Педагогика / 5 Современные методы преподавание
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
Оқытушы Ибраев
Абилқасым Зейдінұлы
ФҚӘ-211 тобының 1-ші курс студенті
Тұрдыәлі
Алқар
ФУТБОЛ
СПОРТЫНДА ОЙЫНШЫЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ
Тақырыптың зерттеу аймағы кең
болғандықтан біз физиологиялық құбылыстарға
тоқталып, ұғымдарға анықтама бергеніміз жөн
болады. Ағза – бұл тарихи қалыптасқан тұтас,
ұдайы өзгеріп отыратын өзінің ерекше
құрылысы мен дамуы бар, қоршаған орта мен зат
алмасуға, өсу және көбеюге қабілетті жүйе.
Ағза қоршаған ортаның өзі бейімделген және
одан тысқары тіршілік ете алмайтын белгілі бір жағдайларында
ғана өмір сүреді. Қоршаған сыртқы
табиғатпен ұдайы зат алмасу ағза өмірінің
ең мәнді белгісі болып табылады. Мүше - өзіне тән құрылысы мен
қызметі бар тарихи қалыптасқан әр түрлі тканьдер
жүйесі. Мүше өзіне ғана тән пішіні,
құрылысы, атқаратын қызметі, дамуы мен
ағзадағы орны бар біртұтас түзіліс болып табылады.
Мүшенің әрбір бөлігінде осы мүшеге тән
қызметті атқаруға қажеттінің барлығы
болады. Дене бітімі (конституция) жоғарыда айқындалған
«ағза» жалпы ұғым нақты ағза немесе индивиддум
туралы ұғыммен байланысты мазмұнды тұтас бере алмайды,
өйткені даму процесі сыртқы ортаның әсеріне байланысты.
Дене бітімі деп әдетте белгілі бір әлеуметтік табиғи
жағдайларда қалыптасатын және ағзаның түрлі
әсерге реакциясынан көрінетін, нақтылы адамға
қатысты дара физиологиялық
және морфологиялық ерекшеліктер жиынтығын айтамыз. Баланың
дене жетілуін тек салмағына, бойының ұзаруына, басы мен кеудесінің
мөлшеріне қарап қана емес, сонымен бірге дене
құрылысына, сымбатына, табанының пішініне қарап та
білуге болады. Дене сымбаты – бұл әр адамның кеудесі мен
басын күш түспеген жағдайда еркін ұстау қалпы.
Дене сымбатын баланы бір қырынан тұрғызып қойып
айқын анықтауға болады. Бұл жағдайда
омыртқаның табиғи (физиологиялық) иілісі анық
байқалады. Жыныстық жетілуге байланысты ағзада болатын
өзгерістер жасөспірімнің көңіл-күйіне,
денсаулығы мен мінез-құлқына әсер етеді.
Мұндай балалар өздеріне жанұяда, мектепте және
мектептен тыс жерлерде ерекше өздеріне қарым-қатынасты талап
етеді. Бұл кезеңге бетке
безеу шығу, етеккір келу циклының бұзылуы (қыздарда),
қалқан без аурулары, жүрек-қан тамырлары
жүйесіндегі функциялық өзгерістер тән болады. Баланың
өте жас кезінде басталған аурулар (дене тұрқының
бұзылуы, көру, есту, кемістіктері, ревматизм, қан
тамырлық дистониялар, невроздар т.б.) жасөспірім шақта
асқынуға және тез меңдеуге бейім тұрады[1.5-11б].
