Ақмола облысының геоэкологиялық картасын
жасаудың маңыздылығы
Айсарина Г.
Жетписов С.У.
Геоэкология ландшаттың және
физикалық географиялық аудандардың аса ірі
таксономикалық бірліктердің - округ, провинция, облыс, ел
және тағы басқаларының экологиялық
қасиеттерін зерттейді. Оның міндетінде белгілі бір
геосистеманың шекарасындағы адамның өмір сүру
жағдайы мен өндірістік әрекетін зерттеу кіреді. Әсіресе
геоэкологияға антропогенді әрекеттегі ландшафттың
табиғи ортасының тұрақтылығын зерттеу жатады.
Геоэкологиялық зерттеу
мақсаты - геожұйенің табиғи және антропогендік
шекарадағы қоршаған ортаны сақтау немесе
экологиялық жағдайды қалпына келтіруін зерттеу.
Геоэкологияның негізгі міндеттері:
-адамдардың жақын
қоршаған табиғи-антропогендік жүйенің
заттық-
энергетикалық балансы, динамикасын және
құрылымын зерттеу;
- адамдардың әртүрлі
формаларын шаруашылық әрекеттерін пайда болған
экзодинамикалық процестермен құрылыстардың біліну
тенденциясын мен бағытын тану;
- табиғи-антропогендік
жүйенің өздігінен реттелетін процестердің, сонымен
қатар бұзылған, оның адал денсаулығына және
өмір сүру ортасына әсер етуін зерттеу;
- техногенезге ұшыраған,
геосистемадағы экологиялық тепе-теңдікті сақтау
жағдайын зерттеу;
- қоршаған ортаның
табиғи жағдайын түрлендіру және сақтау бойынша
сипаттаманы өңдеу.
Зерттеуші аймағымыз болып, Ақмола облысы
табылады. Жалпы,
Ақмола облысы Қазақстан Республикасының
солтүстігінің орталығында, қазақтың
ұсақ шоқысы мен Тенгіз жазықтығында
орналасқан. Ақмола облысының іргетасы 14.10.1939 ж.
қаланған. Облыс территориясының ауданы 121,7 мың км.
Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында
Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында
Қостанай аудандарымен шектеседі.14 ауылдық, 2 қалалық
әкімшілік ауданға бөлінеді. 8 қала, 12 кент,183
ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталығы –
Астана қаласы. Сарыарқаның солтүстік – батыс
бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында,
дала белдемінде орналасқан.
Геоэкологиялық зерттеудің
ғылыми-практикалық мүмкіндігін табиғи антропогендік
геосистеманы ландшафтты шекарасындағы табиғи ортаның
экологиялық тұрақтылығының бұзылуын
уақытында анықтауымен шектеледі. Әсіресе геоэкологияның
қолайлы мүмкіндіктері–бұл геосистеманың жергілікті
табиғи жағдайының есебінде халық
шаруашылығының кешеннің өнеркәсіптерінің
экологияның жағынан орналасуы шешілген, ғылыми
дәлелденген ұсынысты өңдеуді ашады. Осыған
байланысты геоэкологияның басты бір ғылыми –практиканың
міндеті – бұл ландшафтты экологиялық карталарды, сонымен бірге
табиғи-экологиялық және экологиялық шаруашылықты
аудандастыру схемасын құрайды.
Аудандастыру схемасын
жоғарғы оқу орындарында арнаулы пән ретінде
жүргізуінен басқа да мәселелер туындайды. Мәселен, химик-технолог
міндетіне тіршілік жүйесін ұйымдастыру мәселесі кірмегенмен,
ол өз кәсібін атқару барысында тіршілік иесі мен
қоршаған ортамен тікелей қарым-қатынаста болады. Демек,
оның табиғи қоршаған ортақұрылымын,
қасиеттерін, онда жүретін өзгеріс заңдылықтарын
қандай дәрежеде меңгергендігіне байланысты,
қоршаған орта да, оған өмір сүруге қолайлы
жағдай жасайды. Өнеркәсіп, өндіріс орындарында,
конструкторлық-жобалау мекемелерінде жұмыс атқаратын инженер
мамандары экологиялық басты мәселелері болып төмендегілер
саналады:
1) технологиялық, инженерлік,
конструкторлық-жобалау жұмыстарын адамзат денсаулығына зиянын
тигізбейтін қоршаған ортаны мейлінше бүлдірмейтіндей етіп
жүргізу;
2) қайта құрылатын немесе
жобаланатын өндіріс орындарының –қоршаған ортаға,
адамзатқа, жан-жануарлар дүниесіне тигізер зиянды әсерін
алдын –ала болжап, бағалай білу және оны болдырмау жолдарын
қарастыру;
3) өндіріс, өнеркәсіп
саласындағы қоршаған ортамен тіршілік иелеріне зиянды
технологиялық процесті дер кезінде анықтап, оны түзету
шараларын іске асыру;
Қысқасы,
қоршаған табиғи ортаны қорғаудың
ғылыми негіздерін және заңдылықтарын қарастыратын
ілім - геоэкология болып табылады. Геоэкологияның жетістіктері,
қазіргі заманның бірқатар өзекті міндеттерін шешуге
негіз болып отыр. Геоэкология келешекте ең маңызды
ғылымдарының бірі-деген ойды әлем ғалымдарына
көпшілігі барған сайын мойындай түсуде.
Казіргі кездегі Ақмола
облысының геоэкологиялық, ең басты міндетттердін бірі - ландшафтты
экологиялық карталарды және
аудандастыру схемаларын жасауы қажет.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Богачев В.П. Экологический потенциал геосистем;
подходы, принципы и методы изучения. Вестник Каз.ГУ, серия географическая.
Алматы, 1996
2. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Учебное пособие. - Алматы:
Санат, 1995.
3. Джаналиева К.М., Будникова Т.И., Вилесов Е.Н. и др.
Физическая география Республики
Казахстан. – Алматы: «Казак университетi», 1998. – 266.
4. Чигаркин А.В. Геоэкологическое районирование и
экологичеcкая реконструкция нарушенных
геосистем Казахстана.// Вестник Каз.ГУ, серия географическая. Алматы, 1996