Султаниярова А.Ж.
ҚазҰУ-ті,
археология этнология және музеология
кафедрасының Phd докторанты
Қазақстан
халқы Ассамблеясының
құрылуындағы
Н.Ә.
Назарбаевтың рөлі
Қазіргі таңда қоғам
өмірінде болып жатқан түрлі өзгерістер әр
халықтың өткен тарихы мен мәдениетіне мән бере
көңіл аударып, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлерінің
мәнін ұғынуға, оны тануға деген ұмтылысын туғызып отыр. Қазақ
жерінде халықтардың, өркениеттердің, мәдениеттер
мен алуан діни сенімдердің бір мемлекетте қатар өмір
сүруінің бай да бірегей тәжірибесі жинақталған.
Бұл тәжірибе біздің бірлігіміздің түп-тамырын
айқындайды және болашағымызды айқынырақ көруімізге жәрдемдеседі.
Қазақстандағы ішкі саяси жағдай
бүгінгі таңда тұтас алғанда тұрлаулығымен
сипатталады. Түрлі этникалық топтар өздері тұратын
аймақтардағы ұлтаралық қатынастарды қанағаттанарлық әрі
жарасымды деп бағалайды (1).
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық
қатынастардың
теориялық және тәжірибелік саласы ең
өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Елімізде 120-дан астам
ұлт пен ұлыстар тұратыны белгілі. Әлемдік
қауымдар Қазақстанның этноәлеуметтік
дамуындағы сәттіліктерді мойындауда. Әрине, бұл
жетістіктерде Қазақстан халқымен қатар
еліміздің
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың да қызметін атап өтуіміз
қажет. Президентіміз өзінің еңбектерінде: «Біз
еліміздің болашағы үшін әр қайсымызға
жүктелген жауапкершілікті түсіне отырып, өткенді еске
сақтап, болашаққа ұмтылуымыз керек. Басқа
халықтармен достықта өмір сүре отырып, олардың
мәдениеті, дәстүрлерін құрметтеуіміз керек.
Қазақ халқының береке басы бірлікте деген сөз
әрдайым есте сақтауымыз керек»- дейді (2).
Ата заңымыздың 39 бабының 2
тармағында ұлтаралық қатынастарға қарсы
жасалған әрекеттердің барлығы конституциялық емес
болып табылады делінген болатын (3).
Қазіргі таңда әлемдік
қоғамдастықтардың мәдени өмірін саяси
және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы
өзгерістердің интенсивті түрде дамуы ұлтаралық
және этникааралық процестерде өсіп отыр. Сондықтан
өткен кезең мен қазіргі уақыттағы түрлі
ұлттардың қарым-қатынастарындағы тарихи
және теоретикалық, болжамдық, тәжірибелік жағынан
талдау өзекті мәселелердің бірі болып отыр(4).
Қоғамдағы татулық- мемлекетті
нығайтудың ең басты шарты болып табылатындығы белгілі.
Әлемде тұрақты, мықты ұлтаралық
қатынас болу үшін, ол мемлекетте барлық этностардың
құқығын қорғайтын мықты
құқықтық база және осы
құқықтарды іске асыратын институттар болуы керек.
Осындай институттар құру туралы идеяны алғаш рет
Қазақстан Республикасының Президенті 1992 жылы
Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан
Халықтарының бірінші Форумында
ұсынған болатын. Форумда сөйлеген сөзінде
Президент қазақ халқының бірнеше ұрпақтары,
біздің басты игілігіміз- ұлттар достығы қалыптастырды.
Бүгінгі таңда тарихқа көз жүгірту кезінде осы
байлығымызды жоғалтып алмай, көптеген дәстүрлерімізді
жоғалтпауымыз керек. Олар соңғы он жылдықтар немесе
партияның дерективаларымен
қалыптасқан
жоқ, әр бір адамның, әр бір
халықтың, әр бір ұлттық дауысын күнде
есту қажет. Міне, сондықтан
форумды тұрақты негізге көшіріп, жаңа
қоғамдық институт қазақ халықтарының
бірлігі мен татулығының Ассамлеясын құру керек деген
болатын.
Мұндай институтты
құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ
жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты,
поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы
тұрғысынан туындаған еді. «Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы
арқылы ұлттық саясатты, этникааралық және
дінаралық диалогты жүзеге асырудың бірегей әрі тиімді
тетігі құрылған, - дейді, Сергей Дьяченко. – Мемлекет
басшысының бастамасымен құрылған аталған орган
ұлтаралық қатынастардағы жарасымдылықтың орталық буыны болып табылады
және саяси тұрақтылықты орнықтыруда,
қоғамдық келісім мен тыныштықты нығайтуда
маңызды рөл атқарады. Жалпы алғанда, елде
мультимәдениеті, көпконфессиялы, көпэтникалы
қоғамда бірлікті сақтау мен нығайтудың бай
әрі бірегей тәжірбиесі жинақалған». Сондықтан да
бүгіндері оны бұрынғы кеңестік республикалардың
да қабылдай бастауы аса таңқаларлықтай мәселе
емес, сонымен қатар демократиялық институттарды
қалыптастыруда сан ғасырлық тәжірбиесі бар
мемлекеттерді мұқият зерттеп отыр (5). Осының бәрі айтарлықтай
ауқымдағы кешенді және көпұлтты әрі
конфессиялы Қазақстан халқы бірлігінің өзіндік
үлгісін құрайды.
