К.Н. Махатова

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі, Қазақстан

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНДЕ МӘТІНДЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ.

Елбасы Н.Назарбаевтың «...қазақ ұлты өзінің мемлекеттік тілі және дамыту туралы айтуға қақылы...» деген сөзі тіл проблемаларын шешу, еліміздің алдында тұрған маңызды мақсаттарының бірі екендігін көрсетеді. Мемлекеттік тіліміздің дамып, өркендеп, қанат жаюына қатысты іс-шаралар жан-жақты жүргізілуде.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне байланысты бүгінгі таңда оның мемлекеттік тіл қызметін толық атқару мәселесі қойылып отыр.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Әр оқушының жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке оқушының дарындылығын , дамуын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізде шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің II сьезіне сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Оқытушы оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да оқытушыға жүктелетін міндет өте ауыр» деген сөзін естен шығармауымыз керек.

Қазіргі оқушы, студент – келешек заманның саналы, мәдениетті азаматтары. Олар өздері тұратын өлкенің халқымен бірге жұмыс істейді, қарым-қатынас жасайды. Халықтың тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу адамның сол халыққа деген құрмет сезімін оятады. Шынайы достық қарым-қатынас тіл арқылы ғана жүзеге асады.

Қазақстанда тұратын халықтардың достық қарым-қатынасының бір-біріне сый-құрметінің құралы қызметін қазақ тілі атқаруы қажет және атқарылуда. Сондықтан бүгінгі таңда орта және кәсіптік білім беретін оқу орындарында қазақ тілін өз мамандығына сәйкес пән тілі аясында оқыту қолға алынуда. Қазақ тілін кәсіптік мамандықтармен байланыстыра оқыту барысында грамматикадан қол үзбей, қазақ тілінің грамматикасын пәндік лексиканы игерумен қатар алып жүруіміз керек. Осы мақсатты алдымызға қоя отырып, орыс аудиториясында кәсіптік қазақ тілін оқытудың әртүрлі жолдарын, амал-тәсілдерін қолданамыз. Қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытуда жаңа технологияны қолдану оқыту сапасын жақсартады. Тілді оқытуға қатысты жұмыс түрлерінің жүйесін әдіс-тәсілдерін сабақта оқушының күнделікті тұрмыс қажеттігіне және мамандығына сәйкестендіре отырып қолдану, пайдалану арқылы оқушыны қазақша сөйлеуге үйретуге болады.

Орыс аудиториясында қазақ тілі бойынша өтілетін грамматикалық материалдармен қатар, түрлі тақырыптағы лексикалық материалдар да қамтылады. Ғылымның белгілі саласы бойынша кәсіптік білім алушы оқушыға болашақ мамандығын түбегейлі меңгеру үшін сол салаға қатысты терминдерді меңгертудің маңызы зор. Әрбір мамандыққа байланысты ғылым тілінің негізгі қоры – терминдер. Терминолог Ө.Айтбайұлы «термин дегеніміз – белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы сөздер мен сөз тіркестері» деп анықтама береді. Сондықтан салалық терминдерді меңгермейінше, белгілі бір кәсіби мамандықты толық білу мүмкін емес.

Ғалымдар модуль, тест, рейтинг жүйесі бойынша жұмыс жүргізу мамандарды дайындау ісін жақсартуда ерекше қызмет атқаратынын өз тәжірибелері арқылы да, шетел тәжірибесіне сүйеніп те дәлелдеп отыр және оны оқытудың жаңа технологиясы деп танып қолдануда.

Кәсіби қазақ тілінің оқыту сапасын арттыру мамандыққа қатысты мәтіндер арқылы жүзеге асырылатыны дәлелденіп отыр. Мамандыққа қатысты әдебиеттерден, газет-журналдардан алынған мәтіндерді беру арқылы оқушыны ынталандырып, оның өзінің болашақ мамандығына қызығушылығын арттыруға болады. Оқушы өз мамандығына байланысты мәтінді қызыға оқиды.

Мұндай мәтіндер арқылы оқушыға келешек мамандығы бойыеша өте қажетті, пайдалы мағлұматтар беріледі. Ол оқушы білімін, танымын толықтырады.

Мәселен «Елбасы теміржолшылармен кездест », «Теміржолшы әйел» (Тұңғыш теміржолшы Ф.Күленова жайлы), «Теміржол белгілері», «Депоның түрлері», «Теміржол вокзалындағы кезекшілердің атқаратын қызметі мен олардың түрлері», «Темір жол және телемеханика», «Темір жол», «Жолсерік», «Электропойыздар», «Тұғыры биік туынды» (Әбілхан Қастеев және Түркістан – Сібір теміржолы жайлы), «Халықаралық темір жол дәліздерін дамыту», «Алғашқы жүк пойыздары» т.б. тақырыптағы мәтіндердің оқушы үшін беретін жаңалығы мол. Оқушы мәтіндегі жаңа сөздер мен кәсіби терминдерді терең түсінуге мүмкіндік алады, сөздік қорлары байиды. Мамандыққа қатысты мәтіннің басты белгісі ақпараттың мол болуында.

