история
П.ғ.к. Аяған Е.С., м.ғ.к. Дуанбекова
Г.Б., г.ғ.к. Абилова А.Б.,
г.б.м. Дуванбеков Р.С.,
г.б м. Абилов Т.К.
Карагандинский государственный
университет
Бөкей
Ордасындағы Жәңгір хан саясаты мәдени
ағартушылық
іс-әрекеті
Хан
қазақ даласынан сыртқа
жиі шығып тұратын. Жәңгір екі астанада,
Қазан, Орынбор және Кавказда болған. 1825 жылы қыста
және 1839 жылы жазда Петербургке барып қайтқан. 1826 жылы
жазда Жәңгір әйелі Фатимамен бірге Мәскеуде император І Николай салтанатты жиынға
қатысу үшін барған
болатын. Хан жанындағы сұлтандар Шөке Нұрғалиев,
Қайып-Ғали Ишимов, Сүйініш пен Қарақұл
қожа, оған қоса үш кеңесшісі: Дүзали,
Дүзанбай мен Шеркас және бір
ахун Айт Мұхамедпен бірге барған. Хан мен ханшаны Петербургте императрица өте жылы қабылдап,
оларды таңғалатын сыйлықтар сыйлаған. Сұлтандар
мен ахун Аннендік лентаға тағылған үлкен алтын
медальдар алған. Мәскеуден қайтып бара жатып
Қазанға соғады. Оған 1844 жылы тағы барған
болатын. Осы жылы ақырғы рет барған уақытта
барлық ойын-сауықтарға, балға, кештер мен Фукстің
әдебиет кештеріне т.б. шараларға қатысады. Оның
құрметіне көптеген адамдар түскі ас берген болатын [5].
Ханды осы жолы сұлтан Тоғыжан мен кеңсе басшысы Матвеев
қарсы алған (бұл адам бұрынғы Қазан университетінің
түлегі болатын).
Ханның кітапханасында мынадай мерзімді басылымдар
болған: «Северная пчела», «Отечественные записки», «Современник», «Москвитяник»,
«Журнал мин. Нар. Просв.», «Посредник» (газета промышленности и реальных
наук), «Земледельческая газета»,
«Друг здравия», «Журнал Мин.Гос.Имущ.), «Русский инвалид». «Сенатские
ведомости», «Астраханские», «Саратовские» и «Оренбургские» губернские ведомости». 1843 жылы ханның жеке кітапханасынан Шинкелдің «Архитектура ХІХ
века» Максимовичтің «Атлас или собрание карт всего земного шара», Проскуряков
пен Семеновтың «Подробный учебный атлас Российской империи», Михайловский-Данилевскийдің «Описание
отечественной войны», Баргиевтің «Основания уголовного права», Гогольдің «Мертвые души», т.б. шығармалары тіркеуге алынған [7]. осылардың негізінде Жәңгірдің
өз бетінше білімін жоғарғы дәрежеге көтергенін атап айтуға болады. Жоғарғы білімін хан осы басылымдар арқылы ала отырып, Қазан,
Петербург, Орынбор оқу орындарын
аралап, өз білімін жетілдірген
болатын. Қазан университетінің ректоры, профессор Карл Фукс
«Казанский вестникте» Жәңгір жөнінде мақала жариялады [1]. Онда ханның Қазан университетінде болып, бүкіл кафедра
жұмыстарымен, оқытушылардың оқу құралдарымен және оқу-тәрбие процесімен танысқаны айтылады. И.Иванов 1895 жылы «Астраханский
вестникте» жариялаған мақаласында
ханның жаздырып алып оқыған мерзімді басылымдарын көрсетеді.
Жәңгір көз жұмғанда генерал-майор Ладыженский ханның
кітаптарын тізімге алған екен. Жәңгір хан іс
қағаздарын жүргізу, ұлттық мұрағат ісін құнттау,
ұлттық мұражайды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше
ден қойды. Қазақстан дербес архивінің пайда болуы
Бөкей Ордасы архивімен тікелей байланысты [2].
ХІХ ғасырдың отызыншы жылдары
Жәңгірдің өз қолымен
жинаған Ордадағы қару-жарақ пен ат әбзелдер
мұражайы қазақ жерінде
теңдесі жоқ қазына болатын [3]. Сол кездегі басылымдар
арқылы Жәңгір рухани байлығын арттырып,
әлемдегі жаңалық кеңістігін меңгеріп, бүкіл саяси
жағдайларды жеткілікті біліп отырған. Әлемдік жаңа
өркениет бағытын тереңірек түсініп, соған
ұмтылған хан болатын. Оған қоса көне материалдар
мен кітаптарды ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалдыру үшін оларды университет қорына беруінде үлкен мән
бар. Сондықтан жоғары білім Ордасында
сақталуын ғана ойламай, оқу орнында маңызды материалдар
болатынын біле тұра оқып жатқан студенттерге өте
қажеттілігін білген.
