КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ
ТҮЛЕКТЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ РОЛІ
п.ғ.д., профессор Масырова
Р.Р.
магистрант, Оралбаева Б.Ж.
Алматы гуманитарлы-техникалық университеті. Алматы қаласы.
Қазақстан
Республикасында мемлекеттік «Білім» бағдарламасының не-гізгі
ережелері мен кәсіптік білім жүйесін одан әрі
нығайтуға бағытталған индустриальды-инновациялық
технология қазіргі таңда білім беру саласы үшін ең
басты қажеттілік болып отыр.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев
2012 жыл 14-желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - атты
Қазақстан халқына Жолдауында: «Кәсіби техникалық
және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық
экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі
сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп
жағынан бұл халықты еңбекпен қамту
мәселесін шешіп береді» - деп атап көрсеткен болатын [1].
Осыны басшылыққа
алатын болсақ, сапалы білімнің іргетасы орта мектеп пен
кәсіптік лицейде қаланатыны және еңбек
нарығындағы білікті маманның бәсекеге қабілетті
болуы бастауыш кәсіптік білімнің нәтижесімен сипатталатыны
анық. Ал қазіргі білім пардигмасының жаңа уақыт
талаптарымен жаңарып, әлеуметтік-экономикалық
жағдайлармен толығып жатқан кезеңінде болашақ
мамандарды кәсіби даярлау тұлғаның ішкі ресурстарын
кемелдендіру мәселесін бірінші кезекке қояды. Бұл
мәселені шешу оқу процесіндегі инновациялар мен оқыту
технологиялары арқылы жүзеге асырылады.
Мамандарды кәсіби
даярлаудың орнықтылығы, тұрақтылығы
және сапалылығы болашақ мамандыққа деген
кәсіби даярлықтың қалыптасуымен түсіндіріледі
[2].
Ал Америка Құрама
Штатының білім беру тарихын талдап көретін болсақ,
кәсіби лицейлерде түлектер даярлау мәселесі бұдан 40-50
жыл бұрын уақыттың өзінде-ақ сол оқу орны
қызметкеріне өте жоғары талаптар қойып, маманның
еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуын
қамтамасыз ететін іс-шаралармен жоспарланған. Кәсіптік
лицейде оқытушы болып маман даярлау тек қана сол мамандықпен
өндірісте тығыз байланысы бар және кем дегенде 2-3
жылдық еңбек өтілі бар мамандарға тапсырылған
[3].
Осы тәжірибелерді сараптай
келе біздің елімізде кәсіптік және техникалық білім
беру жүйесіндегі мамандарды кәсіби даярлауда «инновация» деген
ұғым кең көлемде қолданылып жүргенін
айтуымызға болады. Бізге латын тілінен енген инновация – (innovation) –
«жаңа нәрсені енгізу» немесе «жаңалық енгізу» деген
мағынаны береді. Жалпы, инновация ғылымға ХІХ ғасырда
антропология мен этнография арқылы еніп, «дәстүр»
терминінің антонимі ретінде мәдениеттегі өзгеру процестерін
зерттеу кезінде қолданыла бастады [4]. Ал, қазір кәсіптік
лицейлердегі білім берудің заманауи дамуында, біз сөз етіп
отырған инновациялық құбылыс педагогикалық
процестің барлық элементтерінен көрініс тауып отыр.
Қазіргі
Қазақстан қоғамында инновациялық процестерді
білім беру саласын дамытудың магистральды желісі деп айтуға болады.
Білім іргетасы болып саналатын кәсіптік лицейлер өз
түлектерін жаһандану дәуірінің талаптарына сай етіп
және әлем нарығында бәсекеге қабілетті етіп
даярлауды инновация көмегімен және инновациялық
іс-әрекеттермен ғана жүзеге асыра алады. Біз осыған
мысал ретінде оқу процесіндегі инновацияның бірнеше түрлерін
сипаттайық.
1)
Оқушыға сапалы білім беру мақсатында ақпарат
арқылы түсіндірудің жаңа формасын қолдану;
2)
Электронды кітапханалармен жұмыс жасау қабілеттіліктерін
қалыптастыру;
3)
Практикалық және семинар сабақтарының жаңа
әдіс-тәсілдерін пайдалану;
4)
Тақырыпқа сәйкес ғаламтор материалдарын
талдауға бейімдеу;
5)
Сабақтағы «кері байланысты» орталықтандырылған желі
бойынша ұйымдастыру.
Енді осы инновациялық
процестерді жеке-жеке талдайық (1-сурет).
1)
Лицей түлегі мамандығына сәйкес білімін жалғастырса
да, өндірісте жұмысшы мамандығын игерсе де оқу
процесінен алған ақпараттары арқылы зеректік пен біліктілік
және кәсіби даярлықты қалыптастырады. Мысал ретінде,
тақырыпты қамтитын алдын-ала даярланған мультимедиялық
мәліметті графикалық сызбалар арқылы немесе анимациялық
қозғалыс пен дыбыстар арқылы толықтыру
оқушының ойында жақсы жатталып қалады.
1211000 – «Тігін өндірісі
және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша білім алып
жатқан техникалық және кәсіптік білім
оқушысының жасы әлі де болса ақыл
тоқтатпаған өтпелі кезеңдегі жас болып есептеледі. Ол
сырт көзге қарағанда өзіне не жарасатынын, қандай
киімнің қонымды болып тұрғанын біле бермейді, тек сол
уақыттағы көптеп шығарылып жатқан киім
үлгілерін соңғы үлгі ретінде қабылдайды. Міне,
осы жағдайда әртүрлі үлгідегі киімдерді өлшеміне
сәйкес таңдайтын анимациялық материалдар оқушыны
қызықтыратыны сөзсіз. Ол өзінің формасы мен
өлшемі бойынша қандай киім үлгісі жарасатынын тез ажырата
алатын қабілет қалыптастырады.