Ғылымилық ұстанымға сәйкес мәтін тек тексерілген деректерді қамтуы тиіс. Мамандыққа қатысты оқу мәтіндерінің мынадай жалпы ерекшеліктері бар:

1.ақпараттылық;  2.қажеттілік;  3.мазмұндылық;  4.түсініктілік;  5.заман талабына сәйкестілігі;  6.пайымдылығы;

         Мәтіндер дұрыс сөйлеуді жетілдіруге қызмет ету үшін:

1.      Мазмұндылық және тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленуі тиіс;

2.      Өз бетінше ынталандыруы;

3.      Коммуникативтік қасиеті басым болуы;

4.      Мамандыққа қатысты мәтіндер оқушыларға қажеттілік сезімін туғызып, білім беруде оқушы сенімін күшейтетін болуы керек.

Мәтін – тілді оқытуда негізгі құрал. Оқу, жазу, тыңдау сөйлеу арқылы жүзеге асады. Мәтінмен жүргізілетін жұмыс екі түрлі мақсатты көздейді:

1)     Оқушының сөздік қорын байыту;

2)     Қазақша сөйлеуге үйрету, қазақша дағдысын қалыптастыру.

Мемлекеттік тілде әрі еркін, әрі күнделікті қарым-қатынасқа қажетті, пайдалы түрде жеткізу үшін, олармен жұмыстың бір түрін, мәселен тек жаттығуды, не тек сұраққа жауапты жүргізу тиімсіз. Оқушы мәтінді терең меңгеру үшін кәсіптік оқу орындарында оқытудың жан-жақты амал-тәсілдерін қатар жүргізуді талап етеді. Сондықтан тек жаттығу ғана емес, бірнеше жұмыс түрлерін арнайы комплексті блок түрінде жүргізген ұтымды. Мысалы: Орындалатын жұмыстардың негізгі компонеттері.

7. Мәтін арқылы лексикалық тақырыпты бекіту Бақылау жұмысы

 
   

2. Тақырып бойынша құрастырылатын Мәтін

 

4. Мәтінді меңгеру үшін берілетін тілдік жағдай

 

3. Мәтін бойынша орындалатын тапсырма

 

5. Тілдік жағдайда қатысты тапсырма

 

6. Мәтін және тілдік жағдай бойынша жүргізілетін жаттығулар

 

1.      Лексикалық тақырып

 
 

 

 

 

 

 

 

 

Ой ашар: Бес вагон жасап, әр вагондағы сұрақтарға жауап алынады.

Күтілетін нәтиже: Сөйлеу жүйелілігіне, өзіндік ой топшылауын қалыптастыру.

I.     Лекциялық тақырып: «Теміржол белгілері»

II.  Тақырыпқа қатысты мәтін

     Теміржол белгілеріне көзге көрінетін сигнал белгілері және дыбысты сигнал белгілері жатады. Көзге көрінетін сигнал белгілеріне жалауша (қызыл, сары, жасыл), ұзын ағаш, дискі, щиттер, бағдаршамдар жатады.

Дыбысты сигналдарға локомотив машинасының дыбысы, қол ысқырығы жатады.

Жылдамдықты шектеу белгісі рельстері ауыстыру, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде қойылады. Ол пойыз жылдамдығын белгілі дәрежеде шектейді.

III.           Мәтін бойынша орындалатын тапсырма.

1.    Сөздік жұмысы:

Теміржол белгілері-сигнал ж.д.

Тәулікті белгі-сигнал круглосуточный

Жылдамдық-скорость

Шектеу-ограничения

Қолмен апаратын тасымал белгісі-щит

Машина-локомотив

2.    Мәтінге тапсырма ( Сұраққа жауап беру)

1.     Теміржол белгілеріне қандай сигнал белгілері жатады?

2.     Көзге көрінетін сигнал белгілерін ата.

3.     Дыбысты сигналдарға нелер жатады?

4.     Жылдамдықты шектеу белгісі қай кезде қойылады?

IV.            Тілдік жағдайға тапсырма: (перфекарта арқылы)

1.    Мәтіннен зат есімдерді табу.

2.    Бағдаршам, жалау, белгі сөздерін септеу,

3.    Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді табу.