Осылайша ұлттық
құндылықтар болашақ жас ұрпақ үшін
ең маңызды мұра етіп қалдырған. Орда іс қағаздарын мемлекеттік деңгейде жүргізу үлгісін жасап, жүзеге асырған. Ұлттық мұрағат негізін Жәңгір хан
салған. Қазақстанның тұңғыш мемлекеттік мұрағат негізі мен тарихы хан ашқан
кезден басталады. Сондықтан қазақ
жерінде алғаш рет мұрағатта ұлттың рухани мұрасын жүйелі
түрде жинақтай білгенін жоғары бағалау қажет.
Жәңгір тұсында өзінің тікелей басшылығымен
Ордада алғаш рет ұлттық мұражай ашылған болатын.
Мұнда ұлттық құнды
қолөнер бұйымдары,
қазақ әскери өнерінің ерекше шеберлерінің
мұрасы қойылып, ұлттық материалдық
мәдениетті қастерлей келе, жас ұрпаққа
қалдыруды мақсат еткен. Оның ішінде ат әбзелдерін,
сауыт-саймандарын, ертоқым, т.б. заттары мен қазақ ат
үстінде батыр халық болғандықтан ұлттық
қару-жарақ түрлерін және батырдың бес қаруын қастерлеп ұлт мұрасын
одан әрі жалғастыруды және
мұраны мәнгі сақтауды мемлекеттік деңгейде шеше білген.
Гебельмен бірге Клаус пен Бергман үшеуі 1834 жылы елге барғанда, хан
оларды сыпайы сыйластықпен және қонақжайлықпен
қарсы алғанын күтпеген едік деп айта келе Гебель былай
әңгімелейді: «Мен
шаршап келгенде жақсы қарсы алып, хан үйінің басты
залында кездескенде, бөлмелер үлкен европалық
нұсқада салынған өте тамаша тазартылған
және дастарханында түрлі шараптар
болып, түстік асын берді. Таңертеңгі
асындағы дастарханда ликер түрлері, шарап, қымыз, май,
ірімшік, уылдырық, жылқының
тағамдары қойылды.
Ең басты орында хан отырды. Маған
тамақты орыс ғұрпымен берді. Менімен бірге достарым отырды, ханмен бірге дәрігер, одан кейін
қазак офицері, Орынбор
чиновниктері, ханның бірнеше сұлтандары отырды. Шампанды ашып құйғанда, мен хан
денсаулығы үшін алып қоюды ұсындым, оған ол
қуанымен,
оның шарап ішпейтінін, оның құранға қайшы келетіндігін түсіндірді. Хан мен
сұлтандар тек қымызды рахаттанып ішті. Шыға беріс бөлмедегі дастарханнан бізге кофе берді» [4]. Осы
Ресей зерттеушілеріне хан басын иіп, ерекше күтуінің мәнісі
қазақтың сырттан келген қонақтарды қонақжайлық
дәстүрмен қарсы алатынын көрсетеді. Жәңгір өзі де
қазақтың салт-дәстүрлерін мықты
ұстаған. Оған қоса жаңа сәулет
өнеріне көңіл бөліп, өз үйін сол кездегі
европалық стандартқа негіздеп салған. Бөкей
ордасында хан жаңа
европалық үлгіде алғашқы үй салдырған. 1843
жылы хан ордағылардың барлығы
шақырылып 3 сағат бойы түскі ас
берілген болатын. Бір залда азиялық (қазактар) старшиндер, қарапайым қырғыздар
(қазақтар) болып, екінші залда орыс, татар көпестері
болған, олар Ордаға сауда үшін келгендер болатын. Әсіресе
өте тамаша жиналған үстелдер, жылтыраған өте бай
күмістен жасалған заттар. Хан
өзі қазақ пен орыстың құрметіне
бөленді.
