ТАУАРЛАРДЫ ҚАЙТА БАҒАЛАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТӘРТІБІ

 

Рахмещова С.А. – магистрант ЖГТУ

Елешов Н.Е. – профессор ЖГТУ

 

            Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарында тауарларды қайта бағалау жүргізіледі (арзандату, қымбаттау) жүргізіледі, нәтижесінде олардың бағалары кему жағына қалай болса, өсу жағына да солай өзгереді.

            Арзандату (қымбаттату) сомалары тауарлардың қалдықтарының бұрынғы (қайта бағалауға дейінгі) бағадағы құны мен жаңа белгіленген (қайта бағалаудан дейінгі) сатып алу бағадағы құнының арасындағы айырмасы болып табылады.

            Тауарларды қайта бағалау қажеттілігі әр түрлі себептерден туындайды: рынок конъюктурасының, тауарларға сұраныс пен ұсыныстардың өзгеруі; халықта шектеулі сұраныспен пайдаланатын үлгілері мен модельдері ескірген және өзінің бастапқы тұтыну сапасын ішінара жоғалтқан азық-түлік емес тауарларды арзандату; жабдықтаушылардан сапасы төмен тауарлардың түсуі; азық-түліктердің сақтау және басқа жағдайда сапасының төмендеуі.

            Барлық  жағдайда тауарларды қайта бағалауды жүргізу үшін жоғары тұрған мекемесінің өкімімен құрамында жоғары тұрған мекеменің өкілі, сауда кәсіпорнының жетекшісі, жұртшылық өкілі, сауда кәіпорнының жетекшісі, жұртшылық өкілі, есеп қызметкері және материалдық жауапты тұлға бар комиссия құрылды. Егер тауарларды қайта бағалаудың нәтижелері жабдықтаушылардың есебіне жатқызылса, онда комиссияға жабдықтаушының немесе тауарлық сараптау бюросының өкілі кіреді. Өкімде комиссияның құрамынан басқа, жұмыстың басталу және аяқталу күні, қайта бағалаудың негізі мен көлемі, яғни қайта бағалауға жататын тауарлар атауы көрсетіледі.

            Тауарларды қайта бағалау жаңа бағаларды енгізу күні қарсаңында, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары жұмысының аяқталысымен бірден және көп жағдайда оларды толық немесе ішінара түгендеумен қоса жүргізіледі. Барлық игіліктерді толық түгендеу қайта бағалауға жатпайтындарды қоса жүргізіледі, егер қайта бағалауға материалдық жауапты тұлғаның есебіндегі құнымен көрсетілген барлық тауарлардың 50 % бөлігінен көп жатса, және егер бұрынғы түгендеуден кейін үш айдан көп уақыт өтсе. Қайта бағалауға барлық тауарлардың 50 % бөлігінен есеп аз қамтылған кәсіпорындарында, сондай-ақ сандық сомалық  есеп жүргізетін зергерлік дүкендерде түгендеуге тек қайта бағалауға жататын тауарлар ғана жатқызылады, егер олардың бұрынғы толық  түгендеу мерзімі алты айдан аспаса.

            Тауарлардың заттай-құндық есебі жүретін көтерме базарлар мен қоймаларда жоғары тұратын мекеменің рұқсатымен қайта бағалауды түгендеусіз материалдық жауапты тұлғаның қойма есебінің көрсеткіштерімен салыстырылған бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша жүргізуге болады.

            Барлық жағдайда бухгалтерия тауарларды қайта бағалауды уақытында және дұрыс жүргізуіне бақылау жасауы керек. Қайта бағалаудың нәтижелерін бағалардың өзгеруіне байланысты қайта бағалауға жататын тауарлар мен басқа материалдық игіліктердің түгендеу тізім-кесімі және басқа себептермен жүргізілген қайта бағалау. Тауарларды қайта бағалау жөніндегі кесіммен рәсімделеді.Тізімдер – кесімдер бағалары өзгеретін тауарлардың қалдықтарын қайта өлшеу, санау, таразыға тарту негізінде жасалады, өйткені қайта бағалау нәтижесінде материалдық жауапты тұлғалардың есебіндегі тауарлардың сату құнының соммасы өзгереді. Олар жеке тауарлардың сақталу орындары және материалдық жауапты тұлғалар бойыеша үш-төрт данада жасалады: біріншісі-жоғары тұрғыдан мекемеге, екіншісі-бухгалтерияға, үшіншісі-материалдық жауаптытұлғаға, төртіншісі-жабдықтаушығ талап хатымен бірге немесе басқа органдарға қажеттіліген қарай беріледі.

