ӘОЖ 316.4.501.6.

 

ҚР- НЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫҚ- ИННОВАЦИАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

Шукенова А. магистрант

Жамбыл гуманитарлық- техникалық университеті, Тараз қаласы                     

 

Біздің Қазақстан жағдайында  мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда  жүзеге  асырылады.  Болашақта  елде  шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары  одан  әрі  кеңейту  бағыттары  жоспарланып  отыр. Осыған  байланысты  шағын және орта бизнестік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.                                                              Шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлік  базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын және орта бизнестің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын және орта бизнес  экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің  50 пайызы шағын және орта бизнеспен шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің  80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарының   3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді.Қазақстанда  шағын  кәсіпорындар  жүйесін  қалыптасыру әлі  жүріп  жатыр. Бизнеске қатысына қарай, «шағын»  деген анықтама жұмысшылардың  саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық  айналым ұғымында түіндірілуі  мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша  топтастыру кезінде негізінен  бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған. Бүгінгі күні ҚР-ның индустриалдық-инновациялық даму жағдайында шағын және орта бизнестің белсенділігін жетілдіру жолдары тиімді болып табылады.  Көптеген ғалымдар  өркениетті базарлы экономиканың  материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік түрлерін мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген түрі, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық  түрі үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. ҚР-ның индустриалдық-инновациялық даму жағдайында шағын және орта бизнестің белсенділігін жетілдіру жолдары тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады.                                   Қазақстан  Республикасындағы  шағын және орта бизнесті    дамыту  мен  колдаудың  мемлекеттік  бағдарламасы  шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын және орта бизнесті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.          

Шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындармен салыстырғанда, экономикалық тиімділіктің жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорын өндірістік және дербес тұтынудың бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын және орта бизнестің жетілдіру, дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Қазіргі  жағдайда, экономиканы  сауықтандыруға  шағын және орта индустриалды- инновациялық жолдармен дамуы   жоқтың  қасы. Сонымен бірге, шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала алмай келеді. Шағын және орта кәсіпорындарға жан - жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.доллар бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Шағын және орта бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліккке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан, шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.. Қазақстан Республикасында экономикалық реформа барысында алдын-ала түбегейлі ойластырылған бағдарламаның жоқтығынан ірі индустриалды кәсіпорындарды шағын, орташа кәсіпорындарға жаппай көшуден тарихта кешірімсіз қателер болды. Бұл өрескел қателіктерді жою үшін мемлекет ірі индустриалды кәсіпорындарды қайта құрумен байланысты шағын кәсіпорындарға арнайы бағдарламалар бойынша жан-жақты көмек көрсету керек. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтк қайшылықты, қиындықтар мен жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. 

 Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең  өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының  жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады.

 Қазақстанда  меншікті  құралдар  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  қаржыландырудың  негізгі  көзі болып  табылады. Бірақ олар қаржыландырудың  барлық қажеттіліктерін жаба алмайды.

 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалылығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар;. Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады.  Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі;  вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын); ипотека; аралас кепіл. Құқықтық  кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі.

Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең  өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының  жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалылығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар;. Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады.  Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі;  вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын); ипотека; аралас кепіл. Құқықтық  кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі.

Қазақстан  Республикасында  «Казкоммерцбанк» ААҚ-мы кәсіпкерлік- пен  айналысатын жеке тұлғаларға несие беру бағдарламасын жүргізеді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2- 2.6 % мөлшерінде беріледі.

Халықтық  Жинақ  Банкі  орта  және  шағын  бизнес  субъектілерін  несиелендіру бағдарламасын, сондай-ақ  орта  және  шағын  агробизнесті  қаржыландыру бағдарламаларын жүргізеді.   Бұл бағдарлама несиелік қызметтер комплексін ұлғайту, шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың қызметтік инфрақұрылымдық, транспорттық, өндірістік сферасындағы орнын ұлғайту мәселелерін  орындайды.

Ал Тұран Әлем Банкін алатын  болсақ, несиелендіру бағдарламасы құрылысқа және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге, айналым капиталын толықтыруға, сауда келісімдерін жүргізуге, материал және шикізаттар сатып алуға, машинамен жабдықталуға жүргізіледі. Несиелендіру сомасы 30000 АҚШ долларынан 200000 АҚШ долларына дейін беріледі. Пайыздық ставкасы 1,33-2,16 % мөлшерінде. Мерзімі 4 айға дейін. Кепіл ретінде  қозғалмайтын мүлік, құлылғылар, автотранспорт, жеке мүліктер, тауарлық запастар алынады. Сондай-ақ, жеке тұлғаларды микронесиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Несие сомасы 500-30000 АҚШ долларына дейін. Мерзімі 2-13 айға дейін. Пайыздық мөлшерлемесі 1,75-2,33 %  шетел валютасында, 2,33 - 2,75 % теңге мөлшерінде.

Сонымен қатар, Еуропа Қайта  Құру және Даму Банкі (ЕБРР) ірі масштабты жобаларды тікелей қаржыландырады, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландырады. Қаржыландыру негізінен несие түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде Еуропа Қайта Құру және Даму банкі Қазақстан Республикасындағы кіші бизнесті қолдауға атсалысып, шағын бизнесті несиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімдік несиемен қамтамаыз ету. Несие жолағының көлемі 775 миллион АҚШ долларына шақ келеді.