V.   Жаттығулар.

1-жаттығу. Мына сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, логикалық жағынан біртұтас сөйлем құрыңыз.

Қазақстан + жатыс септік + барыс септік, темір жол жүйе + тәуелдік жалғау + ілік септігі, алғашқы құрылыс + тәуелдік жалғауы, 1843 жылы басталды.

2-жаттығу. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырыңыз: бағдаршам, тұтқа (рычаг), аймақ (регион) жүкті түсіру (разгрузка).

(Бұл жаттығулар бойынша оқушылар жеке сөздерден, сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып үйренеді. Сонымен қатар меңгерілген грамматикалық материалды қолдануға дағдыланады).

 

Жаңа сабақ

Қазақстан темір жолы. Кеше. Бүгін. Ертең.

I. Кеше. Теледидардан Қазақстан темір жолының шығу тарихы, Түрксіб темір жолы, Қызылорда темір жолдары туралы бейнетаспалар көрсету. (Т. Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Фатима Күленова туралы мәлімет беру).

Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі берілген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізу. Сөздікпен жұмыс.

II.Бүгін.  Қызылорда  темір жолы, жолсеріктер туралы бейнетаспалар көрсету. Бейнетаспа бойынша пікірталас жүргізу. (Вокзал басшысымен, жолсерікпен, жолаушылармен сұхбат).

Ой қозғау. Оқушыларға жолсерік кім? Деген сұрақ тастау арқылы ойын, пікірін жаздыру (Топпен жұмыс). «Жолаушының жан серігі-жолсерік» деген тақырыпқа эссе жаздыру, оқытып, тыңдатып, талдатамын (өзіндік жұмыс).

Күтілетін нәтиже.

1.     Өзіндік іздену, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. 

2.     Бір-бірінің пікірін құрметтейтін орта қалыптастыру.

III.Ертең. Ой толғау.

1.     Ертеңгі темір жолдың болашағы қандай?

2.     Болашақта темір жол қызметі қажет бола ма?

3.     Ел басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы бойынша оқушылардың пікірі.

4.     Біз жастардан болащақта не күтеміз?

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз пікірлерін айтуға, өз ойын ашық жеткізуге дағдыланады.

IV. Сабақты бекіту. Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылғы теміржолшыларға арналған стратегиясын оқимын.

V. Білім бағалау.

VI.Үйге тапсырма:

1.     «Қазақстан темір жолының ертеңі» тақырыбында эссе жазу.

2.     Т. Рысқұлов, М. Тынышбаеы, Ф. Куленова туралы деректерді жинау.

Иә, әр мамандықтың өз құпиясы бар, соның ішінде қазақ тілі пәнінің оқытушысы да білмейтін сөздер бар. Бұл жерде мерзімді басылымдарды, ғылыми-көпшілік журналдарды, мамандық туралы кітаптарды көмекке алады. Үйге тапсырма ретінде өз мамандықтары бойынша мәтін, мақалдар тауып, аударып, өз көзқарасын білдіруге ынталандыру керек.

Қорыта келгенде, мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктететін білікті мамандар даярлауда әр кәсіпке байланыстыра мәтіндермен сапалы жұмыс істеудің берері мол.

Оқытушының рухани интеллектуалдық, шығармашылық деңгейі жоғары болса, ол оқытушы оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына жол таба біледі. Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды. Тіршілік  ортасы – оның ажырамас бөлігі. Оқушы күш-қуатты да, шабыт, дарында да сол ортадан алады. Олай болса туған тіл-мемлекеттік тілді ұрпақбойына сіңіруіңіз қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.     Қадашаева Қ. «Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі». Автореферат. Алматы,. 2001ж.

2.     Шаханова Р.Ә. «Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері». Автореферат: Алматы 2002ж.

3.     Назарбаев Н.Ә. «Қазақ ұлты өзінің мемлекеттік тілі және оны дамыту туралы айтуға құқылы» /Ана тілі 01.03.2001ж №9-2б/

4.     Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» ИБ №341 «Білім» 1998 67-70 бет

5.     Қазақстан мектебі / 4.2004, №3.2005ж.

6.     Шенсызбаев С.А., Есқуатов «Теміржолшының орысша-қазақша сөздігі» Алматы «Қазақстан» 1989ж.

7.     Қ. Қадашева «Қазақ тілі: оқытудың тиімді әдістемелері» Алматы-2000

8.     Қазіргі қазақ тілі теориясы және лингводидактика мәселелері (9-шығуы) Алматы-2004ж.

9.     Нұржанова А.С. «Орыс аудиториясындағы қазақ тілі сабағында мамандыққа негізделген терминдер мен мәтіндерді оқыту әдістері» Қызылорда 2002ж.