Ормалдаева А.Қ.

КГКП «Детская музыкальная школа №3» г.Караганда, Казахстан

Оқушылардың ән мен күйге деген қызығушылығын дамыту.

Домбыра қазақтың ұлттық аспабы,солай болып қала береді де. Ескіліктің көзі болып қалған аспапты қазіргі заман жастарының бәрі дерлік толық біле бермейді. Шетелдік музыкаға еліктеу,домбыра үнін жақтырмау халық арасында баршылық.Осы аспаптық өнерімізді өркендетуді үлкен мақсат деп алып,дамытуды қажет.Тек қазақ елінде ғана домбыра аспабының бар екенін және оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын,психологиясын,идиологиясын жеткізетін үлкен қызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

   Ойымызды түйіндей келе, «Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да қадірлей біл.Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады.Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызы жарымаған көтерем қозыдай болады.Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді.Ал халықтың жанын түсінбеу деген – тамыры шабылған ағашпен тең.Ондай ағаш жапырақ жайып,сая да балмайды,жеміс те бермейді» (2,112б) деген Бауыржан Момышұлы аталы сөзімен тәмамдағым келеді.

   Оқушыларды поэзияны сүюге,ақынның ішкі дүниесінің есігін өз кілтімен ашуға,өлеңнің құпия сырларын ұғуға үйрету.

   Өз ұлтының мәдениеті мен өнерін сүюге,қадірлеуге баулу,музыканы тыңдауға, жүрегімен түсініп,оған құштарлығын дамыту.

   Саз мектептерінде сабақ беру әдісі жалпы орта білім беретін мектептердегіден бөлек.Осы орайда саз мектебіндегі өз іс-тәжірбиемнен алынған мысалдарға тоқтала кеткім келеді.Саз мектебінде әрбір оқушымен жекелей сабақ өткізіліп,нақты жұмыстар жүргізіледі.Өткізілген ашық сабақтарды ұжым мүшелерінің талдауы барысында оқушылардың,теориялық білімдерінің тиянақты да терең екендігі атап көрсетіледі.Мен оқушылармен жекелей жұмыс барысында әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын.Оқушыны шығармамен жұмыс жасай білуге үйрету.Музыкалық шығармалар арқылы оқушының ой-өрісін дамыту.Гаммалар мен арпеджиолар оқушының орындаушылық техникасын арттыру: Олар әр түрлі штрихтарда,ырғақтарда,екпінде, әр түрлі аппликатурада,әр тоналдық орындауда беріледі.

   Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білген жөн.Шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізу қажет. Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны.Ешкім де педагог болып тумайды,бірте-бірте қалыптасады.Мақсатымыз өз ұлтының тарихын,мәдениеті мен тілін қастерлейтін ел жанды тұлға тәрбиелеу. Музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу,бірлесе отырып ансамбльмен оркестрде ойнау,ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту,ырғақ,есте сақтау) эстетикалық талғам сезімдерін дамыту. Оқушылардың ән айтуын,дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып,ән айту аппаратының дамуы,музыкалық аспапты ұстау,оны шеберлікпен меңгеру.Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игеріп  дамыту.Сонымен бірге проблемалық іздену жағдайын жасау арқылы оқушылардың ой-қиялын өрстетуге,белсенділігін,ұмтылысын,істі ақыл-оймен атқару.Оқушының қабілетіне,шеберлігіне бағыт беріп тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау ұстаздың міндеті.Ендеше бірігіп жұмыс жасау олардың қызығушылығын тудырады.

   Ән,әуен қазақ халқының аңызы бойынша аспан әлемнен түсіп,ықылым заманнан осы кезге дейін жетіп отыр.Көкте халықтаған ән көшпенді қазақ даласына жетіп,мұны естіген халық сондықтан,үлкен әуендік қасиетке ие болды деп есептеледі.Сондай-ақ,халық арасында: «Әуен мен әуезге деген қабілет дүниеге келгенде бірге дарыған»,-деген болжам бар.Қазақ халқының еңкейген кәріден еңбектеген баласына дейін ән,әуен десе ішке асын жерге койып,елеңдеп қалатыны жақсы мәлім.Ән – әуен орындайтын топтың өзіндік музыкалық аспаптары мен орындау мәнерлері болған.Балалар саз – сырнайда,тастауықта,үскірікте ойнаған.Бұл аспаптарды шебердің өзі немесе балалар жасаған,олар әр түрлі аңдардың,құстардың,балықтың,көп басты аттың,жарқыраған көздердің суреттерін салған.Балалар әндері мен әуендік ойындар,бесік жыры мен үлкен азаматтардың өсиет – өлеңдері арөылы кішкене бөбектер қоршаған ортаны танып,әлеуметтік мәдени ортаның толық мүшесіне айналған.

