история
П.ғ.к. Аяған Е.С., м.ғ.к. Дуанбекова
Г.Б., г.ғ.к. Абилова А.Б.,
г.б м. Абилов Т.К., г.б.м. Дуванбеков Р.С.
Карагандинский государственный
университет
Жәңгір ханның Бөкей Ордасындағы
реформаторлық іс-әрекеті
Жәңгір
қазақ ұлттық мәдениетін мықтап ұстай
отырып, Бөкей Ордасында
ислам мәдениетін білім арқылы сіңіре
білді. Арнайы қазақтың ұлттық мәдениетін жас ұрпақ бойына
қалыптастыратын шаралар мен жарыстар өткізіп тұрды.
Жәңгір
хан Бөкей Ордасында саяси-экономикалық әлеуметтік
және мәдениет салаларын реформалады.
(Сурет 1).

Сурет
1 – Жәңгір
хан реформалары
Қазақстан жерінде, оның ішінде Бөкей Ордасында бүкіл
салаларды реформалай отырып, жаңа өркениетке ұмтылып, білім саласы
арқылы жүзеге асырды. Бұл
реформалауды қазақ қоғамында жаңа өркениет
қалыптастыруына түрткі болып, Жәңгір хан сол себептен
ағартушылық саясатын мықты ұстанып, өркендетуге
билікке келгеннен бастап, қайтыс болғанша дамытқан.
Сондықтан қазіргі заманғы
өркендеу жолының негізін қалаған болатын. Қазіргі
сәулет өнерінің негізін салып, алғашқы бастау
жолы болып, ұлттық
құрылыстың дамуына себеп болды.
Ресей билеуші таптарының Жәңгірді
оқытып, тәрбиелеп, дала деспотына айналдыруында да көзделген
зияндық мақсаттар жоқ емес еді. Біріншіден, қазақтарды
орыстандыру, шоқындырып, дінінен, тілінен, бірте-бірте алшақтанып,
«қазақ» деген ұлтын ұмыттырып, құл есебінде
пайдаланғысы келді. Сондықтан да Ресей үстем тап өкілдері қазақтың
өзінің қолымен өз отын көсеттірмек болды. Бұл жағдайды Жәңгір хан да
сезді. Бірақ хан тағынан айырылғысы келмеді [1].
Бөкей хан баласы Жәңгірге жаңа
білім керек екенін және патшалық Ресейдің орта және
жоғары білімін беру қажет екенін білгенмен, Жәңгірді оқу орындарында
оқытуға үлгермей кеткен.
Ал патшалық Ресейдің
Жәңгір хан арқылы
отарлауды тереңдету
саясатын ұстанғаны рас. Бірақ Жәңгірді
толық тәуелді етіп, қазақ халқын оның
ішінде қазақ балаларын шоқындырып, орыстандырып, тілінен,
дінінен айырғысы келгенін тарихи деректер мен мұрағат материалдары дәлелдейді.
Бұл патшалық Ресейдің отарлау, мәңгүрттендіру
саясаты шындығында Жәңгір хан керемет ұлттық
саясат жүргізгендіктен жүзеге аспады. Ресей империясына
тәуелді бола отырып, ұлттық идеологияны мемлекеттік
деңгейде жүргізгенінен көруге болады.
Бөкей Ордасында Ставкада Жәңгір хан өзінің жанынан
қазақ халқының арасында жұмыс істейтін
идеологиялық мүше
құрған болатын. Алғаш рет Қазақстан
тарихында ахундар хандықта басты рухани
тұлға ретінде лауазымдылығын бекітіп, және оған
қоса хандықты рухани қазылар міндетін атқарған.
Хандықта дін басылары ханның ең жақын жанында
отырған жоғарғы үстемдік билігінің
қолдауына сүйенген [2].
Жәңгір Ордада ұлттық
идеологияны жүргізу үшін арнайы
мүше жұмыс істеген. Ондағы
саясаты қазақ халқын орыстандырудан, шоқындырудан,
мәңгүрттендіруден сақтау үшін. Бөкей
Ордасында ұлттық идеологияны жүзеге асырған
«ахундық» лауазымдағылар немесе қызметкерлер болатын.