А. Еврейновтің деректері бойынша күнде Жәңгір
үйінің кең залында түстен кейін намазға келгендерге түстік
ас беріп отырған. Жәңгір қарындасының тойында
Қарабай сұлтанмен бірге 8 000 адамға дейін Астрахан,
Қазан, Орынбор татары, ноғай, қалмақтар мен
ауқатты қазақтарды шақырған болатын. Ал үшінші
күні бәйгі жарысы болды,
оған 200-ге тарта ең керемет
қазақ тұлпарлары қатысқан. Ат жарыстағы
бірінші орын алған
ат иесі (ат жарыс 80 км) Қайың-Ғали Есіл - хан Уәли
хан 100 қой, 10 тұлпар ат алды; бірақ өзіне берген
тұлпар аттарын Жәңгірге сыйға тартты. Екінші орындағы тұлпар аттың иесіне 50 қой, 5
тұлпар ат берді, басқа да 7 ат иесіне сыйлықтар
алған орындарына қарай сыйлық
мөлшері азая берді. Бәйгеден кейін қазақша күрес
басталып, онда бас жүлдегер жеңімпазға түйе сыйлап, ал
басқа орындарға қой берілген (Фукс). Хан көне
аңыз әңгімелерді және жырларды айтуды жақсы
көретін [5]. Мұнда Жәңгір
қазақы салт-дәстүрмен той жасау түрін келтірген. Онда хан қазақ салт-дәстүрін өте жақсы біліп,
оны қадірлеп, өз басшылығымен халық арасында,
басқа ұлт өкілдеріне әдет-ғұрыпты,
салт-дәстүрін, жыршылық өнерді, жалпы
қазақтың ұлттық мәдениеті жоғары екенін көрсете білді.
Жәңгір хан ұлттық мәдениетке ешқандай
қаржы аямағанын көреміз. Өз ұлттық
мәдениеті арқылы қазақ ұлтының ерекшелігін атап көрсеткен. Бұл пікір ханның Европадан келген жаңа өркениетке еліктеп, қазақ мәдениетіне
көңіл бөлмеген деген деректерді теріске шығарады. Өйткені қазақ
салт-дәстүрін сырттан келген қонақтарға таныта
отырып, көнеден келе жатқан ұлттық мәдениетті жас
ұрпаққа насихаттай білген. Жәңгір ежелгі тарихи
аңыз-әңгімелерді айтудан ең әйгілі жыршы
болған. Мұның мәнісі
көне көз қариялардан ежелгі аңыздарды, жырларды білуге,
оларды насихаттауда шеберлік
таныта білген. Бұл қасиетінен дала ауыз әдебиетін өте
терең білгенін, оны ұрпақтан-ұрпаққа
қалдыру үшін халық арасынан жинау үшін ешқандай
ақшаны аямаған.
Қазақтың шежірелерін,
аңыздарын, жырларын сақтау үшін мемлекеттік деңгейде
қаржы бөліп, халық арасына жас ұрпаққа
насихаттауды өз басшылығымен жүргізген. 1827 жылы
көктемде Жәңгір үлкен зәулім үйін салдырып,
осыны басты корпуспен жалғастырып қосқан. Барлық
құрылыстар қысқа қарай бітіп, жаңа 1828
жылды хан жаңа қоныста қарсы алған. Бұдан
басқа да үйлерді ол
өзінің көптеген қызметшілері үшін салып берді.
Бірқатар сұлтандар Жәңгірден үлгі алып, олар да келіп қоныстана бастады.
Ханның үйінде 23 бөлме болып, оның 7-уі басты корпустары болған. Залдарында европалық жиһаздар орын алып, оның
ішіндегі астрономиялық сағаттар, оң жақ шыға
берістері қолөнершілердің қола әшекейлерімен
өрнектелген, глобус, сағаттан әдемі музыка шығып, сағат уақытын көрсететін. Оң жақ
залдардан әрі қарай қонақ бөлме, шағын бөлмелер болған. Бір бөлмеде фортеопиано болып, оған қоса император
тақсырдың, Жәңгірдің және оның
ұлы Сақып-Керей суреті ілінген. Залдың сол жағында шағын екі терезе, бұлар басқа бөлмелерден
ерекше жабдықталған. Бұл шыға берістегі екі сатыда сол кездегі ең бай әдемі қазақ, парсы
кілемдері төселген. Онда
симметриялық үлгіде керемет
шашки орналасып, оған қоса қылыш, қару-жарақ
орналасқан, ал терезенің жанында
ең қымбат көрікті жылқы сауыт-саймандары мен басқа да аттардың әшекейленген
ат-саймандары ілінген. Сабанщиковтың сөзінше, ханның
шешім шығаруы үшін немесе кейбір
әдет-ғұрыптар жасауы
үшін жеке бөлмелері болған. Бір
жақ қабырғада екі жіңішке биік қызыл ағаш
шкаф, ал шынының әр жағында әртүрлі азиялық
сауыттар орналасқан, оған қоса жауынгердің
дулығасы мен басқа да
әскери батырдың сауыт-сайманы болған. Бұлардың ішінде сирек және бағалы заттар қойылған, көздің майын алатын
әдемі болаттан жасалған тақияға ұқсас дулығалар көрікті алтынмен
өрнектелген. Басқа да бөлмелер қару-жарақ
бөлмесі деп аталып, онда қабырға бойы кең ағаштан жасалған қызғылт шкаф, шынысының әр
жағында әртүрлі әдемі қарулар түрлері
орналасқан. Олар: винтовка, шашка,
қылыш, қанжар т.б. болған. Осылардың арасында көптеген бағалы заттар
екі қылыш, Бөкей мен Жәңгірге берген патша
сыйлықтары, алтын бұйымдары мен қымбат бағалы тастарда болған.