Осы бағдарлама бойынша, сондай-ақ  «Алматы Сауда-Қаржы банкі», «Тұран  Әлем банкі» АҚ, «Центркредит  банкі», «Казкоммерцбанкі», «Қазақстанның  Халық банкі», «Цесна банкі» және  «Темір банкі» де жүргізеді.                                                       Қазіргі таңда, шағын және орта  бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды болып табылады. Президентіміздің биылғы Жолдауына байланысты шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік жағдайға  өз әсерін тигізеді. Сондықтан, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты әртүрлі несиелендіру көздері қарастырылып жатыр. 
 Қазақстанның  тәуелсіздігін  алғаннан  бергі  өмір  жолында оның  экономикасының  дамуына әсер ететін бірден-бір  факторлардың бірі - бұл шағын  бизнес, ал шағын бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттің экономикалық саясаты жағынан заңнамалық тұрғыдан жүргізіледі. Қазақстанда бұл сектордың экономикалық және әлеуметтік секторға әсер етуі шетелдердегідей, соның ішінде Батыс Еуропа, Америка және Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей, біздің елімізде де іскерлік өмірде дамыған динамикалық бөлімдерінің біріне айналды.

Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытудың  мемлекеттік       бағдарламалары.

Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамыту жолындағы мақсаттар 1997 жылы Президенттің «Шағын бизнесті  қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары туралы» және «Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың жергілікті бағдарламалары туралы» жарлықтарынан бастау алады. Шағын және орта бизнесті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып табылады:

        - халық   тауарларын   өндіруді дамыту, импорт,   құрылыс           материалдарын ,   әртүрлі құрылғы  түрлерін шығару;

          -     қызмет сферасын дамыту:

-    аграрлық  жүйе  өнімдерін шығару өндірісін дамыту.           

Сонымен  қатар инфрақұрылымның  жетілмеуі  біріншіден, банке  құжаттар  дайындау кезінде кәсіпкерлердің  білім деңгейінің  жетіспеушілігі;  екіншіден, ақпараттық - консалтингтік қызметтердің жетіспеушілігі; үшіншіден, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендірудің отандық және шетелдік бағдарламалардан тыс қалуына байланысты болып табылады. Осы  көрсетілген проблемаларды негізгі екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ банктен несие алудағы  жалпы шарттармен байланысты, ал екінші топ - несиені алу және рәсімдеу жүйесіндегі кәсіпкерлердің жеке проблемалары болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметте шағын кәсіпорын  бюджеттерін құру келесі сатылардан тұруы тиіс:

·    шағын кәсіпорын дамуындағы жалпы бағыттардың құрылуы;

·    әрбір бөлімге жалпы бағыттар мен тапсырмаларды анықтау;

·    оперативті бюджеттерді дайындау;

·    басқару құрамымен бюджет дайындығын талдау;

·    қорытынды бюджетті дайындау. 

Шағын кәсіпорын өзінің іс - әрекетінде  көптеген  қиындықтарға  кездеседі:

Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базаның жетіспеушілігі: материал - техникалық және қаржылық.  Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің босы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды.

          Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің  заңға сүйенерлік базасы жоқ  деуге болады.

          Үшіншіден,  шағын  кәсіпкерліктің  іс - әрекеттерін  терең  талдау  жасайтын жүйе жоқ. Олардың  істеген жұмысынан қорытынды  табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.

Шағын бизнес кәсіпорнының дамуы Қазақстан экономикасындағы жүзеге асырылған реформаларының бірі болып табылады. Үлкен мөлшердегі инвестицияны қажет етпейтін  осы кәсіпорындар ғана әлеуметтік тұрақтылық кепілі, нарықтық кеңейту шаралары және елдегі бәсекеқабілеттілікті жоғарылату қайнар көзі болып саналады.

          Қазіргі кезде бұл кәсіпорындарды  дамыту, алдымен қаржылық  қамтамасыз  ету  және қаржылық - несиелік талдауды  іздеу  проблемаларымен байланыстырылады. Жаңашыл шарттарға сәйкес шағын  кәсіпорын капиталының негізгі қайнар көзі болып бұрынғысынша жеткіліксіз меншік ресурстары қалады. Бұл шағын бизнес кәсіпорнының несие нарығына және жоғарғы пайыз мөлшерлемесі жағынан бағалы қағаздар нарығына қатысуындағы, әртүрлі мемлекетік емес бағдарламалардың , қорлардың және үкіметтік ұйымдардың қаржылық ресурстарға шектеулер қоюының нәтижесі болып табылады.

Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.

        Айта  кетейік,  қызметкерлерінің  жылдық орташа саны 50 адамнан  аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің  жалпы құны орта есеппен алғанда  есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар.

Әдебиеттер тізімі:

1. О. Баймұратов   Қазақстан қаржы нарығы.Алматы «Экономика» 2007 ж                                  2. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы – 2003.       3. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.

 

«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»және қазіргі Қазақстандық жастар мәселелері» атты Республикалық ғылыми- практикалық конференциясы

Конференция қатысушылары туралы мәлімет

1.  Айнұр

Шукенова

2.

 

3.

 

Қала

Тараз

Оқу орнының атауы

Жамбыл гуманитарлық – техникалық университеті

Оқу орнының пошталық индексі мен мекен - жайы

080000, Тараз қ., Қолбасшы Қойгелді к., 171

Байланыстелефоны

87781565292, 87059133104

E- mail

Zhibek. bolysova

Мақала тақырыбы

ҚР- ның индустриалдық- инновациалық даму жағдайында шағын және орта бизнестің белсенділігін жетілдіру жолдары