Бөкей Ордасында ұлттық идеологияны қалыптастыру
үшін Жәңгір хан білім саласы арқылы дамытуды
мақсат етті. Осы мақсатты жүзеге
асыру үшін Бөкей Ордасында мұсылмандық жаңа
үлгідегі бастауыш ауыл мектептері мен медреселерді салған [3]. Жәңгір өз басшылығымен
ұлттық идеология негізіндегі ұлттық тәрбие модельін қазақ мектептері мен медреселер
арқылы жүзеге асырған. Әсіресе Бөкей
Ордасындағы ұлттық идеологияны
арнайы мүшеге жүктеп, қазақ
халқының арасында
патриоттық тәрбиені
қалыптастыруды міндеттеген. Қазақтар ішінен ислам діни қызметшілер тобы ұйымдастырылып
пайда болғанын зерттеуші А. Алекторов
көрсеткен [4]. Әсіресе қазақ
халқының сана-сезіміне діни идеологияны сіңдіріп енгізген
татар молдаларының іс-әрекеті болатын [5]. Жәңгір хан Бөкей Ордасында
мұсылман дінін дамыту үшін татар дінбасылары мен
молда-мұғалімдерін шақыртты. Өйткені татар молда-мұғалімдер
арқылы ислам мәдениетіне негіздеп ұлттық идеологияны
қалыптастыруға тырысты.
Жәңгір хан оқыған молда-мұғалімдерді ұлттық идеологияны қазақ арасына
барып тереңірек жұмыс істеуге пайдалана білді. Жәңгір ханның ұлттық
идеологияны жүзеге асыру үшін татар дінбасылары мен молда-мұғалімдерін Ордада
тұруына жағдай жасаған болатын. Сондықтан әрбір
мемлекеттік ұлттық идеологиясы болмаса, ұлт біріге алмай
ыдырауға әкеледі, болашағы белгісіз болады. Осының
нәтижесінде ұлттық идеологиясы жоқ елдер ұлттық, идеологиясы мықты және ең күшті
мемлекеттердің бұғауында болып, басқа елдердің мәдениетін қабылдайды. Бірінші кезек қазақ
халқының ұлт болып бірігуіне кедергі жасайтынын
Жәңгір хан өте
жақсы түсінгендіктен, мемлекеттік деңгейде ұлттық
идеологияны арнайы органға айналдырып, өзі қадағалап
отырды. Қазіргі кезе
Жәңгір сияқты ұлттық идеология ұлттық
оқу-тәрбие негізінде, әсіресе ұлттық
патриоттық тәрбие ұлттық мәдениетке негізделіп
жасалынбаса ұлттық оқу-тәрбие және
ұлттық мәдениет арқылы қалыптастырған
ұлттық идеологиясының тәжірибесіне қазіргі
Қазақстан сүйену қажет.
Жәңгір басқарған жылдары Орданың әкімшілік құрылымдары,
жетілген шаруашылығы кемелденген, сауда дамыған тауар-ақша қатынасы ене бастаған, европалық білім мен мәдениетке ден
қойған кезең болды [6].
Жәңгір ханның саясатын, істеген істерін және мемлекеттік шараларын өте
дұрыс көрсеткен. Жәңгір хан Бөкей Ордасында
барлық салаларда әлемдік стандартқа сай, жаңа
өркениетке негіздеп, ұлттық
ерекшелікті сақтай отырып, реформалаған болатын. Осындай даму
жолдарымен өркендеу үшін, білім саласын жүйелі түрде
дамытты.
Ресейдегі патша мен халық наразылығы, Ордада
қайталанды, өзгешелігі Махамбет желтоқсан қоғамдық идеясын
қолдаса, Жәңгір
Николайдың билігін
қорғап бақты [6]. Бөкей Ордасында
көтерілістердің
болғаны шындық, бірақ Жәңгір хан
Патшалық Ресейге тәуелді болған соң ештеңе істей алмады. Ресейге бодан болғанға
Жәңгір хан кінәлі емес, өйткені Жәңгірге
дейін қазақ хандары патшалық Ресейге тәуелді
болғанын айтқан жөн. Махамбет пен Исатай көтерілістері
тек Жәңгірге ғана емес,
патша өкіметінің отарлау саясатына бағытталған болатын.
Махамбеттің Жәңгірге айтқан сөздерінен
патшалық Ресейдің алдында біздің мүддемізді,
құқығымызды қорғауға
көмектеспегеніне ренжіген сияқты. Жәңгір хан прогрессивті жолмен Бөкей Ордасын дамыту үшін
патшалық Ресейден қол үзіп кете алмады.
Жәңгір хан Ресей империясына қарсы
шыққанымен ештеңе
шықпайтынын өте жақсы сезіп, патша
өкіметіне қарсы шығып соғысқаннан гөрі
Жәңгір хан жаңа өркениетке және европалық
білім жүйесіне негізделген білім саласын дамытуды көздеді.
Болашақ қазақ халқын, қазақ
қоғамын өркендетуге бағытталған ұлы
саясатты таңдап алды.
