы мен статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің деректері негізінде нұсқалған облыс пен ауданның әлеуметтік-экономикалық факторлары қарастырылады.  Атырау облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе қаласымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстаумен, батысында Ресейдің Астрахань облысымен шекаралас, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі суларымен шайылып жатыр. Ол, негізінен, ұлан байтақ Каспий маңы ойпаты шегінде орналасқан. Облыс территориясының ауданы 118,6мың км2 тең. Халық саны санақ кезінде анықталады. Санақ аралық кезеңінде халықтың саны мен жас-жыныстық құрамы туралы мәліметтері есептік жолдармен алынады, ол санақ деректері мен халық қозғалысының ағымды есебіне негізделеді.       2009 жылдың 1 желтоқсанына Атырау облысындағы халық саны ағымдағы деректер бойынша 501,6 мың адамды құрады, әсіресе Мақат ауданы бойынша халық саны – 29,532 мың адам. Олардың ішінде (2009ж. қаңтар-ақпан):

туылғандар – 11,704 мың адам (Атырау облысы бойынша), 759 адам (Мақат ауданы бойынша);

өлгендер – 3,252мың адам (Атырау облысы бойынша), 172 адам (Мақат ауданы бойынша).

Жылдың басындағы ағымдағы баға соңғы халық санағының нәтижесіне негізделе отырып есептеледі, оған осы территориядағы жыл сайын туылатын және өлетіндер саны қосылады. Халық санағының ағымдағы бағасы өткен жылдары кезекті санақ нәтижелері негізінде нақтыланады.[3].

Сурет 1 – Атырау облысы бойынша халықтың табиғи қозғалысы

Халық өлімінің негізгі себептерінің бірі қан айналым жүйесі аурулары  бойынша орын алады (31,6%). Негізгі өлім себептері бойынша өлгендер құрылымы 1- кестеде көрсетілген.

Кесте 1– Негізгі өлім себептері бойынша өлгендер құрылымы

Ауру түрлері

Өлгендер саны, адам

Салмақты үлесі, %

Қаңтар-қазан, 2008ж.

Қаңтар-қазан, 2009ж.

Қаңтар-қазан, 2008ж.

Қаңтар-қазан, 2009ж.

Барлығы:

3500

3252

100,0

100,0

Қан айналым жүйесі ауруларынан

1175

1027

33,6

31,6

Жазатайым оқиға, улану мен жарақат алудан

397

307

11,3

9,4

Тыныс алу органдары ауруларынан

63

51

1,8

1,6

Асқазан ауруларынан

154

148

4,4

4,5

Инфекциялық және паразитарлы ауруларынан

89

79

2,5

2,4

Басқа да аурулардан

1261

1264

36,0

38,9

 

Өнеркәсіп

Атырау облысы Қазақстан Республикасының негізгі мұнай өңдеуші аудандарының қатарына жатады және өте жоғары өнеркәсіптік шамасы бар. Тауар өнімін шығаруда облыстағы өнеркәсіп үлесі жалпы елмен салыстырғанда жоғары. Өнеркәсіптік кәсіпорындары көмір, мұнай, ілеспе газ, хромдалған кендерді өңдеумен, болаттың әр түрлі өндірісімен, ферроқорытпалармен, автокөліктерге, ауыл шаруашылық машиналарына қосымша бөлшектері, құрал-жабдықтары, кальций карбиді, хром қышқылы мен хромдалған ангидрид, бояғыш заттар, минералды тыңайтқыштарды өндірумен айналысады. Облыста жылу- және электр энергиясын өңдеу жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік кәсіпорын өнімінің құндық көрінісі әрі қарай қайта өңделуге арналған, тауарларды жүзеге асыру үшін арналған өнімдердің; өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстардың өнім құны болып есептеледі. 2009ж. қаңтар-қараша айларында 1 873 826 млн. теңге көлемінде өнеркәсіп өнімдері шығарылған. Тау кен өнеркәсібінде 1 698 600 млн. теңге көлемінде өнім шығарылды, өңделетіндері – 159 328 млн.теңге; электр энергия, газ бен су өндірісінде – 15 898 млн.теңге. Өнеркәсіп саласы бойынша пайыздық көрсеткіштері 2- кестеде көрсетілген.