Міне, Президенттің
бастауымен 1995 жылы 1 наурыздағы арнайы жарлығында
Республиканың қоғамдық-саяси аренасында,
ұлттық саясат тұрғысында үлкен
құқықтық статустағы жаңа институт
Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы (ҚХА)
құрылады. Ассамблея- ұлтаралық
татулықтардағы жетістіктердің бірегей институты, біздің
қазіргі тарихымыздағы тұрақтандыру және
нығайту ролінің зор екендігі белгілі. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2002
жылғы 26 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген ҚХА туралы
Ереже мен ҚХА Стратегиясы (кейінірек өзгертулер мен
толықтырулар енгізілген) Ассамблеяның қызметін реттеуші
негізгі құжаттар болып табылады. 2008 жылғы 20 қазанда
Президент Республиканың саяси жүйесіндегі Ассамблеяның
рөлі мен міндетін нақтылай түскен Қазақстан
халқы Ассамблеясы туралы ҚР Заңына қол қойды.
Заң мемлекеттік ұлттық саясатты жасау мен жүзеге
асыруға ат салысуды Ассамблеяның басты мақсаты етіп белгілеп
берді. Президетіміз Ассамблеяның
негізгі қызметінің бірі- ол
еліміздегі ұлтаралық қатынасты реттеу дей отырып, бейбітшілік
көзі деп түсінеді. Ассамблея құрылған
сәттен бастап оған Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан
Назарбаевтың төрағалық ету оның беделін
ерекше арттырды. Заңға сәйкес, ол Ассамблеяны
қалыптастырып, қайта құра алады, жалпы жетекшілік етеді
және оның қызметінің бағыттарын анықтайды,
оның басқарушы лауазымды тұлғаларын тағайындап,
қызметінен босатады, ҚХА Сессияларын шақырады, оның
Хатшылығын құрады. Ол өзінің орынбасарларын
тағайындайды, оларға өз өкілеттігінің бір бөлігін
бере алады, ұдайы қызмет ететін – Ассамблея Кеңесі органын
құрып, басқарады, Ассамблеяның
бағдарламалық құжаттарын бекітеді және оларды
іске асыру бойынша тапсырмалар береді, БАҚ-тарда және
халықаралық ұйымдарда оның атынан сөз
сөйлеп, мәлімдемелер жасаудың ерекше
құқығына ие. Біздің еліміздегі
ұлтаралық қатынастарда қайшылық пен
түсініспеушілік болып жатқан жағдайда онда ол оған дер
кезінде көңіл аудару қажет (6). Оның қызметтерінің негізгі
нәтижелерінің бірі аз ұлттардың
қалыптасуындағы жылжулардың болуы. Бұл республиканы
гүлденуге, қуатты және қарқынды дамуға
бастайтын бағдар». Аталған бастама мәдениет аралық
диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін
қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін
жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік
тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Ассамблеяның негізгі міндеттері
-
этносаралық
қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық
қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді
және толеранттықты одан әрі нығайту үшін
қолайлы жағдайлар жасау;
-
халық бірлігін
нығайту, қазақстандық қоғамның негіз
қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық
келісімді қолдау және дамыту;
-
қоғамдағы
экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен
адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарына қысым жасауға бағытталған
әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға
жәрдемдесу;
-
азаматтардың
демократиялық нормаларға сүйенетін
саяси-құқықтық мәдениетін
қалыптастыру;
-
Ассамблеяның мақсаты
мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және
өзге де қоғамдық бірлестіктердің
күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
-
Қазақстан
халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен
дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып
табылады.
Он жеті жылдық тарихында Ассамблея
қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді.
Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық
толеранттылық және қоғамдық келісімнің
қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде
Қазақстан халқы Ассамблеясының
институционалдық
құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы
әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды
күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті
Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады.
Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Елбасымыз үнемі айтып келе жатқандай
«Бейбітшілік пен тұрақтылық біздің
мемлекетіміздің негізі, басты байлығымыз бен игілігімізге» айналды.
Тәуелсіздік тұғырына көтерілген сәттен бастап,
мемлекетіміздің саяси бағыты әрбір ұлт
өкілінің өз мәдениетін дамытып, туған тілін,
салт- дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын
сақтауға тең құқылы болуына жағдай
жасауға кең жол ашылды. Осы орайда, барлық
қиындықтарды тек қана достық пен бірлік негізінде
ғана жеңуге болатынын Елбасымыз құрған жаңа
мемлекеттің аз уақытта жүріп өткен жолы айқын
көрсетіп берді.
Қорыта айтқанда еліміздің
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың Қазақстан Халықтары Ассамлеясын
құрудағы маңызы орасан зор деп айтсақ кате
айтпаймыз. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың арасында
татулық мен достық болсын!
1.
Қазақстан Халықтарының
Ассамблеясының орта мерзімді кезеңге арналған стратегиясы
(2007 жылға дейін).-Астана,2002
б. -3.
2.
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес
жылы. –Алматы,1996 б. 250.
3.
Қазақстан Республикасының Коституциясы.
-Алматы,1998. б.-6.
4.
Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры
происхождение и развитие.-Алматы,1997. б.-3
5.
Халмурадов Р. Қазақстан Халқы
Ассамлеясы Президент Н.Ә. Назарбаевтың «ноу -хауы» // www.parlam.kz
6.
Ассамлея народов Казахстана.-Алматы, 1997.б. -3