Кейбір жасөспірімдер өндірісте жұмыс істей
бастайтындықтан оларға да жанұя, қоғам тарапынан
ерекше көңіл бөлінуін талап етеді. Балалық шақ
кезеңдеріне берілген сипаттамадан жас ерекшелігіне қарай бала
ағзасы ауруға сөзсіз бейім тұрады екен деген
ұғым тумаса керек. Тіпті де олай емес. Бала денсаулығы
көбінесе сол жас ерекшеліктерін ата-аналардың түсінуі мен
ескеріп отыруларына байланысты. Физиология – функциялар туралы, яғни
мүшелердің, жүйелердің және тұтас
ағзаның тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның
түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді
әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете танып білу болып
табылады. Адам өмірге келген
күннен бастап үнемі қимыл қозғалыстар жасау
арқылы өсіп, жетіледі. Қимыл-қозғалыс
арқылы айналасын көріп, естіп, сезіп біледі. Ақылы
молығып, білімі, артады. Өсіп келе жатқан ағзаның
жан-жақты әрі үйлесімді дамуы және тұрақты
реакциясын қалыптастыру үшін балаларды жас кезінен бастап
жаратылыстың табиғи факторларымен, жүйелі түрде дене
шынықтырумен, спортпен, ойындармен шұғылдандыру қажет. Дене
шынықтыру жаттығулары ағзада жүріп жататын физиологиялық
процестердің дұрыс өтуіне жағдай туғызады. Дене
жаттығуларының ынтаны арттыру және жаттықтыру
ықпалы негізінен орталық жүйке жүйесі арқылы
жүзеге асады. Белсенді дене жаттығулары бүкіл
ағзаға әсер ететіндігімен құнды. Жүйелі
түрде жүргізілген дене жаттығуларының әсерінен
өзгермейтін бірде-бір ағза жоқ.
Футболшының
жаттығу салмағы физикалық, психикалық және
эмоциональдық сипатта болады. Жоғарғы лиганың
футболшысы орта есеппен футбол мерзімінде 60-70 кездесуге қатысады. Орта
жаттығу уақыты 1250 сағат жаттығу жасайды. Ал жарыс
90-100 сағатқа дейін жетеді. Футболшының тамақтануы:
Жаттығу түрімен көлеміне байланысты күніне төрт
мезгіл тамақтану тиімділік әрі қажеттілік болып табылады[1.31-48
б]. 1 кг дене салмағына белоктар
2,3-2,4 гр, майлар 1,8-1,9 гр,
көмірсулар 9-10 гр. Футболшының киімі футболка, труси, гетр.
Футболшының киімінде басқа ойыншыға кедергі келтіретіндей зат
болмау керек. Гетрдің ішінен аяқты бинтпен орайды.
Қақпашы футболка сыртынан жылы свитр кию керек. Буындарға
арналған жапсыру кию керек. Сонымен бірге қақпашыға
қолғап киюге рұқсат етіледі. Төменгі
температурада жарыстар өткізілгенде спорткостюмы ішінен жылы іш киім
киіледі. Футболшының аяқ киімі бутси киіледі, ол жеңіл
әрі ыңғайлы болу керек. Дене
қимыл-қозғалыстарын қамтамасыз ететін
оқушының тәуліктік орталық нерв жүйесінің
функционалдық жағдайын көрсететін ақыл-ой
еңбегіне жарамдылығын ескеру керек.Зерттеулеріміздің
нәтижелері көрсетіп отырғандай, физиологиялық
функциялардың тәуліктік ырғағы көп жағдайда
оқу сабақтарының ұзақтығы мен оны
ұйымдастыруға тікелей байланысты. Оқушылардың оқу
процесінде дене бұлшық еттерінің аз ғана бөлігі
белсенді қызмет жағдайында болады, ал қалған
бөліктері қозғалыссыз немесе белгілі бір жүктеме күйінде
тұрады. Мойын және арқа бұлшық еттері
ыңғайлы отырғанның өзінде статикалық
жүктеме алып отырады. Сондықтан, қалыпты қан айналым
бұзылып, бұлшық еттегі қан қысымы өсіп
кетеді. Ұзақ уақыт отыру және дененің ішкі
органдарына әсер етіп, қол аяқтағы қан және
лимфа айналымына кедергі келтіреді. Мұндай өзгерістер бас миына
қанды және онымен келетін оттегі мөлшерін азайтып,
нәтижесінде жүйке жасушаларының еңбекке
қабілеттілігін төмендетеді.
Оқушы ағзасына әсер етіп, оны жетілдіруге
көмегін тигізетін қимыл-қозғалыстардың екі
түрі бар.
1. Баланың сабақ
барысында дене мүшелерін қимылдатуы (қалам, сызу арқылы
саусақтарды қозғау, көзді қимылдату, ауызды
сөйлеп қимылдату, мойынды бұру, аяқты жылжыту, денені
тік ұстау, еңкею, шалқаю, бұрылу т.б.).