Кесте 2 – Өнеркәсіп саласы бойынша пайыздық көрсеткіштері

Сала

2009ж. қаңтар-желтоқсан 2008ж. қаңтар-желтоқсанға %-бен

2008ж. қаңтар-желтоқсан 2007ж. қаңтар-желтоқсанға %-бен

Өнеркәсіп

101,0

99,6

Тау кен өнеркәсібі

101,2

99,7

Өңдеуші

98,1

81,7

Электр энергия, газ және су өндірісі мен бөлісі

101,5

98,2

Ауыл шаруашылығы

101,4

101,0

Құрылыс

14,4

-

Бөлшек сауда

93,0

92,4

 

2009ж. қаңтар-ақпан айларында азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде сусындар өндірісі 915млн теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2008 жылдың тиісінше кезеңінен 13,0%-ға жоғары. Балық және балық өнімдерінің өндірісі 2008 жылдың қаңтар-ақпан айларына 30,0%-ға артқан.

Сурет 2 – Өнеркәсіптік өндірістің пайыздық көрсеткіші

 

 

Сурет 3 – Өнеркәсіптік өндірістің көлеміндегі өнімнің үлесі

2009ж. қаңтар-ақпан айларында тоқыма және тігін өнеркәсібінде 50млн теңге көлемінде өнім өндірілген, бұл 2008 жылдың қаңтар-ақпан айларына 116,5%-ды құрады, негізінен іш киімдердің 31,1%-ға ұлғаюы есебінен.

Ауыл шаруашылығы

Шаруашылықтың барлық санаттарына ауыл шаруашылық кәсіпорындары, диқан (фермерлік) шаруашылығы мен халық шаруашылығы. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар – ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі қызмет түрімен айналысатын заңды тұлғалар. Қосалқы шаруашылық түріндегі заңды тұлғалардың жергілікті бірлік-бөлімшелері негізгі қызмет түрімен, яғни ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысады. 2009ж. қаңтар-ақпан айларындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі баға беру бойынша 15 748,4млн теңгені құрады. Жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2007 жылы – 105,5%, 2008 – 104,4%, 2009ж. қаңтар-ақпан айларында – 101,8%.

 

Сурет 4 – Ауыл шаруашылығының пайыздық көрсеткіші

Құрылыс

2009ж. қаңтар-қараша айларында алдын-ала бағалау есебімен құрылыс жұмыстарының (қызмет көрсету) көлемі 277,1млрд теңгені құрады. 2009ж. қараша айында қазанға қарағанда құрылыс жұмыстарының жеке көлемінің индексі 111,8%. 2009ж. қаңтар-қараша айларында ғимарат салу мен азаматтық құрылыс бойынша жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 154,7млрд теңгені құрады. Бұл көлемнің жарты бөлігінен астамы (59,6%) жеке меншік шетелдік кәсіпорындарымен орындалды. Мердігерлік жұмыстарының жалпы көлемінде капиталдық және ағымдағы жөндеу жұмыстарының үлесі ұлғайды. Құрылыс-монтаждық жұмыстарының көлемі 241,1млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісінше кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға артқан.

 

Сурет 5 – Мердігерлік жұмыстар көлемінің пайыздық көрсеткіштері

2009ж. қаңтар-қараша айларында 2 113 жаңа ғимараттар құрылысы аяқталды, олардың 1 896 тұрғын және 217 тұрғынсыз мақсаттағы. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салынды:

·   жалпы білім беру мектептері – 1;

·   мектепке дейінгі мекемелер – 4;

·   емханалар – 1;

·   сауда объектілері – 132.

Қорытынды: Осыған орай, Атырау ауданының тұрақты даму индикаторларының жүйесін талдау жұмыстары көрсеткендей, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өнеркәсіптік барлық бағыттары бойынша оңды даму жағдайы көрінеді. [9]

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы. Т.5. Характеристика месторождений. С.95-97.

2.       Бердин Т.Г. Проектирование разработки нефтегазовых месторождений системами горизонтальных скважин.-М.: «Недра-Бизнесцентр», 2001.-199с.:

3.        Экология және мұнай-газ кешені. М.Д.Диаров, Алматы қ., 2003ж.

4.     Справочник месторождения нефти и газа Казахстана. – А. 2005г – 55 б.

5.     Орлов Д. С., Амосова Я .М. Методы оценки нефтезагрязненных почв// Биотехнологические методы охраны окружающей среды. Тезисы докладов. – Самарканд, 1988 ж. 57 б.

6.     Халимов Э. М., Левин С. В., Гузев В.С.// Экологические и микробиологические аспекты повреждающего действия нефти на свойства почвы//Вестник Московского ун-та, серия: Почвоведение, 1996.-№2.-59 б.

7.     «Шығыс Мақат кен орнында тұтынушылық ұңғымалардың құрылысына жобалық-сметалық құжатын құру».

8.     Диаров М.Д. Экология и нефтегазовый комплекс. 2-том, Алматы: Фолиант.  

   14-25 б.б.