Жәңгір хан Николай патшаны қорғап, саясатын
ұстанды деген тарихи шындыққа
сәйкес келмейді. Өйткені Жәңгір хан Николай
патшаның шіркеулік саясатына қарама-қайшы ислам дінін дамыту саясатын жүргізді. Жәңгір Ресейге тәуелді
болғанымен Бөкей Ордасында құрған
қазақ қоғамына және қазақтың
ұлттық мәдениетіне, ұлттық ерекшеліктерге
қайшы келген патша өкіметінің саясатына қарсы
тұрып, өз алдына ұлттық саясат жүргізгенін тарихи
деректер дәлелдейді. Осы мәселелерді Ә. Өмірзақовтың «Ресейге
қосылғаннан не ұттық» атты ғылыми еңбегінде Жәңгір
ханның өз алдына саясат жүргізуге тырысқанын
жаңаша көзқарастарымен білдірген: «Жәңгір ханның халық
мүддесін көздеп мықтап қолға алған
мәселесі – денсаулықты сақтау ісі еді. Себебі, сол кезде бұл өңірде отыз мыңдай
отбасы өмір сүргеніне қарамастан олардың
денсаулығын қорғау өз шешімін күткен
күрделі мәселе еді. Аса зәрулікті ескеріп, 1838 жылы әуелі емхана сосын дәріхана аштырады. Соның
арқасында сахара адамдары бақсы-балгерлерге қаралуды қойып, дәрігерлер
көмегіне иек арта бастайды. Жәңгір
европалық өркениет үлгілерін ел өміріне енгізумен
қатар қазақи дәстүрдің де дамуына күш
жұмсаған ғой» [3].
Жалпы Бөкей Ордасында
ұлттық қазақ медицина саласының негізін қалап,
халықты дәрігерлік қызметпен қамтамасыз еткені, қазақ халқының денсаулығын сақтау үшін
жүйелі тұрақты ұлттық медицинаның
әртүрлі салаларының негізін қалыптастырған алғаш рет Жәңгір
хан болатын. Бөкей Ордасында 1838 жылы емхана ашылды деген сөз бар, бірақ тарихи деректерде ауырухана ашып үлгермеген деп көрсетілген. Емхананың арнайы ғимараты болмаған болуы керек, дегенмен емхана дәрежесінде
медициналық көмек көрсету болды. Дәріхана жоғарғы дәрежеде
жұмыс істеп халықты қамтамасыз еткен.
Халыққа денсаулық сақтау саласы
Орда екі бөлімге бөлініп, осы
медициналық салада екі дәрігер қызмет атқарған.
Бірінші бөлімінің құрамына хан ставкасы мен оның
жартысы; Қалмақ, Торғұн және 2-ші Приморск округі
кірді. Екінші бөлімге Қамыс-Самар,
Тал поселкесі мен Нарын және 1-ші Приморск округі кірді. Бірінші
бөлімнің дәрігері хандық
ставкадағы емхана мен
оның жанында дәріхананы басқарды. 27 кв.верст
кеңістікте орналасқан отырықшы тұрғындар 1200 адамнан асып,
ал көшпелісі 18 мың шаңырақ
болып, онда адам саны жалпы 95 мыңға жеткен.
Екінші бөлімнің дәрігерінің жаңа Қазанда дәріханасы болды, тұрғындардың тұрып жатқан
кеңістігі 41 шақырым жерді алып жатты, отырықшылардың екі пунктінде 1500 адам, көшпелілер
шамамен 27 мың шаңырақ (барлығы
138 мың адам) болған. Орда дәрігері қалалық және уездік дәрігердің міндетін орындап, ал бірінші кезекте емхананы
қараушы міндетінен басқада іс-жүргізуші қызметін істеп
тұрғындар арасында көптеген күрделі міндеттерді
атқарды, ал көшпелі қазақ
халқын айтпағанда, бүкіл көшпелі халықты жартылай
қамтамасыз етті, кейде көшпелілер медициналық көмексіз
қалып қоятын. Сондықтан «бақсы» немесе емшілерге барып қаралып емделетін. Ордада өмір
сүрген врач қазақ даласына командировкаға
жұқпалы ауру шыққанда немесе соттық
медициналық істермен кеткенде, Ордадағы
халық медициналық көмекпен қамтамасыз етілмей
қалатын. Бұндай командировка жиі болатын.
Ордада арнайы фельдшер оның 2
ставка жанындағы емхана болып, қаржыны қазынадан алып,
оның біреуі Қазанда старшиндер қоғамының қаржысымен қамтамасыз етілген. 1880 жылдарға
дейін бір фельдшерлік пункт Приморск округінде қырғыздар
(қазақтар) үшін болатын.
