Альгожина Ж.Р. Магистр, оқытушы

Қазақстан, Астана қаласы, Қаржы академиясы

Ақпарат басқарушылық есептің негізі ретінде

 

Бухгалтерлік есептің қалыптасқан жүйесі барлық менеджерлерді оперативті ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды. Ұйымның қызметін басқарумен, пайданы алуға бағытталған кәсіпкерліктің дамуымен және қазіргі нарықта тауар өндірушілердің бәсеке қабілеттілігімен байланысқан басқарушылық есептің теориялық және әдістемелік негіздердің мәселесі бұл шарттарда қажетті ақпаратты қалыптастыруға белгілі бір көзқарасты талап етті. Қаржылық есеп өз ерекшелігіне байланысты құрылымдық бөлімшелерді ішкі басқару үшін оперативті ақпаратты бере алмайды. Кәсіпкерлік қызметті басқарудың механизмі технологиялық, жоспарлы, есепті-аналитикалық ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.

Есеп, ең алдымен, мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және іздеу бағдарламалармен қатаң регламенттелген жеке ақпараттық жүйе болып табылады. Сонымен қатар, есеп жүйесінде басқарушылық шешім қабылдауға қажетті ақпарат жоқ. Сондықтан есептің, бақылаудың, жоспарлау мен болжамдауды талдаудың жүйесінің өзі кәсіпорындардың менеджерлерінің сұраныстарын өз уақытында қанағаттандыру үшін жетілдірілуді талап етеді. Республика кәсіпорындарының ішкі және сыртқы ортаның күрделілігін есепке ала отырып, күрделі жүйелерді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында өзіндік әдістер қажет. Қазіргі жағдайларда шығындарды ғана емес, сонымен қатар жабдықтау процестерін, өнімді өндіру мен сатуды, қызмет көрсетуді де басқарады.

Менеджерді оперативті және шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуде басқарушылық есептің рөлі мен орны зор. Менеджер жұмысының жағымды нәтижесі басқаруды жоспарлау, талдау, бақылау мен жүзеге асыру және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылатын ақпаратқа байланысты. Басқаруды ақпараттық қолдаудың жүйесі басқару мақсатына байланысты өзгеру мүмкін. Ақпаратты ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Төменде ақпараттың жіктелуі көрсетілген (сурет 1).

Басқарушылық ақпараттың жіктелуі

Сурет 1

Бұл суретте Қазақстанның әр түрлі салаларының қызметімен айналысатын тұлғаларға арналған ақпараттың әртекті түрлері көрсетілген. Ақпарат сандық және сапалы болуы мүмкін. Басқару процесінің бөлігі болып, ішкі есеп келесілерге мүмкіндік беретін маңызды ақпарат береді:

-                      жұмыс түрлері бойынша ағымды операцияларды бақылауға;

-                      шығындырды жоспарлауға, шығындырды үнемдеуге талдау жүргізуге, болашақ іс-әрекеттерді анықтауға, бюджет құруға;

-                      ресурстарды тиімді пайдалануға, әрбір орындалған жұмыстың нәтижелерін өлшеуге және бағалауға.

Ақпараттық қамтамасыз ету процесі бірнеше фазаларға бөлуге болады:

-                      ақпараттық қажеттіліктерді анықтау;

-                      ақпаратты жинау және өңдеу: ішкі және сыртқы ақпараттық көздерді іріктеу және анықтау, сонымен қатар, ақпаратқа кететін шығындарды және оны алудан түсетін пайданы анықтау, ақпаратты ықшамдау, біріктіру және бөлшектеу;

-                      ақпаратты беру және оның интерпретациясы: ақпаратты ұсынудың мүмкіндіктерін таңдау, сандар мен көрсеткіштердің интерпретациясы;

-                      ақпаратты сақтау және оны әрі қарай өңдеу: ақпаратты сақтау үшін техникалық жабдықтауды және ақпараттық технологиялар сферасынан құралдарды таңдау.

Тәжірибеде және теориялық әдебиетте ақпараттық қажеттіліктерді талдаудың әдістерін бейнелеу мен жүйелеудің көп талпыныстарын кездестіруге болады. Келесі әдістерді бөліп көрсетуге болады:

-                      міндеттерді талдау ақпаратты өңдеу процестері мен шешім қабылдауды талдау арқылы объективті ақпараттық қажеттіліктерді анықтайды;

-                      құжаттарды талдау белгілі бір міндеттерді орындау үшін жауапты тұлғаның иелігіндегі құжаттарды зерттейді;

-                      ұқсас қорытындылардың әдісі қажеттіліктерді «ұстаушының» ақпараттық қажеттіліктерін басқаға ауыстырады;

-                      бақылау міндеттерді орындауға талдауды шоғырландырады;

-                      интервью ақпараттық қажеттіліктерді «ұстаушының» құрылымдық сұрауы болып табылады;

- сұрау қағазының көмегімен жазбаша сұрау жүзеге асырылады.

Сонымен, менеджердің қолындағы басқарудың маңызды құралдарының бірі – оның иелігіндегі ақпарат болып табылады. Бұл ақпараттың тиімділігімен басқарушылық шешімді өз уақытында қабылдау үшін оның пайдалылығы анықталады.

 

Әдебиеттер:

1.           Волошин Д. Оценка эффективности управленческого учета предприятия //Проблемы теории и практики управления. - 2006.

2.           Создание системы управленческого учета» //www.akdi.ru. – 2011.