   Жастар ойындарына, қайым айтыстарға,тартыстарға қатысу,диалогиялық тұрмыстық әндерді,өара өлеңдерді орындау арқылы жаңа көркем өнерлік білімдер мен тәжірбие жинақталған.Жас кездегі репертуар махаббат лирикасы мен қазақ тойында орындалатын көп бояулы дәстүрлермен әндермен,жар-жармен қалыңдықтың қоштасу әнімен,дабыл,дауылпаз,аңға шығу мен әскери жорық кезіндегі шыңдауыл үнімен толысып,байып отырған.Бұл ретте,өмірлік іс-тәжірбиесі мол адамдар қоғамдық істер,ру мүддесін қорғау,айтыстар,халықтық дәстүрлі мереке-мейрамдарды ұйымдастыруға басшылық жасап,халықтық дәстүрлердің сақталымына ерекше мән беріп отырған.Ал, «кәрілік» пен «даналық» туралы әндер жастарға тәлім – тәрбие беру,өмірдің мән – мағынасы туралы ой-толғаулар,жастықтың қайтадан келмейтіндігі жайлы болып келеді.

Ұлы Абай:    «Құлақтан кіріп,бойды алар,                                                                   

                        Жақсы ән мен тәтті күй,

                        Көңілге түрлі ой салар,

                        Әнді сүйсең,менше сүй», - дейді.

   Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып,ауыздан-ауызға, әкеден-балаға,ұстаздан-шәкіртке,өткен болашаққа жеткізіліп отырған.Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың,музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін,қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының,сөздік және ақындық көркем өнердің бір тұтастығын көрсетеді.

   Қазақстанның қазіргі даму барысында музыка мәдениетінің көп тармақты құрылымы қалыптасты.Республикада Европалық жанрдағы орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қоса,әуенді шығарудың жаңа дәстүрлі,әлемдік көпшілік музыка(рок,эстрада,джаз)және әлемдік концессиялардың діни музыкасы,Қазақстанды мекендеген халықтардың – ұйғырлар,кәрістердің,немістердің,дұнғандардың,орыстардың,татарлардың ауысша кәсіби фальклоры негіз салды.Республикады әр түрлі көркемдік профильдегі орындаушы ұжымдар – Мемлекеттік симфониялық оркестр,Құрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптары оркестрі,хор капелласы,халық би ансамблі,Мемлекеттік квартет,эстрадалық ансамбльдер, үрмелі және джаздық оркестрі пайда болды.Қазақстан – әлемдік масштабтағы класикалық музыканы орындаушылар отаны.ОЛ *-Е.Серкебаева, Б.Төлегенова,Ғ.Есімов,Ә.Дінішев,Г.Қадырбекова,А.Мұсаходжаева, Ж.Әубакірова, шетелдердегі қазақ музыкалық диаспорасының жұлдыздары – М.Бейсенғалиев,Э.Құрманғалиев, ағайынды Нақыпбековалар.

   Бүгінгі күн Республикада К.Байсейітова және А.Жұбанов атындағы арнаулы балалар мектебі,Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясы,Астанадағы Ұлттық музыка Академиясы,Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры,Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филормониясы,Қазақ концер, М.Әуезовтың атындағы әдебиет және өнер институты және басқада музыкалық – біліми,ғылыми және мәдени мекемелер бар.Жыл сайын біздің тәуелсіз республикамыз «Жігер», «Жаңа музыка күндері», «Азия дауысы» халқаралық фестивалін,жас орындаушылар фестивалін ұйымдастырады.Музыка бүгін мен болашақты,өткенді жалғастырушы алтын буын міндетін атқарып отыр.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Домбыра үйрену мектебі  авторлары:Л.Хамиди,Б.Ғизатов  1983ж

2.Музыкалық салауат