            Тауарларды түгендеу мен қайта бағалаудың алдын-ала нәтижелерін түгендеу комиссиясы олардың аяқталысымен дереу, кәсіпорны ашылғанша шығаруға тиіс.

            Тізім-кесімнің данасын алып, бухгалтерия олардың дұрыс жасалғаснын, ондағы көрсетілген бұрынғы және жаңа бағалардың сомалары мен жиынтығын есептеудің дұрыстығын мұқият тексеруге және тауарларды түгендеу мен қайта бағалаудың ақырғы нәтижесін шығаруға міндетті.

            Тізім-кесімдердің негізінде бухгалтерия үш-төрт данада тауарларды қайта бағалау нәтижелері жөнінде жиынтық кесім жасайды, оларға сауда мекеесінің жетекшісі мен бас бухгалтердің қолдары қойылады.

            Тауарларды қайта бағалаудың нәтижелерін сауда мекемесінің жетекші екі күндік мерзімде қарап, бекітуі керек.

            Тауарларды қайта бағалаудың нәтижелері жөніндегі бекітілген жиынтық кесімдер негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

·        тауарларды арзандатқанда (немесе бағаларын төмендеткенде):

7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті – тауарларды арзандату сомасына немесе қосымша құнға салынатын салықсыз ескі және жаңа бағалар арасындағы жалпы сома айырмасына;

1330 «Тауарлар» шотының тиісті қосымша шоттарының дебеті;

1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлар»

1332 «Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлар» - тауарлардың жаңа бағасы бойынша есептелген сомасына;

1330 «Тауарлар» шотының тиісті қосымша шоттарының кредиті;

1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлар»

1332 «Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлар» тауарлардың ескі бағасы бойынша есептелген сомасына;

·        тауарларды арзандату сомасынан есептелген бұрын осы арзандатылған тауарлар бойынша есенпке алынған қосымша құнға салынатын салық сомасына;

7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті;

3130 «Қосылған құн салығы» шотының кредиті;

·        тауарлар қымбаттағанда (немесе бағалар өсу жағына өзгергенде)

1330 «Тауарлар» шотының тиісті қосымша шоттарының дебеті;

1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлар»

1332 «Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлар» - тауарлардың жаңа бағасы бойынша есептелген сомасына;

1330 «Тауарлар» шотының тиісті қосымша шоттарының кредиті;

1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлар»

1332 «Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлар» - тауарлардың ескі бағасы бойынша есептелген сомасына;

5460 «Өзге резервтер» шотының «Тауарларды қайта бағалауға арналған резервтер» субшотының кредиті – тауарлардың қымбаттау сомасына немесе жаңадан белгіленген және бұрынғы бағалар арасындағы жалпы сома айырмасы;

Жоғарыда қарастырылған тауарларды қайта бағалауды 1330 «Тауарлар» шотының тиісті қосымша шоттарының дебеті және кредиті бойынша көрсету тәртібі тауарлардың талдамалы есебі сандық – сомалық көрсеткіштермен жүретін сауда кәсіпорындарында қолданылады. Мұнда бағалардың өзгеруіне байланысты  тауарларды қайта бағалауға дейін ашылған ескі талдамалы шоттар жабылады да, жаңадан ашылады.

Мысалдар:

1 операция. Көтерме сауда кәсіпорнында тауарларды арзандату жүргізілді. Арзандатылғанға дейін тауарлардың құны 9000 теңге, ал арзандатылғаннан кейін 5800 теңге болды. Бұдан арзандату сомасы 1700 теңге құрайды. Бұл операцияны келесі бухгалтерлік тізбеменкөрсету керек:

7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті;

1330 «Тауарлар» шотының 1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлар» қосымша шотының дебеті;

1330 «Тауарлар» шотының 1331 «Көтерме сауда кәсіпорындарындағы тауарлар» қосымша шотының кредиті;

2 операция. Зергерлік дүкенде тауарларды қымбаттау жүргізілді.