Зерттеу барысындағы зерттеу нәтижелері анықталып,
тұжырымдалды:
Қазақтың салт-дәстүрін
сақтай отырып, Жәңгір хан қазіргі заманша өмір сүрудің ең
алғашқы бастауы болған. Қазақстан жерінде
оның ішінде Бөкей Ордасында
бірінші рет жаңаша үлгіде тұрғын үйлер салу
қалыптаса бастаған. Жәңгірдің ең керемет
үлкен үйінде қазақтың ұлттық рухани
байлығын сақтауға ерекше көңіл бөлінген. Ұлттық мәдениетті өз
үйінде көздің қарашығындай ұқыпты
ұстай біліп, болашақ жас ұрпаққа үлгі
тұтып ұлттық мәдениеттілікке тәрбиелеуді
мақсат еткен. Оған қоса,
ұлттық мәдениет асыл құндылықтарын
ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде тапсырудың жақсы үлгісі болды. Хан өз үйіне келген
шетел қонақтарын, басқа ұлт өкілдеріне қазақтың ұлттық
мәдениетін көрсете біліп, мақтаныш еткен. Бұған
дәлел Жәңгір үйіндегі сақталған
мәдени құндылықтар Ордадағы тұрғын үй салу мәдениетін басқа да адамдар,
сұлтандар т.б өнеге тұтып өздері де Жәңгір
сияқты үйлер салған. Хан үйінің өнеге
тұтатындай екенін әңгімелейді. Осы үйде рухани
байлықты, білімін арттыратын, тарихи-географиялық
мәліметтерге толы көрнекті құралдар, музыка
мәдениетінің бай екенін ондағы аспаптарды келтіргеннен білуге
болады. Оған қоса сурет өнерінің құндылықтарын, өте
бай қазақтың шығыстық, европалық
үлгідегі материалдық мәдениетке толы екенін айтқан. Әсіресе Жәңгір
үйінің өнегелі жақтары қазақтың
ұлттық қару-жарақ үлгілерін ерекше
сақтай білгенінің
үлкен мәнісі бар. Өйткені қазақ жылқы жаны
бір болғандықтан, жылқымен бірге жаратылғанын
дәлелдей түсетін сияқты. Сондықтан ат барлық
сауыт-сайманын, қазақтың қару-жарағын,
әсіресе батырдың сауыт-сайманын, дулығасын т.б әскери
киімдерін ерекше өз үйінде сақтағаны
таңғалдырады. Жәңгір тағы бір ойы – жылқы қазақ жерінде жаратылып оны көне
қазақтар қолға үйрету өнерін меңгеріп
дүние жүзіне тарату,
қазақты жас ұрпаққа
және басқа ұлт өкілдеріне мақтаныш ету сияқты. Оған қоса батырлар
сауыт-саймандарын, қару-жарағын, ат сауыт-сайман өрнектелген
әбзелдерін дәстүрін көрсете отырып, ежелгі заманнан
қазақ халқы ат (тұлпар) үстінде батыр,
әскери жауынгер сарбаз екенін, дүние жүзіне
ат-сауыт-сайманымен, ат үстіндегі батырлығын пір тұтып, жас
ұрпаққа мұра етіп, басқа ұлтқа
ұлттық мәдениетті, оның ішінде, батырдың әскери өнер мәдениетін таныта біліп, отанын қорғау
соғыстарында, отанын қорғау үшін батырдың ролін
көрсетіп оған қоса әлемдегі батыр болған халық екенін
Жәңгір өз үйінде сақтап келген адамдарға
әңгімелеген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. История Букеевского
ханства 1801-1852 г.г. (сборник документов и материалов). -
Алматы:
Дана-Пресс,
2002. - С. 8-9.
2 .Букеевской
орде – 200 лет. Изд. из 6 книг. Книга 2. - Алматы: Өлке, 2001. - С.9.
3. Г.К.Мукатаев хан
Жангир. Великий
преобразователь степи. Санк
Петербург.-2001.С.143.
4. Өмірзақов
Ә. Ресейге қосылғаннан не ұттық. - Алматы:
Санат,
1999. - Б.86
5. Зиманов С.З. Россия
и Букеевское
ханство. - Алматы:
Наука,
1982. - С.121-127.
6. Бабажанов С.
Этнографиялық мақалалар. - Алматы,
1993. – 20 б.
7. Гармс И.Я. Народное
образование среди казахов дореволюционной России: Автореферат дисс...к.п.н. – Петропавловск, 1957.
- С.6