2. Дене
бұлшық еттерінің үнемі
қимыл-қозғалыста болуы. Үнемі қарқынды
қимыл-қозғалыстар ми бөліктерінің өзара
қарым-қатынасын жақсартып, жетілдіріп отырады. Ол
баланың қимыл-козғалысы мен ақыл-ойының бірдей
дамуына әсерін тигізеді. Баланың әрбір өмір жасы
кезеңіне лайықты қимыл-қозғалыстар өз
кезеңінде жақсы дамып жетіледі, әрі есте жақсы
сакталады. Қимыл-қозғалыстың осылай дағдыға
айналып, есте сақталуын қимыл есі деп атайды. Қимыл есі
әрбір баланың жеке өзіне тән қабілеттерін
жетілдіруге көмегін тигізеді. Егер бала өз ағзасы қажет
ететін қимыл-қозғалыстарды уақытысында жасап отырмаса,
оның бойындағы қимыл есі бірте-бірте азайып, үйренген
дене шынықтыру жаттығулары есінен шығып, ұмыт болады.
Баланың ағзасы
қимыл-қозғалысты қажет етуін азайтқан сайын оның
қабілеті мен біліктілігі өсуін
бәсеңдетеді[2.6-21 б]. Оның сабақ үлгерімі төмендеп,
салмағы ауырлап, ынжық, жалқау болып кетуі мүмкін. Ал
қимыл-қозғалыс әрекеттері мен арнайы жасалатын жаттығулар
баланың күш-қайратын ғана арттырып қоймайды,
сонымен бірге оның ойлау, есту, есте сақтау, байқау,
аңғарту, зейінділік сияқты оқып білім алуға
өте қажетті қабілеттерін жетілдірді. Сабаққа
ынтасы артып, жалпы біліктілігі жоғарылайды.
Сондықтан оқушы өзіне ұнайтын спорт
түрлерін, шама-шарқына сай келетін
қимыл-қозғалыстар мен ойындарды таңдап алып, жыл бойы
үзіліссіз орындап отырса, оның ағзасыньщ жұмыс
қабілеті жақсарады. Мұндай оқушының
денсаулығы артып, сергек, икемді, күшті больш өседі. Білім
алу қабілеті де арта түседі. Ойын – тіршіліктің нышаны,
еңбекке бейімделудің белгісі, дене шынықтыру мен
сергудің құралы. Ойнаудың түрлерін:
«қауымдасып ойнау, одақтасып ойнау, жеке ойнау» деп мазмұнына
қарай «тұрмыстық ойнындар, шынығу ойындары,
кәсіптік ойындар», ал жас ерекшеліктеріне байланысты «спорттық
ойындар» деп бөлінеді.
Ойын – халықты рухани әдептілікке,
әділеттілікке баулитын тәрбие құралы. Сондықтан
әрбір ойынның мән-мазмұнын жете түсініп, ойын
кезінде қызбалыққа, дөрекілкке салынбай, әр
ойынның тәртібіне әдеппен қызыға қарап,
мәдениетті түрде ойнау қажеттігіне көңіл
бөлінген жөн. Спорт секцияларында немесе спорт мектептерінде
айналысып жүрген балаларға шамадан тыс артық күш
түседі деп қорқу бекер, өйткені ол балалардың
денсаулықтары дәрігерлік ерекше, мұқият бақылауда
болады. Балалар үнемі медициналық тексерулерден өтіп
тұрады, ал өсіп-жетілулері мен денсаулықтарында аздаған
өзгерістер байқала қалса, шамадан тыс
шаршап-шалдығуының алдын алатын шаралар белгіленеді. Спорттық
жарыстар мен оларға әзірлік кездерінде балаларды
жасөспірімдер мен жалпы оқушы баланың дене
құрылысының өсіп-жетілуін бақылайтын маман
дәрігер қарайды[2.32-54 б]. Қорытындылай келгенде футболда балалардың өздері
өткізетін спорттық сабақтар мен ойындарға басқаша
қарау керек. Бұларда тәжірибелі жаттықтырушы да,
дәрігерлік бақылау да жоқ. Сондықтан олардың
денесіне шамадан тыс күш түсуі, сөйтіп ағзаның
жалпы жағдайы мен мектептегі сабақтарына нұқсан келуі
мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Тайжанов С. Дене мүмкіндіктерін тәрбиелеу. – Алматы: Мектеп, 2004.
– 96 б.
2. Мұхамеджанов Б. Дене
мәдениеті мамандығына кіріспе. – Шымкент: Ғасыр-ІІІ, 2006.
166б.