2) Электрондық кітапхана
білім алушыны интелектуальды ресурстармен байыта алады. Дамыған батыс
елдерінің соңғы үлгілерді сипаттайтын материалдарымен
жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан
дер кезінде қажет мәліметтерді ала алады.
3) Болашақ мамандарды
кәсіби даярлаудың негізгі көзі практикалық, семинар
және зертханалық сабақтарда болып табылады. Оқытушы мен
оқушылардың виртуальды лабораториялар режимімен жұмыс жасауы
олардың парасат-пайымын жаңа синхрондық мүмкіндікке
жеткізеді. Оқушы сабақ үстінде өзі жіберген әрбір
қатесі үшін оқытушыдан қайта-қайта ескерту алмай,
өз кемшілігін өзі анықтай алады. Бұл бітіруші
түлектің алдағы істерге
![]()
![]()


1-сурет – Лицей оқушыларын кәсіби даярлаудағы
инновацияның ролі
жоспар жасап, мақсат
қою және оны
орындау үшін
әртүрлі әдістер қолдану дағдысын
қалыптастырады. Қарапайым дәстүрлі оқыту
технологияларымен салыстырғанда
мұнда оқушыны мезі қылатын әрекеттер
мүлде кездеспеуі
мүмкін. Оқушы жаһандану заманындағы инновацияның
бір түрін виртуальды лаборатория арқылы толық меңгеріп,
кәсіби даярлығы жоғары маман болып қалыптасады.
4) Сонымен қатар,
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім
алушының өзіндік жұмысы мен оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыстарға
арнайы сағат бөлінеді. Бұл – білім алушыны кәсіби
даярлауды қамтамасыз ететін бірден-бір мүмкіндік болып есептеледі.
Алдын-ала белгіленген тақырыптар бойынша оқушы кітаптар мен
басқа да ақпарат көздерінен мәлімет жинақтайды,
ғаламтор беттерін ақтарады, орындаған жұмысын
қорғау үшін жинақтаған мәліметтеріне талдау
жасайды, сараптап қорытынды шығарады. Мұнда да білім алушы
сабақ барысын интерактивті тақта арқылы басқарып отырады.
Бейіндік және техникалық бағыттағы мамандықтар
үшін білім алушы өзінің жинаған мәліметтерін
графикалық түрде интерактивті тақтада түсіндіріп берсе,
ол оның ойында, зердесінде үнемі сақталып қалады немесе
өндірісте теорияны практикамен байланыстыруға мүмкіндік
береді.
5) Оқытушы
еңбегінің нәтижесін анықтау тек қана
оқушының алған білім сапасымен бағаланады.
Дәстүрлі жүйеде бағалау оқытушының
құзыре-тіндегі жұмыс болып есептеледі. Берілген басты
сұрақтар мен қосымша сұрақтардың жауабын
қандай бағамен бағалауды оқытушының өзі
біледі. Ал, қазіргі оқу процесіндегі инновацияның тағы
бір мүмкіндігі «кері байланысты» немесе бағалауды
орталықтандырылған желі бойынша ұйымдастыру білім
алушының ынтасын, зейінін арттыруға және өз біліміне
деген сенімділік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы білім
беру циклындағы гуманитарлық пәндердің көпшілігі
сабақ барысында «кері байланысты» көп қолдану арқылы
сабақтың мақсатына жеткізеді. Кері байланыс –
орталықтандырылған желі бойынша компьютермен жүзеге
асырылады. Сонымен қатар, оқушы өз білімін аралық
бақылаулар арқылы тест түрінде үнемі тексеріп отырады.
Бұл болашақ түлектің өз білімін кез-келген жерде
тексеріп көруге мүмкіндік беретін жолдардың бірі. Жалпы
кәсіптік лицей түлектерін кәсіби даялауда инновацияның
ролі өте зор. Егер лицейдің білім беру процесінде
ақпараттық технологияны, электронды кітапхана мүмкіндігін,
виртуальды лабораториялар режимі толық қалыптасқан болса
және онда білім алушының инновациялық сауаттылығы
өте жоғары болады және де кәсіптік лицей түлегі
қандай жолды таңдаса да, яғни үздіксіз білім беру
жүйесінде білімін жалғастырса немесе өндірісте еңбек
етсе де оның кәсіби даярлығы өте жоғары болады
деген қорытынды жасауға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.«Қазақстан
– 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты //Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл
14-желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.
2.Бисенбаева А.А.
Взаимодействие субъектов управленческого процесса в колледже на основе
информационно-коммуникационных технологий: Автореферат // А.А.Бисенбаева. –
Алматы, 2004. – 28 с.
3.Омельянеюк Б.Л.
Профессионально-техническое образование в зарубежных странах. М.:Высшая школа,
1989. 224 с.
4.Масырова Р.Р. Инновации
в среднем общем образовании Казахстана: анализ и тенденции развития.
Монография. – Алматы:КазГосЖенПИ, 2008. – 320 с.
Резюме
В статье раскрываются особенности
профессиональной подготовки будущих выпускников профессиональных лицеев.
The article describes the features of the training
of future graduates of vocational schools.