Қайта бағалауға дейін тауарлар құны 42000 теңге, алқайта бағалаудан кейін 46500 теңге құрады.Бұдан қымбаттау сомасы 4500 теңге болды. Бұл операцияны келесі бухгалтерлік тізбемен көрсету керек:

1330 «Тауарлар» шотының 1332 «Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлар» қосымша шотының кредиті;

5460 «Өзге резервтер» шотының «Тауарларды қайта бағалауға арналған резервтер» субшотының кредиті;

Тауарлардың талдамалы есебі сомалық көрсеткішпен жүргізілетін бөлшек сауда кәсіпорныдарындағы бухгалтерлік тізбелер тек қана тауарлардың арзандату немесе қымбаттату сомасына немесе ескі мен жаңа бағалар арасындағы жалпы сома айырмасына беріледі. Мұнда бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жасалады:

·  тауарларды арзандату сомасына қосымша құнға салынатын салықсыз: 

7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті

1330 «Тауарлар» шотының 1332 «Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлар» қосымша шотының кредиті;

·  тауарларды арзандату сомасынан есептелген бұрын осы арзандатылған тауарларбойынша есепке алынған қосымша құнға салынатын салық сомасына;

7210 «Әкімшілік шығыстар» шотының дебеті;

3130 «Қосылған құн салығы» шотының кредиті;

·  тауарларды қымбаттау сомасына;

1330 «Тауарлар» шотының 1332 «Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарлар» қосымша шотының дебеті;

5460 «Өзге резервтер» шотының «Тауарларды қайта бағалауға арналған резерв» субшотының кредиті;

Тауарларды қайта бағалау жабдықтаушының ілеспе құжаттарында көрсетілген тауарларға қарағанда нақты түсіп, қабылдап алынған тауарлар сапасының төмендегі салдарынан жүргізілуі мүмкін. Мұндай тауарларды арзандату жабдықтаушының есебінен жүргізіледі және жабдықтаушының, тауарлық сараптау бюросының өкілі немесе қызығушылығы жоқ мекеменің жетік өкілінің қатысуымен жасаған кесімнің негізінде жабдықтаушыға талап қойылады.

Тауарларды арзандату сомасы бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазумен көрсетіледі:

1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының «Талаптар бойынша есеп айырысу» субшотының дебеті қосымша құнға салынатын салықты қосқандағы тауарлардың арзандату сомасына;

5460 «Өзге резервтер» шотының «Тауарларды қайта бағалауға арналған резервтер» субшоты қосымша құнға салынатын салықсыз тауарлардың арзандату сомасына;

3130 «Қосылған құн салығы» осы арзандатылған тауарлар бойынша бұрын есепке алынған қосымша құн салынатын салық сомасына;

Тауарларды арзандату материалдық жауапты тұлғалардың кінәсінен олардың сапасы төмендеуі салдарынан жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда арзандату сомасы олардан өндіріледі.

Мұндай жағдайда арзандату сомасы олардан өндіріледі де, өндірілгенге дейін келесі бухгалтерлік тізбе жасалады:

1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының «Материалдық зиянды өтеу бойынша есеп айырысу» субшотының дебеті – қосымша құнға салынатын салықты қосқандағы тауарларды арзандату сомасына;

Тиісті шоттардың кредиті:

5460 «Өзге резервтер» шотының «Тауарларды қайта бағалауға арналған резерв» субшоты – қосымша құнағ салынатын салықсыз тауарлардың арзандату сомасына;

3130 «Қосылған құн салығы» - осы арзандатылғантауарлар бойынша бұрын есепке алынған қосымша құнға салынатын салықтың соамсына.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Дюсенбаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембинв З.К., «Қаржылық есептің талдауы мен аудиті» Алматы,2009 ж.

2.Аудиттің халықаралық стандарттары – 1,2 т Алматы, 2011 ж.

3.Абленов Д.О. «Аудит» Экономика, 2010 ж.

4.Бухгалтерлік есеп қағидалары Әжібаева А. 2009 ж.