Ал дәріхана негізін Жәңгір
хан тұңғыш рет Бөкей Ордасында
қалаған. Алғашқы дәріхана ордадағы емханада
және жаңа Қазанда ашылып жұмыс істеді. Екіншісі
үйдің ішінде орналасты. Дәріханаға
байланысты заттарды және дәрі-дәрмектерді (медикаменттерді)
2-ші бөлімнің врачы жыл сайын 202 рубльге бағалап, алып
отырған. Орда жанындағы ауруханадағы дәріханаға
керекті заттар ауруханаға байланысты алынатын.
Хандық ордада 1852 жылы 16 төсекті аурухана ашылған.
Ставка емханасында бес палата болып,
ағаштан салған ғимаратта орналасқан. Аурухана жанында ас үйі,
моншасы т.б болған. Бұл ауруханада қазақтар тегін емделіп, т.б ордада тұратындар
қаралып, емделетін. Жәңгір хан өзінің балаларын
оспаға ектіруді Ордада бірінші болып негізін қалаған.
Жәңгірдің осы ұлы ісі бірқатар
сұлтандарға үлгі болғанын көрсетеді.
Бөкей Ордасында 1840 жылы 12
наурыз айында ветеринар дәрігер бекітіліп, сайланған болатын [1].
Жәңгір хан Бөкей Ордасында ұлттық медицинаның
негізін қалады. Орда бойынша медицина салаларын дамытты, мамандықтар
бойынша медик-дәрігерлер
қызмет атқарды. Денсаулық
сақтау саласы арқылы Ордадағы бүкіл халықты,
әсіресе қазақ халқына тегін медициналық
көмек көрсеткен. Қазіргі медицина негізін салған
Жәңгір хан, ұлттық медицинаны мемлекеттік деңгейде өркендетті. Жәңгір хан
сот-медициналық
салаларды қалыптастырып, негізін салды. Мұндай ұлы
істерді қазақ тарихында Жәңгір ханнан басқа
хандар дамыта алмады. Бөкей Ордасында Жәңгір қазіргі
кездегідей емхана, дәріхана т.б
медицина жүйесін жүйелі түрде дамытты. Медицина мамандарын арнайы шақыртты, олар Ордада жұмыс
істеген. Дәрігерлерді
Жәңгірдің патша өкіметіне өтініш жасап
шақыртқанын ерекше бағалау керек. Ұлттық медицинаны
қамтамасыз ететін дәрі-дәрмек қорларын дамыту үшін әр жерлерден дәріханалар және емханадан
ашқан болатын. Ал аурухана Жәңгір хан тұсында
болған, бірақ 1852 жылы жаңадан аурухананы ғимаратын
жаңарту үшін қайта салынған болатын. Жәңгір
патшалық Ресейден келген дәрігерлер арқылы ұлттық медицинаны
өркендетуге
үлес қосқан.
Жәңгір ханның билікке келгеннен қайтыс болғанша істеген
істері, атқарған қызметі, қазақ халқына
сіңірген еңбегі қазақ тарихында өзіндік орын алады. Сондықтан билікке келгенде
білім саласын дамытып, алғашқыдан ұлттық
мұсылмандық білім жүйесін
реформалап, ұлттық тәрбие жүйесін қалыптастыра
отырып, ұлттық идеология негізін мемлекеттік деңгейде
өркендетті.
Зерттеу барысындағы зерттеу нәтижелері анықталды:
Біріншіден, Кеңес
одағында Жәңгір хан тұлғасы және оның
іс-әрекетіне теріс баға берілді. Ал енді ғылыми талдау
жасалып, тарихи шындық анықталып, ғылыми айналымға
жіберілді.
Екіншіден, Жаңа
өркениетті этнопедагогикалық құндылықтар
негізінде хандық билікті, саяси әлуметтік-экономикалық
және мәдени-ағартушылық салаларды реформаларына
тұжырымдама жасалынды.
Үшіншіден, Жәңгірдің басшылығымен медицина
мекемелері салынып, врачтар мен медбикелерімен қамтамасыз етіліп,
Бөкей ордасына дамуы мен өркендеуіне ғылыми талдау жасалынды.
Әдебиеттер
1. История Букеевского
ханства 1801-1852 г.г. (сборник документов и материалов). -
Алматы:
Дана-Пресс,
2002. - С. 8-9.
2. Букеевской
орде – 200 лет. Изд. из 6 книг. Книга 2. - Алматы: Өлке, 2001. - С.9.
3. Г.К. Мукатаев хан
Жангир. Великий
преобразователь степи. Санк
Петербург.-2001.С.143.
4. Өмірзақов
Ә. Ресейге қосылғаннан не ұттық. - Алматы:
Санат,
1999. - Б.86
5. Зиманов С.З. Россия
и Букеевское
ханство. - Алматы:
Наука,
1982. - С.121-127.
6. Бабажанов С.
Этнографиялық мақалалар. - Алматы, 1993.
– 20 б.